print

Нұраталды ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті  Марат Жандаулетұлы!

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

           Мемлекет басшысының 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығын орындау мақсатында 2017 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

Есептік кездесулерде халықтан түскен ұсыныс, пікірлер:

  1. Қызылқой мәдениет үйіне музықалық аппаратура берілсе?

-         Шет аудандық  мәдени-сауықтыру орталығы арқылы музыкалық аппаратура алынып беріледі.

  1. Нұраталды ауылының ортасында орналасқан тау үстіне жастарға арналған алаң жасауға ықпал көрсетсеңіз?

-         «Туған жерге тағзым» ретінде Шаруа құрылымдары және кәсіпкерлермен келісім жұмыстары жүргізілуде.

  1. Ауылдағы су мұнарасы ескіріп ішінде су тұрмайды. Жаңадан мұнара салынса тәулік бойы су болатын еді?

-         Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы ШетКоммунСервис КММ-не қаржы бөліп ауылдық су жүйесі жөндеуден өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Үшінші жаңғыру» атты жолдамасында  мемлекетімізді жаhандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру  жөніндегі  және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында агроөнеркәсіп кешенін нығайтып, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруді күшейту екенін айтты және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүгін артады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық тұрғыдағы көзқарасы мен  тәжірибесі ел өміріне көптеген жемістер мен жеңістер  әкелері сөзсіз.

Нұраталды ауылдық округі аудандағы  үлкен округтердің  біріне жатады, жер көлемі – 102340 га. Ауылдық округі  көлемінде  5 елді мекен бар. Барлық отбасы - 400, онда 1902  халық тұрады. Округ бойынша елді мекендерде - 2 орта, 1 негізгі орта, 1 бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория,    1 ФАП, 73  шаруа қожалықтары,  9 дүкен, 3 асхана, 2 тойхана, 2 жанар-жағармай  стансасы, 1 Мәдениет Үйі, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 2 намазхана, пошта,  АТС мекемелері орналасқан. 2015 жылы Нұраталды ауылында мешіт құрылысы  басталып құжаттары рәсімделуде. Құрылыс халықтың қаражатына жүргізілуде.                  

           Шаруа қожалықтары мен тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарында мал басы өсуде . Еңбек өнімділігінің өсу деңгейі, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы – мемлекетіміздің жүргізіп отырған аграрлық саясатының дұрыстығын айқындайды.

         Осы тұрғыда ауылдық округі әкімінің аппараты  Қазақстан Республикасы  Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық  актілерін және жоғарғы облыс және аудан әкімдерінің өкімдерін басшылыққа ала отырып, жұртшылық арасында ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыстарын өрістетуде, ауылдың экономикалық дамуы мен әлеуметтік бейнесін ажарландыру бағытында іс-қимыл жасалуда.

          Ауылдық округі әкімінің аппараты негізгі өз жұмыстарын жасалған жылдық, тоқсандық және айлық жоспарлар бойынша жүргізеді.

        2017  жылы елді мекендерде тұрғындармен 7 рет жиналыстар өткізілді, онда өзекті әртүрлі мәселелер  қаралды. Атап айтқанда:

  • елді мекендерді сәулеттендіру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу жайы;
  • кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесулер;
  • ауыл тұрғындарының жеке меншік малдарын  бағуды ұйымдастыру, т.б. ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелер қаралды.

        Жиналыста тұрғындар тарапынан айтылған сын – ескертпелермен ұсыныстар бойынша іс-шаралар жасалып, оны орындау мерзімі көрсетіліп, қатаң қадағаланады.

       Ауылдық округінің әкімі, облыс және аудан әкімдігінің «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазалық жүргізу ауылды көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі үш айлық және күзгі екі айлық тазалық өткізу туралы» қаулыларын басшылыққа алып, оны орындауда ауылдық округі бойынша тазалық жүргізу жайында айлық жарияланып, ауылды көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде тиісті іс-шаралар белгіленіп жұмыстар жасалды. Елді мекендерді санитарлық тазарту мен көркейту және көгалдандыру  жөнінде штаб құрылып, әр елді мекендерге жауапты бір адамнан бекітіліп, іс-шаралар белгіленіп,  әр бейсенбі күні тазалық күні болып жарияланды.

Биыл тұрғындармен тазалық сақтау жайында 380 келісім –шарттар жасалып, таратылды. Атап айтқанда, 5000 тонна күл-қоқыс сыртқа тасылып  шығарылды.

Нұраталды ауылының кіре беріс жолына кольцылар салынып және өзен бойындағы дамбаның су бұзып кеткен жерлері жөнделіп толықтай биіктетіліп нығайтылды.

Шопа, Аққияқ ауылдарына баратын жанама жолдардың көктемгі су тасқын кезінде бұзылған жерлері қалпына келтірілді.

Қызылқой Орта мектебінің жылу жүйесіне жаңа қазандық қойылды.                  

         2017 жылдың аяғында желтоқсан  айында көшелерге қосымша электр-нүктелерін орнатуға 700 мың.теңге қаражат бөлінді,  алдағы уақытта орнатылатын болады.         

         Ауылымыздың тұрғындарын электр жарығымен қамтамасыз етуде біраз жұмыстар атқарылуда. Осы жүйеде «Шет-энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 2 адам жұмыс істейді. Ауылдық округі тұрғындары электр жарығымен толық қамтамасыз етілген, электр қуатына тұрғындардың ақы төлеуі дұрыс жолға қойылған. Бірақта ауыл ішіне бөлімшелерге тартылған электр бағандары  желілері ескірген күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Қатты жел боранды күндері жиі жарық сөніп тұрғындар тарапынан шағымдар көп болады. Оның үстінде электр желісі Ақшоқы, Талды арқылы келеді, ол жақтанда электр жарығы боран-шашын уақытында жиі ағытылып қалады.

  Сонымен қатар, пошта қызметі, телефон байланысы да өз қызметтерін атқаруда. Мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары  ұйымдастырылып толықтай аяқталды. АТС қондырғысы сандық байланыс жүйесіне ауыстырылған. Қазіргі  уақытта 316 телефон нүктелері жұмыс істеп тұр.

Бүгіндері округ аумағындағы шаруа қожалықтарында және тұрғындардың меншігінде – 3670 бас ірі қара, 4162 қой-ешкі, 1720 бас жылқы, 4160  құс ұсталынады.

           Округ бойынша 5 шаруа қожалық 3520 га жерге егін оның ішінде     2100 га бидай, 1420 га арпа салып, жинап алды.

           Жалпы ауыл тұрғындары 5 га жерге картоп салып, толықтай өнімін алды.

Аналық мал басы 30 бастан жоғары болған ауылымыздағы ірі шаруа қожалықтарына аналық мал басын сақтандыру мақсатында, асыл тұқымды бұқа сатып алғандарға 8 млн. теңге субсидия берілді: (Кенжебай, Қадам, Қайын, Игілік, Бурабай, Ақниет).

           Жыл сайын мал басының өсуі халықтың өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етудегі игі шаралардың бірі болып саналады және жұмыссыздықты азайта түсуде.

Мал дәрігерлері көлікпен қамтамасыз етілген. Бүгінде 2 мал дәрігері    1 ветфельдшер халыққа қызмет көрсетуде.

          Мал бастарының өсуіне байланысты ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуге біраз қаржы бөлінуде. Өткен жылы сібір жарасына    2800 бас ірі-қара, 3900 бас ұсақ мал, 1650 жылқы, қарасанға (эмкар) 1666 бас егілді.  Туберкулез ауруына 5600 бас тексеруден өткізілді. Бруцеллез ауруына     2800 бас екі рет тексеруден өткізілді, оның ішінде оң нәтиже берген  86 бас ірі қара мал уақытында жойылды. Ауруға шыққан аулалардың 37 қораларына дезинфекция жасалды. 60 бас жылқыға суық таңба салынды, 2017 жылғы төлдері  толығымен сырғаланып компьютерлік базаға еңгізілді. 23 ит атылып жойылды. Қызылқой ауылында мал сою алаңы халыққа қызмет көрсетуде.

            Ауылдық округінің әкімдігі күнделікті өз жұмыстарын өзекті мәселелерге, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс деңгейі төмен адамдармен жұмыссыздарға қамқорлық жасау мәселесін  басты назарда ұстанады.

 Округте аз қамтылған отбасылар саны былтырғы жылға қарағанда біршама азайды. Қазіргі уақытта 11 жанұя балалар жәрдемақысын алып отыр.

         Аз қамтылған отбасыларына шаруа қожалықтарынан әрдайым көмек көрсетілуде.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жұмыссыздармен біраз     жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудандық жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда 14 адам тіркелген. Оның жетеуі қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды, 5 адам бюджеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарына орналастырылды.   

          «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» аясында 11 округ тұрғыны оқып Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан  21 млн.100 мың теңге несие алып,  мал сатып алып шаруашылықтарын дамытуда және  2 кәсіпкер кәсібін ұлғайту мақсатында 7 млн. теңге аталған қордан несие алып жұмыстарын жүргізуде.  

          Округ бойынша барлық мектептерде 300-ден астам оқушы білім алып, 90 мұғалім білім беруде. Компьютермен 4 мектеп жабдықталып, 3-і интернетке қосылған.

Қысқы мерзімге барлық мектептерге жеткілікті көмір түсіріліп, бүгінгі күнде   жылу жүйесі қалыпты жағдайда.

          Үш елді мекеннің оқушыларын тегін тасымалдауға жергілікті бюджеттен 2 млн. 147 мың теңге бөлінді. Осы елді мекендерден 15 оқушы тасымалданады.

           Нұраталды орта мектебіндегі және Ақсу негізгі мектебінің жанында    3-5 жасар аралығында шағын орталықтары жұмыс істеп тұр.  Нұраталды орта мектебіндегі ұзартылған шағын орталығында  35 бала, Ақсу негізгі мектебіндегі шағын орталынында  15 бала.

           Нұраталды орта мектебінде  аз қамтылған отбасыларының балаларына тегін бір мезгілдік ыстық тамақ беру ұйымдастырылған, 30 бала тамақтанады.

          Халыққа медициналық қызмет көрсетуде   дәрігерлік амбулатория  жұмыс атқаруда,  1 ФАП  талап деңгейде жұмыс істеуде. Штат  бойынша  12 адам қызмет атқарады.

          Елбасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту тапсырысын орындау жүйелі түрде жүзеге асуда. Бүгінде округ көлемінде жол бойында    3 асхана, 2 жанар-жағар май стансасы, елді мекендерде 2 тойхана, 9 азық  -түлік  дүкені орналасқан.

         Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша 1 адам өз қаражаттарынан  4,0 млн. теңгеге АЗС  ашып халыққа қызмет көрсетуде.  Жеке кәсіпкерлікте 76 адам жұмыс істейді.

       Құқық қорғау мәселесіне келсек, өткен жылы қылмыстың алдын алу профилактикалық жұмыстарға үлкен мән берілді.

2017 жылы 4 қылмыстық іс тіркелді. Оның біреуі ашылды. Үш іс жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

        -  Әкімшілік хаттама жалпы 50 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Оның 20-сы тазалық ережесін сақтамаған.

-         Округ бойынша 3 адам «Сақшы» қоғамдық құрылымында жұмыс атқарды.

-         Жыл бойы 4 адам әр түрлі санатта профилактикалық есепке қойылып жұмыс жүргізілді.

-         Қылмыстың алды алу мақсатында және жас өспірімдердің құқықтарын қорғау жайында 5 рет кездесулер өткізілді.

-         Жалпы салынған айыппұл көлемі 240000 (екі жүз қырық мың) теңге құрады.

Округ көлемінде 1 Мәдениет үйі, 1 клуб, 2 кітапхана халыққа қызмет етуде. Әр мереке, яғни даталы күндер аталып, мәдени іс-шаралар халыққа

ұсынылады. Нұраталды ауылының Мәдениет үйіне 2016 жылдың желтоқсан айында  жол картасы аясында қаражат бөлініп ағымдағы жылдың басында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.  

Ауыл жастары әрдайым аудандық, облыстық спорт ойындарына қатысып жүлделі орындарға ие болуда. 2017 «Қарлы-Қыс» аудандық қысқы спорт түрлерінен II орын, және ХХI-аудандық «Сарыарқа-2017» жазғы спорт ойындарынан –III орын иеленді.

         Ауылдық округі  әкімінің аппараты өз жұмыстарын тұрғындармен бірлесе отырып жүргізуді үнемі қолға алып келеді.

         Бұл салада ауылдық округі жанындағы қоғамдық ұйымдар, ардагерлер кеңесі мен отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері және көше өкілдері тарапынан атқарылған біршама жұмыстарға өз үлестерін қосқанын атап өтуіміз керек.

          Ауыл округі азаматтардың жазбаша-ауызша өтініштерін қаралып, олардың орындалуы үнемі қадағалануда.

           Ауыл тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде түскен 2 өтініш тіркеліп   орындалды. Берілген анықтамалар -231.

Жергілікті бюджеттің күші бәріне бірдей жете бермейтіні анық. Осы орайда ауылдық округ көлемінде орналасқан ірі шаруа қожалықтарымен меморандумға отыру қолға алынған. Ауылдық әлеуметтік жағдайын көтеру жергілікті шаруашылықтардың міндеті болып табылатының  түсінулері керек.

  

Құрметті қауым!

 

          Бүгінде ауылымыздың бет-бейнесін оң бағытқа өзгертуге деген ұмтылыс анық аңғарылады. Әрине, бұның барлығы өзінен-өзі келген жоқ. Осынау жетістіктер Елбасының көрегендігі мен жергілікті азаматтардың алға қойған міндетті жүзеге асырудағы тиянақты еңбектерінің нәтижесі. Бұның бәрі қарапайым адамдардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне деген шынайы жаңашырлық- ауылдың көріктеніп, халықтың әлеуметтік жағдайына деген жаңа көзқарастың орныққанының дәлелі. Біз оны іске асыру жолында аянбай еңбек ете беретін боламыз.

 


Келулердің саны: 2023


Жоғары