print

Кеңес әскерін Ауған жерінен шығарылған күнін еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық біріншілік

...

15 Ақпан-Кеңес әскерін Ауған жерінен шығарылған күнін еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық біріншілік өтті. Біріншілік 2018 жылдың 17 ақпанында Шет ауданының орталығы, Ақсу-Аюлы ауылында Шет агротехникалық колледжінің спорт залында сағат 9-00 де басталды. Жалпы басшылық балалар мен жасөспірімдерт спорт мектебінің тарапынан жүргізді. Тікелей біріншілікті өткізу Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі өткізді. Жеңімпаздармен жүлдегерлер  Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдармен, кубоктармен  марапатталды.  Біріншілікке Сәкен Сейфуллин, Ақадыр кентерінен, Нұраталды, Талды, Үңірек, Ақсу-Аюлы ауылдарынан, Аудандық өрт сөндіру бөлімінен, Шет агротехникалық колледжі және Ы.Алтынсарин, Ж.Ақылбаев мектептерінен, жалпы біріншілікке 10 команда, 80 спортшы  қатысты. Жарыстын бас төрешісі Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Е.Құрманбаев болды. 15 Ақпан-Кеңес әскерін Ауған жерінен шығарылған күнін еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық біріншіліктің  ашылу салтанаты сағат 12-00 де басталды. 15 Ақпан-Кеңес әскерін Ауған жерінен шығарылған күнін еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық біріншілікте  құттықтау сөзі Қазақстан Республикасының құрметті спорт ардагері, білім беру саласының үздігі, президенттік көп сайыстан спорт шеберіне үміткер Қызылов Амангелді Ахмедияұлына, Ауған Ауған соғысы ардагері Сүлейменов Мейрам Абденұлына,  Шет агротехникалық колледж директорының тәрбиесі жөніндегі орынбасары Тусупова Индира Төлешқызына, Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сатибеков Жомарт Қаиыргелдіұлына, сөз берілді. Жалпы Біріншілікте  Нұраталды ауылының командасы 1-орын, Сәкен Сейфуллин кенті командасы 2 орын,  Шет агротехникалық колледжі командасы 3- орын иеленді.

   


Келулердің саны: 3712


Жоғары