print

Көктінкөлі ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті Марат Жандәулетұлы!

Құрметті жиынға қатысушылар!

        2017 жылдың қаңтар айында округтың барлық аулындарында жергілікті тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулердің барысында 7 сұрақ түскен. Оның ішінде 3 сұрақ шешілген болса, 4 сұрақ қаржы қаралуына байланысты орындалатын болады. Ауылдық округті 5 елді мекен құрайды. Осылардың барлығында 365 отбасы және Халық саны 1238 адам, оның ішінде 650 экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны -140, мүгедектер – 35, оның ішінде 3-і бала жасынан мүгедек. Округ бойынша бюджеттік салада 131 , сыртта ауысыммен 20 адам жұмыс істейді. Жұмыспен қамту орталығында 16 адам тіркелген, 15 адам қоғамдық жұмысқа тартылған олардың ішінен бюджеттік мекемелер бос жұмыс орнына орналасқан  1 адам.

  1. Көктіңкөлі ауылдық округі экономиканың даму үрдесі басымшылығы ауыл шаруашылығы ,оның ішінде мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Округ экономикасының негізгі тірегі болатын ауыл шаруашылығы саласында төрт түлік малды көбейту мен асылдандыру. 2018  жылғы жүргізілген санақ қортындысы бойынша ірі қара мал басы 4501, қой – ешкі- 7964, шошқа – 329, жылқы - 1031.    2017 жылы «Жаңа» ш/қ жетекшісі Ковальчук В. «Казагрофинанс» несие беру корпорациясы арқылы 20 млн теңгеге инвестициялық жобаны іске асыруда. Ресей елінен 52 бас сүтті тұқымды тайшаларды әкелмекші , бүгінгі таңда бұл мал карантинда тұр ветеринариялық заңына сәйкес. «Береке» бағдарламасы арқылы екі ауыл тұрғыны Абдыкадиров Жангельды 3 млн. теңге және Шөлбаев Мадияр Ыдрысұлы 2 млн 700 мың теңге көлемінде несие алып мал басын көбейтіп жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп өз жұмысын жүргізуде. 2018 жылы Акамбаев Данияр «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан» 17 млн. теңгеге мал басын көбейтуге және техника

-2-

алу үшін құжаттарын дайындауда. Округтегі шаруа қожалықтары үкімет тарапынан асылдандыру жұмыстарына берілген қаржыны 12 ш/қ алды. Округімізде  мал сою алаңы халыққа қызмет көрсетуде.Ветеринария жұмысы толығымен орындалуда. Бруцеллез ауруына тексеріс жүргізіліп, биылғы жылы бұл ауруға шалдыққан мал жоқ.Бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, компьютерлік базаға енгізілуде. Сібір жарасы, құтыру, бруцеллез, қара сан ауруларына қарсы барлық малдарға ветеринариялық-профилактикалық іс шаралар орындалды.  Мал бағу ұйымдастырылып малшылармен келісім-шарт жасалған. Округ бойынша 9 табын бар.  2017 жылы егін салған ш/қ «Дружба» жетекшісі Ахатаев А,ш/қ  «Надежда» жетекшісі Мотыгуля С.,«Рахимжан» ш/қ жетекшісі кожамберлин Е.. Барлығы 675 га  ,оның ішінде бидай – 255 га, арпа -420 га.. Халықтың жеке шаруашылығында 4 гектар жерге көкіністер салынған, оның ішінде 3 га картоп қалғаны басқа көкіністердің түрі. Қысқа толық жем-шөппен қамтамасыз етілген.

  3. Елбасмыздың әр  жолдауында шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдіру белгіленген. Осы идеяларды орындау мақсатында округ бойынша 2017 жылы 2 рет халықтың жалпы жиналысы өтті. Ақсақалдар алқасы, жергілікті қоғамдастықтын жиындары , ауылымызда құрылған ақпарат насихат тобымен бірлесіп пікір алмасу шаралары ұйымдастырылып өткізілді. Әкім аппаратынын жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясынын баптарына заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен нормативтік-құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп

 

-3-

отырылады.Ауыл тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде 6 өтініш, барлығы шешілді .                                                                       4. Шағын бизнес саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің жұмысы үнемі әкімшілік назарында. Кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп, меморандум жасалған.Округімізде 1 кафе ,3 –дүкен халыққа қызмет көрсетуде , оның ішінде 2 дүкен азық-түлік ,1 дүкен тұрмыстық заттар сатады. 3 жеке кәсіпкер оқушыларды мектепке тегін тасымалдайды. Көктіңкөлі станциясынан 15 оқушы  Алихан негізгі мектебіне барады.Целинное ауылынан 4 оқушы – Көктіңкөлі орта мектебіне,Жыланды ауылынан 12 оқушы Көктіңкөлі орта мектебіне тасымалданады.                                           5. Округке бөлінген қаржының игерулуі мен оған атқарылған жұмыстар тұралы Жол картасы бойынша 4 млн 1 мың теңге балалар спорттық алаңына бөлінген. Оны «ALL Line Outsourcinq» ЖШС-гі ұтып алып 100 пайызға орындады.

6 .Салық базасының жағдайы мен алдағы уақыттарда оны ұлғайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар.

Округ бойынша 2017 жылға жер,  мүлік  және транспорт салығы толық жиналып 100 пайыз орындалды.Алдағы уақытта салық базасын ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

7. Округ елді мекендерінде 2017 жылдың санитарлық тазалау, сәулеттендіру және көгалдандыру бойынша айлықтар өткізу барысында атқарылған іс шаралар.  Атасу  кентінен жеке  кәсіпкер Шибкенов Боранбай  1/бір/

погрузчик,камаз прицеппен шақырылды,округ  бойынша  4000 тонна  кұл-коқыс шығарылды. 5/бес/ елді мекенде электр – телефон бағаналары ақталып,сырланды.Мекемелер оның ішінде әкімшілік ,мәдениет үйі,аурухана,мектептер, мешіт, жанындағы қоршауларды жөндеу сырлану, әктеу                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

-4-

жұмыстары   жүргізілді. Көктіңкөлі –Ақадыр,Көктіңкөлі –Жаңаарқа трасса бойы күл-қоқыстан тазаланды.

          Ауыл әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қолма қол ақша бақылау шотынан 100 мың теңгеге 10 жерден ауылға билбордтар орнатылды . Полиция учаскелік инспекторы және әкім өкілі басқарған топ тарапынан  383 үй иелеріне ескертулер берілді, «Қазақстан Республикасының   Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы» Кодексінің  505  бабына  сәйкес  16 ауыл  азаматына хаттама  толтырылды.

2017 жылы 28 наурыз күні су  тасқынының салдарынан  Көктіңкөлі ауылының үш көшесін  су алып,ішкі  жолдар жарамсыз  жағдайға  жетті,  31 наурыз күні Жыланды  ауылында  орналасқан  Жаман  сарысу өзенінің суы, арнасынан  шығып үш  үйге және Целинное ауылында бір үйге су кірді.

Барлық 4 үй иесіне құрылыс материалдары мен азық түлік себеттері берілді және 3 үй иесіне метериалдық көмек берілді- 1 млн. 763 мың теңге көлемінде, 1 үй иесіне ақшалай көмек берілмеген себебі үй құжаттары болмаған. 1 үй иесінде ұсақ мал шығыны болғандықтан 6 бас қой берілді.

Үш жыл бойы таудан келген су ауылдағы үш көшені су алатын, себебі ауылдың сыртындағы орналасқан арықтар бұзылған, биыл аудандық бюджеттен 300 мың теңге бөлініп арықтарға жөндеу жұмыстарын «Сарғалдақ»ш/қ жетекшісі Жакенов О. жүргізді.     

Жыланды – Көктіңкөлі тас жолы төрт  жерден  жартылай шайылған болатын, бұл жағдайды шешу үшін аудандық

бюджеттен 200 мың теңге бөлінді және «Дальная» плотинасына дамбасының күшейту жұмыстарына 300 мың теңге бөлінді. Аталған жөндеу жұмыстарын   жеке кәсіпкер Шибкенов Б. толықтай орындады. 1-2 сәуір  күні Көктіңкөлі 

ауылында орналасқан  «Ближняя», «Дальная»  плотиналардың  су  деңгейі көтеріліп, ауылды су басу қауіпін  тудырды,соның  салдарынан Республиқалық  маңызы  бар  Ақадыр – Бидайық

-5-

тас  жолын  төрт  жерінен жартылай,бір жерден, екі рет толық шайылып  кеткен бүгінгі таңда уақытша бір көлік өтетін жол жасалды. 2017 жылы проектно – сметалық құжаттары жасалып 2018 жылы көпір салынады.Аудандық  маңызы бар Көктіңкөлі – Нарбақ 36 шақырым 2  жерден  шайылып  кеткен жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен 19 млн.теңге бөлініп«Электрожабдықтау»ЖШС-гі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

        Бүгінгі  таңда Республиқалық  маңызы  бар  Ақадыр – Бидайық тас  жолына ағымды жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдың ішкі жолдарын, Жыланды ауылының тас жолын қардан тазалауға 400 мың теңгеге «Бірлік» шаруа қожалығымен, Әлихан ауылы мен Көктіңкөлі станциясынын арасындағы тас жолды тазалауға «Жана» шаруа қожалығымен 200 мың теңгеге  келісім –шартқа отырдық.Қолма-қол ақша бақылау шотынан елді мекендерді жарықтандыру мақсатында 300 мың теңге жұмсалды, оның 100 мың тг. жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 200 мың тг. лампалар, фоторелье сатып алынды. Былтыр 65 жарық нүктелері болса биыл 70, оның 15-сі Алихан ауылында, Жыланды ауылында -7, Целинное ауылында – 6,қалған -45 фонарь Көктіңкөлі көшелерінде орнатылған. Қолма қол ақша бақылау шотынан Жана арқа ауданынан келетін ауылға кіреберіс жолға 750 мың теңгеге стелла орнатылды. Және осы шоттан мерекелік іс- шараларға 100 мың теңге жұмсалды, 100 мың көшелерді тазалауға жұмсалды.  

    8. Жұмыспен қамту және аз қамтылған отбасыларымен жүргізілген жұмыстар:

Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны: 4 отбасы. Жаңа –жылдық мерекеде 15- аз қамтылған отбасыларына тәтті сыйлықтар берілді. 3 мүмкіндіктері шектеулі балаға қолма-қол ақша бақылау шоттының қаражатынан сыйлықтар таратылды.  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазіргі қолданыстағы үш түрлі әлеуметтік

-6-

көмектердің: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АСП)және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (ГДП)берілетін жәрдемақы, 4 және оданда көп балалары отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (СГП)орнына, шартты және шартсыз ақшалай көмек деп 2 түрге бөлінетін, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Осыған байланысты жұмыспен қамту орталығы үш округқа  Ортау,     К. Мыңбаев және Көктіңкөлі ауылдық округтеріне  штат ашып бір ассистент бекітті. Ассистент ретінде  жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген Туребекова Г. жұмысқа қабылданды.                                                                                       9. Білім мен спортты  жетілдіру бағытында жүргізілген жұмыстар. Округ бойынша 4 мектеп:1 орта, 1 негізгі және 2 бастауыш мектеп бар.Оның ішінде 207 оқушы білім алады, 65 мұғалім сабақ беріп, 44 жұмыскер еңбек етеді. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне, мектепке даярлау ісіне баса назар аударылуда. Көктіңкөлі, Әлихан мектептерінің  шағын орталығында 38 бала қатысады. 2018 жылы Айгөлек шағын орталығы  25 орын бала бақша ретінде ашылуы жоспарланып отыр, бүгінгі таңда ішкі жабдықтары әкелінді.Мектептер көмірмен толық қамтылды, генераторлары бар. Мектеп  жөңдеу жұмыстары қажет етеді. Едендер мен терезелер тозған,акт залы қауіпті жағдайда тұр. Бірақ бүгінгі таңда іс-шаралар дәлізде өткізіледі.  Аудандық бюджеттен 25 млн. теңге мектептін шатырын жөндеуге қарастырылып отыр. 2017 жылы мектепке ауданнан 1 проектор берілді және бір компьютер «Астел» интернет желісіне қосылды. Аудан әкімінің жаңа жыл шыршасына қатысқан 3 оқушыға киім, оқу құралдары мен тәтті сыйлықтар берілді. Аудандық білім беру бөлімінен аз қамтылған отбасыларынан шыққан 4 балаға сыртқы киім және аяқ киім берілді.                                                                                            ҚР Үкіметінің 2014 жылғы    24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген  Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Көктіңкөлі ауылындағы моральдық тұрғыдан ескірген  төрт көшенің атауын олар:

-7-

-        Садовая көшесін – Ынтымақ көшесі;

-        Новая көшесін – Бастау көшесі;

-        Транспортная көшесін – Тәуелсіздік көшесі;

-        Центральная көшесін – Бірлік көшесі,

 және Целинное ауылынын – «Ақжол» ауылы деп

 атауын өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Әр үйге жаңадан тақтайша орнатуға қаражат қарастырылуда.

10.Денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру:Округ тұрғындарына медициналық –

санитариялық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік амбулатория, Әлихан ауылында медпункт бар.Көктіңкөлі станциясында, Жыланды елді мекендерінде медбикелер жұмыс жасайды. Бұл мекемелерде 1 дәрігер, 6 –ты орта буынды медбикелер қызмет істейді.  Ұлттық скринингілік бағдарламаға сай пациенттің барлығы скринингтен өтетін жас шамасының топтарының жоспары жасалып, сол жоспар бойынша жұмыс атқарылып жатыр. 2017 жылы 2 рет

жылжымалы  медициналық автокөлігі Балхаш және Қарағанды облыстық туберкулез диспанцерінен мамандар келіп тұрғындардың денсаулығын тексерді. 163 адам тексерілді , 11 тұрғын өкпе ауруына  күдікті болып қайта

тексеруден өткізіліп , қүдік расталмады. Флюрографиядан 487 тұрғын өтті.Биыл 28 бала дүниеге келді.Диспансерлік есепте тұрған пациенттер бекітілген тізбенің шеңберінде барлық қажетті дәрілермен қамтамасыз етілді.  Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  лекция оқылып және дөңгелек үстелдер өткізілді.   Спортты дамыту бойынша ауыл жастарына  волейбол, қазақ күресі, спорт ойындары түрлерінен мектеп спорт залында сайыстар жүргізіледі. Қазақ күресінен Алихан негізгі мектебінің  оқушылары

 «Жас барыс» додасына түсіп 52-56 салмақ дәрежесінде жүлделі болып, облысқа жолдама алды. Сарыарқа -2017

жазғы спартакиадасында Көктіңкөлі орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кір тасын көтеру және қол

-8-

күрестен I- орын алды, Облыстық спартакиадасында кір тасын көтеру жарысында II- орынға ие болды.

11.Ішкі саяси тұрақтылық  пен баспасөзге жазылу және діни бірлестіктермен атқарылған жұмыстар:

Казпошта бөлімшесі арқылы 2018 жылдың I жартыжылдығына мерзімдік баспасөзге жазылу толық

орындалды.Басылымдар уакытында жеткізіліп, зейнетақылар жоспар бойынша таратылып отыр. 

Казақтелеком байланыс бөлімшесі тұрақты қызмет етеді. Барлық елді мекендерде телефон байланысы 225 нүкте. ғаламтор желісі бар 65 нүкте қосылған.Діни бірлестіктерімен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталатын болсақ, Көктіңкөлі станциясында Мешіт, Көктіңкөлі ауылында намазхана, «Преображение» Інжілдік мәсіхші баптистердін шіркеуі жергілікті діни бірлестігі тіркелген. Саяси –діни тұрақтылық сақталуда.Жергілікті полициясының қызметіне тоқталсам, биыл аудандық бюджеттен 425 мың бөлініп компьютер, принтер, телефон факс және жиһаз алынды. 2017 жылы полиция қызметкері 53 адамға әкімшілік  хаттама толтырған, оның ішінде: 

440 бап – 8 адам ішімдікті  ішу

492 бап – 12 адам тіркеусіз жүргендер

505 бап – 16 адам тұрмыстық күл-қоқысты шығармаған  үшін

73 бап  – 8 адам дене жарақаттары

434 бап  – 7 кішігірім құқық бұзушылық

442 – бап – 2 кәмелетке толмаған жастар сағат 23 00 көшеде жүрген үшін.

Бір ауыл тұрғыны Сарань қаласында орналасқан ішімдіккесалынған азаматтарды емдеу орталығында ем қабылдауда.Бұрын орын алған  екі қылмыстық іс

анықталып сотқа жіберілді.   6 адам ішімдікке салынғандар ретінде тіркеуге алынды. Ең жасы 38 жасар азамат болса,  ең үлкені 58 жасар ауыл тұрғыны.2017 жыл ішінде қылмыстық істер орын алмаған.

12.Мемлекеттік және ресми мерекелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар:

-9-

Барлық мемлекеттік және ресми мерекелер өз деңгейінде аталып өтті. 22 наурыз ауыл тұрғындардың қатысуымен дастархан ұлттық салт-дәстүр бойынша өткізілді.  Қараша айында мәдениет үйінде қарттар күні мерекелеріне 80 адам шақырылып ақ дастархан жайылды. 1–желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне  орай «Көңілдер мен тапқырлар» сайысы және 16-желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» мерекесіне «Намыс дода» спорттық сайыстар өткізілді.  «Қош келдің Жаңа жыл» атты  ауыл әкімінің   шыршасы өтті.  Мәдениет үйінде би, вокал, домбыра үйірмелері бар.   Кітап қоры 10500 дана құрайды. Әр мерекеге арнап кітап көрмесі ұйымдастырылады. 2017 жылы үлкенді-кішілі атқарған жұмыстарымызда белсенді түрде көмек көрсеткен шаруа қожалық, мекеме басшыларына, жалпы барлық тұрғындарға рахмет айтамын. 

                             Құрметті ауылдастар!

        Бірінші кезекте тұрған мәселелер: жолдарды жөндеу және оларды ұстау, елді мекендерді абаттандыру, білім, денсаулық салаларының материалдық базасын нығайту. Қортындылай келе,алға қойған ауқымды мақсаттар мен міндеттерді және ауылдың экономикалық, әлеуметтік,мәдени хал-ахуалын арттыру мен көркейту жұмыстарын ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып орындаймыз деп сенемін.


Келулердің саны: 1881


Жоғары