print

Кеншоқы ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

Құрметті    ауыл   тұрғындары!

        «Әкімдердің  халыққа  есеп  беру  кездесулерін   өткізу  туралы   Қазақстан  Республикасы    Президентінің    2013  жылғы   15  тамыздағы  № 615   Жарлығын орындау  мақсатында,    бүгінгі  есепте дәйекті статистикалық  деректер   негізі  құрылып, ауылдың мәселелері, әлеуметтік  экономикалық салада қол жеткізген   нәтижелер  мен алдағы   кезеңге  жоспарланған  іс-шаралар  туралы  қамтылып  отыр.

             2017  жылдың  қаңтар   айында   өткізілген  кездесу  барысында  келіп  түскен  ескертулер мен  ұсыныстарды   іске  асыру  бойынша,  барлығы   сұрақ.

 1) Қазіргі  мәдениет  үйі  мерекелік  іс-шараларға   тарлық етеді.Жаңа  мәдениет үйі  салынса, ескі мәдениет үйі бос тұр,  осыған  қайта күрделі жөндеу  жұмысы  жүргізілсе? (Ауыл  тұрғыны-А.Шуғаев).

    Ескі  мәдениет үйінің  құжаттары  реттеліп,    сот  шешімі  дайын. Заңды орындарға тіркеу керек.

2)Ауыл балаларына  мектеп  жанында бос  тұрған ескі интернатты қайта  жөндеп,  балаларға  спортпен айналысу  үшін, спорт зал етіп салса.(Ауыл  тұрғыны, зейнеткер – Т,Окапов).

    Иесіз  мүлік  ретінде  тиісті  орындарға  тіркелді.

3) Мектептің  жылу  қазандығы ішінде  орналасқан, Шаханда  болған  жағдай баршамызға  мәлім, мектепте   немерелеріміз, балалар оқиды, сондықтан қазандық  сыртқа  шығарылса? (Ауыл  тұрғыны  –Р.Осатаев).

      Орындалған  жоқ.

4)«Ескі  ауылға»  таза  ауыз  су керек. (Ауыл  тұрғыны – С.Мукажанов).

 Дефектілік  акт  және смета    жасалып  құжаттары дайындалуда.

5)Шет ауданы  бойынша  елді –мекендерге  жаңадан медпункт  салынып  жатыр, бізге  де салынса, немесе  күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілсе? (Ауыл  тұрғыны- Ж.Мукажанов).

Орындалған  жоқ.

6)Ауылымыздың  іргесінде  салынып  жатқан «Алмалы» кен   руднигіне  жұмысқа  қалай  қабылдайды?

Қазіргі  уақытта  23  адам   вахталық  әдіспен  жұмыс  жасап  жатыр.

 

 

                                                          

                                                       1.Жалпы  мәлімет

  Кеншоқы ауылдық округі бойынша жер көлемі – 254 360 га, осы төңіректе бір елді мекен – Нұра ауылы, және 24 қыстақ орналасқан. Округ бойынша 198 үй, 220 отбасы, жалпы халық саны – 1019 адам,  ерлер - 492, әйелдер – 527  оның ішінде 520 экономикалық белсенді халыққа жатады.

    Зейнеткерлер саны – 80 адам,  тыл еңбеккерлері-  3  адам,   батыр аналар – 15 адам, ардақты аналар  – 17 адам.

    Мүгедектер саны – 21, оның ішінде  3 адам бірінші топтағы, 9 адам екінші топтағы, адам   үшінші топтағы мүгедек, 1 адам бала жасынан мүгедекасыраушысынан айырылған отбасылар - 3 адам, жұмыссыздықта тіркеуде тұрған  - 3 адам.

    18 жасқа дейінгі  балалар жәрдемақысын алатын - 5 отбасы,мемлекеттік атаулы  әлеуметтік көмек   - 1 отбасы,  6  адамға  тағайындалып  берілуде.               

    Тұрғын үй  жәрдемақысын  алатын   - 2  отбасы,   10 адамға    тағайындалды.

     Ауыл   экономикасының  негізгі  тірегі  болатын,  ауылшаруашылығы     саласында   төрт-түлік  малды  көбейту  мен  асылдандыру   қарқынды  өсуде.

Ауыл  шаруашылығы  мал  басының   өсу  қарқыны 

 

р/с

 

 

 

 

Жылдар

+

- басқа

%

 

 

 

01.01.2017

01.01.2018

1

 Ірі қара

3274

3290

+16

 

101

 

2

Ұсақ мал( қой, ешкі)

11  484

 11 507

+23

102

 3

жылқы

2180

2228

+48

102

4

құс

2306

2331

+25

102

 

2.Елімізде  жүргізіліп  жатқан  реформаларды  іске  асыру   барысында, ауылдың әлеуметтік –экономикалық  дамуы  туралы  ақпарат.

     Елбасы   Нұрсұлтан   Әбішұлы  Назарбаевтың   бұл    жолғы   Жолдауы  саналыға  ой  салатын, зерделіге   жол  нұсқап,  жігерліге  рух  беретін  құжат  болып  тарихымызға    жазылары  хақ. Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаевтың Қазақстан  халқына   2017 жылғы 31 қаңтар күнгі «Қазақстанның үшінші  жаңғыруы; жаһандық  бәсекеге  қабіеттілік»  Жолдауы елміздің  қарқынды  дамуына   жаңа  серпін  береді,Стратегиялық  құжат  халықтың  әл-ауқатын  арттыруға  жол  ашады, Қазақстан  экономикасының дамудың  жаңа  кезеңіне  жетелейді.  Алмағайып  замандағы  жаһандық  сын  қатерлерге  жауап  беретін  Жолдаудың еліміздің әрбір  тұрғыны  үшін маңызы  зор.

     Ең  күшті  қуатты  құрылымдардың  бірі - шағын  және  орта  бизнесті   дамыту  керек. Мұнда Елбасының сөзін айта кеткен жөн: «Шағын  және орта  бизнес –біздегі   жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамының  берік   экономикалық негізі» -делінген.   Ауылдық округ  бойынша  64 -  шаруа  қожалығы   және   15 жеке  кәсіпкер   тіркелген.  Үкіметтің   «Бастау  Бизнес» бағдарламасы  бойынша Шет ауданы  кәсіпкерлер  палатасының  филиалында  округтегі  жұмыссыз  азаматтар  және  шағын  несие  алу  үшін ауылымыздан  11 адам  оқып сертификат алса, 6 адам  несие   алды.

   «Алғабас -2017» копперативі  құрылды. Мемлекеттік жер  қорынан конкурс  арқылы  жер  алып,  СПК «Батыстау» құрылды.  «Нәтижелі  жұмыспен  қамту  және  жаппай  кәсіпкерлікті    дамыту» бағдарламасы  аясында   адам  9  млн.  400  мың  теңге  несие  алып,  ірі  қара  мал   басын   сатып  алып,  асырауда.Шаруа  құрылымдарымен, кәсіпкерлермен өткізілген  жиналыста   үнемі  кәсіпкерлікті  дамыту  жолдары, беріліп  жатқан несие  түрлері  Үкімет  тарапынан  кәсіпкерлікті  қолдау, беріліп  отырған  жеңілдіктер, қайта  даярлау курстары  арқылы   білімдерін   жетілдіру  туралы  түсіндіру  жұмыстары  үнемі  жүргізіліп отырды.

    Мәдениет  және  спорт  министрінің  «Тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінде ғылыми – реставрациялау жұмыстарын  жүргізу  қағидаларын  бекіту туралы»  2015  жылғы  «30» қарашадағы  №367 бұйрығының  8 тармағына  сәйкес Шет ауданы  әкімшілігіне реставрациялық   жұмыстардың  2017  маусым –шілде  айларында   Нұрлан   кесенесіне  ғылыми –реставрациялық   жұмыстар  жүргізілді.

    Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  саласы  бойынша, ауылымызда  3 дүкен  халыққа  қызмет  көрсетеді. Кеншоқы  ауылдық  округі  әкімдігі  және    кәсіпкерлермен   азық-түлік  тауарларының   бағасын  тұрақтандыру  туралы  2017  жылғы   меморандум  жасалып,  бірінші  кезекте  тұтынатын  азық-түліктің   негізгі  түрлерінің   бағаларының   себепсіз  өсіп  кетпеуіне     байланысты  жұмысшы  тобы  құрылған. 6 рет  жұмыс  жоспары  бойынша,   отырыс  өткізіліп   жұмыс  жүргізілді. Апта  сайын  азық-түлік  бағасына  мониторинг  жүргізіліп  отырды. Ауылымыздың  азаматы  Даримбаев  Азамат   жеке  меншік  “Іңкәр»  дүкенін  ашып  халыққа  қызмет  етуде  және  ауыл тұрғыны,  жеке  кәсіпкер  Төребекова  Мадина  аудан  әкімдігінің  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  қоры  бойынша 300 мың  теңге грант  жеңімпазы  атанып, шағын  наубайхана  ашып  жұмыс  жасап, ауыл  тұрғындарын   күнделікті  нан өнімдерімен  қамтамасыз  етуде.  Ауыл  тұрғындарының   қызық-қуанышына   жеке    кәсіпкер   Сейтжан  Қайырдың   тойханасы   қызмет  атқарады. Тойхананың   сыртқы  келбетін   көріктендіру, абаттандыру  жұмысы   жөнінде,  тойхана  есімінің   ілінуі  туралы  иесіне  ескертулер  айтылды.  Алдағы   уақытта    жөндеу  жұмыстары    қолға   алынады. 

     3. Инвестициялық жобалар  бойынша,   Жеке  кәсіпкер  -  Дюсебеков  Самат    6 млн. 500  мың  теңгеге    мал  бордақылау  алаңын  салып,қазіргі  уақытта    пайдалануда.  Ауылымыздың   жеке  кәсіпкері  Даримбаев  Азамат  5 млн 200 мың  теңгеге   екінші  мал  бордақылау  алаңын  салды. Алдағы  уақытта  мал  сою  алаңы  салынады.

    «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы бойынша бастауыш   сынып  мұғалімі Кабкенова Ұлпан   Нұра орта мектебіне  жұмысқа   қабылданып, қызмет  жасауда.

    Жыл  басынан  жұмыссыздыққа   17  адам  тіркелген. Қазіргі   уақытта   12  адам   Алмалы  кен орнына  «Сарыарқа   ресурс  капитал» ЖШС –не  жұмысқа  орналасса,  адам  мемлекеттік  ұйымның  бос  орнына  жұмысқа  орналасты.

.  Қоғамдық   жұмысқа   -  11   адам  тартылды.

4. Ауыл шаруашылығы    саласы

       Жалпы  ауылымыздың  даму  көрсеткіші  жаман емес. Ауылшаруашылығын  дамыту мен  әртараптандыру  мақсатында, төрт – түлікті  өсірумен  көбейту  және  асылдандыру  жұмыстары  жүргізілуде. «Бірлік»  бағдарламасы  бойынша    «Шилі»  ш/қ  жетекшісі Жұматаев Мейрам «Шеткөмек» несие серіктестігінен 

5 млн  теңгеге    22  бас – ірі қара малын  сатып  алды.   Алдағы  уақытта  шаруа  қожалықтар  техникалық  базасын  жаңартуға   пресс -трактор  алуды  жоспарлауда. Жеке кәсіпкер Рахымжанов Қонырат «Шеткөмек» несие серіктестігінен  2,900 мын теңгеге 16 бас ірі қара малын сатып алды. «Алғабас-2017» кооператив мүшелері «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» арқылы несие алған азаматтар Жетпіс Талғат 2 мли теңгеге 10 бас ірі қара , Солтанаев Жансерик 1,500 мың тенгеге 8 бас ірі қара, Дарибаев Омірсерик 1,200 мың тенгеге 6 бас ірі қара, Жұмат Кәрім 2 мли тенгеге 10 іріқара, Төребекова Мадина 1,200 мың тенгеге 6 бас іріқара және «Қақпантас» шаруа қожалығы жетекшісі Төребеков Аліп 4 млн. тенгеге 19 бас іріқара сатып алынды. Кооператив бойынша алынган несие 11,900 мың теңге сатылынып алынған мал 59 бас ірі қара.  «Нәтижелі  жұмыспен қамту  және  жаппай  кәсіпкерлікт  дамыту»  бағдарламасы  бойынша облыстық қаржылай қолдау қоры арқылы «Жалантөс» шаруа қожалығы 6 млн. теңгеге 20 бас  ірі  қара  сатылып  алды. 1 адам  жұмысқа  орналасты.Сағындықова Нұрсауле 3,400 мың теңгеге несие алып   1 адам  жұмысқа орналасты.  Жалпы  Кеншоқы  ауылдық  округі  бойынша  несие  көлемі -29 млн. 200 мың  теңгені  құрайды. Жұмысқа  тартылған   адам.  Сатылып  алынған  мал басы:   ірі  қара  -131 басты  құрайды.

    «Бағлан»  ш/қ егін  салған, жалпы   көлемі   140 га, оның ішінде   бидай – 40 га,  арпа – 100  га.  егілген , өнімдерден  алынған  түсім  орташа  деңгейде  болды.

       Ауыл бойынша қыс  мезгіліне  мал  азығы  толық    дайындалып,қыстақтарға  (шаруа қожалықтары)  5, 970 тонна шөп   және   елді –мекенге  4,820 тонна  шөп  жиналды.  Барлығы  10,790   тонна  шөп.

       «Жер – ебін  тапсаң  нәрін  береді,  есебін  тапсаң  бәрін береді»  дегендей   жерді    тиімді   пайдалану,  біздің  басты  мақсатымыз.

      Жоспарланған   ветеринариялық   сауықтыру  іс-шарасы   өз  мәнінде жүргізілді. (3000  бас  сиыр, 6000 қой, 700 жылқы  егілді). Ірі  қара  малы – қой,  ешкілер  сырғаланды, компьютерлік   дерек қорға  тіркелді, «Бірлік», «Бастау бизнес», «Нәтижелі  жұмыспен қамту  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту»    бағдарламасы бойынша  алынған,  малдар   компьютерлік   базаға енгізіліп,  статқа   тіркеу   жұмыстары   жүргізіліп  отырды.

        Үкімет  тарапынан көрсетіліп  жатқан  қолдауға  ауылдық округ  шаруа  құрылымдары  өз   ризашылықтарын білдіруде. Бұл бағытта  ауыл кәсіпкерлері, шаруа  қожалық  иелері   Үкімет  тарапынан қолдаудың  арқасында  өз  шаруаларын  дөңгелетіп отыр.                   

5.  Құрылыс  саласы

       Нұра  елді –мекенде   жеке  кәсіпкер   Даримбаев   Азамат  өз  қаражатымен  азық-түлік  дүкенін салды. Биылғы  жылы  жаздан   бастап    іске  қосылды. Дюсебеков   Самат  мал  бордақылау алаңын  салып,  жұмыс  жасауда.  Жуматаев  Мақсат  жеке меншік  тұрғын  үйін салды.

      Автокөлік жолдарының қызметін қамтамасыз етуде  380 000 теңге бөлініп, жеке  кәсіпкер  Тусупов   Дарханмен  баға  ұсынысымен  портал  арқылы  келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

                      6.Тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық  саласы

          Су құбыры  - тұрақты  жұмыс жасауда,екінші  насос сатылып  алынып, жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Халықтан    жиналатын   коммуналдық   төлем   ақы   жолға   қойылған.

        Электр  жүйесі   - тұрақты.  Халықтың   наразылығы   жоқ.

        Жол  қатынасы   Ақтоғай – Шет - Қарағанды  бағытындағы  көлік  қатынасы  тұрақты. 

        Елді - мекенді  көріктендіру, санитарлық- экологиялық  жағдайын  жақсарту  мақсатында  ауыл аумағында,  2017  жылдың сәуір-мамыр айларында екі айлық өткізілді.Бұл  жұмыстарға   - 5 мекеме, 972  - адам, 13  техника қатысты.  

        Ауылда   апта сайын  «Таза бейсенбі»  тазалық күні, облыстық , аудандық  және ауыл бойынша  сенбіліктер   ұйымдастырылып  отырды.

    Сенбілікке ауыл  мекемелері, ауыл тұрғындары қатысып, ауылдың  көркеюіне ат салысты. Әр тұрғын үй иесі өз үйінің  маңайындағы   күл –қоқысты   өз  қаражатымен  шығарып, үй маңындағы  шарбақтарын  және  үй шатырларын бояп,жөндеу жұмыстарын   жүргізді.  Ауылдың ішінен өз техникаларымен   күл-қоқысты тазалауға  атсалысқан азаматтар: Шет аудандық  жеке  кәсіпкер   Мұсаханов  Бауыржанның  2  камаз  автокөлігі  және  тиегіш  техникасы, ауыл  тұрғыны  Нұржаубаев  Шаймұханбеттің   МТЗ-80  трактор   тиегішімен,  320   тонна  күл  -қоқыстар  шығарды. Әрбір  аула тұрғындарымен - 198 келісім шарт  жасалып, бір рейсі 2,500-4000  теңге  аралығында  келісіп,төлемақы төледі.

7.  Қоғамдық  тәртіп

      Елді мекенде   «Сарбаздар тобы»  ұйымдастырылған, негізігі бағыты   елді -мекенде   тәртіпті сақтау,  даталы  күндерде   кезекшілікті ұйымдастыру,  мал ұрлығына жол бермеу,  сырттан   келген- кеткенді   бақылап, назарға   ұстау  жұмыстарын   учаскелік   полиция  қызметкері Альдубаев  Асетпен    бірлесіп  жүргізілуде.   Өткен  жылы  ұрлық-қарлық бойынша 1 факт тіркелген.    Кәмелетке    жасы  толмаған  жастар арасында   құқық  бұзушылықтың  алдын алу, діни  экстремизмге   қарсы, теріс  діни ағымдардан   сақтану жөнінде    Нұра орта мектебімен, аудандық  кәмелетке толмағандардың  ісі  жөніндегі   инспекторларымен, мешіт  имандарымен   бірлесе   отырып   түсіндірме   жұмыстары  жүргізілді.

    2017  жылдың  II  тоқсанында  Кеншоқы  а/о бойынша  арнайы  құрылған  ақпараттық  топ  мүшелерімен   «Дәстүрлі  дін  және  Заң  аясындағы нормаларды  сақтау» тақырыбы  бойынша, Шет ауданының  әкімдігі  жанындағы  ақпараттық  түсіндіру  тобының  тікелей  басшылығымен    ауылдың  тұрғындарына, ауыл  жастарына, мектеп  оқушыларына   арналған   ақпараттық түсіндіру  жұмыстары  өткізілді. 

     2017 жылдың   III  тоқсанында  діни  экстремизм   терроризмнің   алдын    алу  жөнінде   ауыл  ақсақалдарымен   және   жамағаттарының   қатысуымен   ауыл  жастарына, ауыл   тұрғындарына   арналған   Шет аудандық  Ішкі  саясат  бөлімінің басшысы Н.Ақымжановтың басшылығымен  мемлекеттік  тапсырыс  негізінде  «Нұрлы  білім!» қоғамдық  бірлестігімен  «Діни  экстремизм  және  терроризмнің  алдын-алу  профилактикалық  іс-шараларын  ұйымдастыру , қоғамда  толеранттық  діни сана мен  иммунитеттің  радикалдық  идеологияға  қарсы  бағытын  қалыптастыру»  тақырыбында семинар  кездесу  өткізілді.

  2017  жылдың  қазан  айында  Елбасының  жыл  сайынғы  Жолдауын  насихаттау және  түсіндіру  бойынша  дәріскерлер  топтарының кездесулері болып  өтті. Ауыл халқы  бұл  кездесуде «Айқын» газетінің  редакторы  Нұртөре  Жүсіппен кездесті.  Латын әліпбиіне  байланысты  түсініктеме  жұмыстарын жүргізілді.

      Сыбайлас  жемқорлыққа  қарасты  іс-қимыл  жөніндегі   іс-шаралар  жоспары   жөнінде  арнайы  құрылған  комиссия  мүшелері  жұмыс жасады.     

  1. Ауылымыздың  тұрғындарына  әлеуметтік, мәдени  тұрмыстық  қызмет     көрсетуде:

        1. Әкім   аппаратының    жұмысы  Қазақстан    Республикасының   Конституциясының   баптарымен  Конституциялық  заңдылықтарға  сәйкес, жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы   Заңымен  нормативтік –құқықтық  актілерге  байланысты құрылған  жұмыс  жоспарымен   жүргізіліп  отырды.  Ауыл  әкімшілігінде   3 маман  жұмыс  жасайды. Мамандардың  барлығы   компьютермен    жабдықталған.   Әкімшілік    мекемесі    толықтай   «Электрондық    құжат   айналым   жүйесіне»  қосылған.   «Аstel»   фирмасымен  интернет   жүйесімен  жұмыс  жасауға     316  мың теңгеге  келісім  шартқа   отырып,  интернет  жүйесіне  қосылдық.   «Е- халық»  қызмет  көрсету  бағдарламасына -208 мың теңге  бөлінді. «E.GOV» халыққа  қызмет көрсету  бұрышы  ашылды. 2017 жылғы  негізгі  қызмет  бойынша  -14 өкім,жеке  құрам  бойынша  - 21  өкім  шығарылды.

     Ауыл  тұрғындары  бойынша  жыл  бойы   жазбаша  түрде  түскен  -5  өтініш, 2-еуі  түсіндірілді, 3-еуі  қанағаттандырылды.

      Кеншоқы  ауылдық   округі  бойынша   жергілікті  қоғамдастық  мүшелерінің  2017 жылы 6 отырысы  өткізілді Жергілікті  қоғамдастық  құрамына  сайланған  комиссия  құрамы -адам.  Ауыл  көлемінде  мал  ұрлығы, ауыл  тазалығы   және   тәртіп  жөнінде ауылдың  сыртқы   келбетін  көріктендіру,  мектеп  жасындағы   балаларға   сыйлық   жасау  жөнінде  жұмыстар  атқарды. Қолма –қол  бақылау  шоттарына  түскен  қаржы   көлемі  -782 000   теңге,  100 мың теңге  ТОО «Мехколлона» серіктестігінен демеушілік  ретінде аударылған, түскен 100 (жүз мың теңгені)  мәдениет үйін ағымдағы  жөндеу  жұмыстарына   жұмсалды. Жаңа  жыл,  Тәуелсіздік  мерекесіне жұмсалғаны -126 000  мың теңге, 50 000 мың  теңге  баннер   жасауға  жұмсалды. Барлығы 276 мың  теңгені құрайды.  

     2. Еліміздің  ертеңгі  болашағын  дайындап, тұлға етіп  қалыптастырып  шығаратын «Нұра»  орта  мектебінің  қазіргі  таңдағы  жағдайы  жақсы. Ұстаздар   қауымы,  жас  ұрпақтарға  сапалы  білім, саналы  тәрбие  беруге  толықтай  мүмкіндік  жасалған.Мектепке  даярлау  ісіне   баса  назар  аударылуда. Оқушылардың  бойына  патриоттық   сезімді  нығайту, рухани  тәрбие беру, салауатты  өмір салтын  насихаттау  мен  зиянды  әрекеттерден аулақ болу, еңбекке  баулу, интелектуалды  деңгейін  дамытуда   әр  түрлі  іс-шаралар  атқарылуда. Жоғары сынып оқушылары   140 -  бала,даярлық  сыныбы -14 бала,  шағын орталық 25 - баланы құрайды. Барлығы  179  оқушы. Мектеп бойынша -39  мұғалім  жұмыс жасайды.

      ҰБТ – дан алынған  көрсеткіш 61 % пайыз болды.   11 - бала  мектепті аяқтап, 6- бала жоғары оқу орнына, қалған - бала  колледждерге түсті.

Қазіргі  жаңартылған   білім  мазмұны  бойынша 1,2,5,7 сыныптар  білім  алуда.  Мектептің  қазақ тілі, тарих, орыс тілі, физика   дәрісханалары   қазіргі  жаңа  технолгиялармен  жабдықталған.  (Ауызша  тоқталу).       

       3.ФАП –дәрігер үйі  өз  мәнінде  жұмыстар  атқаруда. Бала  және  ана  өліміне   жол   берілген   жоқ,   тұрғындар   өткен  жылы   флюографиядан  толықтай  өтіп   қамтылған.

        Ауыл  бойынша скрининг тексеру  нәтижесі бойынша - 102 адам  өткен.Тексеру  нәтижесінде  бауыр, өт жолы  бүйрек, қан қысымы  жоғары адамдар  анықталды.   Осы  байқаудың   нәтижесі    бойынша   сырқатқа  шалдыққан   адамдар   облыстық   медициналық    орталыққа   жіберіліп,  емделуде.

  1. Ауылымыздағы  «Қасқар   би»  мешіті  халыққа     тұрақты   қызмет етіп,   халықтың  демеп  - қолдауымен  өз  жұмысын жасауда. Мешітте  жұма намазы  оқылып  отырады. Мешітке  барып, имандылыққа  бет  бұрған  жастар  қарасы  көбеюде. Бұл күнде мешіттің  жұмысы   жақсы. Түрлі  діни мерекелер,  уағыз  -насихат  жұмыстары  жиі өтіп отырады. Ауыл имамы  Қазтай  Саламат қосымша  білімін  жетілдіруде Алматы  қаласында  оқып келді. Мешітте  өткізілетін  діни  іс –шаралар туралы   ауыл  әкімдігіне  тұрақты  ақпаратпен  алмасып  отырады. Мешітің  алдында «Құрбан  айт» мерекесі  қарсаңында   түрлі  спорттық ойындар  өткізілді.  

       5. Кітапхана  -  Дюсебекова   Панар   өз   мәнінде   еңбек   етуде.

  Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толығуда. Кітапхана ішінен ауыл тұрғындарына, ақсақалдарға,жастарына, оқушыларға арнап  дойбы, шахмат үйірмесі  де  ашылған болатын.  Қазіргі  таңда  осы  аталмыш   ойындарға деген  халықтың  ықыласы артуда. Кітапханада  оқырмандарға  арналған  әдеби сазды кештер, дөңгелек  үстелдер,   жиі өтіп отырады. Атап айтсақ, 1 мамыр күні -  «Ынтымағы  жарасқан өлкем»  атты  әдеби –сазды кеш,  отбасы күніне  арналған  ауылдың 50 жыл  бірге отасқан  отбасыларын  дәріптеу   жөнінде  «Тәрбиенің  ең  тамаша  мектебі-отбасы»  атты үлкен  шара  өткізілді.

       6.Почта   меңгерушісі   - жас маман, Жунусова  Салтанат  қызмет етуде. Басылымға  100 %   пайыздан  астам    жазылу   орындалды. Басылымға  жазылу  жылдан –жылға  толығуда. 

       7.Телеарна -  барысында   «Хабар», «Қазақстан», «Еларна»   каналдары   жұмыс   жасайды.  Былтырғы   жылы  өз  қаражатымен  аулымызда   15 жанұя  «ОТАУ –ТВ» ұлттық  желісі  арқылы  сандық  спутникалық  телерадиоарналарға   қосылды. Қазақтелеком  байланыс   жүйесі  тұрақты  қызмет етеді.  Барлық  үйде   телефон  байланыс  жүйесі  жұмыс істейді. 

        9.Клуб  үйі - меңгерушісі  Дарибаев  Өмірсерік   ұжымымен   өз  мәнінде    еңбек   етіп,  мерекелік,  даталы   күндерде   халықтың  көңілінен шығуда.  Жыл ішінде  еліміздің ұлттық, мемлекеттік  және  кәсіби мерекелері  ойдағыдай  аталып  өтті.  8 наурыз – Аналар  мерекесі   қарсаңында  көгілдір от кездесу кеші өтті, ауылдың  батыр  аналары, күміс алқа иегерлері арнайы шақырылып, мерекелік кешке  қатысып, ауыл  әкімшілігінің  сыйлықтарымен  марапатталды. Ұлыстың  Ұлы  күні  қарсаңында  барлық  ауыл   адамдары  Сейтжан  Кайырдың  тойханасында  көше-көше болып, дастархан  жайып, ұлттық  салт-дәстүрден  өнер  көрсетіп,ұлттық  ойындар  тамашалады. Ауыл азаматтарының, шаруа  қожалықтарының, кәспкерлердің  ұйымдастыруымен  «Қазақ  күресі» өткізілді.

  9 мамыр  қарсаңында  ауыл тұрғындары, ауылдың жастары  және  мектеп  оқушыларының  қатысуымен  «Мәңгілік алау»  жағылып, Даңқ  алаңында  еске алу кеші өткізілді.   Жаңа  жылдық  мерекеге  орай  ауыл  балалары   арнайы  сыйлықтармен,  қораптағы  тәттілермен  қамтамасыз  етілді. Мереке  қарсаңында  бала  жасынан  мүгедек  Тілеуқұл  Аянға  велосипед және қораптағы тәттілер сыйға  тартылса, ауылдың  әлеуметтік  көмек  алатын,   бала  жәрдемақысын  алатын  отбасыларға  арнайы   сыйлықтар  жасалды.  Сонымен қатар,  ауыл  мәдениет үйі  аудандық  округтер  арасында  өткен «Мәңгілік  Ел – Қазақстан» атты  есеп беру  концертінің  II  орын  иегері  атанып,   аудан  әкімінің  арнайы  сертификатының  иегері  атанды.

        10. Спорттық іс-шаралар да  мектеп тарапынан,  әкімшілік тарапынан   өтіп отырды.  Атап айтсақ, волейбол, баскетбол, үстел  теннисі, қазақша күрес, қазақтың  ұлттық  спорттық ойындары  мереке  қарсаңында  жиі өтті.            Халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында  үстел теннисінен  мекеме  қызметкерлері, ауыл  тұрғындары, ауыл  жастары  арасында жарыс  өткізілді. 2017  жылы  Болатбай  Тілек  марқұмды  еске  алуға  арналған, Шет аудандық жасөспірімдер  спорт  мектебінің  директоры  Сағындық  Қанаттың   қолдауымен  ауыл  жастары  арасында  аудандық  қазақша  күрестен  турнир өтті.

   16 желтоқсан - Тәуелсіздік  мерекесі  қарсаңында  ауыл  жастары, ауыл    тұрғындары, мекеме қызметкерлері,  оқушылар  арасында  воллейболдан   жарыс  өткізілді.Аталған  жарыстарға  ауыл  азаматтары  және  шаруа  қожалықтары  демеушілік  көрсетті.

       Нұра орта мектебінің  спорт  залында  аптаның  4 күні  қазақ күресінен  жаттығу  секциясы өтеді. Секцияға  қатысатын  25 жасөспірім  бар. Аталмыш  секция  Шет ауданының  жасөспірімдер  спорт мектебінің  филиалы. Арнайы  бапкері,ауыл  азаматы Балкенов  Елу. Қазақ күресінің көрсеткіштері  жаман емес. Ауыл  балалары  Ақтоғай  ауданында, Шет ауданында,  Шет ауданына  қарасты  округтерде   өткен   қазақ  күресінің  жеңімпаздары.    

    2017  жылы  үлкенді-кішілі  атқарған  жұмыстарды    саралай  келе,  жасалған  жұмыстарға  белсенді  қатысып, көмек  көрсеткен,  мекеме  басшыларына,  ауыл  ақсақалдарына,  жалпы  барлық  ауыл  тұрғындарына   рахмет  айтамын!        

    11. Ағымдағы   жылға   және жақын  болашаққа   арналған   іс-қимыл  бағдарламаларым:

   1.Ауылдың  инфрақұрылымын  дамыту.  (Елді –мекеннің ішкі жолдарын көше  жарығын,  Билайн байланыс  желісін орнату,тоқ көзін, су және  күл –қоқысын төгетін   полигонды  заңдастыру  және  имиссиялық   құжаттарын  дайындау).

   2.Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субьектілерінің  белсенді  топтарын  құру, жаңа  жұмыс орындарын ашу  және  инвестициялау. (Шаштараз,наубайхана жылыжай, ауыл  шаруашылығы  кооперативін  құру).

  3. Ауылдың  қоғамдық  тәртібін сақтау.

  4. Спорт   алаңын  және  балалар  ойын  алаңын  салдыру.

     Бір  сөзбен айтқанда,  елді  мекендегі атқарылған  және алдағы уақытта атқарылатын  міндеттерге сергектікпен қарай отырып, Елбасының  қозғап отырған саясатын  жүзеге  асыруда, облыс  және аудан  әкімінің  міндеттеген  қаулы –қарарларын   басшылыққа  ала отырып, әрі қарай  жұмыс жасай беретін боламын -  деп  Сіздерді, сендіремін!


Келулердің саны: 2031


Жоғары