print

Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

Құрметті жиынға қатысушылар! 

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау мақсатында  2017 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

Есептік кездесуде халықтан түскен ұсыныс, пікірлер:

    1.Байғозы батыр атындағы бастауыш мектептің жабылып қалмауын және негізгі мектеп болып қайта құрылуына көмектесулеріңізді сұраймыз?

        Қазіргі уақытта бастауыш мектеп болып жұмыс істеп тұр, негізгі мектепке жұмыстар жүргізілді, оқушылардың саны жетпеуіне байланысты тоқтап тұр.

      2.«Жұмыспен қамту жол картасы -2020»бағдарламасы негізінде шаруа қожалықтарға несие алуға болама?

Бір ауыл тұрғына несие алды. Екі адам 2018 жылға құжаттарын дайындауда.

     3.Жайылымдақ және егістік жерлерді пайдаланбай отырған шаруа қожалықтары бар. Сол жерлерді қайтарып алып, жері жоқ азаматтарға берілсе?

       Шаруа қожалықтарына ескертулер таратылды, жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылға ауылдың бір азаматты конкурс арқылы жер алып құжаттары рәсімделуде.

      4.Ауылда жарық (свет) сөнгенде байланыс болмай қалады. Аккумулятор керек және ауылымызға электрик керек?

       Аккумуляторлар әкеп орнатты бірақ ескі болғандықтан свет сөнгенде ұзаққа бармай байланыс істемей қалады. Сондықтан жаңа аккумуляторлар қоюға жұмыс жүргізу қажет. Электрик берілген жоқ.

 

      Ауылдың әлеуметтік экономикалық жоспары мен іске асыру жолдары.

       Қазақстан Республикасы Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан  халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның Үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қаблеттілік»атты жолдаулардағы тапсырмаларымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындау барысына негізделген.

      К.Мыңбаев атындағы ауылдық округінің халықының жалпы саны 310 адамды құрайды,оның ішінде 148 -ер адам, 162- әйел адам, экономиклық белсенді -104 адам, жұмыспен қамымтылған- 84 адам, жалдамалы қызметкерлер -32 адам, жұмыссыздар -13 адам, оның ішінде уәкілетті органдарда тіркелгендер -2 адам. Тұрғын үй қоры 74 үй , шару қожалықтар саны- 27,1-ЖШС, жеке кәсіпкер-1, жалпы жер көлемі- 400052 га, шаруа қожалықтар жері-164797 га, елдімекен   жері-17638га.

       Ауыл  тұрғындарынан  жыл  бойы  жазбаша   1 өтініш түсіп түсіндіріліп, қанағаттандырылды. 211 анықтамалар  берілді. Жұмыспен қамту орталығында жыл  басынан 7 адам тіркелген. Олардың ішінен бюджеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарына орналасқан 1 адам, 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

        Әкім аппаратының жұмысы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының баптарына заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға, «Жергілікті  мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы»  заңымен  нормативтік-құқықтық   актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.  Округ  бойынша  2017 жылы  5 рет  халықтың  жалпы жиналысы өтті. Ақсақалдар алқасы, шаруа қожалықтармен 3 рет кездесу, пікір алмасу отырыстары өткізілді. Сонымен қатар әр айдың бірінші дүйсенбісінде әкім күні өткізіледі, оған мекеме  басшылары  қатысып, ай сайынғы  атқарылған  жұмыстары  мен  берілген  тапсырмалардың орындалысы  туралы  хабарламалары тыңдалып отырылады. Округ әкімі аппаратының 2017 жылғы бюджеті 13 млн. 483 мың теңге,оның ішінде әкім аппаратын ұстауға 12 млн. 472 мың теңге.

Көшені жарықтандыруға 80 мың теңге .

Абаттандыруға 50 мың теңге.

Қыс айларында ішкі жолдарды қардан тазатуға 100 мың теңге қаржы бөлініп «Электржабдықтау» ЖШС арқылы игерілді. 2018 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларына 300 мың теңге беріліп отыр. Ол «Жылқыбай» шаруа қожалығымен  келісім шартқа отырылды.

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жергілікті қоғамдастық құрылуы туралы түсіндіру жұмыстар жүргізіліп жиындар өткізіліп отырады. Қолма –қол ақша бақылау шоттары ашылды. Осы шотқа ерікті түрде және салықтардан түскен қаржыларды игеру, қоғамдастықтың мүшелерінің хаттамасы арқылы жұмсалды.

Атап айтатын болсақ

Санитарлық тазалыққа 300 мың теңге, ауыз суға 2-ші ұнғымаға насос құрал жабдықтар сатып алуға 300 мың теңге, көшенін ішкі жолдарын қамтамасыз етуге 150 мың теңге, абаттандыруға 169 мың теңге, мерекелік іс-шараларға 236 мың теңге,  сметалық құжаттарды рәсімдеуге 50 мың теңге жұмсалды. Жылдың соңында қолма-қол ақша бақылау шотына түскен қаржы қоғамдастық мүшелерінің хаттамасымен төмендегі мақсаттарға қосымша бөлінді. Көшені жарықтандыруға 220 мың теңге , мерекелік іс-шараларға 200 мың теңге, өрт қауіпсіздігіне құрал-жабдықтар алуға 140 мың теңге, жылытқыштар сатып алуға 200 мың теңге, абаттандыруға 60 мың теңге қосымша келісім шарттар жасалып заңдылықтарға сәйкес игерілуде.

 

      Ауылдың әлеуметтік- экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттер мен дамытудың негізгі бағыттары бойынша 1 ЖШС және 27 шаруа қожалығы жұмыстар  атқаруда. Округте әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығын  дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру. Осы бағытта малды асылдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Шолақ Еспе» жылқы зауытында мал тұқымын асылдандыру, еттік,сүттік бағытындағы жылқы тұқымын өсірудегі атқарылып жатқан жұмыстарының нәтижесі өз жемісін беруде. Сонымен қатар қой шаруашылығын асылдандыру жұмыстарымен  3 шаруа қожалығы айналысуда.

      Округ  көлемінде  тіркелген 1 ЖШС мен 27  шаруа  қожалығында  52 адам  жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалықтарына  барлығы  164797 га  жер бөлінген,  оның  31049 га  шабындық  жер.

2018 жылғы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 2721, қой, ешкі -8954 бас, жылқы 3148 бас. Былтырғы жылмен салыстырғанда қой,  ешкі  422 басқа көбейді, жылқы 472 басқа өссе, ірі қара мал басының саны 194 басқа өсіп отыр. Жыл басынын етке 380 бас ірі қара, 3600 бас қой, ешкі, 240 басқа жылқы малы өткізілген.

     Аналық мал басы 30 бастан жоғары болған  ірі шаруа қожалықтарына аналық мал басын сақтандыру мақсатындағы субсидияны  12 – шаруа қожалығы алды.

      Инвестициялық жобаларды жүзеге  асыру жұмыстары бойынша оның ішінде «Шолақ-Еспе» шару қожалығы 2 баз, 2 үй құрлысын салды. 1 базды сыйымдылығы 500 бас ІРҚ малына, 2 –ші баз сыйымдылығы 1000 бас қойға арналған. Сонымен қатар 1 беларусь 92 тракторы алып техникаларын жаңартты.  2 ұнғыма (скважен) қаздырды. Үш шаруа қожалықтары  «Бақытбек» «Қоңыртөбе» «Жорға» ЖШС қойды асылдандыру бағытында асыл тұқымды қошқарлар алып осы бағытта субсидия алды. ІРҚ мал бастарын асылдандыру бағытында төмендегі шаруа қожалықтары қазақтың  ақ бас тұқымды бұқаларын өз қаражаттарына сатып алды. «Бекше» ш/қ 1 бас бұқа 350 мың теңге, «Жылқыбай»ш/қ  3 бас бұқа 1 млн.140 мың теңге, «Бақытбек» ш/қ 5 бас бұқа 2 млн. теңге, «Жасқанат»ш/қ 1 бас бұқа 350 мың теңге, «Көркем»ш/қ 1 бас бұқа 350 мың теңге, «Ақсоран»ш/қ  1 бас бұқа 350 мың теңге, «Ербол»ш/қ 2 бас бұқа 700 мың теңге, «Ташмағанбет»ш/қ 1 бас бұқа 350 мың теңге. Барлығы 5 млн. 590 мың теңге инвестицияны құрайды.

«Ербол» шаруа қожалығы 70 бас асыл тұқымды жылқы малын сатып алды.

     7-шаруа қожалығы өздерінің келісімі бойынша суландыру  бағытында күннен қуат алатын панельдер алды.

     Үкіметтің «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша Шет ауданы кәсіпкерлер Палатасының филиалында округтегі жұмыссыз азаматтар және шағын несие алу үшін ауылымыздан  4 азамат оқып сертификат алды. Бір адам өзінің мал шаруашылығын дамыту мақсатында 5 млн.теңге несие алды.

    Шаруа құрлымдарымен, кәсіпкерлермен өткізілген жиналыста үнемі кәсіпкерлікті дамыту жолдары, беріліп жатқан несие түрлері мен

   Үкімет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау, беріліп отырған жеңілдіктер қайта даярлау курстары арқылы білімдерін жетілдіру туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Елді мекендерді абаттандыру көркейту және көгалдандыру бағытындағы іс-шараларының жүргізу барысы бойынша. 2017 жылы К.Мыңбаев атындағы ауылдық  округін абаттандыру мақсатында, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен отырған меморандумдар саны-5, жалпы құны 350 мың теңге.

Ауылда үлкен техникалар, тиегіштер жоқ болуына байланысты  күл-қоқыс шығару барысында қиындықтар туындайды. Шаруа қожалықтарының көмегімен, ауыл тұрғындарының өз күштерімен сыртқа 700 тоннадай күл-қоқыс шығарылып белгіленген орынға апарылды. Ауылға кіреберіс жолдар, ауылдың іші жалпы аумағы 80 га жер күл-қоқыс қағаздардан тазартылды.        

         Мал бағылымын ұйымдастыру. Қызылтау ауылының ақсақалдарымен бірлесе отырып 3 жиын өткізілді. Мал бағылымы кезекпен бағылу ұйымдастырылды.   

     Салық базасын ұлғайту. Жергілікті  салық базасын кеңейту іс-шаралары бойынша мемлекеттік жер қорындағы жерді шаруа қожалығын құрамын деген немесе дамытамын деген азаматтарға ұсыныс беру, шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын-үй қорының инвентеризациялау арқылы жүргізілуде.

Мал басын асылдандыру ауылда ветериналық іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, жұқпалы ауруларға қарсы «ветеринарлық препараттарын қолдану» бойынша қызымет көрсетіліп, мал түлектерінің бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, компьютерлік базаға енгізілді.

«Ауыл береке-2017» жәрмеңкесіне қатысып Астана, Қарағанды қалаларына мал өнімдерін апарған  шаруа  қожалықтары «Оралбек», «Көркем», «Хамзе», «Арқарлы», «Ербол», «Ақмарал» шаруа қожалықтары, ауыл тұрғындары да барып қатысты.

          Ауылдық округте ағымдағы жылы облыс және аудан әкімдерінің қаулылары негізінде тазалық жүргізу жайында көктемгі мезгілде 2 айлық жарияланып күзгі мерзімде айлық жарияланып, ауылды абаттандыру,  көркейту және санитарлық тазалық жөнінде тиісті іс-шаралар белгіленіп, жұмыстар жасалды. Елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көркейту жөнінде ауылдың көшелері мекемелерге бекітіліп, таза бейсенбі және сенбілік күні болып жарияланады. Ауыл тұрғындарымен санитарлық тазалау, абаттандыру және көркейту туралы 5 жиын өткізілді. Ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан штаб құрылып, дүйсенбі күндері штаб отырысында санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту жұмыстары талқыланып отырады.Әр аптаның бейсенбі күндері санитарлық тазалау күндері өткізілді. Ауыл тұрғындарының өз күштерімен  жалпы көлемі 700 тонна күл-қоқыс шығарылды.      

         Көгалдандыру жұмыстары бойынша он бес түп жас тал көшеттері қазылып, әкеліп отырғызылды.Көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге су мәселелеріне байланысты қиындықтар туындайды, соған қарамастан жұмыстар жүргізілуде.

         Мекемелердің алдын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша гүлзарлар жасалып, тал, гүл егу жұмыстары ұйымдастырылды.

Тоқ көзі тұрақты болып тұрады. Көшені жарықтандыруға 4 жерге лампа орнатылған.  4 жерге қосымша жарық көздерін орнату жоспарлануда.Қазіргі уақытта ауылымызда электрик жоқ болуына байланысты әр түрлі қиыншылықтар туындайды, сол себепте ауылда электрик маманы болғаны қажет.

       Байланыс тұрақты болып тұр. Свет сөнген кезде байланыс болып тұру үшін жаңа аккумуляторлар қажет.

        Ұзақ мерзімді «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты даму стратегиясын одан әрі жүзеге асыру мақсатында Елбасының алдағы қойып отырған басты мақсаты  басымдылықтарының бірі Қазақстандықтардың білімі мен кәсіптік денгейінің сапалық өсуін қамтамасыз  ету бойынша Байқозы батыр атындағы бастауыш мектеп ұжымы еңбек етуде.                        Қызылтау ауылында орналасқан   Қызылтау мәдениет үйі қазіргі уақытта авариялық жағдайда болуына байланыста мәдени іс-шаралардың көбі мектеп қабырғасында  өткізіліп келеді. Жыл басынан бері жоспар бойынша 18 мерекелік көпшілік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне дөңгелек үстел, «Аналарды аялайық» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ұлттық мерекеміз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы мектеппен бірігіп кең көлемде аталып өтті. Соғыс және тыл ардагерлері, қарттар мен мүгедектер күніне орай қайрымдылық акциялары ұйымдастырылып дөңгелек үстел, концерттік бағдарламалар өткізілді. Сонымен қатар мереке күндеріне спорттық  іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Мамыр, маусым, шілде айларында ұлттық ойын көкпар өткізіліп отырды.  Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен сыйлықтармен марапатталды. Аудандық іс-шараларға қатысып ауданда өткен «Жас барыс» қазақша күрес топтық жарыстан 1-ші орынды  Шакимов Жалғас жеңіп алды. Қазақстан Республикасы  рәміздерінің 25 жылдығына орай Қарағанды қаласында өткізілген марафонға ауылдан екі адам қатысты. Сарыарқа 2017 жазғы  спартакидасына және тағы басқа спорттық іс шараларға белсене ат салысты. Мерекелік және спорттық іс-шаралардың өткендігі жөнінде Шет шұғыласы газетне мақалалар жарияланып отырды. Округ бойынша 1 кітапхана бар. Бүгінгі  күнде кітапхана 4048 кітап қорымен жұмыс істеп келеді. Жаңадан 120 кітап қосылды, жылдан жылға кітап қоры көбейіп келеді. Оның ішінде бәрі жаңа және қазақ тіліндегі кітаптар. Жаңа кітап алған сайын кітап көрмесін ұйымдастырып, әр кітаппен және оның авторларымен таныстырылып отырады. 240 оқырмандарға қызмет көрсетіледі. Елбасының тапсырмасына байланысты латын әліпбиіне  көшу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Баспасөзге жазылу уақытында 100 пайызға орындалды.

     Денсаулықты сақтаумен салауатты өмір салтын қалыптастыруда 1 фельдшерлік пункт қызмет етеді.

           Елбасының  Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауында берілген тапсырмалар бойынша 2012 жылдын 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа саяси бағыты атты»,  « Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның Үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қаблеттілік»атты жолдаулардағы тапсырмалармен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен  жолдауларын  насихаттау барысында көптеген  іс-шаралар ұйымдастырылып, ақпараттық насихат топтары құрылып, осы топтар арқылы жұмыстар атқарылып, халықпен кездесу жұмыстары өткізілуде.

         Сыбайлас жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа қарсы күрес және оны болдырмау бағытында іс-шара жоспары құрылып, комиссия құрамы бекітілді . Сенім телефоны орнатылып, Шет шұғыласы газетіне берілді.

        Көктемгі су тасқыны кезінде тас жолдың су шайып кеткен жерлерін Шет ауданының тұғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жөндеу жұмыстарын  «Электржабдықтау» ЖШС-гі жүргізді.

          Ауылымыздың өзекті мәселерінің бірі Қызылтау – Ақадыр аралығындағы көтерме жолымен қыс айларында жүріп тұруға қамтамасыз етуді «Электржабдықтау» ЖШС келісіммен алды, уақытында тазартып отырады.

          Ауылымыздын  әлеуметтік – экономикалық даму жолын сақтап қалу үшін белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі  жұмыстар жалғаса береді.

          Алдағы уақытта:

-          Халықтың әлеуметтік  экономикалық даму жағдайын көтеруге жұмыстар

         жүргізу

-         Қоғамдастық кеңестің жұмысын жандандыру.

-         Ауылымызда дамымай отырған саланың бірі, шағын және орта бизнес және кәсіпкерлікті дамытудағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, өз ісін ашам деген азаматтарға қолдау көрсету.

-          Шаруа қожалықтарымен меморандумға отырып ауылдың санитарлық тазалық, абаттандыру және көркейту жұмыстарын жүргізуді тоқтатпау.

-          Мал басын асылдандыру, шаруа қожалықтарын  ірілендіру жұмыстарын  жүргізу.

-          Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, ауылдың экономикалық даму бағдарламаларының орындалуына   жұмыстарын  жүргізу басты назарда болады.

Ауылымыздың тұрғындары Еліміздің, ауылымыздың тұрақты дамуына, көркеюі мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп, барлық бастамаларға, іс-шараларымызға өз үлестерін қосады деп сенемін.


Келулердің саны: 1832


Жоғары