print

Дәрия ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті Марат Жандәулетұлы!

 Құрметті жиынға қатысушылар!

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау мақсатында 2017 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

           

         Дәрия кенті бойынша халық саны 840, осының ішінен 551-ы экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны – 80,  мүгедектер 23. Соның ішінде :

I-ші топтағы 3 адам

II-ші топтағы 11 адам

III-ші топтағы 6 адам Кент бойынша бюджеттік салаларда жұмыс істейтін адамдар  – 59. Теміржолға қатысты жұмыс істейтіндер 99 адам. Сыртта жаз айларында ауысыммен – 5 адам жұмыс істейді.

 

Кент бойынша 2017 жылы 14 рет халықтың жалпы жиналысы өтті. Ақсақалдар алқасы, шаруа  қожалықтарымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауларын  насихаттау, әр түрлі тақырыптық жиналыстар, мешітті өз қалпында ұстап тұру және Дәрия жалпы орта мектептің 80 жылдығын атап өту туралы мәселесі бойынша және т.б. жиналыстар өтті.

 

Жұмыспен қамту орталығында жыл басынан 10 адам тіркелген. Олардың ішінен бюджеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарына  орналасқаны 1 адам. Жаз, күз айларында 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарына қатысты.

          Әкім аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарына заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға  жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен нормативтік-құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.

         

Кент тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде түсіп электронды құжат айналымына енгізілген  11 өтініш, соның 7-ы заңды тұлға және 4-і өтініш жеке тұлға тарапынан. 11-і  шешілді. (негізінен өтініштер үй ауласының аумағын өзгерту, жер телімін сұрау және қайта рәсімдеу т.б.) . Берілген анықтамалар саны – 148.

         

          Жыл сайын әр отбасына зерттеу актісі жасалып барлық кіріс жиынтығы есептелгенде 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы алатын – 2 отбасы,  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын – 1 отбасына тағайындалып берілуде.

 

        Әр түрлі әлеуметтік яғни,  Зейнеткерлерге зейнетақы тағы басқа жәрдемақылар ай сайын бекітілген кесте бойынша уақтылы беріліп отырылады.

            

         Кентте (ФАП –фельтшерлік акушерлік пункт) жұмыс істейді. дәрігерлік бөлімшеде 1аға медбике  қызмет етеді.

       

Жылсайын қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында  Қарағанды қаласына скринингтік байқаудан тексеріліп, әр түрлі ауруларға күдікті аналар  дәрігерлік бақылауға алынып емделуде.

         

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылжымалы медициналық кешен құрылып, маман-дәрігерлерінің кешенді көшпелі поезд 2017 жылда   1 күнге келіп,  ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізіп, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті. Науқасы күдікті адамдарға жолдама беріліп, облыс орталығындағы ауруханаларға жіберілді.

 

 2017 жылы  кентіміз бойынша 5 нәресте  дүниеге келді, ана-бала өлімі тіркелген жоқ. Кенттік диспансерде ( қант диабеті, жүрек аурулары) 16 адам тегін медициналық дәрі дәрімек алды. Сонымен қатар тегін медициналық қызмет көрсету поездарында 65 жастан жоғары 48 кент тұрғындары арнайы тексерістен өтті.    Жалпы 2017 жылы кентіміздің  200 ден астам тұрғыны   арнайы медициналық жылжымалы  поездерде   денсаулықтарын тексерді. Оның ішінде 44 адам стоматологтың, 118 хирургтің( скрининг) ,138 педиатрдің , 170 окулисттің  жеке қарауында болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып теміржол стансасы ұжымына саламатты қазақстан поезін өз мәнінде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды айтамыз  

 

          Кентімізде  Дәрия орта мектебінде 101 оқушылар дәріс алуда. Мұғалімдер саны –26. Бүгінгі күнде жылу жүйесі қалыпты жағдайда. Мектеп түскен көмір тонажы жоспар бойынша түсірілді. ----------

----------------

         ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

1 Наурыз «Алғыс айту» мерекесіне орай Дәрия кенті әкімшілігінің бастамасымен өткізілетін «Ардағым Ардагерім»  акциясы да өз жалғасын тапты. Бұл қайрымдылық акциясын Дарья жалпы орта білім беру мектеп ұжымы және оқушылар қолға алған болатын.

        

Ауылымыздағы мәдениет үйі болмастығына қарамастан  Мемлекеттік және кәсіби мерекелер жоспарлы түрде өз деңгейінде ұйымдастырылуда.

8 наурыз мерекесінде Алтын-күміс данқына ие аналарға  құрмет көрсетілді,

22 Наурызда мекемелердің қатысуымен  ұйымдастырылып,  ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, ұлттық сал дәстүр бойынша мерекелік концерт өткізілді.

         Ұлы Отан соғысының мерекесі өз мәнінде аталып өтті, мерекелік шеру ұйымдастырылды.

           1 желтоқсан тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, жаңа жыл мерекелеріде өз мәнінде өткізілді.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне Дәрия кентінде м  мерекелік іс-шаралар  кент әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аталып өтті. Кент кәсіпкерлері дүкен иелері мен  шаруа қожалықтары  демеушілік қолдау көрсетілді, сонымен қатар  концертке келген бүлдіршіндерге тәтті тағамдар мен сусындар таратылды.

 

2016-2017 ж. қыс айларында кент ішкі жолдарды қардан тазартуға, «Бірлік» шаруа қожалығы  жетекшісі Бошанов Талғат арқылы жұмыс жүргізілді. Айта кету керек қарағандыға шығар тас жолы, кенттің ішкі жолдары үнемі уақытымен тазартылып отырды.

 

         2017 жылы қардың көп тусуіне байланысты көктем алды су тасқының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілді, суағар каналдар тазартылды басқада жұмыстар істелді.

 

Дәриядан Қарамұрынға шығар 23 шақырымдық тас жолы 2016 жылдың көктем айы қиын болғанын білесіздер, тас жолдың (грейдер) біраз бөліктерін су шайды. Алайда кент әкімі келіссөздер жүргізу арқылы, меморандум арқылы 12 шақырымы щебень себу арқылы орташа жөндеудуен өтті.  Осы мүмкіндікті пайдаланып Крамдс-кварцит мекемесіне алғысымызды айтамыз. 2016 жылы кентке кіреберіс тас жолы бойындағы екі секциялы шағын көпірдің жағдайы мүлде нашар болатын, осы орайда көпірді қалпына келтіру, Қарағанды қаласының «Diamond Building» ЖШС-гі арқылы жүзеге асты, алайда 2017 жылдың көктем айында қайта су шайып бұзылды, кепілдік мердігер қайта жөндеуден бастартып шет аудандық сотқа берілді, сот шешімі «Diamond Building» ЖШС-не қайта жөндеуді міндеттеді

        

Сонымен қатар 2017 жылдың көктемі өте ылғалды, соңғы жылдары жер асты су көтерілу үрдісі байқалуда, әсіресе мектеп, вокзал, маңайлары соның салдарынан  кент ішіндегі жолдар өте нашар ,езіліп жүруге жарамсыз болып қалуына байланысты орталық, мектеп алды жол  көшелерді жөндеу қажеттілігі туындайды.     

 

Дәрия кентінде электр тоғымен «Электржабдықтау» ЖШС-гі қамтамасыз етеді, тоқ алатын үйлер саны -148. Пайдаланған эл.қуатының төлем ақылары ай сайын жиналып, «Электржабдықтау» мекемесіне тапсырылып отырылады.

         Ауыз су мен «Теміржолсусервис» ЖШС-і қамтамасыз етеді, 1 куб су құны водомер бойынша 30 теңге, колонка бойынша 40 теңге.  абонеттер саны:

  1. Су метрлік (водомер) 46 абонент – 192 адам
  2. Су метрсіз 8 абонент – 27 адам
  3. Колонка 18 абонент – 53 адам

Кент бойынша электр және су тұрақты. Ақау болған жағдайда оперативті түрде жөнделеді, әкімшіліктің бақылауында.

 

       Ауыл шаруашылық мәселесіне келетін болсақ,  2017 жылғы жүргізілген санақ қортындысы бойынша Дәрия кентінде ірі қара мал басы- 680,  қой, ешкі  -820 бас, жылқы -72 бас.тіркелген.

           2017  жылы ірі қара, қой, ешкі малдарының төлдерін бірдейлендіру  жұмыстары толықтай жүргізіліп, компьютерлік базаға енгізіліп отыр.

            Бұл бірдейлендіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырылады. Көктем айларында малдардан қан алу, егу жұмыстары жүргізілді. Бруцеллез ауруы тіркелген жоқ.

            

Жеке меншік малдар бағыны кезекпен бағылады, ірі қара малдары 3 табында, қой, ешкі малдары 3 табынға бөлініп бағылады. Жылқы малы ауыл сыртында арнайы малшымен бағылады.  Жеке меншік мал бағыны туралы, теміржолдан малды өткізу туралы көктем айында арнайы жиналыс теміржол басшылардың қатысуымен өткізіліп тұрады.

        

Дәрия кенті бойынша 2017 жылы 33 бос қаңғырып жүрген ит атылды. Алайда айта кету керек қазіргі таңда ит ату оқ дәрі арқылы жүзеге асады, кейбір иттерге 7-8 оқтан атылады нәтижесі жоқ ит өлмейді, немесе кейбір ит бос жүріп оқ дәрі ату барысында бірден өлмей өз ауласына барып өліп дау шығаратын кезеңдер болады.           

 

Жаз айы жаңбырдың аз болуы және ыстық болды. Кент территориясында біраз өрттер орын алды құрылған топтар аясында алайда ауыл халқының бірлігі шығар өрттердің бетін қайтара білдік. Осы мүмкіндіктк пайдалана ауыл халқыма мекеме басшыларына алғысымды айтамын.

         Кентте санитарлық тазалық және аббатандыру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2017 жылы ауыл тұрғындарының үй маңындағы қыстан шыққан күл-қоқыстары толығымен тазартылды. Облыс, аудан әкімдерінің санитарлық тазалық абаттандыру бойынша шығарылған өкімдерін басшылыққа ала отырып, таза бейсенбі, сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатыстырылды.

           Көктем айларында әкім аппаратының ғимаратының ауласына, мектеп, алаңдарына  гүлзарлар, ағаштар отырғызылды.

 

         Өтіп кеткен 2017 жылы Аяулы мектебіміздің құрылғанына 80 жыл толды. Мереке жоғарғы деңгейде өтті. Мерекеге мектеп ұжымы бір үйдің адамы сияқты жұмыла атқарды. 80 жылдың аясында мектеп қабырғасында мұражай ашылды. Мектептің мерей тойына Елбасының туғанжер бағдарламасы аясында түлектер мектептің базасын нығайту аясында керекті құрал жабдықтар сыйлады. Атап айтсақ люстра, жиғаз орындықтар, музықалық аппаратура және тағы басқа көптеген сыйлықтар тартылды.  

        

Бизнестік жол картасы – 2020 бағдарламасы бойынша кентімізге 8 млн. Теңге бөлініп, қазіргі заманауи талаптарға сай автоматтандырылған есептегіші (щетщик) бар жеке бағаналы 62 жарық нүктесі орнатылды және қосымша кент ішіне 16 нүкте ауыл электриктерімен орнатылды осы мүмкіндікті пайдаланып алғысымды айтамын.

 

          Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар ауылымыздағы ауыз су мәселесін шешу, тұрбалар ескірген, жылда жарылады тесіледі. Кенттегі абай көшесін жарықтандыру, мәдениет үйін салу, ғимарат 2,5 млн. Теңгеге сатып алынды, (басқа лайықты ғимарат жоқ) 2 қабатты тозған жарамсыз техникалық сараптамасы бар. Сатып алынған ғимаратқа сметасы дайын.

Құрметті жерлестер!        

Қорытындылай келе, 2017 жылы үлкенді-кішілі атқарған жұмыстарымызда белсенді түрде көмек көрсеткен мекеме басшыларына, жалпы барлық ауыл тұрғындарға рахмет айтамын.

         Құрметті Жиынға қатысушылар келген Жаңа  2017 жыл Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға амандық, құт-береке, келген жыл тек жаксы бастамалар жылы болсын деп тілеймін. Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, әр түрлі мәселелерді бір буындай болып шешеміз деген тілектемін 


Келулердің саны: 1850


Жоғары