print

Бұрма ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті ауылдастар!

Құрметті Марат Жандәулетұлы!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің , ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»№190 Жарлығын орындау мақсатында 2017 жылы Бұрма ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

Алдыңғы кездесулер барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша орындалған іс-шаралар туралы ақпарат:

Мәдениет үйі сахналық перделермен және орындықтармен қамтылды.  Бұрма жалпы орта білім беру мектебі күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілмеді. Бұрма ауылының ішкі жолдарына асфальт төселмеді. Электр желілері бойында тоқ кернеуінің төмен болуына байланысты қосымша 1КТП (электр трансформатор) қойылмады. Мұхтар ауылының тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін стационарлық амбулатория ғимараты салынбады.

Округ бойынша халық саны- 1284 адам, экономикалық белсенді халық саны- 740 адам, зейнеткерлер- 130 адам, оның ішінде, тыл еңбеккерлері- 2 адам. Мүгедектер саны – 40 адам. Жұмыспен қамтылғандар- 680 адам, оның ішінде, өзін- өзі жұмыспен қамтығандар 260 адам. жалдамалы жұмыскерлер- 420 адам. Округ бойынша 2- мектеп, амбулатория, мәдениет үйі, орталық кітапхана , учаскелік полиция пункті, ветеринариялық пункт бар. 64 шаруа қожалығы бар.  

Округтың әлеуметтік экономикалық дамуы жоғары деңгейде. Жылдан- жылға жұмыссыздық азайып келе жатыр. Жеке кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлеріміз жыл сайын көбейіп жатыр. Аудандық бюджеттің есебінен, ауыл жолдары қыс айларында қардан үздіксіз тазаланып отырады.

 Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабі­лет­тілік» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы округтағы құрылған ақпараттық- насихат тобының және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен насихатталып, пікір- алмасу шаралары ұйымдастырылды. Бұл жолдау ел дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын маңызды құжат.Қазақстанды Үшінші жаңғырту аясында мемлекет басшысы ұзақ мерзімді мақ­сат­тармен қатар, жедел шешілуі тиіс мін­дет­терді нақтылап берді.Жолдау­да бүгінгі күн тәрті­бін­де тұрған өзекті мәсе­лелер түгел қамтыл­ған. Соның ішінде, эконо­ми­каның жеделдетілген технологиялық жаңғыр­тылуы, жаңа индустриялар құру, Еуразиялық логисти­калық инфрақұрылымды дамыту, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.

Инвестиция құю бағытында ауылымыздың бір азаматы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қосалқы шаруашылығын дамытуға 2,7 млн теңге көлемінде шағын несие алды.

         Шағын және орта кәсіпкерлер қатары ауыл бойынша бұрыңғы  жылдардағы көрсеткіштен кеміген жоқ. Жергілікті тұрғындарды азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіп тұрған 4 дүкен  өз жұмыстарын атқаруда.Шағын және орта кәсіпкерлерімізбен жыл басынан ауыл тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге меморандум жасалып, қоян-қолтық  жұмыс істелуде.

Жеке тұлғалардың салық түрлерінің орындалысына келетін болсақ, салық кодексінің өзгеруіне байланысты, жер және мүлік салығы, аудандық салық басқармасына ұйғарған мөлшерде 2018 жылы төленеді.

Округтың шаруа қожалықтары  1270 га бидай, 2550 га арпа, 100 га сұлы, 200 га житняк, 120 га бір жылдық шөп, 21,5 га картоп, 1,6 га көкеніс септі. Егіннің түсімі орташа денгейде болды. Ауылымыздың мал шаруашылығы жылдан жылға дамып, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы мал басы едәуір өсті. Оның ішінде атап айтсақ ірі қара мал басы 7%, жылқы 65% ұсақ мал 14%, шошқа басы 8%.  2017 жылы «Алаш 2017» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Кооператив құрамына 40 отбасы мүше болып кірді. Кооперативтің 24 мүшесі ауыл шаруашылығын қолдау қорынан «Ырыс» бағдарламасы аясынан сүт бағыты бойынша несие алып, ірі қара малдарын сатып алды. Кооперативке сүт модулін орнататын жер телімінің құжаттары рәсімделіп, мемлекеттік акті алынды. Сүт модулін іске қосу үшін тоқ көзін қосу мәселесі шешілмей тұр. Соған байланысты сүт модулін ауылға орната алмай отырмыз.

Бұрма ауылдық округі бойынша ветеринариялық алдын- алу, егу шаралары мен диагностикалық зерттеулері 2017 жылға арналған жоспарының орындалу барысы төмендегідей:

Сібір жарасына қарсы 2000 бас ірі қара егілді, 4 жасқа дейінгі ірі қара малдары  қарасан ауруына қарсы егілді. 2000 бас ірі қара малынан бруцеллез ауруына қан алынып, тексерілді. Тексеру нәтижесінде 5 бас ірі қара малында бруцеллез ауруы анықталып, шұжық цехына тапсырылды. 3000 бас ұсақ мал бруцеллез ауруына тексеріліп, сібір жарасына егілді. Ағымдағы жылы 920 бас ірі қара мал, 1200 бас ұсақ қара мал, 230 бас шошқа бірдейлендірілді. 439 бас жылқы таңбаланды. 2017 жылы иесіз жүрген қаңғыбас 30 ит атылды. Осы жұмыстар жыл бойы жалғасады.

Елді мекенді абаттандыру , көгалдандыру бағытындағы іс шараларының жүргізу барысы туралы. Округ бойынша қыстан шыққан 2500-3000 тонна күл-қоқысты аудан орталығының жеке кәсіпкері Дүйсембаев Сексен 2 ауыр жүк көлігімен және 1 тиегішпен жиіп теріп ауыл сыртындағы тұрмыстық қатты қалдық сақтайтын қойма- полигонына шығарды. Бұл жұмыс,  яғни, санитарлық тазарту толықтай атқарылды.

   Жыл басынан бері әр бейсенбі –таза бейсенбі ретінде қабылданып,округ аумағында орналасқан барлық мекеме бір кісідей жұмылып, бекітіліп берілген объектілерін таза күйде ұстауда.Облыстық сеңбіліктерде, аумағымызда шоғырланған шаруа қожалықтарының жүк тиегіш,автокөліктері жұмылдырылып барынша тазалық санитарлық жұмыстарына ат салысуда. Ауыл бойынша орталық көше  бойындағы ағаштардың  түптері  түгелдей әктеліп шықты. Ауыл орталығы бойынша  3 жерде : мәдениет үйі алаңы, Бұрма жалпы орта мектебі және мемориалдық ескерткіш алдынан гүлзарлар отырғызылып, бапталып  жаздың  күні көз тартар  көрік беріп тұрды.

Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар есебінде- 12 адам тіркеуде тұрды. Оның ішінде, жұмыспен қамтылғандар- 9 адам, атап айтқанда, балалар шағын орталығына бала күтуші ретінде- 2 адам, жалпы орта білім беру мектебіне тоқ жөңдеуші ретінде- 1 адам, әкімшілік аппаратына қазандық жағушы ретінде- 1 адам, шаруа қожалықтарына уақытша мерзімге 5- адам  жұмысқа қабылданды.

Ауылымызда саламатты өмір салтын насихаттау аясында  ауыл тұрғыны Ө.Балғабековтың  жеке меншігіне тиесілі спорттық ғимарат өз мәнінде тұрғындарға және жастарға қызмет көрсетуде. Қазақша күрестен үлкен дәрежеге жетіп, ауылымыздың атын шығарып жүрген бірнеше палуанымыз бар. Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен даталы күндерге спорттық іс- шаралар ұйымдастырылады. Жалпы, салауатты өмір салты, ауыл тұрғындарының арасында кенінен насихатталып, қалыптасып келе жатыр.

Бұрма ауылдық округын 16 ұлт өкілі мекендейді. Барлығыда тату тәтті өмір сүріп, ауылымыз ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге айналып отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай. Елбасымыздың өзі, ұлтаралық қатынастармен конфессияаралық қатынастардың бекем болуына күш салып отыр. Бұрма ауылдық округы бойынша, халық баспасөзге үлкен белсенділікпен жазылады. Округ бойынша 2 діни бірлестік тіркелген. Жұмысы үнемі бақылауда.

Округ бойынша мемлекеттік және ресми мерекелер ұйымдастырылып, өз мәнінде өткізілді. Ауыл жастарының көмегімен айтулы даталарға спорттық іс- шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар өткізілді.

«Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында, округ аумағында жаңа баспана салуға қажеттілік әзірше жоқ.

«Ақбұлақ» салалық бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге барлық құжаттық даярлау шаралары атқарылған болатын. Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша, су мөлшері округта жеткілікті деңгейде. Су құбыры салынатын жер телімі, таңдау актісімен сызбалары, жер телімін беру жөніндегі комиссияның қорытындысы мен жер қатынастары бөлімінің бұйрығы жасалынған болатын. Бірақта, Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың қысқаруына байланысты су құбырын жаңадан салу басталмай отыр. Ауылдың су құбыры іске қосылғанына биыл 40 жыл болады. Су құбырының әбден тозығы жетуіне байланысты, қыс бойы құбыр әр жерден жарылады. «Энергожабдықтау»ЖШС мамандарының тез арада келіп, еш кедергісіз жөндеп беріп отыр.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша, Бұрма ауылдық округі біршама жоспармен қамтылуда. Школьная көшесі бойына күн көзінен қуат алатын прожекторлар мен асфальт төсеу. Бұрма жалпы орта білім беру мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу.

         2017 жылы атқарылған ауқымды жұмыстар үшін ауыл халқына әкімшілік мамандарына және мекеме басшыларына рахметімді айтамын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, осылай бірлесіп еңбек етуді жалғастырсақ, болашақта ауылымыз көркейіп, үлкен жетістікке жетіп, гүлденуіне нық сенімдімін.

Баршаңызға сәттілік тілеймін!


Келулердің саны: 1786


Жоғары