print

Босаға ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті Марат Жандәулетұлы!

Құрметті қауым! 

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің  халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау мақсатында  бүгін Сіздердің алдарыңызда Босаға ауыл әкімдігінің 2017 жылы жыл бойы атқарған жұмыстарына есеп бергелі жинап отырмыз. Осы есепті жиынға ауылдық округтің аумағында жұмыс атқаратын мекеме басшылары, «Ақсақалдар алқасы», «Әйелдер кеңесі», шаруа қожалықтары, бюджеттік  мекеме қызметкерлері, Жергілікті өзін-өзі басқару «Қоғамдастық мүшелері» және ауыл тұрғындары қатысып отыр. Ең басты көрсеткішіміз тұрғындарымыздың тұрмыстық әл - ауқаты дейтін болсақ, ол төмендегідей болмақ.

         Округтің әлеуметтік картасына тоқталатын болсақ жалпы алып жатқан жер көлемі 302 575 гектар, елді мекеннің алып жатқан жер көлемі 19 688 гектар, округтегі тұрғын халық саны 887 адам, зейнеткерлер саны – 114,  денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз мүгедектер – 17 адам, халықтың экономикалық белсенді тобы – 405 адам.

Округ халқына қызмет көрсететін 3 дүкен, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, мәдениет үйі, кітапхана, Қазпошта байланысы, «Электржабдықтау» ЖШС, «ТеміржолСуСервис» ЖШС, «Қазтелерадио» АҚ, учаскелік инспектор, Вет.станса мекемесі, ФАП, «ВокзалСервис» АҚ сияқты мекемелердің бөлімшелері қызмет көрсетсе, «Қазақстан теміржолы» АҚ 6 (алты) филиалы жұмыс жасайды. Тұрғындардағы ірі қара малы – 771 бас,                                         ұсақ мал – 1485 бас, жылқы – 368 бас, 274 құс тіркелген.  Енді осы ауыл халқына қызмет көрсетуші әр саланың қызметіне жекелей тоқтала кетер болсам.

Ауыл әкімі аппараты: Жыл басында бекітілген жоспарға сай  жұмыстар жүргізіліп отырды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан                              30 желтоқсанға дейінгі аралықта барлық құжат айналымының саны: кіріс құжаттары – 219, шығыс құжаттары – 231 құжат. Қабылданған ауыл әкімінің өкімдер саны, барлығы – 102, оның ішінде негізгі қызмет жөніндегі өкімдер – 60, жеке құрам бойынша ауылдық округ әкімінің өкімдері – 19, іс-сапар жөніндегі өкімдер – 17, округ әкімінің жыл сайынғы еңбек демалыстары бойынша өкімдері – 6.

Жыл басынан халықтан түскен өтініш, арыз, шағымдар:

Барлығы  түскен өтініштер саны – 322;

Оның ішінде берілген анықтама саны – 319;

Жазбаша түскен өтініштер саны – 3.

Барлық жазбаша өтініштерге заңдылықтарға сәйкес жауап берілді. Әкімдік қызметкердің зейнеткерлікке шығуына байланысты,  Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес облыстан тесттен өтіп, ауданнан конкурс арқылы бос орынға қызметкер қабылданды. Халыққа қызмет көрсетудегі әкімдікте                      5 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады, барлығыда жоғары білімді білімін жоғарылату және қайта даярлау курстарынан өткен, бос вакансия жоқ.

Әкімдік қызметкерлерінің жалақысына бөлінген қаражат – 6млн106мың теңге;

ішкі көшелерді қардан тазалауға – 392мың, бөлініп «Ақадыр тепло» ЖШС орындады;

ауаны ластау эмиссия алуға – 92мың, «Спектр Проэкт»ЖШС мен шарт жасалып құжаттарын рәсімдеуге игерілді;

интернет, байланыс желілерін пайдалану үшін – 270мың игерілді,  Электронды құжат айналымы үшін (ВТО) – 1млн 404мың,                   орындалысы -100%

Е-халық бағдарламасына арналған қондырғыны орнатуға -70мың., орындалысы – 100%

Баннер мен билбордтарға – 194100теңге.

Халықтан жиналатын, жер салығы - 28 500 орындалысы 100 %.                2017 жылы әкімдікке бюджедтен бөлінген барлық қаражат мақсатты жұмсалды. Орындалысы жыл соңында - 99,7%.

Астел компаниясымен келісім шарт жасалып қараша айында                      «Е-Халық» бағдарламасы іске қосылды.

Жыл сайын әр отбасында зерттеу актісі жасалып барлық кіріс жиынтығы есептелгенде 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы алатын – 5 отбасы, мемлекеттік атаулы көмек алатын отбасы жоқ.               1-маусым балалар күні мерекесіне орай Әкімшілік аппаратынан үш бүлдіршінге ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 3 билет сыйға берілді.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын өзгерту жұмыстары бойынша ауылдың «Восточная» көшесі «Тәуелсіздік» атауына ауыстырылды. Көше атауларын өзгерту жөнінде «Шет шұғыласы» газетінде хабарландыру берілді. Осы аталған көшеде орналасқан 26 үйге көше атауы және үйдің нөмірі жазылған тақтайшаларға тапсырыс берілді. Әділет басқармасына тіркету жұмыстары қаңтар – ақпан айларында жүргізіледі. Берілген тақырыптарға сай банерлер сатылып алынып уақтылы ауыстырылып отырады

Ауылдың Бектурсынов көшесіне ішкі жол салуға құны 15млн.теңгеге  сметалық құжаттар дайындалды.

 КСН счеттағы 170 мың теңге қаражатқа бұрын орнатылып істен шыққан көше жарықтарының бөлшектері ауыстырылды.

          Жыл басынан аулалардың маңын таза ұстау жөнінде тұрғындармен келісім шарттар жасалып, 2 (екі) МТЗ-80 тракторы.                  1 (бір) ГАЗ-53, 1 (бір) «КАМАЗ» автокөліктерімен тазалық жұмыстары атқарылды.

Жеке меншік малдар бағымы кезекпен бағылады. Мал бағымы туралы арнайы жиналыстар өткізіліп, жеке-жеке келісім шарттар жасалған.  Бойдақ ірі қара малдар  «Баба», «Шалтас», «Дәрігер», «Береке» шаруа қожалықтарында бағылса, қалған ірі қара, тұрғындардың өз ұйғарымдарымен кезекпен бағылды. Мал бағымына байланысты арыз-шағым, дау болған жоқ.  

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке құран бағышталып гүл шоқтары қойылды.

Ұлы Жеңістің 72 жыл мерекесі жылдағыдай кең көлемде аталып өтті.  Ал мереке күнгі жарыстардың сый-сыяпаты, медальі, өту барысын ауылымыздың спортшы жастары және ауыл мектебінің 20 жыл бұрын бітірген түлектері өз мойындарына алып, үлкен ұйымшылдықпен өз деңгейінде өткізілді.

31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбындарын еске алу күніне орай ауыл кітапханасында тарихи сағат өткізілді. 

Ақадыр кентінде облыстық Мамашев Серік атындағы Республикалық турнир өткізіліп барлық облыстан Қырғызстан Республикасынан спортшылар қатысып, турнирдің бас демеушісі жерлесіміз Насен Смағұлов барлық сый-сыяпатты мойнына алып медаль, бағалы сыйлықтар табыс етті. Осы деңгейдегі жарысты осы жылы Босаға ауылында өткізсек деген ұсынысын да айтып жүр.

Өткізілген барлық іс - шаралар туралы мақалалар «Шет Шұғыласы» басылымы беттерінде жарияланып отырды. Кейінгі жылдары жастар ат спортына ден қойып, көкпар сайыстары жиі өтіп жүр.

Босаға ауылының Тойханасында Смағұловтар жанұясы ораза ұстаған барша мұсылман қауымына ауыз ашар берді.  Жаңа жылдық шырша тойын атап өтуге Қоғамдастық мүшелерімен өткен жиында бала жасынан мүгедек екі балаға сыйлыққа КСН есеп счетынан қаражат бөлуге келіскен болатын, аталмыш екі балаға шырша тойында жалпы құны 50 000 теңге тұратын сыйлықтар сыйға тартылды. Мектеп жасына дейінгі 5 (бес) аз қамтылған отбасы балаларына сыйлық жасалып тәттілер үлестірілді және мектеп жасына дейінгі Жаңа жылдық киім киген  40 (қырық) бүлдіршінге сыйлық жасалып ойыншықтар үлестірілді. Шырша тойға бүлдіршіндердің ата-әжелері, әке-аналары және мекеме басшылары қатысып ашылу салтанатында Қойшыбай қажы жаңа жылмен құттықтап бата берді.Жоғарыда аталған,бұл іс-шараға 150 мың теңге қаражат жұмсалды.

Әкімдікке қарасты бюджедттік мекеме қызметкерлері ЭКСПО көрмесіне билеттер сатып алып өз қаражаттары есебінен көрмені тамашалап қайтты.

Жыл басынан еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркелген                 6 (алты) адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 11 (он бір) адам жұмысқа орналасты. Аптаның әр бейсенбі күндері таза бейсенбі өткізіліп отырады. Жыл сайынғы міндетті әскери қызметке шақыру бойынша жылына екі рет тексеріс жұмыстары аудан көлемінде жақсы жолға қойылған. Әскерге шақырушыларды апарып алып қайту үшін аудандық бюджедтен қаражат бөлініп арнайы автобус келіп әкімшілік маманы мен учаскелік инспектордың бақылауында барып қайтады, осы жұмысқа ата-аналар және әскери тексеріске шақырылушылар салғырттық танытады.Аудандық әскери комиссарият басшысы Ш.Сарыбаев ата-аналармен әскерге шақырылушылармен кездесу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Осы мүмкіндікті пайдаланып айта кеткім келеді заңды бұзғандар,заңдылықтар аясында жауапқа тартылып үлкен сомада айыппұлға ұшырайтынын ескертемін.

Округте діни ахуал тұрақты, мешіт құжаттары заңды түрде рәсімделген, ауыл имамымен байланыс бар.

Өткен жылы есеп беру жиынында қойылған Аркенов Қуаныш зейнеткердің Ақадыр – Босаға тас жолын жөндеу туралы сұрақ қойған болатын  - Облыстық автожолдар басқармасы басшысының облыс әкімінің ауданға келген кездесуінде бұл мәселе қаралған болатын. Биылғы жылға бөлінген қаражат 16 шақырым жол жөндеуге ғана жетеді, алдыңғы жылы тегістелген жолдан бері қарай есептегенде Ақсарлы ауылына дейін ғана жетті, бұл жұмыстар қараша айының соңында атқарылып бітті.

2-ші сұрақты зейнеткер Калиакбаров Совет ақсақал ауылымызда балабақша, дәріхана ашылса  деп – балабақша ашуға мүмкіндіктер болмай жатыр, ал дәріхана ашуға арнайы фармоцепт маман кәсіпкер керек,әрі дәрі сату кәсібімен айналасу тиімсіз шығынын ақтамайды.

3-ші сұрақты – «Ақсоран» шаруа қожалығының жетекшісі Темирханов Бауыржан қойған болатын мал сою алаңы жайлы – мал сою алаңын ашу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

4-ші сұрақ – зейнеткер Ошанов Телман ішкі көшелерді қардан тазалау жөнінде – ішкі көшелерді қардан тазалау жұмыстары әрдайым жүргізілуде.

5-ші сұрақ – зейнеткер Ерназаров Ақан өзенге көпір салу туралы- өзеннен көктемде өтетеін көпір бар, жаңадан басқа көпір  салуға мүмкіндік жоқ, тасқын су әрі кетсе бір аптаға созылады.

6-шы сұрақ -  ауыл тұрғыны Резникова Гуля – 2008жылы аудан әкімі берген үйді өз атыма заңдастырып берсеңіздер деген – 2005жылы бюджеттен участкелік инспекторге деп алынған үй жеке меншікке берілмейді.

         Медицина саласы бойынша: Халыққа медициналық қызмет көрсетуде 2(екі) медбибі. Ақадыр СВА дәрігері жұмыс жасайды. Мамыр айында «Салауатты Қазақстан» поезы қызмет көрсетті. Тамыз, қыркүйек айларында облыстан және Балхаш қаласынан дәрігерлер келіп халыққа медициналық қызмет көрсетіп диагностикалық тексеру жүргізілді және жылжымалы фльюраграфия автокөлігі келіп қызмет көрсетіп қайтты, айнаға түскендер саны                  307 адам, осы 3 (үш) тексерістен өткен тұрғындар саны - 538 адам. 2017 жылы 11 сәби дүниеге келді, дендері сау 2 айдан асқанда алатын екпелерін алды. 15 пен 19 жас аралығындағы  жасөспірімдерге қызылшаға қарсы егілетін екпе жүргізілді теріс нәтиже болған жоқ. Жас мөлшеріне қарай әрбір он жылда  салынатын вакцинация жұмысы да уақтылы жасалынды. Тегін дәрі алатын науқастар саны - 25 адам. Жүйке ауруымен ауырып тегін дәрі алатындар                      саны - 16 адам. Арнайы тексерістен өтуге салғырттық танытып келмейтіндер тізім бойынша үйлерінен автокөлікпен тасылып флюрографиялық тексерістен өткізілді. Әкімдік ғимаратының шатыры ауыстыруды қажет етеді, жауынды-шашынды күндері жоғары қабаттағы ФАП, кітапхана, ветеринарлық дәрігердің бөлмелері төбесінен су ағып кетеді. ФАП бөлмелері күрделі жөндеуді,жылу қазандығы ауыстыруды қажет етеді,және күндіз түні үзбей жағыла тұрсада жалғыз ғана от жағушы,мардымсыз жалақы,нашар көмір,бұл жөнінде бірнеше рет айтылды да. Көмірмен толық қамтамасыз етілген тек сапасыз.

Білім және спорт  саласы бойынша: Білім беру саласында                          33 мұғалім және 2 мұғалім декреттік демалыста, 2 тәрбиеші,                       1 көмекші тәрбиеші, 19 тех.персонал жұмыс атқарады. Мектеп  оқушылар саны 121, одан басқа шағын орталық тобында 20, даярлық тобында 13 бала. Білім алу бойынша мектепте 21 компьютер, оқушы санына бөлгенде бір компютерге 4 баладан келеді. Химия кабинеті 2016 жылы Интерактивті тақтамен жабдықталған. Білім бөлімінің басшысы Елдос Жарылғапұлы биыл мектептің материалдық базасына жетіспейтін оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. 2017 жылдың қараша айында Физика кабинеті барлық жабдықтарымен және интерактивті тақтамен қамтамасыз етілді. Оқушыларға кең көлемде білім беріледі. Оқу жылында 5 проектр, 10 ноутбуг, 2 интерактивті тақта алынды. Мектепті бітірген 9 оқушының 2 ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты сапа - 77%. Пәндер бойынша қазақ тілі-100, тарих-100, математика –100, таңдау пәні бойынша 50% көрсетті.         2017 жылдың қортындысы бойынша білім сапасы 56% - ды құраса, мектеп бітірген түлектердің 3 грантқа, 4-жоғары оқу орнына, 3-колледж студенттері аталды.

Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуға жаңа технологиямен                     80% қамтамасыз етілген. Мектебіміз аудан бойынша ҰБТ-дан                        5 орында және де жылдық білім беру нәтижесі бойынша   аудандық мектептер арасында 8 орынға шығып «Тәлімді ұжым» номинациясын иеленді. Өткен оқу жылының нәтижесі бойынша биылғы оқу жылының басы қыркүйек айында тамыз маслихатында бірнеше ұстаздарымыз марапатталды. Атап айтсақ Касенова Жадыра Көмекбаевна аудан әкімінің құрмет грамотасымен, Раева Рзкен Асқарқызы және Имашева Гүлнар Аманжановна аудан әкімінің алғыс хатымен және де оқу ісінің меңгерушісі Шакенова Арайлым Қожабековна Қарағанды облысының білім басқармасы Е.Иманғалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Қашықтықтан оқыту бойынша  10 орынға рейтинг көтерілді. Қашықтықтағы пәндік олимпиада бойынша 25 (жиырма бес) оқушы 1-ші және 3-ші орын аралығындағы дипломдармен марапатталған.

2017-2018 оқу жылына үздік куәлікке 9-сыныптан 3 оқушы,                            алтын белгіге 11-сыныптан 1 оқушы үміткер. Дәстүрлі 1 тамызбен - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында 35000 (отыз бес) мың. теңге қаражат жиналып аз қамтылған оқушыларға  мектеп формасы, спорттық киімдер, оқу құралдары тапсырылды.                           Аз қамтылған отбасылардан 10 оқушы, көп балалы отбасылар -                 12 оқушы, жартылай жетім – 1 оқушы бар. Қазан айынан бастап аз қамтылған және көп балалы отбасынан 20 балаға 1 мезгіл ыстық тамақ беріліп келеді. Aудандық білім бөлімінен желтоқсан айында аз қамтылған отбасының 6 оқушыға аяқ киіммен, киімдер берілді. Аудан әкімнің шыршасына бір оқушы қатысып, жаңа-жылдық сыйға ие болды.

         Мектепте барлық айтулы күндерге мерекелік іс-шаралар өткізіліп отырады, атап айтқанда: 1 қыркүйек Білім күні, 1 қазан қарттар күні, 3 қазан Ұстаздар мерекесі, Алтын күз мерекесі, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік мерекесі, Жаңа жылдық шырша тойы, Халықаралық аналар мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз, Ұлы Жеңіс күні және тағы басқалары.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» аранайы жобасының аясында мектеп оқушылары Өлке тану, Отаным тағдырым, Саналы азамат, Отбасы бақыт мекені, Ұстазым ұлы тұлғалар және де тағыда басқа жоба жұмыстары жүргізілуде. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша «Менің бастамам менің еліме, менің Отаным Қазақстан» сияқты тақырыптарда бірнеше іс шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар аудан, облыс көлемінде өткізілген спорттық жарыстардың барлығына қатысып жүлделі орындардың қатарынан көрініп жүр. Қаңтар айында Молодежный кентінде облыстық біріншіліктен Асантай Әлішер 2 орын, Мырзақұлов Рашид 3 орын иелері аталды.

Ақпан айында Қостанай қаласында  Кәріғұл Алдияр дзюдодан 1 орын алды.

Наурыз айында Ақадыр кентінде «Аймақтық барыс» біріншілігінен Құрақбай Дарын, Асантай Ақжол, Жайлаубеков Жанат, Сейтжан Ақжол 1 орын, Асантай Дулат, Тиштықбай Бексұлтан, Амантай Нұржанат 2 орын алды.

Сәуір айында Астана қаласында дзюдодан Кәрғұл Мадияр 2 орын және Дәулет Ақниет, Кәрғұл Мадияр 3 орын алды. Ақадыр кентінде «Аудандық барыс» біріншілігінен Сейткарім Бақ, Тағылбек Абай, Тиштықбай Жанат 1 орын, Құрақбай Дарын, Аубакиров Тоқтар 3 орын алды.

Сәуір айында Ақмола облысы Ақкөл ауылында дзюдодан Кәріғұл Алдияр 2 орын алды

Қыркүйек қазан айларында Ақадыр кентінде және Шет ауданында  «Жас барыс» біріншілігінде Ақан Ислам 1, 3 орын жүлделерін жеңіп алды. 

ІІІ аудандық мектеп оқушыларының Әскери-спорттық патриоттық спартакиадасының бағдарламасындағы «Жас батыр» байқауында саптық дайындықтан 2 орын алғаны үшін Балхашбай Нұрбек  марапатталды.

Қарағанды облысының ұлағатты ұстаздары тізіміне зейнеткер ұстазымыз Қарағанды облыстық білім беру департаментінің құрмет грамотасының, алғыс хатының иегері Құлжамбекова Асем Есілхановнаның және мектебіміздің түлегі қазір Қарағанды қаласында ұстаздық ететін жерлесіміз Қадырханова Алма Асхатовнаның есімі облыстық энцоклопедияға енді, бұл біздің мектебімізбен, аулымыз үшін үлкен қуаныш.

 Білім сайысынан өткен аудандық олимпиада бойынша биология пәні бойынша Джакупова Аружан – 3 орын, ұстазы Сүлейменова Алмагүл, облыстық зияткерлік сайысынан Кәсенова Іңкәр – 3 орын ұстазы Сагимбекова Айткүл сонымен қатар аудандық оқушылар арасындағы ғылыми жобадан 4 оқушы соның ішінде екі оқушы 1 орынды иеленді.

2017-2018 жж. оқу жылына сыныптар жаңа бағдарлама бойынша жаңа оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. 1-8 сыныптар жаңа бағдарламаға сәйкес  оқу жылында қамтылды.

Қыстық көмірдің сұранысы 300 тонна, түскені 220 тонна «Борлы» және 80 тонна «Шұбаркөл» көмірі түсірілді. 

Ұстаздар қауымынан 2 мұғалім Қарағанды қаласында 3 (үш) айлық                  1-ші, 3-ші деңгейлік оқыту курстарына және 12 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұнда бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласының білімін  жоғарлату курстарында  дәріс алып білімдерін жетілдіріп қайтты. Мектеп бітіруші түлектер қысқы каникул кезінде Қарағанды қаласында КТЛ-да ҰБТ-ға дайындық курстарына барып қайтты.

7-ші сұрақ. Мектебіміздің жас маманы Оразбекова Әйгерім несиеге пәтер алуға көмек берсеңіздер деген болатын – бұл мәселе бойынша аудандық комиссияда қаралды, жас отбасыларға пәтер беру кезегіне тіркеліп кезегін күтуде.

8-шы сұрақ. Джакупов Асхат ақсақалдың қойған сұрағы  мектеп спорт залында инвентарь жоқ көмек болса деген, биылғы жылы аудандық бюджеттен мектебімізге 6-секіртпе, 4-обруч, тоғызқұмалақ және шахмат тақталары, 2 секундомер, 2 стол теннисі сетка және  гимнастикалық үлкен ағаш ат берілді.

Ауылымыздың спортшы жастары 300 мың теңге көлемінде тұратын  спорттық күрес кілем төсенішін сыйға тартты.

9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектеріміз 10(он) күрес шапанын және Қарағанды облыстық                  Жас сұңқар спорт мектебінен 28 «Тотами» және  кілем төсенішін сыйға тартты.

Ветеринария саласы бойынша: Ветеринарлық салада 3 (үш) маман жұмыс атқарады. Жұмыс жасауға барлық жағдай жасалынған. Керекті барлық мүлікпен толық қамтамасыз етілген. Компютерлік дерек қор жүйесі интернетке қосылған, мамандар қазіргі күнде дерек қордағы мал бастарын электронды паспорттау жұмыстарымен айналысуда. Ветеринариялық шараларды дұрыс жоспарлау, алдын алу шараларының тиімділігін қамтамасыз ету, карантин, өткір ошақтар мен созылмалы инфекцияны жою болып табылады. Ауданның жұмыспен қамту орталығы 2020 бағдарламасы бойынша  Жұманбаев Нұржан ветсанитар мамандығы бойынша он айлық курсты бітіріп келіп ветсанитар қызметін атқаруда. Сонымен қатар, бірдейлендіру дерекқорын 2015 жылдан бастап веб-порталына ауыстырған болатын, ондағы жеңілдіктер онлайн режимінде жұмыс жасау, жануарларды тіркеу, жою мүмкіндігі, алдын алу шараларын тіркеу, кепіл тіркеу, барлық қажетті есепті қалыптастыру болып табылады. Осы жылы дерекқорға интернет жүйесімен жұмыс жасау үшін «АСТЕЛ» АҚ келісім шарт жасалып жеке интернет жүйесі орнатылып іске қосылды.Босаға ауыл округінің жер көлеміне жататын ертеде сібір жарасының ошағы болған «Ебек»жайлауына аудандық бюджедтен бөлінген қаражатқа қоршау жасалынып белгі орнатылды.

 Індет ауруларына  төмендегідей мал бастарына екпе жұмыстары жүргізілді:

         Сібір жарасына қарсы ірі қара – 3900 бас, құс тұмауына қарсы 500 бас үй құстарына, туберкулезге қарсы – 2800 бас, түйе – 18 бас, қарасанға қарсы ірі қара – 1800 бас, иттерге эхинакокозға – 50 бас, бруцеллезге қарсы  церологиялық зерттеулер жүргізілді. ИФА 2017 жылға ірі қара барлығы – 1120 бас, қарақапталға қарсы ұсақ мал – 500 бас, қошқар – 500 бас, түйе – 5 бас,жылқы – 5 бас. 2016 жылы базадан шықпай келген, жұмсалып базадан шығарылған мал бастары төмендегідей: ірі қара-50 бас, ұсақ мал-300 бас, жылқы-20 бас. Атылған иттер саны-20. 300 бас жылқыға суық таңба салынды.Мал иелеріне бір апта бұрын ескертіліп  күні белгіленсе де,көп тұрғындар таңбалауға малдарын айдап әкелген жоқ,ал таңба мал ұрлығы болған жағдайда үлкен айғақ екені даусыз.

Аудандық ветеринарлық станса қызметкерлері күшімен иессіз, қаңғыбас, байлаусыз жүрген иттер жойылды. Алайда осы жұмыстарды атқару кезінде тұрғындар иттерін қораларына тығып, кейін қайтадан көшеге бос қоя беруді әдетке айналдырған.

9-ші сұрақ. «Ақсақалдар алқасының» төрағасы, «Қызылағаш» шаруа қожалығының  жетекшісі шаруа қожалықтарының малды базаға кіргізіп шығару жұмыстарын жүргізетін маманды ауылдан берсеңіздер және ауыл мешітіне су тартсаңыздар деген болатын – Абай қаласынан ветсанитар оқуын бітіріп келген Жуманбаев Нуржан жұмысқа қабылданып қазіргі таңда ИСЖ бағдарламасы бойынша мал бастарын тіркеу, шығару жұмыстарын жүргізуде, ауыл мешітіне су тарту мүмкіндігі болмай тұр әлі де. 

Шаруа қожалықтары бойынша: Әкімшілік аумағында тіркелген шаруа қожалықтары аудандық салық басқармасында тіркелген                      74 (жетпіс төрт) шаруа қожалығы бар болса, 11 (он бір) шаруа қожалығы Киікті елді мекенінің басында, 14 (он төрт) шаруа қожалығы малдарымен Босаға ауыл орталығында, 6 (алты) шаруа қожалығы Ақшағыл разьезі басында. 20 (жиырма) шаруа қожалығы малшылар қыстағында,18 (он сегіз)  қожалық бұрынғы ферма орталықтары болған Бестамақ, Жылыбұлақ, Жұманбұлақта орналасқан. Енді шаруа қожалықтарындағы әкімдіктің шаруашылық кітабындағы ірі қара мал басы-2573, ұсақ мал-10838, жылқы-997, түйе-18, үй құстары-626 бас. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында округ бойынша конкурс негізінде жаңадан бір шаруа қожалығы ашылды.

2014 жылы елді мекен аумағында жүргізілген түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының нәтижесі бойынша 10 (он) шаруа қожалығының жалпы көлемі – 12232га жерлері өз мақсатында пайдаланылмай отырғаны анықталып,осы шаруа қожалықтармен бір қатар жұмыстар жүргізіліп ескертулер берілді. Осындай түсіндірме жұмыстарынан кейін «Шымқора» шаруа қожалығы жетекшісі Ж.Булатбеков 7076га жерін мемлекеттік жер қорына қайтарып, есептен алынды.Қалған  9 (тоғыз) қожалық өз жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.  Мал басын асылдандыруға ірі қараға субсидия алған 9(тоғыз) шаруа қожалығы.Ірі қара мен ұсақ малға субсидия алған шаруа қожалықтар саны 3 (үшеу)

Осы шаруа қожалықтардың ішінде асыл тұқымды қазақтың ақ бас ірі қара малын өсіру статусын алған «Қызылағаш» шаруа қожалығы мал қорасын салып аяқтап, қазіргі заман талабына сай сауын сиырлары арнайы аппаратпен сауылады. «Бошан»шаруа қожалығы ұзындығы 80м мал қорасын салып аяқтауда, алдағы жылы мал бордақылаумен айналыспақ, осы қожалықтың базасында раскол орнатылды. Осы қожалық осы жылы мал сою алаңын ашуды көздеп отыр. Дала өрттері кезінде шаруа қожалықтар тарапынан дер кезінде көмекке келмеу салдарынан немесе өзіне тиесілі жерден алыстау болса, салғырттық таныту жағдайында желдің бағытын жылдам өзгертуінен дайындаған шөптері отқа оранады.осы жылдың шілде айының соңында Ақдаладан басталған дала өрті, Киікті ауылынан жақын жермен айналып Сарыбұлақ, Қараүңгір, Батыр басы, Айғұрұшқанмен айналып алғашқы шыққан Ақдала өртіне тіреп барып сөнді.Осы өртті сөндіру барысында 51-Ақсу аюлы, 52-Ақадыр өрт сөндіру командаларымен бір апта өрт сөндірумен алыстық. Іле-шала Қарашілік шаруа қожалығынан басталған өрт,өрт сөндіруші адамдармен техника бола тұрсада бірлесіп жұмыс жасамау салдарынан «Қызылағаш» шаруа қожалығының МТЗ-82 тракторы жанып кетті. Айта берсе бұндай өрт кезінде көмекке шықпау, өз аумағынан от өткеннен соң кетіп қалу сияқты  фактілер жетерлік.

Пошта байланысы бойынша: Пошта бөлімшесі әкімшілік ғимаратында орналасқан. Биылғы жылы баспасөзге жазылу межесі                          461 дана болса, жазылғаны 360 басылым, яғни   пайыз. Жазылған басылымдар уақтылы келіп, оқырман қолына тиеді. Әкімшілікпен мектепке берілген баспасөзге жазылу межесі барлығы 78% - ға, оның ішінде Шет шұғыласы тапсырыс-80, орындалуы-73; 91%-ға орындалды. Қалған тапсырыстағы басылымдарға жазылудың             межесі 100% орындалды. Пошта бөлімшесі өткен жылы компьютермен  жабдықталған, «Транстелеком» АҚ байланыс жүйесінен интернетке қосулы, Әр айдың 9-11 аралығында демалыс күндеріне қарамастан келген теміржол қызметкерлерінің жалақысы, 15 – 20 аралығында зейнеткерлердің зейнетақысы таратылады. «Қазпошта» арқылы жасалатын барлық төлемдерге кассалық аппаратпен чек беру жұмысы қолға алынған. Қазіргі кезде барлық несие қарыздарды, ақша аудару сияқты операциялар жасалады. «Пост Терминал» немесе кез келген карточкалық есеп шоттағы қаражатты алу жүйесі іске қосылған.

         Телекоммуникация саласы бойынша: «Транстелеком» «СИДИЭМА» «Билайн» байланыс жүйелері бар. Интернет «Транстелеком»жүйесінде ғана болғандықтан,  ауылдың батыс бөлігінде  «Транстелекомның» желісі жоқтығы салдарынан,халықты  интернетпен толық қамту мүмкіндігі болмаған, осы жылы желі тартылып халықтың 60 пайызында интернет қосылған,және бұл  жүйеге қосылу кезінде акция жарияланып телефон жүйесін орнату тегін жүргізілді. «Қазтелерадионың» 4 (төрт) бағдарлама тарататын қондырғысыда жұмыс жасап тұр. Сымсыз «СИДЭМА» бүгінгі күнге                  70 тұрғынға қызмет көрсетіп тұр. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері Билайн жүйесі 3Жи жүйесін қосып мобильді телефондағы интернет желісі жұмысы жылдамдығын арттырды. Сонымен қатар кейбір шаруа қожалықтарында  сымсыз байланыс жүйесі жұмыс істеп тұр. Монтер қызметі тоқтатылып қысқартылды, еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастырылды.

         Электр қуаты саласы бойынша: Тоқ жүйесін реттеуде «Электржабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс жасайды. Негізінен тоқ үздіксіз беріледі, тек жаз айларында қысқа дайындау жұмыстары уақтылы жасалмау салдарынан қатты желдерде сым айқасып сөнген жағдайлар болды. Жақында болған жөндеу жұмыстарынан кейін реттелді. Тоқ алатын үйлер саны 180 үй, төлемақы жинау 99% пайыз. Монтердің жалақысы уақытылы беріледі, бірақ желтоқсан айынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты монтердың орыны бос, ауылымыздан 1000 вольттық тоқпен жұмыс істеуге рұқсаты бар адам табылмауда.

         Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету: Бұл салада  «ТеміржолСу» ЖШС қызмет көрсетеді, 1 слесарь, 1 контролер бар.             Су үздіксіз беріледі, колонкадан 650 адам су тұтынады, 60 үйде су үйлеріне кіріп тұр. Тарифте соған байланысты, колонкадан су алатындар 1 адам үшін, айына 56 теңге, үйден алатындар үшін                   86 теңге болып келген. Жыл басында тендер ойнатылып «Электржабдықтау» ЖШС ұтып алды, 2018 жылға су бағасы өзгермейді, 10 үй суды құдықтан тұтынады. Төлемақы ай сайын уақтылы жиналып өткізіледі. Халыққа су беру бойынша шағым жоқ.

         Мәдениет саласы бойынша: Мәдениет үйінде штаттық кесте бойынша 2 (екі) қызметкер, штаттық кестеден тысқары 4 (төрт) қызметкер жұмыс атқарады. 2016 жылдың  қыркүйек  айында  мәдениет үйінің  от қазандығының  насостары ауыстырылды. 2017-2018 жж. жылу беру маусымына 67 (алпыс жеті) тонна  көмір түсірілді. Мәдениет үйінің жалпы  аумағы  - 250 (екі жүз елу) шаршы  метр, отыратын орындар саны – 100 (жүз), бөлмелер саны – 2 (екі). Өрт сөндіргіш құрал-жабдықтар орнатылған, музыкалық аспаптардан – 1 (бір) синтезатор.  2015 жылы мәдениет үйіне  жаңадан музыкалық аппарат, 1 (бір) ноутбук және 5 (бес) орындық берілді.  Мәдениет үйінің жанынан «Алаугүл» ән, «Ақбұлақ» би үйірмелері жұмыс жасайды. Оның ішінде барлық қатысушылар саны  - 38 (отыз сегіз) адам. 2017 жылы  барлық атқарылған іс- шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына                      25 жылдығына және ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне  арналды. Барлық атқарылған іс-шаралар саны  - 28 (жиырма сегіз). Ақпан айының 10 күні Шет ауданының мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен Жас орындаушылар мен шоу - бағдарлама жүргізушілердің «Жас қанат - 2017» аудандық байқауына қатысқан ауылымыздың жас таланты, өнер колледжінің студенті Құдайберген Айбек жас орындаушы ретінде бірінші орынға ие болып, бағалы сыйлықпен  және дипломмен марапатталды. 28 мамыр күні ,балалар  күніне  орай ауылымызға  Көкшетау  қаласынан келген «Радуга » цирк ұжымы кішкентай бүлдіршіндердің көңілдерінен шықты. Кузя есімді сайқымазақ барлық қойылымдарға балаларды қатыстырып, оларға сыйлықтар таратты. Сондай-ақ, сыйқыршының өнері балаларға өте ұнады. Кеш соңында сатып алынған билеттермен лотерея ойыны жүргізіліп, бүлдіршіндер келген қонақтармен флэшмоб биледі. Маусым   айының 16-шы жұлдызында биыл Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес өткізілетін мәдени шаралар аясында, қазақ халқының аяулы перзенті Қаз КСР еңбек сіңірген әртісі, С.Сейфулиннің үзеңгілес досы, күйші Әбікен Хасеновтың 125 жылдық мерейтойына арнап, облысымыздың тұңғыш рет күйшілерден, өнер жанашырларынан, еңбек ардагерлерінен құрылған Қарағанды облысы «Күй керуен» шертпе күй орталығы қоғамдық бірлестігі «Қоңыр» атты күй кешін ұйымдастырып, Босаға ауылының жұртын ерекше бір ілтипатқа бөлендірді. Келген меймандарға арнайы киіз үй тігіліп, ауылымыздың қонақ жайлылығы кеңінен көрсетілді. Өзінің авторлық  «Тәуелсіздік» күйімен  жиналған қауымды тәнті еткен 80 жастағы Егіндібұлақ ауылының тумасы, Тәттімбеттің шертпе күйлерін насихаттаушы Кәріпбеков Қабдолқұмар атамыз сонымен қатар Тәттімбеттің «Сылқылдақ» күйін шертіп кеш шымылдығын ашты.Кеште жерлестеріміз Қайролла Садуақасов, Ертай Жәнібековтер өнерлерін ортаға салды,өкініштісі ерте хабарлансада тұрғындар тарапынан келушілер аз болды. Қазан айының 27-сі күні Қазақ эстрадасының жұлдызы Жаңабай Өтегенов келіп ауыл жұртшылығына өнерін көрсетіп қайтты.

         Мәдениет үйінің сыртқы кіре берісіне және ішіне арбаға таңылған мүгедек жандарға арнап пандустар орнатылды.

         Кітапхананың жалпы кітап қоры 5182 дана кітап. Осы жылы жаңадан алынған кітаптар саны 132 кітап. 2017 жылы кітапхана мекемесінде «Табиғатты аялайық», «Туған жердей –жер болмас» атты кітап көрмелері өтті, «Экология проблемалары» атты тақырыптарда оқушылар арасында әңгіме өткізілді. «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік», «Шынықсаң шымыр боласың» атты тақырыптарда жастармен пайдалы кеңес, денсаулық сағаттары, дөңгелек үстел жиындары өтті. «Ел тірегі Елбасы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. 5 маусымда жазғы демалыс лагерь балаларымен: «Қызықты жаз айы» тақырыбында кітапханаға саяхат жасалды. Балаларға жаңа түскен әдебиеттерді насихаттап, кітапхананың ережесімен таныстырылды. Балаларға арналған кітап қорымен, оның ішінде энциклопедия, сөздіктер, газет-журналдармен танысып, көптеген қызықты мәліметтер алып, өздерінің білімділіктерін, тапқырлықтарын көрсетті. 25-26 шілдеде жаңа түскен кітаптарға «Балаларға базарлық» тақырыбында кітапханаға түскен әдебиеттерді насихаттап, мәнерлеп оқу өтті. Жаңа түскен әдебиеттерге хабарландыру жазып, мектепке, мәдениет үйіне ілініп, таратылды. 1 тамыздан – 15 тамызға дейін  «Мен оқимын,сен оқисың, бәріміз оқимыз» атты акция өтті. Акцияның  мақсаты: ең тандаулы, ең қызықты, ең көп сұраулы ақын-жазушыларымыздың  әдебиеттерін насихаттау, оқыту. Акция барысында  әдебиеттерді кітапханашы  ауылдың әр мекемелеріне апарып ұсынды.

Жылдағы   дәстүр «Бір  ел -  бір кітап  акциясы »  Республикалық  акциясы аясында, биыл «Жыл  кітабы 2017»  таңдауы  ақын  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өлеңдері. Абайдан  кейінгі  ұлы  ақындардың бірі. Ақынның өмірі мен шығармашылығына  библиографиялық  шолулар  мен   әңгімелер   жүргізілді, демократ  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың   «Қарымды қаламгер» атты  кітап  көрмесі  қойылды.  Қараша- желтоқсан  айларында кітапханада латын әліпбиіне көшу туралы «Латын әліпбиі заман талабы» атты  көрме қойылып, әңгіме өткізілді.

Тәртіп саласы бойынша: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтың  505 бабының 2 бөлігімен санитарлық тазалықты сақтамаған 18 (он сегіз) әкімшілік хаттама толтырылып, барлық ескертулер айыппұлсыз орындалды, барлық ауыл тұрғындарына ескерту беріліп орындалысы қадағаланды.  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73 бабы 1 бөлігімен 1 (бір) хаттама толтырылды жән


Келулердің саны: 2041


Жоғары