print

Батық ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті! Марат Жәндәулетұлы,

Құрметті қатысушылар!

  Елбасының   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде  ілгерілеуге лайқталған. Дүние жүзілік дағдарысқа қарамай  халықтың  жәрдемақы түрлерін, зейнетақы көлемін көтеруді міндеттеді. Осындағы күрделі де стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барлық  Қазақстандықтардың абыройлы борышы.

         Барлықтарыңыз  білесіздер  ауылдың   күн  көрісі  төрт-түлік мал өсіру  мен  жер өндеуге  байланысты, үйінде  малы бар  ауыл тұрғыны  ет пен  сүт  өнімін  қажетіне жаратып  келеді.

         Окрігімізде 2017 жылы ірі қара мал саны  2086, ұсақ мал 2843, жылқы  383  басты құрады.  Жыл санап  тұрғындардың мал бастары өсіп келе жатқаны  айтпаса да белгілі  «Б.Бірлік, Жаңа-Ғасыр», «Мақсат», «Парасат», «Хасен-ауылы», «Алмас», «Мәди» шаруа қожалықтары мал басын көбейту мен асылдандыру үрдісін жақсы қолға алған. Ауылға «Нәтиже» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2 сүт тоназдытқышын орнатты. Ауылда 90 үйден аса жанұя сүт өткізеді. Тек өткен жылы олар барлығы 450  тонна  сүт өнімін өткізіп 35  миллион 200 мың теңге кіріс кіргізді. Әсіресе 15 шақты сиырдың сүтін өткізіп пайдаға кенеліп отырған 10 жанұясын айтсақ та болады. Жаз айында қажетті  мөлшерде шөп дайындалды. Бізде суармалы жер бар, осы жерлерде отырған қожалықтар жерлеріне шамасы келгенше пайдаланып картоп, қияр, сәбіз өсірумен шұгылданады. Бұл жерлер толық қолданыста болмаса аудандық жер қорына қайтарылып алынатынын ескерткен болатынбыз.  Өткен  жылы   ветеринариялық-профилактикалық  жұмыстарының жоспары  толығымен орындалды,  мал басы түгелдей бірдейлендірілген. 2016  жылы 35 бас ірі қара мал «Бруцеллез» ауруына шалдықса, 2017 жылы «Бруцеллез» тіркелген  жоқ. Ветеринар мамандары  профилактикалық жұмыстарды өз денгейнде атқарып келеді.   Жыл  ішінде  22  қаңғыбас  иттін көзі жойылып,100 итке  «Д» герментизация жасалды.  Нәтижесінде  ауыл  іші  бір шама жақсарып қалғаны өздеріңізге белгілі. Әкімдік пен ветеринар мамандар бұрын  тұрған  расколды қайта қалпына келтірді, оны сырттан келіп бұзған жоқ, келешекте қайталанбайды деп ойлаймын. Ауылда ауыз су меселесі шешіліп- 17 колонка жұмыс істеп тұр. 30-дан астам үйге су тартылды. Жаздың маусым мен шілде айларында су мәселесі қиындық туғызған болады, бұл мәселе шешімін  тапты , осы жазда біршама түзелді. Айта кетерлік бір мәселе ірі-қара   малдарын  өріске қоспау басталды. Жазда мал  ауыл ішінде жүреді.  Көктемде мал бағу мөселесі бойынша жиналыс өткізіліп 3 табын сауынды сиыр табыны ауыл маңында бағылып,  5 табын  ірі-қараның бойдағы мен  ұсақ мал  жайлауларда  бағылды.   Келешекте әр  шаруа қожалық өз малдарын жайлауға шығару жолдарын ойластыру керек. Айта келсек «Жаңа-Ғасыр», «Әнуар», «Хасен-ауылы»  шаруа қожалықтарында  осы мәселе  жақсы жолға қойлған.

   Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша -  округте айтарлықтай   жұмыстар атқарылуда.   Ауылда   4 дүкен, 2 дәмхана, шаштараз, монша  болуы  тұрғындардың заман талабын  түсініп, тіршілік көзіне ден салғандарының, бағыт-бағдарды түсінгендерінің айғағы деп білемін. Осы нысандарда  10 нан астам адам жұмыс атқаруда. Жұмыс атқарып жатқан 28 шаруа қожалықтарында 7 ш/қ субсидия алып отырса, «Мәди» ш/қ  жыл басында  90 бас «Ақбас» тұқымды мал әкеліп  2 баз, 1 үй салды, 10 жұмыскер ауылдан жұмыс істеді. Инвестиция тапсырма 14 млн, орындалғаны 31 млн.

 «Нәтижелі жұмыспен камту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасын насихаттау  бағытында ауылымызда 4 рет жиын өткіздік,   осы бағдарлама  бойынша бір азаматша несие алып, өз кәсібін ұлғайтуда. Бұгінгі таңда «ДЛТ-Батық»  атты ауыл шаруашылық кооперативы   құрылып,  3 азамат «ШетКөмек» серіктесдігінен  несие алып мал бордақылаумен  айналысып жатыр.  9 ауыл тұрғыны «Бизнес- бастау» жобасы  бойынша  оқу қурстарынан кейін  «Ақой-Ақбұлақ» кооперативіне   қосылып  «Ырыс»  бағдарламасы  аясында барлығы  жалпы   25 млн. 200 мың тенге несие алды,  осы күні олар    аналық  мал  сатып алып, өсіріп жатыр.    

  Әлеуметтік мәселелерге келсек -  2017 жылы аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған  5 адамның барлығы жұмысқа  орналасты. Жалпы 2017 жылы  8 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде жалғыз басты 1 азаматша  жұмысқа  алынды.  18 жасқа дейнгі балалар жәрдемақысын 20 отбасы алады .

 

 

Батық жалпы орта білім беру мектебінде  146 оқушы дәріс алса 29 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде жоғары санатты 2 мұғалім, І санатты 13, ІІ санатты 11 мұғалім жұмыс істейді.  Өткен жылы  ұлттық –бірінғай тестілеуде  мектеп түлектері орташа  78  балл нәтижесін көрсетті. Мектебімізде 40 көп балалы отбасылардың балаларына күнделікті  бір мезгілдік ыстық тамақ  беріліп отыр. Шағын орталықта  25  бала оқиды,  2 тәрбиеші жұмыс атқарып отыр. 2017 жылы мектепте  өлке тану мұражай ашылып, қолданыста болған көне бүйымдар жиналуда.

  Жаңа-жыл мерекесіне  45 үздік оқушыға және 3 мүгедек балаға  арнайы  «Жаңа-жыл»  шыршасы ұйымдастырылып,  сиылықтар берілді.

       Фельдшерлік-акушерлік пунктінде 1040 адам,  оның ішінде 450 ересектер мен  470 балалар қабылдауда болған. Өткен жылы 11 сәби дүниеге келді. Қарағанды облысына 6 адамға тегін операцияға жолдама берілді және 47 адам порталмен Қарағанды қаласына  дәрігерлер қабылдауында болды. Жылдағыдай Балқаш қаласынан арнайы бригада келіп тұрғындарға тегін медициналық тексеріс жүргізіп қайтты. Ауылымызда жұқпалы ауыру індеті орын алмады. ФАП ғимаратына күрделі жөндеу оның ішінде шатырын айырбастау, есік, терезелерін, жылу жүесі және  әр жағындағы екі бөлмені қосу керектігі туралы аудан дәрігерлік мекемесі басшылығына айтудан жалықтық десем артық емес.

      Байланыс жұмыстары жөнінде ауылда 144 телефон нүктесі бар. Одан тыс сымсыз кернеу арқылы 1 нүкте орнатылған. 66 астам үй интернет желісін және 2 үй  «Айди тв» каналдарын қолданып отыр. Телефон сымдарын ток бағаналарынан босату мақсатында 2016 ж жаңадан 48 телефон бағанасы орнатылған. Біздегі шешілмей келе жатқан өткір мәселе ұялы байланыстың болмауы. «Картел» компаниясы ауыл ішінен жер алып, құжаттарын жасап қойды, бірақ тоқ мәсілесі  кедергі болғандықтан, жұмыс тоқтап тұр.  Баспасөзге жазылу біршама ұйымшылдықпен өтсе де әлі де болса кәсіпкерлер тарапынан марғаулықты байқаймыз. Газет -журналдардың уақытылы келмей қалған фактілерімен қоса, келген газет журналдарды пошта орналасқан жерден тұрғындар алмай жатып қалатыны бар.

       Ауылдағы көпшілік мәдени спорттық іс-шараларға келсек мемлекеттік атаулы күндерден бөлек әр түрлі конкурс, ән байқаулары жоспар бойынша өткізіледі. Жастарды қазахи салт-дәстүрімізбен таныстыру мақсатында Көк-пар  , наурыз күндері «Қош келдің әз-наурыз» думанды той әртүрлі әндер мен қазақ халқының ұлттық ойындарымен жалғасын тауып, ауылдастардың ықыластарына бөленді. 1 желтоқсан елбасы күніне, ел тауелсізгіне 25 жылдығына мектеп ұжымы үйымдастырумен концертік бағдарлама, ш/қ демеушілігімен қазақша күрестен жарыс өткізілді.  «Нәтижелі жұмыспен камту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы  шегінде  ауылға бөлінген  қаражаттың  6 млн. 367 мың теңгесіне  спорт алаңы мен 10  дана көше жарық шамдары  салынды.

           

        Ауыл кітапханасында  3668  астам кітап қоры бар ,оның ішінде қазақ оқулықтары   2500, әр- тірлі басылымдар  16, жанадан келіп түскен    106 кітап болса, жалпы оқырман саны    605 адамға жетіп отыр. Әр түрлі кітап көрмесі,оқушылармен кездесу, мәуліт күніне арналған шаралар осында өтеді.

     «Қартар күні»  мерекесінде «Мақсат»  шаруа қожалығының жетекшісі Жұмағали Құралдық  дастархан жаиып, ауыл жастары мерекелік концерт ұйымдастырды.

  Құқық  қорғау  саласы бойынша – 2017 жылы  жалпы 72 әкімшілік хаттамалар  толтырылып айыппұлдар салынды. Мал ұрлығы тіркелген жоқ.  Ауыл тұрғыны Б.Хасеновтың  арызы бойынша  Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қозғалған іске қатысты азамат анықталып, 1 қылмстық іс ашылды.  Ай сайын жергілікті полиция өкілі  мектеп жасөспірімдерімен  кездесулер  өткізіп отырады. Полиция өкіліне толық жабдықталған  компьютер, факс, сейф пен жихаздар берілді.

    Санитарлық тазалықты сақтау, ауылды көркейтуге және абаттандыруға  жиы  ат  салысып тұратын «Алмас» шаруа қожалығының жетекшісі Карибаев Саят,  өз  техникасымен 2017 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде шайылып кеткен жол бөліктерін қалпына келтіруге, және  1,5 шақырым жол бетін тегістеуге көмектесті.   Көктемгі және күзгі тазалық айлықтарында  99 үй маңынан 1500-1900 тоннадай күл-қоқыс  шығарылды.  Тазартудан бас тартқан 4 үй иелеріне ескерту берілгеннен кейін ғана талап орындалды, олар бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін азаматтар.

           Өткен жылы көп үйлердің  қоршауларын, төбелерін профлистпен қаптау  қолға алынды. Бірақ біраз үй иелері шатырдың фронтордарын боямай, үй қоршауларын қалпына келтірмей отыр. Осыған сол көшелердің қауымдастық мүшелері, көшеге жауапты әкімшілік мамандары жұмыс атқару керек теп ойлаймын.  Көше бойындағы ағаштар бағаналар ақталып,сырланды. Мектеп, ФАП,  әкімдік ғимараттарының  алдына гүлзарлар отырғызылды.  Жаз айларында барлық мекемелер, оқушылар сенбілікке шығып ауыл ішін, күре жол бойын, тоған айналасын тазарту жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп келеді. Алайда көше сырты түгілі ауласына тазалық жүргізбейтін тұрғындарға таң қалумен келеміз. Осы ретте төтенше жағдай болғанда кей тұрғындардың да немқұрайдылық көрсетуі қынжылтады.  2017 жылдың жазында 1 дала өртінің  оқиғасы тіркелді. Өрт  басқа ауданнан келіп қатты желдін болуынан  ерікті өрт сөндіру тобының күші жетпегендіктен бір-неше шаруа қожалықтарының жайылымдары  өртеніп кетті. Дала өрті орын алған жағдайда  кейбір қожалық мүшелері біздің жер емес деп, атсалусыдан бас тартады.   Ауылдағы төтенше жағдайға ат салысқан азаматтарға рахметімді білдіремін. Биылғы қысқы дайындыққа келсек ауылдағы үйлерге орта есеппен 1500-1600 тоннадай көмір түсіріледі. Бюджеттік мекемелерге 350тн.   Тоқ көзі болмаған жағдайда генераторлар алынып іске қосуға дайын тұр.

Өткен  жылы ішінде тоқ көзін пайдалану біршама тұрақты болды. Жаз айларында электр желілеріне кедергі келтіретін ағаш бұталары кесіліп,  біршама жұмыстар атқарылды. Ағашты уақытында кеспей, қараша айында ауылда тоқ болмай қалған күндер болған. Ауылда электрик жаз айларында болмай,  қаңтар айының 3 нен бастап  электрик жұмысқа алынды.  Ауылдағы подстанция, КТП-ларда жөндеу, профилактикалық жұмыстары  уақытында жүргізілмейді. Өткен  жылы бораннан ашық-тесік жатқан подстанция қондырғысын қардан аршуға ауыл жігіттерін жұмылдыруға мәжбүр болдық. 

         Әкімшілік аппаратына жыл ішінде тұрғындар тарапынан жазбаша 5 шағым, өтініш және көптеген ауызша сұраныс, талаптар  түсті. Олардың дені  уақытылы шешімін тауып, басқа жағдайда тиісті жауап берілді.  Ауыл тұрғындарымен әр түрлі мәселе бойынша 9 жиын өткізілді. Барлық құрылымдармен тікелей жұмыс жүргіземіз. Әкім аппаратының қызметкерлері аудандағы бөлімдер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, әртүрлі қорлармен тікелей қатынаста болып жұмыс атқаруда. Жыл сайын инвестиция тарту жоспары орындалып келеді, 2017 жылға 14,4 млн жоспар берілді,орындалысы 31 млн.тенге. Бір үй жыл аяғында тапсырылды. «Мәди» ш/қ Ресейден «Семинтал» тұқымда мал әкелініп жатыр. Күнделікті атқарылатын жұмыстарынан бөлек салық жинау, баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, жылына екі мәрте санақ жүргізу, тоқсан сайын әртүрлі жәрдемақылар құжаттарын жинау мәселелерімен шұғылданады. 

        2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде ауылдағы Мәдениет үйін жөндетіп, оған Қазақ даласының  ұлы жазушысы Сәкен Сейфуллинның атын беруді жоспарлап отырмыз.  Екінші жоспарымыз жылда қаражат сұратып отырған «Репрессия құрбандарына» арналған саябақты  абаттандыру жұмыстары.    Әлі де шешілмей жатқан мәселелер аз емес. Жұмыстарды жандандырамыз деп сендіремін.


Келулердің саны: 1588


Жоғары