print

Ақшоқы ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті Марат Жандаулетұлы!

Құрметті жиынға қатысушылар!

           Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау мақсатында 2017 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

            Өткен жылдың есептік кездесулерде халықтан түскен ұсыныс, пікірлер:

            1.Ауыл тұрғыны Балгожина Ляйлим тұрақты жұмыс сұраған болатын. Балгожина Ляйлим бүгінгі күні Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратына жұмысқа орналасты.           

            2. Қызылтау, Ақбауыр негізгі орта мектептері интернет жүйесіне қосылса -деген ұсыныс түскен болатын – Жылдамдығы 4 Мбит/с интернет  желісіне қосуға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылды. 2018 жылдың қаңтар айында инсталяция жасалып ASTEL  компаниясы арқылы интернет желісіне қосылады.

            3.Жол жарық мәселелері. Қыс айында Ақшоқы –Нұраталды 54 шақырым көтерме жол қардан тазаланып отырылды. Ақбауыр елді мекенімен екі ортадағы тоқ желілерінің екі-үш бағаналарының изоляторына ғана жұмыстар жүргізілді, сымдары тартылған жоқ.

             4. Жыл сайынғы жаз айында келетін Денсаулық пойызы Ақбауыр ауылына келіп тоқтаса? Ақбауыр ауылына рентген келіп ауыл тұрғындарын дәрігерлік тексерістен өтті.

              5. Тазалық мәселесі ауылымызда иесіз күл-қоқыстар көп, қаржы қарастырылса? 2017 жылы ауылымыздағы иесіз күл-қоқыстарды шығаруға қаржы бөлінген жоқ.

         Ауылдық округі бойынша халық саны 510, осының ішінен 290-ы экономикалық белсенді топқа жатады. Зейнеткерлер саны – 60, оның ішінде 5 адам тыл еңбеккерлері, мүгедектер саны - 20. Округ бойынша бюджеттік салаларда жұмыс істейтін адамдар  – 100. Сыртта жаз айларында ауысыммен – 6 адам жұмыс істейді.

          Жұмыспен қамту орталығында жыл басынан 6 адам тіркелген. Олардың ішінен бюджеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарына  орналасқаны 6 адам. Жаз, күз айларында 3 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарына қатысты.

          Әкім аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарына заңнамалары мен Конституциялық заңдылықтарға  жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңымен нормативтік-құқықтық актілерге байланысты құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырылады.

          Ауыл тұрғындарынан жыл бойы жазбаша түрде түскен 6 өтініш, 1өтініш ауызша,  өтініштер жер телімі туралы, жұмысқа орналасу туралы 7 – өтініштер шешіліп түсіндірілді.               

         Берілген анықтамалар – 230.

         Округ бойынша 2017 жылы ауыл тұрғындарымен, шаруа қожалық жетекшілерімен, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен 8 рет халықтың жалпы жиналысы өтті.

           Округте жүзеге асырылған инвестициялық жобалар 2017 жылы «Даметкен» шаруа қожалығы  «Шет-көмек» жауапкершілік шектеулі серіктестігі арқылы – 10 млн теңге несие алып, лизингке пресс подборщик құны -4 млн теңге, МТЗ-80 маркалы тракторы-5 млн  алды, және жеке меншік тұрғын үй салды-құны 12 млн теңге.

           Ірі қара малдарын асылдандыру мақсатында өз қаражаттарына асыл тұқымды бұқа сатып алғандар: «Сары-Өзек» шаруа қожалығы 2 бас асыл тұқымды бұқа – 600 мың теңгеге, «Даметкен» ш/қ – 4 бас асыл тұқымды бұқа- 1 млн 200 мың, «Тиштыбай» шаруа қожалығы – 1 бас асыл тұқымды бұқа-300 мың, «Ел аман» шаруа қожалығы – 1 бас асыл тұқымды бұқа – 300 мың теңгеге барлығы – 2 млн 400 мың теңге инвестицияны құрайды.

            Үкіметтің «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша Шет ауданы кәсіпкерлер Палатасының филалында округтегі жұмыссыз азаматтар және шағын несие алу үшін ауылымыздан 1 адам оқып, сертификат алды. Шаруа құрылымдарымен, кәсіпкерлермен өткізілген жиналыста үнемі кәсіпкерлікті дамыту жолдары, беріліп жатқан несие түрлері Үкімет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау, беріліп отырған жеңілдіктер, қайта даярлау курстары арқылы білімдерін жетілдіру туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылады.

          Жыл басында бірінші кезектегі азық-түлік тауарларын сататын 4 дүңгіршек иелерімен бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс орталығынан жеткізілетін азық-түлік түрлеріне  10-15 пайыз көлемінде үстемақы қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жақты меморандум жасалған, апта сайын мониторинг жүргізіледі.

          Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті қоғамдастық құрылуы туралы түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жиындар өткізілді. Қолма-қол ақша бақылау шоттары ашылды. Осы шотқа бүгінгі күнде ерікті түрде түскен қаржыларды игеру, қоғамдастық мүшелерінің хаттамасы арқылы жұмсалды. 

        Атап айтатын болсақ: Ранцевый огнетушитель- 175000тг-5 дана, расколға -300000мың тг, шөп шабатын косилкаға-74000тг-2 дана, баннер жасатуға-55700 тг,

         Мерекелік іс-шараларға- 184500тг, мемориалдық тақтаның жанына көше орындақтарына- 220000тг -5 орындық, флагшток-308000мың теңге жұмсалды.

        Округ әкімі аппаратының 2017 жылғы бюджеті 18 млн 24 мың теңге. 

        Оның ішінде әкім аппаратын ұстауға 16млн 211мың теңге, көшені жарықтандыруға – 380мың теңге, орталық басына  - 10 шам «Шет-энерго» директоры Қ.Амиров арқылы орнату жұмыстары жүргізілуде.

           Қыс айларында ішкі жолдарды қардан тазартуға 650 мың теңге қаржы бөлініп, 400 мың теңге –«Ақшоқы» ш/қ жетекшісі М.Абишев арқылы 2017 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында көшені қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 250 мың теңге 2018 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларына беріліп отыр.

           Округ көлемінде  тіркелген 47 шаруа қожалығында 90 адам жұмыспен қамтылған. Осы шаруа қожалықтардың ішінде асыл тұқымды қазақтың ақ бас ірі қара малын өсіру статусын алған бес шаруа қожалығы. Атап айтатын болсақ

  1. «Ақшоқы» ш/қ – Абишев Мақсат
  2. «Түлкілі» ш/қ – Даримбаев Азамат
  3. «Ауғанбай» ш/қ- Туткушев Есенгелді
  4. «Женет» ш/қ – Тусупханов Ерлан
  5. «Нұр-ән» ш/қ – Даримбаев Ардақ

          Округтегі «Нұр-ән», «Ақшоқы», «Даметкен», «Ауғанбай», «Женет», «Түлкілі» шаруа қожалықтары қазіргі заман талабына сай техникаларын жылдан-жылға жаңартып, қысқы мал азығы шөп дайындауда шөпті рулондап буып, тасу әдісіне көшуде шаруа қожалық жұмыскерлерінің жұмыстарын біршама жеңілдетуге қол жеткізіп отыр.      

          Биылғы жылы«Ақшоқы» шаруа қожалығының жетекшісі Абишев Мақсат сыйымдылығы -300 бас жаңадан мал базын салып, және ауылшаруашылық техникалары тұратын гараж-200ш,м салды.

          Шаруа қожалықтарына барлығы 52мың 642 га жер бөлінген, оның  3099 га егістік жері.

           2017-2018 жылдардың қыс маусымына мал азығы берілген жоспар бойынша жоғарғы деңгейде дайындалды.

            Сары-Өзек, Ақшоқы шаруа қожалықтары барлығы 787 га алқапқа егін  салды.      

         Жиналған – 787 га арпадан, алынған түсім орташа деңгейде  дайындалды.

         Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдан басқа жаққа қоныс аударған және ауылдағы шаруа қожалықтары  жерлерін ерікті түрде  («Бірлестік» ш/қ,- Тлегенов Саят-1388га,  «Қосбұлақ» ш/қ – Кененбаева Алия – 522 га, «Қанағат» ш/қ –Төлеуқұлов Марс-400га, «Жерұйық» ш/қ-Абиханов Темірғалы – 660га)  мемлекеттік жер қорына өткізді.

          Округ бойынша егістік жерлерді пайдаланбай отырған шаруа қожалықтары 8 шаруа қожалығы егістік жер барлығы-1876га.

          Бүгінгі күні «Ерболат» ш/қ Сулейменов Жанболат,-егістік -60га жерін тапсырды.  «Біржан» ш/қ жетекшісі Касимов Құсайын-101га егістік жерлерін өткізу үшін бүгінгі күні облыстық жер басқармасына құжаттарын тапсырып, егістік жерлерін тапсыруда. Қалған (Ақбастау ш/қ-617га, «Шыңғыс» ш/қ- 88га, «Бектас» ш/қ-56га) егістік жерлерін 2018 жылы тапсыру жоспарланып отыр.            

          2018 жылғы 1 қаңтарға жүргізілген санақ қортындысы бойынша ірі қара мал басы- 4130,  қой, ешкі  -7353бас, жылқы -2653 бас.тіркелген.

           2017 жылы ірі қара, қой, ешкі малдарының төлдерін бірдейлендіру  жұмыстары толықтай жүргізіліп, сонымен қатар 65 бас жылқы суық таңба жасалды. Ірі қара малдың төлдерінен – 1136 бас, ұсақ мал төлдерінен-1739 бас компьютерлік базаға енгізілді

            Көктем, күз айларында 6200 бас ірі қара малынан, 6250 бас ұсақ малдардан қан алынды. Бруцеллез ауруына шыққан мал жоқ. Сонымен қатар сібір жарасына қарсы -6200 бас ірі қара, 3290 бас жылқы, ұсақ мал – 6250 бас егілді. Ірі қарадан – 3600 бас мал қара санға қарсы егілді. Жаз айында бос иесіз жүрген қаңғыбас 15 ит атылды. Биылғы жылы «Даулеткелді» шаруа қожалығының жетекшісі Айтжанов Ерғалы мал сою алаңын ашу жоспарланып отыр.

            Жеке меншік малдар бағыны кезекпен бағылады. Жаз айларында орталық басында ірі қара малдары 2 табында,қой,ешкі малдары 3 табынға бөлініп бағылады. Ақбауыр елді мекенінде ірі қара малы 1 табын, қой, ешкі малдары 1 табын болып бағылады.  Жеке меншік мал бағыны туралы арнайы жиналыс өткізіліп, тұрғындармен  жеке-жеке келісім-шарт жасалған.           Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, ауылымыздың экономикалық даму көрсеткіштері жаман емес жылдан-жылға жоғарылауда.

          Жыл сайын әр отбасына зерттеу актісі жасалып барлық кіріс жиынтығы есептелгенде 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы алатын – 4 отбасы,  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын – 2 отбасына тағайындалып берілуде. 2017 жылы Шет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы  «Өрлеу» бағдарламасына 1 отбасы қатысып, 400 мың теңге ақшалай қаражат  алып, 2 бас ірі қара мал басын сатып алды.

         2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енген жаңа форматтағы «Атаулы әлеуметтік көмек» көмек көрсету бойынша ауданның әлеуметтік сала басшыларының қатысуымен жәрдемақы алатын отбасыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          Округте санитарлық тазалық және аббатандыру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2017 жылы ауыл тұрғындарының үй маңындағы қыстан шыққан күл-қоқыстары толығымен тазартылды. Облыс, аудан әкімдерінің санитарлық тазалық абаттандыру бойынша шығарылған өкімдерін басшылыққа ала отырып, таза бейсенбі, сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатыстырылды.

           Көктем айларында әкім аппаратының ғимаратының ауласына, мектеп, мәдениет үйінің алаңдарына  гүлзарлар, шырша, қайың ағаштары отырғызылды.

             Округ көлемінде 2017-2018 жылғы қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, бюджеттік мекемелерге қажетті көлемде көмір түсірілді.

             Тұрғындарды ауыз су мен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 2 млн 100 мың  теңге бөлініп, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автокөлік жолдары және тұрғын үй  инспекциясы бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.  Орталық басындағы су мұнарасының ғимараты жаңадан салынып, су насосы алынды. Қазір уақытта тұрақты жұмыс істеп тұр.

           Күз айында Қызылтау негізгі орта мектебінде Жанқұтты би мешітінің наиб имамы А.Әкімтай мен Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Сүлейменов  діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында жоғары сыныптар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

            Шет аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан мамандар келіп, округ бойынша 30 үйге мекен-жай анықтамасында  көше атаулары көрсетілмеуіне байланысты, үйлерінің құжаттарына түгендеу жұмыстарын жүргізді. 2017 жылы туылған 10 балаға бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жасқа толғанша төленетін жәрдемақылары уақтылы тағайындалып отырылады. Округ бойынша халыққа қызмет көрсетіп отырған мекемелер.

           Әкімшілік аппаратында мемлекеттік қызметкерлер саны - 5,  Мамандар толықтай компьютермен қамтамасыз етілген. Әкімшілік аппараты мекемесіне интернет желісіне қосылған, электрондық құжат айналымы мүмкіндігіне қол жеткізді. Бүгінгі күнде жаңа заман талабына сай «Қазынашылық клиент», электрондық құжат айналымы бойынша мамандар жұмыс жүргізуде.

          Ауылымызда  Қызылтау негізгі , Ақбауыр негізгі орта мектептерінде оқушылар дәріс алуда. Бұл мектептердегі жалпы оқушылар саны – 86. Мұғалімдер саны – 22. Мектепте 22 мұғалім дәріс береді. 1ші сыныптан 9 сыныпқа дейінгі оқушылар саны -50, даярлық топқа осы жылы 10 бала келіп отыр. Қосалқы қызметкерлер саны- 16.

          Ақбауыр негізгі мектебінде 16 мұғалім,  33 оқушы, қосалқы қызметкерлер саны – 19. Бүгінгі күнде жылу жүйесі қалыпты жағдайда.

           Ауылымызда 1 учаскелік полиция қызмет етеді. Биылғы жылы аудандық бюджеттен 382 мың теңге қаржы бөлініп, үстел,орындықтар, киім ілгіш,  шкаф,компьютер,сейф, телефон факс сатып алынды.

           Мал дәрігерлері көлікпен қамтамасыз етілді. Арнайы бөлме беріліп, стол орындық компьютермен т.б қажетті мебельдермен жабдықталған.      Бүгінде 2 ветеринар фельдчер халыққа қызмет көрсетуде.  

        Округте міндетті медициналық сақтандыру бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауылымызда дәрігерлік бөлімшеде 1аға медбике, 1 акушер медбике, 2 балалар медбикесі қызмет етеді. Ауылымыздағы дәрігерлік бөлімше ғимараты жеке меншік иелігінде және апаттық жағдайда болуына байланысты аудан әкімдігінің балансында тұрған үйге көшірілді. Қазір уақытта ішкі, сыртқы терезелерін сырлап,  біршама жөндеу жұмыстарын жүргізілді.  Осы ғимарат аудандық орталықтандырылған аурухана балансына берілсе.

        Жыл сайын қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында  Қарағанды қаласына скринингтік байқаудан тексеріліп, әр түрлі ауруларға күдікті аналар  дәрігерлік бақылауға алынып емделуде.

          Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылжымалы медициналық кешен құрылып, маман-дәрігерлерінің кешенді көшпелі тобы 2017 жылдың жаз айында Балқаш қаласынан медицина саласының 15 маманы 3 күнге келіп,  ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден 280 адам өткізіп, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті. Науқасы күдікті адамдарға жолдама беріліп, облыс орталығындағы ауруханаларға жіберілді. Бүгінгі күні тіркеуде тұрған жүкті әйелдер саны-16 Тубуркулез ауруымен  тіркеуде тұрған адам жоқ.

           Ауылымыздағы мәдениет үйінде  барлығы 6 адам, 1- кітапхана  еңбектенуде. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер жоспарлы түрде өз деңгейінде ұйымдастырылады. 8 наурыз мерекесінде тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді, 22 Наурызда мекемелердің қатысуымен, ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, ұлттық сал дәстүр бойынша жарыстар өткізілді.

           Қарттар күні мен мүгедектер күніне орай шаруа қожалықтардың және ауылымыздағы мекемелердің демеушілігімен мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

          1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы  мерекесінде ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, ауыл азаматтары мен мекеме басшылары аудан әкімінің және  ауыл әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары сыйлықтармен марапатталды.

            Зейнеткерлерге зейнетақы т.б. жәрдемақылар ай сайын бекітілген кесте бойынша уақтылы беріліп отырылады. Ауыл тұрғындарымен газет-журналдарға жазылу жұмыстары 2017 жылға берілген тапсырма бойынша барлық жазылу жоспары толығымен орындалды.

             Тоқ алатын үйлер саны -90. Пайдаланған эл.қуатының төлем ақылары ай сайын жиналып, «Электр жабдықтау» мекемесіне тапсырылып отырылады. 

        Құрметті ауылдастар!

        Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар салық базасын нығайту мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту, көшелерді жарықтандыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жоғарылату, мал басын өсіру, асылдандыру, мал сою алаңын ашу, ірі шаруа қожалықтарымен тығыз қарым-қатынаста болу, тұрғындар тарапынан болған ұсыныс, пікірлердің шешілуіне үнемі ықпал ету.

         Қорытындылай келе, 2017 жылы үлкенді-кішілі атқарған жұмыстарымызда белсенді түрде көмек көрсеткен мекеме басшыларына, жалпы барлық ауыл тұрғындарға рахмет айтамын.

         Жаңа  2018 жылда Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, қарыштап өрлейміз деп , нық сеніммен айтамын.


Келулердің саны: 2062


Жоғары