print

Ақой ауылдық округі әкімінің есеп беруі

Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

Құрметті ауылдастар!

        Ақой ауылдық округінде 752 тұрғын, 162 отбасы тұрады. тұрғындардың күн көру көзі мал басын өсіру оның өнімін қажетіне жарату болып саналады жылдағы мал басының санына  тоқталмай екі көрсеткіш мал басының өсуімен саналығы яғни асылдандыру тәсілін айтсақта болады. Өткен 2017 жылмен салыстырғанда ірі қара 240 басқа, ұсақ мал 210 басқа, жылқы малы 50 басқа көбейді. Бүгінде ірі қара, ұсақ мал, жылқы малдарынан қан алу, егу, ветеринариялық-профилактикалық жұмыстарының жоспары  толығымен орындалды. Округ бойынша 25 бруцллез деп танылып,  оң нәтиже көрсеткен мал бастары толығымен жойылды. Мал бастарын бірдейлендіру жұмыстарында 712 ірі қара, 1179 ұсақ мал, 137 жылқы малдарына сырғалау, таңбалау жұмыстары жүргізілді. Мал басын асылдандыруды қолға алған «Атажұрт»,  «Ақсу», «Тоқбай», «Сарыарқа», «Бірлік», «Өсер», «Ортақ», «Данияр» «Аянбек» шаруа қожалықтары 2-3 асыл тұқымды бұқа малдарын әкеліп асылдандыру, мал бастарын субсидиялау жұмыстарын жүргізуді қолға алуда. Мал  бағымы жөнінде бір шама жұмыстар атқарылып, бойдақ ірі қара мал мен ұсақ малдар жайлауға 4 жерге бағуға ұйымдастырылса, 3 шаруа қожалықтары тиісті өз жеріне мал бастарын бағуды жөн көрді.  Ауылдағы сауын сиырлар 3 табын бойынша бағылып, бақташылармен арнайы келісім-шарт жасалынып, мал бағымы жөнінде  тұрғындар жиналысында қаралып, бағым құны келісе отырып бекітілді. Атап айтсақ  ірі қара 700 тг, ұсақ мал 300 тг , жылқы 2000 тенгемен бағылды.    Чепурченко көшесінің тұрғындары ұсақ мал мен бойдақ малдарды жайлауға шығармауды әдетке айландырған. Бұл азаматтардың малдары ауыл төңірегін тоздырып,   шаруа қожалықтардың шабындық жерлеріне мал бағу фактілері орын алып,  тұрғындардан арыз-шағымдар түсті.

       Ауылда 44 кәсіпорындар мен шаруа құрылымдар бар. Оның ішінде 36 шаруа қожалығы, көпшілік тамақ ішетін 3 дәмхана, 4 азық түлік, 1 киім кешек дүкені, 1 жанар-жағар май бекеті,  1 машинаның

-2-

дөңгелегін жөндейтін (шиномонтаж) орыны және жалпы монша, үй жиһаздарын жасайтын цех жұмыс істеп тұр. Шаруа құрылымдары мен кәсіпорындарда 120-дан астам адам наухандық, тұрақты жұмыс атқаруда. Азық- түлік дүкендерімен арнайы меморандумға отырып, азық-түлік бағасын үнемі бақылап отырмыз.

    Өткен жылы 2020 бағдарламасы аясында  төменгі пайыз бойынша құрамында 60 адамнан тұратын «Ақой-Ақбұлақ» атты кооператив құрылып, оның 49 мүшесі  барлығы 18,400 млн. теңге несие алынды. Алынған  несиеге  сүтті бағыттағы 499 мал бастары алынып, көктем айларынан бастап «Нәтиже» сүт фабрикасымен келісім шарт жасалынып, сүт өнімдерін өдіру қолға алынады. Құрылған кооператив әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының әл-аухатын  көтереді, жұмыссыздық деңгейі төмендейді деген ойдамыз.

     Әлеуметтік мәселелерге келсек Ақой жалпы орта білім беру мектебі  даму стратегиясының «Оқу мен оқытуды жаңарту -  нәтижеге жеткізетін күш» тақырыбындағы 3 жылға бағытталған педагогикалық жобасы «Жаңа формация мұғалімі-білім көшбасшысы», «Жүйелі жұмыс –табыс кепілі»  және  «Мәңгілік ел ұландары» жобаларын іске асыру мақсатында жұмыстар жасалынуда.       Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап көрсеткен. Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр. Жаңартылған мазмұн бойынша мектептің 3 басшысы, 4 мұғалімі арнайы біліктілік курстан өтіп, 23,3 пайызын құрайды.Мектеп бойынша 5 деңгейлік мұғалім,4 мектеп тренері бар. Жаңартылған мазмұнға көшу жағдайында аудандық білім бөлімінен 8 ПИК құрылғысымен қамтамасыз етілген.Мұғалімдер сабақтарында еркін қолданып, білім сапасын арттыруда АКТ сауаттылық дамытуда нәтижелер шығаруда. Білім беру саласына көмек көрсетіп жатқан аудан әкіміне , білім бөліміне Ақой орта мектебінің ұжымы алғысын білдіреді.

-3-

      Өткен жылы қараша айының 10 күні жарты күндік «Балдырған» шағын орталығы толық күнге ауысып, 50 балаға арналған шағын

орталық  аудан көлемінде ресми ашылу салтанаты түрде ашылды. Бүгінде үлекен және кіші топқа бөлінген орталықта 38 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалар күніне үш мезгіл тамақтанып, түскі уақытта тынығады. Шағын орталыққа тәрбиешілер мен аспазшы т.б 12 адам жұмыспен қамтылып, олар тіркеудегі  жұмыссыздар есебінен алынды. Мектептің материалдық техникалық базасының нығайуына ауданнан мектебімізге тоңазытқыш, электр плитасы, ыдыс жуу мойкасы, асханаға арналған вытяжка, шағын орталық 50 балаға арналған толық комплекті:  кілем, ойыншық жинайтын шкаф,киім шкафтары,кір жуғыш машина,  түймедақ үстелдері,орындықтар, жас ерекшеліктеріне сәйкес ойыншықтармен қамтамасыз етілді. Толық күнді «Балдырған» шағын орталығының жөндеу жұмыстарына білім бөлімінің бюджеттік есебінен қаражат жұмсалып , жоғары дәрежеде атқарылып іске қосылды.

    «Салауатты келешек - ұлт саулығы» тақырыбында денешықтыру және алғашқы әскери дайындық бөлімінің әдіскері Акижанов Еркебұланның, мектеп директоры Жаманадина Жанардың бастамасымен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухты жеке тұлға тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Берікболовтың 60 жылдық мерейтойына арналған волейболдан аудандық  ашық біріншілік өтті. Жарыстың мақсаты өскелең ұрпақтың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, арқылы төзімділікке, табандылыққа тәрбиелей отырып, рухын шыңдау.Семинарға аудан көлеміндегі солтүстік аймақ орта мектептерінен Шет, Сәкен, Жарық, Еркіндік, Бұрма , Батық, Красная Поляна, Көктіңкөлі, Ақой орта мектептерінен аралас құрама командаларынан 85 оқушы қатысты.Мектептің әлеуметтік жағдайы төмен категориялы балаларға білім бөлімі тарапынан көмектер көрсетіліп, мектебіміздің 6 оқушысы Жаңа Жыл қарсаңында куртка, аяқ киім,с порттық киімдермен толықтай қамтамасыз етілді. Бүгінде 26 оқушы ыстық тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Мектебімізге патронаттық тәрбиеге алынған 1-сынып оқушысы Рысбекова Аружан деген оқушы келді.

                                                           -4-
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектепке шағын мұражайашылып, көне заттармен толықтырылу үстінде.

       Ауылдағы мәдениет үйінде Мәдени іс-шараға  мемлекеттік атаулы күндерден бөлек әр түрлі конкурс, ән байқаулары жоспар бойынша өткізіледі. Ағымдағы жылдың мамыр айында осы ауылда  аудан бойынша семинар өткізіліп, «Қазақтың-100 әні» атты байқау өткізілді. Байқауға ауылдық окруітер мен кентерден 12 әнші қатыстырылып, І, ІІ, ІІІ орындарға бағалы сыйлықтар мен марапаттар табыс етілді. Халықаралық әйелдер меркесінде батыр аналарға «Алтын», «Күміс» алқа иегерлеріне және қаттар күніне орай ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табыс етілді.  Мәдениет үйінде төрт үйірме

жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Мектеп оқушыларының жанынан құрылған «Самғау» ансамбльі әр мереке сайын өнер көрсетіп жүргені өздеріңізге белгілі.

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылығы мерекесі қарсаңында  өткізілген іс-шараға көрші Бұрма, С.Сейфуллин ауыл, кенттерінің мәдениет үйінің өнерпаздары бірігіп, ұйымшылдықпен

 мерекелік концерт өткізді. Жаңа жыл мерекесіне орай ауыл әкімінің шыршасы мәдениет үйінде өткізіліп, үздік оқитын  26 оқушыға және мүмкіндігі шектеулі А.Жаңабай, Ж.Хырыхан, А.Баденоваға жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды.  Республикалық қол өнер сайысына ауыл жастары Х.Бақыт, Н.Өнербек қатысып, І орын және бас жүлдені жеңіп алды. Республикалық, облыстық, аудандық жарыстарға үнемі қатысуға ат салысып отырамыз.   

       Кітапханада 13950  астам кітап қоры бар, оның ішінде 5392 қазақша оқулықтар. Мерзімдік басылымдар 29 болса, жаңадан 178 кітап алынды. Бүгінде оқырмандар саны 610-ға жетті. Әр түрлі кітап көрмесі, «Алғысым шексіз халқыма», «Өнелгі ана, өнерлі  қыз», «Армысың, әз наурыз» атты тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстелдер  және М.Әуезовтің 120 жылдығына арналған оқырмандар конференциялар өткізілді.

        Ауылдағы екі спорт залдың бары жастармен, оқушылардың  спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға берер мүмкіндік барлығын білдіреді салауатты өмір салтын насихаттау барысында көрші елді мекеннің жастарымен ауылда жеке турнирлер өткізіліп тұрады. Өткен жылдың қаңтар айында

                                                        -5-

аудандық «Қарлы-қыс» жарысында коньки, шаңғы жарысында ІІІ орындар иеленіп медальдар мен марапатталды. Ақадыр кентінде өткен «Сары-арқа 2017» жазғы спартакиада үстел теннисі, шахмат, дойбы, президенттік көп сайыстарға қатысып, І,ІІ,ІІІ орындарды қанжығалап қайыттық. 7 мамыр отан қорғаушылар мерекесінде жастар арасында аймақтық барыс өткізіліп, көрші ауыл, кенттер қатыстырылды.  Мерекелік спорттық іс-шарала үнемі өткізіп отырамыз.

       Округ көлемінде 53 әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық орын алды оның ішінде 6 адам әкімшілік қамауға алынса,  әкімшілік учаскесінде 5 қылмыс орын алса 2-іс ашылып тиісті шара қолданылған. Мал жоғалу фактілері азаймай тұр.

      Өткен  жылы ішінде тоқ кернеулеріне кедергі келтіретін ағаш бұтақтары кесіліп, көзін пайдалану бір шама тұрақтанды. Көшеде 9 жерде элетр шамы жанып тұр. Көше жарықтандыруға 8 млн. теңге қаражат бөлініп, сметалық құжаттары рәсімделу үстінде. Ағымдағы жылдың сәуір айына электр шамдарды орнату жоспарлануда.   

      Біздегі шешілмей келе жатқан мәселенің бірі ұялы телефонның қолданылмауы. Бұл жөнінде жоғарғы тиісті огандарға AKTIV.KCEEL басшыларына аудандық, облыстық мәслихат депутатарына да ауызша жазбаша түрде хат жазылып келеді.

     Бүгінде 140 үйде телефон нүктесі, оның 69 ғаламтор желісіне қосылған, 115 нүкте ID TV телеканалын көріп отыр.

     Қыс айларында көше жолдарын қардан тазалауды ауыл тұрғыны Ғ.Турсуновың ДТ-75 тракторымен келісе отырып, қолмақол ақша бақылау счетынан қаражат беріліп отыр. Ауа райының бұзылып қарлы боранда республикалық күре жолдағы техникалар біздің ауылдың аумағына келіп қар құрсауында қалатыны өздеріңізге белгілі. Осындай төтенше жағдай туындағанда Ғ.Турсунов техникасымен көмектесіп жатады. Өткен желтоқсан айының  28 жұлдызында Ақсу қыстағынан шыққан екі адам боранды күні адасып кетіп, екі күн бойы далада қалған. Қоңырау келіп түскеннен кейін  Қарағанды облысының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен техникасы, ауылдық әкім апаратының мамандары, полиция қызметкерлері жұмылдырылып, аман есен құтқарылды.

       Санитарлық тазалық ауылды көркейту жөнінде ауыл азаматы Ғ.Қадылдың камаз автокөлігі, К-150 жүк тиегіш тракторымен және шаруа қожалықтарының меншікті техникаларымен қыстай мал

                                                  -6-

астынан шыққан 1200 тн. астам үйнінді күл-қоқыстар  сыртқа шығарылды. Қатты қалдықтарды төгетін арнайы бір орын белгіленген, құжаттарын рәсімдеуге қомақты  6 млн. жобасында қаражат қажет болып отыр.   Көше бойындағы ағаштар бағаналар ақталып, жаз айларында барлық мекемелер, оқушылар сембілікке шығып ауыл ішін күре жол бойын, алма бақтарды тазарту жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп келеді. Ауылға кіреберістен орталыққа дейінгі асфалть ойықтарына құм, тас төгіп тегістелді. Жолдың тозығы жеткен ескі сын көтермейтіні өздеріңізге белгілі. Өткен  жылы көркейту абаттандыруға бөлінген 50 мың  теңгеге баннерлер алынып ілінді.

      Қысқы дайындыққа келсек ауылдағы үйлерге орта есеппен 1200 тоннадай көмір түсіріледі. Бюджеттік мекемелер орта мектепке 300 тн. мәдениет үйіне 180 тн. ФАП-не 20 тн. көмір түсірілді. Мектеп, Мәдениет үйлерінде қазандықтарға қосымша насостар, тоқ беретін генераторлар бар.  

       Әкімшілік аппаратына жыл ішінде тұрғындар тарапынан 22 ауызша және жазбаша түрде өтініш, арыздар түсіп, олар уақытылы шешімін тауып отырды. Ауыл тұрғындарымен әр түрлі мәселе бойынша 18 жиын өткізілді. Қоғамдық ұйымдармен мектеп, дәрігерлік пункт және басқа ұжымдармен тікелей байланыста жұмыс атқарамыз. Жылына екі мәрте санақ жүргізу, баспасөзге жазылу, тоқсан сайын жәрдемақы құжатарын жинау мәселелермен шұғылданады. Әлі де шешілмей жатқан мәселелер аз емес алға қойған жоспарларда мал басын егу, қан алу жұмыстарына раскол орнату, қуғын, сүргіндерде қайтыс болған адамдардың зиратын толық қоршауға алу т.б жұмыстарды қолға алуды жоспарлаудамыз. 


Келулердің саны: 2068


Жоғары