print

Шет ауданы әкімі аппаратының 2017 жылғы аналитикалық анықтамасы

 2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында жағдай бір қалыпты, жалпы 180037 қызмет көрсетілген, оның 2021 мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 167182 қызмет көрсетілген. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 3693 қызмет көрсетілсе, соның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 372 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 166806 қызмет көрсетілген. Осы бағытта ауылдық округтер мен кенттерде 2017 жылдың қазан-қараша айларында аудан аумағында 6 баннер және желтоқсан айында 3 баннер ілінді. Жалпы аудан аумағында 2017 жылы 11 баннер ілінді. 2017 жылдың 3 қараша айында Шет ауданының әкімі М.Жандәулетов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тыныс тіршілігімен танысып, аудандық «Шет Шұғыласы» газетіне орналастырылды. 2017 жылдың 9 қарашасында аудан аумағында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің проблемалық сұрақтары кезекті аудандық Қоғамдық кеңесінде қаралып, аудандық «Шет Шұғыласы» газетіне орналастырылды. 2017 жылдың 30 қарашасында Шет аудандық №1 халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлері тарапынан қызмет алушыларға практикалық көмек жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудандық  «Шет Шұғыласы» газетіне орналастырылды. Көрсетілетін мемлекетік қызметтердің сапасын арттыру бағытында «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында» оқып біліктіліктерін арттыруда. 2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсына ауданнан 107 қызметші оқытылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Шет ауданы әкімі аппараты бірлесе отырып, 2017 жылдың 27 қарашасында ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің қызметкерлеріне Электрондық Үкімет порталын насихаттауға бағытталған оқыту жоспары бекітілді. Мемлекеттік органдардың 3 жасырын қызметі анықталып, ұсыныс жолданды. Түсіндірме жұмыстарына тоқталатын болсақ, 2017 жылдың 3 тоқсанында аудандағы барлық мектептерде, аудандық орталық ауруханадада электрондық цифрлік қолтаңбаның пайдасы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайында көптеген бейнероликтері қараша айынан бастап тұрақты тұрғыда көрсетілуде. Бейнероликтер аудан әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылған. 2017 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызметті алу тәртібі мен цифрлық қолтаңбаның мүмкіндіктері туралы тұрғындарды құлақтандыру мақсатында аудандық «Шет шұғыласы» газетінде және аудан әкімі аппаратының ресми сайтында 7 мақала жарық көрді. 2017 жылдың желтоқсан айында көрсетілетін қызмет түрлеріне түбіртек қағаздарын тарату және орналастыру бойынша ауданның мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелердің ақпараттандыру тақталарында орналастырылып, 500 дана түбіртектер қызмет алушыларға таратылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушылардың үлесін арттыру мақсатында интернет желсімен компьютерлер ауылдық округ және кент әкімдіктерінде орнатылды. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызмет алушылардың арыз – шағымдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған журналдарға ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. 

Келулердің саны: 2018


Жоғары