print

Аудан әкімінің есеп беру кездесуіндегі баяндамасы

Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың

2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және 2018 жылы алда  тұрған міндеттері туралы

ЕСЕБІ

 

Құрметті аудан тұрғындары,

Қадірменді қонақтар!

 

        Өткен 2017 жыл табысты да берекелі жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік секторда елеулі реформаларды жалғастырды. Еліміздің даму   қарқынының одан әрі жемісті жалғасын табуы Елбасының дер кезінде қабылдаған шешімдері мен ел алдына қоя білген айқын бағыт бағдарының нәтижесі. Осындай жүйелі   бағыт бағдардың негізі ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын айтуымызға болады. Ал биылғы жылғы   Елбасының Жолдауы - экономиканы нығайтатын, халықтың әл – ауқатын арттырып, болашаққа деген сенім нығайтатын, елді бірлікке, ынтымаққа шақыратын негізгі   стратегиялық құжат.

          Жыл сайынғы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері жергілікті жерлердегі мәселелерді анықтауға және оларды шешуге бағытталған.

          Кездесулерде халық тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешіліп келеді.

          2017 жылы өткен аудан әкімінің тұрғын халықпен 25 кездесулерінде айтылған 92 ұсыныстардың орындалысы қамтамасыз етілді. Өткен жылы аудан әкімдігіне түскен     622 өтініштердің 141-і қанағаттандырылып, қалғандарына түсініктеме берілді. Биылғы жылғы аудан әкімінің есептік кездесулерінде, тұрғындардан түскен 97 ұсыныс   бақылауға алынды.

         Елбасы, Үкімет, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау барысында тиісті жұмыстар атқарылды. 

         Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 2017 жылдың қорытындысымен толық орындалды.

         Жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім 43,3%құрады.

         Аудан экономикасының нақты сектор саласында 2017 жылы 46,0 млрд. 439 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 113,8%

        Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі - 19 млрд. 268 млн теңге болды, жоспар 192,7  орындалды. Нақты көлем индексі 209.0%.

        Нақты сектор саласында (слайд 6) жұмыс атқарып жатқан «Нова-Цинк», «Бапы - Майнинг», «Крамдс - Кварцит» кәсіпорындаржылды жақсы аяқтады.

        "Сары-Арқа Коопер Процессинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алмалы кен орнында құны 14,0 млрд. теңгені құрайтын "Катодтық мыс өндіру зауытының құрылысын салу" экспорттық әлеуеті бар жобасы аймақтық Кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізіліп,құрылыс жұмыстары басталғаннан бері игерілген инвестиция 6,0 млрд. теңгені құрады. 450 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде ауданнан 124 адам. 200 адамға арналған вахталық кент салынып, ұзындығы 28 шақырым электржелілері тартылды. Зауыт пайдалануға биылғы жылдың екінші жартыжылдығында беріледі.

        Жобаларды іске асыру аясында экспортқа өнім шығару жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта "Бапы Майнинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Темір кенін өндіру және өңдеу" жоба бойынша 2017 жылы 11,7 млрд  теңгеге өнім өндіріліп, 11,5 млрд теңгенің өнімі экспортқа шығарылды.

        "Nova-Цинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы жылдары құрамдастырылған тәсілмен кенді өндіруге көшіп, шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстарын жүргізетін болады.

Бұл бағытта британдық  "RioTinto" концерні, жер қойнауындағы қазба байлыққа геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді қолға алуда.

      Биылғы жылы Ақадыр кентінде жобалық қуаттылығы 50 МегаВатт жалпы құны 24,7 млрд. теңгені құрайтын «Күн сәулесінен қуат алатын электрстанциясын орнату» жобасы қолға алынбақшы.         

        Аудан өнеркәсіп саласының әлеуеті өте үлкен.

          «Сары Арқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамында «Ұзынжал», «Сұлу Мәдине» кенорнындарында қорғасын және марганец кенін, «Байназар» кенорнында вольфрам және молибден кенін, «Батыстау» кенорнында полиметалл кенін, «Киікбай-Сайдал» кенорындарында жез және алтынды барлау жобаларының тізбесі қалыптастырылды.

          «Көктіңкөлі молибден»  жобасымен айналысып отырған «Дала Майнинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаны іске асыру мақсатында инвесторды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

        Жоғарғы Қайрақты кенорнында вольфрам-молибден кендеріне барлау жұмыстарын жүргізуге «Северный Катпар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Инвестиция және даму министрлігімен Контракт жасасқан.

        «KSP STEEI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақшатау кенорнында тоқтап тұрған комбинатты іске қосып, ол жерде кенді байыту арқылы сирек кездесетін металл қоспаларын өндіруге ниет білдіріп,  құжаттарын Инвестиция және даму министрлігіне тапсырды.

        Алайғыр кенорнында волласстонит өндіруге «Көкше Неруд НП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2017 жылдың желтоқсан айында Инвестиция және даму министрлігінен жер қойнауын игеруге  Контракт алды.

Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдар саны 2647 бірлікке жетіп, өткен жылдан 11,6 %  артты. Осы салада 4486 адам жұмыспен қамтылған, өткен жылдың көрсеткішінен 100,5% артып отыр. Осы салада өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 20 млрд. 812 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 49,0%  артып отыр.

2017 жылы аудан кәсіпкерлері жеке кәсібін ашу мақсатында әр түрлі қаржылық қорлардан 1,0 млрд. 81,0 млн. теңге көлемінде несие алды.

Мемлекеттік бағдарламалардан тыс 187,0 млн. теңгеге 26 шағын инвестициялық жобалар іске асырылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына қолдау көрсету мақсатында 5,0 млн. теңге көлемінде аудан әкімдігінің гранты берілді.

Өз ісін ашып, кәсіпкерлік бастамашылығы бар 199 аудан тұрғындары "Бастау бизнес" жобасы бойынша оқып, сертификат алды.

2017 жылы аудан аумағында бір қатар кәсіпкерлік нысандар іске қосылды.

 

 

Ауылшаруашылық саласы

Ауылшаруашылық саласына 2017 жылы 419,5  млн.теңге инвестиция құйылды, жоспар 104,9%  орындалды.

Ауыл шаруашылық саласында 29 млрд. 330 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 103,0 % артып, нақты көлем индексі 103% құрады.

Шартты мал басының саны 7,6 % өсіп, 126,5 мың  басты құрап отыр. Ірі қараның саны 8,0 %, қой мен ешкі 2,3 %,  жылқы 6,5 % өсіп отыр. 2016 жылмен салыстырғанда өндірілген еттің көлемі 2,8 %, сүт – 3,9 %, жұмыртқа – 1,1 % өсіп отыр.

303 шаруа қожалықтары әр – түрлі бағдарламалар аясында 1 млрд. 172,0 млн.теңге көлемінде несие алды. 3844 бас ірі қара, 269 бас жылқы және 1077 ұсақ малдар алынды. 833 шаруа қожалықтарына мал шаруашылығы  өнімділігін және сапасын арттыруға 596,0 млн теңге бюджеттік субсидия берілді.

Бүгінгі күнде ауданда 1 асыл тұқымды зауыт және 20 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.

2017 жылы 324 мүшесі бар 11 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды.Оның 7-уі етті бағытта, 4-уі сүтті бағытта.

Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 411,0 млн.теңгеге 8 кооперативтердің 156 мүшесі қаржыландырылып, 1949 мал басы алынды. 4 кооператив облыстың сүтөндіруші кәсіпорындарымен келісім шартқа отырды.  Бүгінгі күні етті бағыттағы 3 кооперативте 62,7 тонна ет, 1 сүт бағытындағы кооперативте 50,0 тонна сүт  өндірілді.

С.Сейфуллин кентіндегі «Қарағанды Ауыл-Сүт» Комбинатының  филиалы аудандағы 27 елді мекендердің  тұрғындарынан 4500 тонна сүт жинап, өнім  өткізушілер 306,9 млн. теңгенің табыс көзіне иеленді.

Өзінің және сырттан тартылған қаражат есебінен 130,0 млн.теңгеге 5 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 2 жоба «ҚазАгро»Ұлттық Басқарушы Холдингі» Акционерлік Қоғамының қаражаты есебінен - 22,0 млн.теңгеге мал сою нысаны және 7,0 млн.теңгеге сүт қабылдау пункті іске қосылды.  Ал 3 жоба өз қаражаты есебінен - 20 басқа және 100 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталды. Ал биылғы жылы жобалық қуаттылығы жылына 90 тонна  сүтөндіру цехы іске қосылатын болады.

Тауарөндірушілермен 83 бірлік ауылшаруашылық техникалары алынды.(392,0 млн.теңге).

Былтырғы жылы 19 077 гектар жерге дәнді-дақыл себіліп, 2016 жылмен салыстырғанда 10,0% артты. Астықтың орташа шығымдылығы 11,5 центнер/гектарынан құрап, 21 900 тонна астық жиналды, оның ішінде 6859 тонна бидай. Орташа шығымдылығы 250центнер/гектарынан. 29,0мыңтонна картоп және орташа шығымдылығы 277 центнер/гектарынан 20,0 мың тонна көкөніс жиналды.

Өсімдік саласында 9 шаруа қожалықтарына 33,0 млн. теңге субсидия берілді.

2017 жылы 33,0 мың гектар пайдаланбай отырған ауылшаруашылығы жерлері тапсырылды, оның ішінде 4 200 гектар егістік. Бұл шартты мал басының 12 200 басқа өсуіне және 2 200 тонна дәнді-дақыл алуға мүмкіндік туғызады. Жерлерін пайдаланбай отырған 70 шаруа қожалықтарының құжаттары жер инспекциясына шара қолдануға жіберілді.

Жерлерді қайта айналымға енгізу үшін 6 конкурс өткізіліп, 155,0 мың гектар жер берілді, оның 2 700 гектарыегістік жерлер.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Аудан көлемінде 16 сібір жарасы көмінділеріжер кадастрында тіркелген. Орны анықталған 11қауіпті ошақтарды санитариялық талаптарға сәйкес қоршап, белгі қоюға аудан бюджетінен 7,0 млн теңге бөлінді. Орны анықталмаған 5 сібір жарасы көмінділері зерттелуде.

Мал өлекселерін өртеп жоятынбір инсиниратор пеш сатып алынды. Биыл тағы да 4 осындай инсиниратор сатып алынатын болады.

Коммуналдық салаға 2017 жылы республикалық, облыстық және аудандық бюджеттері есебінен 295,0 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: аудандық бюджеттен абаттандыру мен көгалдандыруға – 27,0 млн. теңге; санитарлық тазалауға – 2,5 млн теңге; жарықтандыруға – 34,0 млн. теңге; су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға – 25,0 млн. теңге, автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеуге және қыс айларында күтіп ұстауға 65,0 млн. теңге; елді мекендерде жол жүру қозғалысын реттеу жабдықтары мен құралдарын орнатуға – 3,7 млн. теңге.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы» аясында 16 жоба іске асырылды. Оның ішінде, 8 жоба елді мекендерде ішкі көшелерді жарықтандыруға. Ақсу-Аюлы, Ақадыр, С.Сейфуллин, Дәрия, Үңірек, Киікті, Красная Поляна, Төменгі Қайрақты елді мекендерінде 393 электр бағандары мен 545 дана жарық нүктелері орнатылды. Қосымша аудандық бюджеттенбөлінген қаржыға Ақсу-Аюлы ауылында 89 жарық нүктелері орнатылды. 1 жоба - Ақадыр кенттінде тұрмыстық-қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигондарды рекультивациялауға және қоршауға. 6 жоба - елді мекендерде балалар ойын аландары мен спорт аландарын орнатуға: Ақадыр, Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Батық, Көктіңкөлі, Мойынты елді мекендерінде.

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары бойынша қаралған 30,0 млн. теңге жарық нүктелерін күтіп ұстау, оның ішінде істен шыққан жарық нүктелерді айырбастау және электр энергияға жұмсалған шығындарды өтеуге қаралды, Өспен ауылдық округі Айғыржал ауылындағы ішкі тоқ жүйелері жөнделіп, трансформатор орнатылды.

Аудандық бюджеттен қаралған қаржы Ақсу-Аюлы, Ақадыр, С.Сейфуллин елді мекендерінде сквер салу, тротуар, қоршау орнату және басқа да елді мекендерде көгалдандыру жұмыстары мен көшелердегі мерекелік безендірулерге бағытталды.

Ауданымыздың құрылғанына 90 жылдық мерейтойы қарсаңында біршама абаттандыру жұмыстары жоспарлануда:

-Аудан орталығы кіре-берісіне Арка, 90 жылдыққа арнайы мемориалдық кешен, спорт мектебінің ауласы абаттандырылып, спортшылар галереясы, су бұрқақ(фонтан) орнатылады.

Шортанбай жыраудың 200 жылдығына бабамыздың атындағы алаң абаттандырылады.

Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен бөлінген 24,0 млн. теңгеге Ақшатау, Ақшоқы, Жарлығап Батыр, С.Сейфуллин, Көктіңкөлі, Талды, Нұраталды елді мекендерінде су құбырлары жүйелері мен су тарату орындары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ақсу-Аюлы, Батық, Кеншоқы, Үңірек, Қарабұлақ елді мекендерінің су жүйелеріне қосымша қорғау станциялары мен су соратын сорғылар сатып алынды.

Биылғы жылы да бұл жұмыстарды жүргізуге бюджеттен 35,0 млн теңге қаралып, Қарабұлақ, Қарамұрын, Бұрма, Талды елді мекендеріндегі су құбырлары мен олардың қондырғылары ағымдағы жөндеуден өткізіледі.

Былтырғы жылы Ақсу-Аюлы ауылының Құмжон көшесіне аудандық бюджеттен бөлінген 20,0 млн. теңгеге су құбыры тартылды. Қыз мезгілін ескере отыра, аталмыш су құбыры көктем айында іске қосылатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылы Ақадыр кентінің ықшам ауданындағы ішкі кварталдық су құбырын қайта жөндеуге бөлінген 189,0 млн теңгеге жұмыстар атқарылды.

Биылғы жылы осы бағдарлама аясында Ақадыр, Сәкен Сейфуллин атындағы және Мойынты кенттеріндегі су құбырларын жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінді. Қазір конкурстық процедуралар өткізілуде.

85,0 млн. теңге су тасқынынан зардап шеккен автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстарына бағытталды.

Ортау-Қызылтау автокөлік жолы жөнделді және Нұраталды ауылының кіре беріс жолына су ағар трубасы орнатылды.

Ақадыр-Көктіңкөлі аралағында 24 шықырым жол бөлігі орташа жөндеуден өтті.

Көктіңкөлі ауылдық округіне қарасты 56-шы разъезінінің кіре беріс қиыршық тас жолының үш көзді су ағар трубасы қалпына келтірілді.

Ақсу-Аюлы ауылының С.Сейфуллин-Шортанбай, Шортанбай-Хасенов көше жолдары және Үнірек ауылының орталық көшесі жөнделді.

2018 жылы аудандық бюджеттен елді-мекендердің ішкі көше жолдарын жөндеуге және күтіп ұстау жұмыстарына 230,0 млн. теңге қарастырылды. 147,0 млн. теңгеге Ақсу-Аюлы, Ақадыр, Ақжал, Сейфуллин елді мекендерінде ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Облыстық бюджеттен бөлінген 120,0 млн. теңгеге Ақадыр кентіндегі Абай көшесінің жолы және Ақсу-аюлы ауылындағы Шортанбай жырау көшесі мен Жанқұтты би көшелерінің қиылыстары орташа жөндеуден өткізілетін болады.

Елді мекендерде су тасқынын алдын алу бойынша тиісті шаралар жүргізілді.

Аудандық бюджеттен бөлінген 4,0 млн. теңгеге Ақадыр кентінде су тасқынын алдын алу мақсатында инженерлік-қорғаныс құрылыстарын салуға жобалық құжаттамасы әзірленді.

4 ауылдық округтерде су қоймаларының дамбыларына нығайту жұмыстары, Талды, Шерубай-Нұра өзендерінің арнасына тазарту жұмыстары жүргізілді, қорғаныс бөгеттер салынды. Осы іс-шараларды  жүргізуге аудандық бюджеттен 5,0 млн. теңге бөлінді.

Ауданда жылу беру маусымы бір қалыпты өтуде. Әлеуметтік нысандарға көмір уақытылы жеткізілді.(17954 тонна)

Жылу беру маусымына дайындық барысында Ақсу-Аюлы ауылындағы спорт мектебінің 2 от қазандығы, аудандық орталық аурухананың 1 отқазандығы және Ақадыр селолық ауруханасының 1 отқазандығы айырбасталды. Ақжал кентінде «Нова-Цинк» кәсіпорны локалдық қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ақжал кентіндегі коммуналдық меншіктегі квартал аралық жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендеріндегі электр тоғы жүйелерінің меншік иелері «Электржабдықтау» мен «Шет-энерго» кәсіпорындары өз қаражаттарына 59,5 шақырым электр желілері мен 40 подстанцияларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Ақадыр кентіндегі 11 көпқабатты тұрғын үйлердің жер төлесінде орналасқан автоматтандырылған жылу жүйесі пештерін сыртқа қауіпсіз жерлерге шығару бойынша жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Биылғы жылы қазандықтарды сыртқа шығарып, 5 модульді қазандық салу жоспарлануда.

Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Ақсу-Аюлы ауылының бас жоспары дайындалды.108 әлеуметтік нысандарға мүгедектерге бейімделуі бойынша паспорт дайындалып, жылдық жоспар орындалды.

2017 жылы аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд 62,0 млн.теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 235,0 пайызға орындалып отыр.

Тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жоспары 116,6 пайызға орындалды.

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында былтырғы жылы Ақжал кентінде 12 пәтерлі,Ақсу-Аюлы ауылында 4 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары атқарылып, аталмыш тұрғын үйлер биылғы жылы пайдалануға берілді.

Ақжал кентіндегі апаттық жағдайдағы 5 қабатты тұрғын үй "Nova-Цинк" кәсіпорнының қаражатына толығымен жөнделді. Үнемделген қаржыға тағы да бір көпқабатты тұрғын үйдің шатыры айырбасталды.

Ақадыр кентіндегі 5 қабатты 70 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 257,0 млн. теңге бөлініп, конкурстық процедуралар өткізілді, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Биылғы жылы Ақсу-Аюлы ауылында бір 12 пәтерлі, Ақадыр кентінде екі 12 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу бойынша  жобалау-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізіліп,  аталмыш жобаларды іске асыру мақсатында қаржы бөлу туралы бюджеттік сұраныс тиісті облыстық басқармаларға жолданды.

Киікті кентінде салынатын 150 орынды мектептің жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге конкурсттық процедуралар өткізілуде.

Былтырғы жылы аудан орталығында қырылысы басталған халық банкі ғимараты биылғы жылы аяқталып, іске қосылады.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Жыл басынан жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде  2 373 адам тіркелсе, 990 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық  жұмыспен 523 жұмыссыз қамтылды.37 жас маман жастар практикасынан өтті.

Кәсіби және қайта даярлау курстарында 189 адам оқытылды.

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы аясында 16 жобаға 110 млн. теңге бөлініп, 47 адам жұмысқа тартылды.

Бүгінгі күні 14 619 адамның мәртебесі анықталып, олардың бәрі «Әлеуметтік мәртебені анықтау базасына» енгізілді. 6 743 адам актуалданды, ол 46,0% құрап отыр, ал қалған адамдарәзірге мәртебеалған жоқ. Бұл тұрғыда жұмыстар жалғасын табатын болады.

Олардың ішінде; 3 058 - жұмыс істейтіндер, 110 - әлеуметтік жәрдемақы алушылар, 207- студенттер, 1 037 - көшіп кеткендер, 51- қайтыс болғандар, 516 - тіркелмеген жұмыссыздар, 524 - нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 62 - басқа санаттарда

 

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 149 адам Қаржылай қолдау Қорынан 335,0 млн. көлемінде несие алды.

Оның ішінде мал шаруашылығын ұлғайтуға 54 адам, мал бордақылау алаңын ашуға 18 адам,  «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашуға 8 адам несие алды. «Шеткөмек» несие серіктестігінен мал шаруашылығын дамытуға 38 адам 250,0 млн. теңге көлемінде несие алды. 

Табысы төмен 12 отбасына тұрғын үй көмегі төленді. Аз қамтамасыз етілген 10 отбасына (62 адам) «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетілді.

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

Құрметті жерлестер!

Жылдан жылға білім саласын қаржыландыру арта түсуде.

Биылғы жылы мектептердің материалдық - техникалық базасын нығайтуға 64 млн. теңге бөлінді, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 28,0 млн. теңгеге артық.

2017 жылы 2 химия, 2 физика, 4 технология кабинеттері және 6 зертхана робототехникасы, 100 компьютер, 114 ПИК (проектор, экран, компьютер) алынды. Бүгінгі күні 1 компьютерге 5 оқушыдан келеді. (Облыстық орташа көрсеткіш - 5 оқушы).

«BilimLand» платформасы бойынша ауданның 17 мектебі онлайн жүйесіне, 36 мектеп офлайн жүйесіне қосылды.

4 мектептің базасында тірек мектебіқұрылып, шағын жинақты мектептермен жұмыс істеп отыр.

6 мектеп "Электронды журнал" жобасына толығымен көшірілді. Биыл тағы да 8 мектеп осы жобаға көшірілетін болады.

Былтырғы жылы 27,0 млн теңгеге 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 60,0 млн теңгеге Өспен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы 252,0 млн теңгеге 10 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

3-пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші  100%. Ауданда 6 балабақша, 32 шағын орталық, оның ішінде 10 шағын орталық толық күнді қызмет етеді.

Аудан басынан 50 орынға арналған жеке меншік балабақша ашуға жұмыстар жүргізілуде. Тағы 3 елді мекенде жеке меншік балабақша ашу жоспарлануда.

"Назарбаев" зияткерлік мектебіндегі педагогикалық шеберлік орталығының "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 247 ұстаз арнайы оқу курстарынан өтті. 

Аудан орталығында орналасқан интернаттың мектептерден алыс орналасуы, қысқы мезгілде оқушылардың мектепке баруына қолайсыздық туғызуына байланысты қазіргі интернат ғимаратын жалдамалы тұрғын үй мақсатында қолданысқа енгізіп, ал Ы.Алтынсарин орта мектебінің жанына интернат салу үшін былтырғы жылы сметалық құжаттары дайындалып, қаржы бөлу жөнінде бюджеттік сұраныс тиісті облыстық басқармаларға жолданды.

 

2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Денсаулық сақтау саласы бойыншаміндетті медициналық сақтандыру реформасын енгізу жөнінде аудандық штаб мүшелері тұрғындар арасында ақпараттандыру - түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Облыстық бюджеттенбөлінген 109 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар және 2 санитариялық автокөлік ауылдық дәрігерлік амбулаторияларына сатып алынып, қолданысқа берілді.

Тұрғындардың өтініші бойынша кейінгі екі жылда үш ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуға үйлер сатып алынды.

Ауданға келген 8 дәрігер толықтай әлеуметтік пакеттермен қамтылды.

3 жас маман дәрігер және 2 орта білімді медицина қызметкерлері "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен пәтер алды.

Ауданның орталық ауруханасының қаржысына 2 түлек резидентураны биылғы жылы  бітіріп, ауылға келіп қызмет атқарады.

Аудан орталығы мен Ақадыр кентінде 2 әлеуметтік дәріхана төменгі бағамен тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде.

Ауданда демографиялық өсім қалыптасуда. Орташа өмір сүру көрсеткіші - 69,5 жас. Былтыр 69 жас болған.

Жыл бойы ана өлімі тіркелген жоқ.

Нәрестелер өліміне байланысты; 2016 жылы - 2 бала өлімі орын алса, 2017 жылы - 3 бала өлімі тіркелді. Облыстық орта көрсеткіштен төмен.

Аудан тұрғындары арасынан ауруға шалдыққан сырқаттарды ерте анықтау үшін скринингтік тексерістердің жылдық жоспары 100 пайызға орындалды.

 

Мәдениет, спорт саласы

2017 жылы жүйелік кесте бойынша барлық жоспарланған мәдени – көпшілік іс шаралар толығымен жүзеге асырылды.

Аудандық мәдениет үйінің ауласына аббаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Мәдени-сауық орталығы мен ауылдық мәдениет үйлердің, саябақтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 34,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде;

- Ақадыр кентінде Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығына жиһаздар алуға;

8 мәдениет үйлеріне музыкалық аппаратура мен 7 ауылдық мәдениет үйлеріне сахна жабдықтар алуға;

11 ауылдық мәдениет үйлеріне 990 дана көрермен орындықтарын алуға;

- Аудандық мәдени-сауық орталығының өнерпаздарының сахналық киімін тіктіруге;

- Кітапханалар жүйесінің материалдық техникалық базасын нығайтуға.

Дәрия кентінде мәдениет үйін ашуға аудандық бюджеттен ғимарат сатып алынды.

Былтырғы жылы Өспен ауылының 170 жылдық, Ақадыр кентінің 80 жылдық мерейтойлары жоғары дәрежеде атап өтілді.

Биылғы жылы Елордамыз - Астананың 20 жылдығы, Бұқар жырау бабамыздың 350 жылдығы, Шортанбай Жыраудың 200 жылдығы және Шет ауданының 90 жылдығына байланысты ауқымды шаралар жүзеге асырылмақ.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында көпшілік іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде.

2017 жылы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі шығыс құжаттарында 100 пайызды құрады.

186 адам "Қазтест" жүйесі бойынша тестілеуден өтті, оның 20 қызметкері сертификаттық тест тапсырып, 17-і сертификатқа ие болды.

Латын әліпбиіне көшуге байланысты дажұмыс жүйелі түрде атқарылуда.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген Ақадыр, Дәрия кенттері және 5 ауылдық округтерде 47 көше мен 1 елді-мекен атауын өзгерту бойынша облыстық ономастикалық комиссияданбіздің ұсыныстарымыз қолдау тапты.

Ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар саны - 34,9 пайызды құрайды. (2016 жылы -33,2%)

Аудан бойынша 193 спорттық нысандар халыққа қызмет көрсетуде.

Кейінгі екі жыл ішінде елді - мекендерде үш көп салалы хоккей корттары орнатылды, 10 жасыл төсеніші бар спорт алаңдары, 12 балаларға арналған спорт алаңдары салынды. Аудандық орталық стадиондағы көрермендер отыратын орындықтар ауыстырылып, төбесі жабылды.

Биылғы жылы Сәкен Сейфуллин атындағы кентте облыстық бюджеттен бөлінген 369,0 млн теңгеге 160 орынды спорт кешенінің құрылысы басталды. Орталық стадионға жүгірушілер жолағы орнатылатын болады.

Ақадыр спорт мектебіне демеушілік есебінен боксшылар алаңы орнатылды.

Ақсу-Аюлы және Ақадыр спорт мектептеріне спортшыларды тасымалдау үшінбиыл екі газель автокөлігі сатып әперіледі.

Криминогендік жағдайға байланысты.

2016 жылмен салыстырғанда қылмыс тіркелуі 2,6  пайызға төмендеген, (191-ден 186-ға).Көшеде 11,0% (9-дан 8-ге), қоғамдық орындардағы қылмыс 4,8% өскендігі байқалады.

Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыс 55,0% (20-дан 9-ға), мас күйінде жасалған қылмыс 25,0% (32-ден 24-ке) төмендеп отыр.

2017 жылы аудан аумағында  барлығы 15 ауыр қылмыс тіркеліп, оның ашылуы 37,5 % құрады. Адам өлтірудің 3 фактісі тіркелген. Автокөлік ұрлау немесе алаяқтық фактілер тіркелмеген.

Учаскелік пунктердің материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында қызметтік жиһаздар мен құрал - жабдықтар алуға аудан бюджетінен 12,0 млн. теңге бөлінді.  

 

Жеке мәселелер бойынша қабылдау

2017  жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында  192 адам болды.

Оның ішінде 33 адам коммуналдық шаруашылық, 49 адам тұрғын үй, 47 адам жұмысқа орналасу, 8 адам әлеуметтік қорғау, 15 адам жер, 5 адам ауылшаруашылығы,3адам - деңсаулық сақтау және 4 адам - білім саласы бойынша.

Жұмыс сұраған 8 адамның жеке қабылдау барысында мәселелері шешіліп, жұмысқа орналастырылды.      

Үйлері апаттық жағдайда тұрған 4 отбасы уақытша үймен қамтамасыз етілді. Үйіне су кіргізіп беруді сұраған 2 азаматтың өтініші орындалды.

Қалған адамдарға қабылдау барысында тиісті түсініктемелер берілді.

 

Құрметті жерлестер!

Қорытындай келгенде тұрғындардың, әсіресе ардагерлердің, ел ағаларының қолдауымен, жергілікті және атқарушы биліктің бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында 2017 жылы көптеген бастамаларымыз жүзеге асты деп айта аламын. Оған дәлел, ауданымыз жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың 18 қала, аудандарының арасынан барлық саланың көрсеткіштерін есептей келе 3 орынға ие болды.

Бұл бәріміздің ортақ табысымыз!

Әрине, шешімін табуы тиіс күрделі мәселелер де әлі де жеткілікті.

Аудан әкімдігі атынан былтырғы жылғы атқарылған игі істер үшін барлық тұрғындарға ауданымыздың өркендеуіне қосқан үлестері үшін ризашылығымды білдіремін.

Алдағы уақытта сіздер мен біздер Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруда, Отанымызға деген патриоттық сүйіспеншілікті жоғары ұстап, бар күш-жігерлерімізді аянбай жұмсайтынымызға сенімдімін. Өйткені аудан тұрғындарының, мекемелер мен кәсіпорындардың, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтардың әлеуеті, мүмкіндігі де, ресурстары да жеткілікті.

 Назарларыңызға рахмет! 


Келулердің саны: 2821


Жоғары