print

Ақадыр кент әкімінің есеп беруі

...

          Құрметті  Марат Жандәулетұлы!

          Құрметті қонақтар, ақадырлықтар!

         Өткен 2017 жылдың маңызды оқиғасы – Астана қаласында өткізілген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтуі болды.. Бұл еліміздің соңғы жылдары іске асырып отырған негізгі ірі жобалардың бірі болып табылады.

           Сонымен қатар республика жұртшылығы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыруда аянбай еңбек етті. Ұлт көшбасшысының халыққа үндеуі игілікті дәстүр болғанын атап өту қажет, әрбір азаматқа қатысты және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қазіргі дүниежүзілік экономикада орын алып отырған дағдарыстан шығу себептері нақтыланған.

          Елімізде «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі қарқынды жалғасуда Қазіргі уақытқа маңызды Жоспардың 60-ы орындалуын тапса, қалғны ұзақ мерзімге орындалуы көзделген. Бұл дегеніміз қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне бастайтын жарқын жол екені әбден анық екеніне көзіміз жетіп отыр.

         Өздеріңіз білетіндей жыл басында, яғни 2018 жылдың 10 қаңтар күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын жариялады. Осы Жолдауында еліміздің дамуының 10 басты міндеттері белгіленіп отыр. 

          Құрметті қауым!

        Елді мекеніміздің экономикасының жетекші саласы болып табылатын теміржол торабының кәсіпорындары мен мекемелері кентіміздің инфраструктурасын дамытуға, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

        Кенттегі осы саладағы 13 кәсіпорын мен мекемелердің екі мыңнан астам теміржолшылары Мойынты - Балқаш және Саяқ станциялары, С.Сейфуллин – Дәрия - Қарағанды -Сұрыптау станциялары аралығында қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

         Кентіміздегі өңдеп өндіруші орта тұлға кәсіпорындар: «ЛокомотивТранс-2011», «Теміржолсу-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, доңғалақ жөндеу цехы және Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясының 2017 жылы өңдеп өндірген өнімінің көлемі 3 миллиардтан астам теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3 пайызға өсіп отыр.

         Өндірісті өңдеп өндірумен айналысатын кентіміздегі заңды тұлғалар болып саналатын шағын кәсіпорындарының, атап айтқанда - «Электржабдықтау» ЖШС-гі мен «Баспагер» өндірістік кооперативінің 2017 жылы шығарған өнімінің көлемі 78 млн теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсті.  

         Сонымен бірге, кентіміздегі ПС-500 КEGOК мекемесі, «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» АҚ-на қарасты «Атасу-Алашанькоу» бағытындағы   № 8 мұнайайдағыш станциясы мен «Ақадыр автокәсіпорыны» ЖШС-і де өз жұмыстарын абыроймен атқаруда. Бұл жерде бір қуанарлық жай – ол кентіміздің автокөлік мекемесінің биылғы жаңа жылдан бастап Ақжал кенішінен кен өнімін тасымалдауды бастауы. Біраз жылдардан бері кәсіпорын республикамыздың әрбір түкпірінен жұмыс іздеп келді. Оның өзі бірде болса, бірдей болмай біраз әуре-сарсаңға түскенін көпшілігіміз білетін болармыз. Қазіргі уақытта 8-9 КАМАЗ автокөліктері күнделікті кен тасумен айналысып отыр.

         Нан өнімін өндірумен айналысатын кенттегі шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер 2017 жылы 73 млн. теңге көлемінде нан өнімдерін шығарып, халыққа жеткізді. Бүгінгі күні әлеуметтік нан дүкендерде 70-75 теңге бағамен кент тұрғындарына сатылып отыр. Осы салада жеке кәсіпкер Аринов Алмаз  наубайхансының ғимаратын салуға 4 млн теңге жұмсаған болса, былтырғы жылы «Бастау бизнес» сертификаты арқылы несие алып,  Иран елінің 7 млн теңге тұратын арнайы жабдығына қол жеткізді. Енді кәсіпкерге тәулігіне 700-ден - 1 мың бөлке нанына дейін шығаруға мүмкіндік туды.

         Кенттегі барлық сауда орындарындағы азық-түлік тауарларының, жанар-жағармайдың бағаларының негізсіз көтерілуіне тиісті заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, жол бермеу жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп, негізгі талдаулар жасалынып отырылды.       

Кентімізде 305 шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс жасауда. Бұл салада еңбек жасайтын жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы 1 миллиард 482 млн теңгені құрап отыр. Осында жұмыс істейтін 980-ге тарта адамның әрқайсысына тауар айналымы 1,5 миллион  теңгеден келеді.

Жалпы кент бойынша шағын кәсіпкерлік саласына жататын нақты түрде жұмыс жасап тұрған 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен қоғамдар, 98 дүкен мен сауда-саттық орындары, 34 дүңгіршек, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз ететін 70-ке жуық такси (тіркеліп отырғаны 3-еу) мен 7 автобус, көмір тасымалын қамтамасыз ететін 7 ірі тоннажды автокөліктер (тіркелгені 3-еу),  2 ломбард, 3 сауда орталығы, оның ішінде 70 сауда нүктесі орналасқан. Нан өнімдерін өндіретін 3 жеке тұлға мен 1 ауылдық тұтыну кооперативі, 4 жанар-жағармай бекеттері, 7 шаштараз, 4 фотосалон, 5 дәріхана, 1 ветеринарлық аптека, 13 монша, аяқ-киім жөндейтін шеберхана, ағаш шеберханасы, 3 жұмсақ мебель жасап шығаратын шеберханалар, 6 тігін шеберханасы, 7 автожуу, автошина, автокөлік жөндеу цехтары және 22 қоғамдық тамақтандыру орындары, жүн жинаумен айналысатын бір жеке тұлға мен ірі қара малды ұрықтандырумен айналысатын бір жеке тұлға жұмыс жасауда.

Былтырғы жылы жеке кәсіпкер Шөпенов Нұрман  сметалық құны 25 млн теңге тұратын жаңадан 300 адамға арналған «Қыпшақ» тойханасын халық игілігіне пайдалануға берсе, жеке кәсіпкер Қойманова Аида тұшпара   (пельмен) жасап сататын сауда орнын ашты. Кент тұрғыны Құрманбаева Әлия 10 млн теңге жұмсап, азық-түлік дукенін жаңадан салып тапсырды. Ірі кәсіпкерлік нысанның бірі болып Әуесбаева Галина пайдалануға берген мал бордақылау алаңы болып табылады. Мұнда қазіргі уақытта 39 ірі қара малы бордақылануда және үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында халыққа ет өнімі ретінде сатылатын болады. Жалпы осы нысанды салуға 11 200 мың теңге жұмсалды, 3 жаңадан жұмыс орны ашылды.

Жеке кәсіпкер Амирова Гүлмира бір мезгілде 40 адамға қызмет көрсететін «Каспий» атты жаңа моншаны пайдалануға берді. Нысанның жалпы құны 10 млн теңгені құрап, 3 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

Өткен жылда кәсіпкерлердің күшімен осы салаға 56 200 мың инвестиция қаражаты құйылды. 

         Есепті жылда Шет аудандық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау» бизнес-бағдарламасы негізінде Ақадыр кентінде арнайы оқу ұйымдастырылды. Аталған оқуға 37 кент тұрғыны тізіліп, республикалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сертификатына ие болды. Сертификат иегерлерінің ішінен Бидолда Амантай, Бекмұрзина Гүлмира, Айғырова Құралай, Өкіметхан Қарлығаш, Өтепов Ақжол, Жасимова Күләнда, Омарова Айнұр, Салықова Зәуреш жеңілдетілген пайызбен «Ауылшаруашылығын қолдау қорынан» барлығы 20 млн теңге несие алып, кәсіптерін кеңейтуге, мал өсіруге жұмсап отыр.

          Елді мекенімізде орналасқан басқа да мекемелер мен кәсіпорындарда бір мыңнан астам жуық адам еңбек етеді.

Кент аймағы бойынша мал өсірумен және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен бүгінгі күні 48 шаруа қожалықтары айналысады. Олардың үстіне өткен есепті жылда бүгінгі уақыт ағымының талабы бойынша «Ақадырагроөнім» және «Ақсарылы» атты 2 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды, құрамдарына 59  адам бірікті. Құрылған кооператив мүшелері «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ы арқылы «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» есебінен 6 пайызбен 32 млн теңге несиеге қол жеткізіп, 155 ірі қара малын өсіруде. «Ақадырагроөнім» кооперативі (төрағасы Молдашурин Бауыржан) 22 млн теңге тұратын арнайы жабдығын сатып алып, мал сою бекетін салу үстінде.

Өткен жылы сиыр, қой етін өндіріп отырған «Құсайын» (жетекшісі Сметов Мәулен), «Сержан» (жетекшісі Жақыпбеков Сержан), «Жасұйым» (жетекшісі Бидайбеков Сағындық), «Қанат» (жетекшісі Боранқұлов Кеңес), «Ақсораң» (жетекшісі Шәтеков Аждар) шаруа қожалықтары мемлекет есебінен субсидия алып келді.

Шет ауданы әкімінің 440 мың теңгелік қайтарымсыз грантына ие болған кент тұрғыны Түсіпова Гүлзат 150 бройлерлік тауық сатып алып, халықтың тұтынуына күнделікті 120-130 жұмыртқа өнімін ұсынуда. Келешекте оның кәсібі дамып 250 тауыққа дейін жеткізу жоспары бар.

2017 жылдың 1 қаңтарының санағы бойынша кент көлемінде 4 405 ірі қара, оның ішінде 2 305 аналығы; 13 010 қой малы, аналығы 8 244; 2 066 ешкі малы, аналығы 1 728; 2 231 жылқы малы, аналығы 1 324; 3 541 құс, аналығы  3317 өсіріліп отыр. 

 Жалпы ауылшаруашылық саласында 300-ге тарта адам еңбек етіп, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 3,6 пайызын құрайды.

Шаруа қожалықтарына мал басын көбейту, асылдандыру, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, басқа да қажеттіліктер үшін тікелей арзандатылған пайызбен қаржылық көмек беру үшін кентте «КТ Ақадыр» құрылымы жұмыс атқарып, бүгінгі күні осы серіктестікке 20 шаруа қожалықтары құрылтайшы болып кіріп, қажетті көлемде несиелерін алуда. Бұлардың арасында кентіміздің шаруа қожалықтары да бар.

         2017 жылы ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің көлемі 405 млн теңгені құрап, алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға жоғарылады.

         Кент тұрғындарының бау-бақша өсірумен шұғылдануына жеке кәсіпкер Холодов Виктор Васильевич басқаратын «Мечта» қоғамдық бірлестігі қомақты жұмыс атқарып, 4,2 гектар жерге 42 отбасы  картоп өнімін егіп, әрбір огород иелері орта есеппен 30-35 қаптан өнімдерін жинап алды. Картоп өнімі әрбір гектардан 1,5 тоннадан айналды.  

Елбасымыз өзінің Жолдауында міндеттелгендей, биылғы жылдың басынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар,  ауыл, кент әкімдіктері жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуде. Салықтық және салықтан тыс  басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты жергілікті бюджетке беріледі. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру мен пайдалану» қағидаларына сәйкес кентіміздің 61 көшесінде жиындар ұйымдастырылып, онда жалпы елді мекен бойынша 700 адам қоғамдастық мүшелері болып сайланды. Сол сайланған адамдар арасында 3 мәрте жиындар өтіп,  71 адамнан тұратын жергілікті қоғамдастық құрылды.

Жақын арада жаңадан құрылған қоғамдастықтың алғашқы жиыны өтіп, құрылымның атқаратын шаралары белгіленді. Бүгінгі таңда осы аталған шаралар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықты тартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық саласы бойынша былтырғы жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалардан  143 өтініш түсіп, аудандық жер қатынастары  бөліміне және аудандық сәулет бөліміне жолданды.  Заң талаптарына сай құжаттары рәсімделді.

        Жер телімдерін рәсімдеу үшін барлығы 105 өкім дайындалды, 17 кіріс құжаттарына заң талаптарына сай жауап берілді.                .

        2017 жылы  6 тұрғын үй құрылысы салынып, пайдалануға  көлемі   533,5 шаршы метр, жалпы құны 44 млн 450 мың теңге  болатын тұрғын үй құрылысы қабылданды.

        ХҚКО арқылы түскен жалпы саны 56 өтініш ҚР жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес құжаттары заң талаптарына сай жасалып уақытылы жіберіліп отырды. Бүгінгі күнге 7 адам құрылыс салу үшін жер телімінің құжаттарын қолына алып, әділет бөліміне тіркеді.  

        Тәуелсіз Қазақстан көшесі, № 24 үйдің  құжаттары толығымен рәсімделіп мемлекеттік активтер арқылы қабылданып әділет бөліміне тіркелді.

Кент көлемінде абаттандыру, көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары бойынша біршама жұмыстар атқарылып отыр. Атап айтқанда:

Өткен жылы облыстық бюджеттен кенттің қолданысындағы қатты- тұрмыстық  қалдықтар полигонын жайластыру (полигонды қоршау және рекультивациялау) жұмыстарына 4 927 мың теңге бөлініп, ойнатылған тендерді ЖК «Жанбыршиева Толғанай Ратжановна» ұтып алған болатын. Аталған жұмыстар толығымен атқарылды.

Т.Мұсахметов атындағы көше бойына түнгі жарық шамдарын орнатуға 4 713 мың теңге бөлініп, мердігерлік жұмыстарын Қарағанды қаласының «Энергия-17» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып шықты. Аталмыш көшеге түнгі 65 түнгі жарық шамы, оның ішінде 18 жаңадан бағана  қойылды.

Сонымен бірге жарықтандыру шаралары бойынша Пекарская, Почтовая, Московская, Рабочая, К.Оспанов, С.Оразаев атындағы көшелеріне 4 млн теңге бөлініп, 60 түнгі жарық шамы қойылды, жұмыстарын ЖК «Айета» атқарды.

Шет ауданының бюджетінен Ақсу-Аюлы-Ақадыр автожолының кіреберісіне тастұғыр орнату жұмыстарына 2 610 мың теңге бөлінді. Мердігерлік шараларды Қарағанды қаласының ЖК «Жұмабай» атқарды.

Кент әкімдігі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 млн теңге бөлініп, электронды сатып алу әдісімен жеңіп алған «Ақадыр Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарын атқарып шықты.

Елді мекендегі кентішілік автомобиль жолдары мен тротуарларды қардан тазалау және шығару шараларына 1 млн теңге бөлінді. Осы жұмыстарды тендерді ұтып алған жергілікті жеке кәсіпкер Ибраев Шынболат Жұмағұлұлы атқаруда.

Кенттегі Абай даңғылындағы, Тәуелсіз Қазақстан, Ж.Қыздарбеков, С.Мұхамеджанов көшелерінің тротуарларын және көшелерді қардан тазалау және шығару шараларын мердігер ретінде 2 млн теңге шеңберінде ақпан-наурыз айларында  Ақадыр кентінің ЖК «Айгета» атқаратын болады.

Өткен есепті жылда Ақадыр кентінің өзін-өзі басқарудың шоты есебінен де біршама қаржы бөлінді.

Атап айтқанда, елді мекеніміздің Тәуелсіз Қазақстан көшесінің бойына салынған қуғын-сүргін құрбандарына арналған монументке 5 350 мың теңге қарастырылып, мердігерлік шараларды жергілікті «Ақадыр Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі абыроймен атқарып шықты.

Кенттегі И.А.Колбасин атындағы көшеге кіші сквер орнатуға, абаттандыру шараларын жүргізуге 2 млн теңге бөлініп, мердігерлік шараларды тағы да «Ақадыр Сәулет» ЖШС-і атқарды.

Кентішілік көшелерге қиыршық тас төгіп, ой-шұңқырларды тегістеу жұмыстарын 5 350 мың теңгеге мердігер «Ақадыржылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындады. Бұл жерде К.Оспанов, Е.Мәдиев, Ә.Молдағұлова атындағы, Мир көшелеріне және М.Мәметова атындағы мектепке апаратын жолдарды тегістеуге жұмсалды.

Кенттің көшелеріне электр жарығын орнату жұмыстарына 2 960 мың теңге бөлініп, электронды сатып алу жүйесімен жеңіп алған «Электржабдықтау» ЖШС-і Ж.Тұяқов, С.Мұхамеджанов, А.Абдрахимов атындағы көшелерінің жарық шамдарын жаңартып, Мир, Деповская көшелеріне   20 жарық шамын  орнатып қойды.

Ақадыр кенті және теміржол торабының 80 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару есеп-шотынан 940 мың теңге қарастырылып, аталған сома логотип, баспа өнімдерін дайындау, баннер, кермелерді жасау және ауыстыру, мерекеге орай көшелерді, скверлерді, теміржол саябағын шармен, декоративті светодиод жарықтарымен безендіру, мәдени-көпшілік және спорттық жарыстарды ұйымдастыруға жұмсалды.

Санитарлық тазалық шаралары бойынша кент ішінде көктемгі «екіайлық», күзгі «бірайлық», «сенбіліктер», «таза бейсенбі» шаралары өз мәнінде өткізіліп отырды.

Кент ішінде тұрмыстық-қатты қалдықтарды шығарумен «ТеміржолсуСервис» және «Электржабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысып келеді. «Электржабдықтау» серіктестігі жылдан-жылға арнайы механикаландырылған техника алып  материалдық базасын нығайтуда. Көшелердегі қоқысқа арналған қораптар кент сыртындағы полигонға шығарылып отырады.

Кент әкімдігі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған республикалық бағдарламаларды орындауда біршама жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту» бағдарламасының орындалысы бойынша 2017 жылдың басынан жұмыссыздар есебіне тіркелуге  243 адам өтініш білдіріп, олардың ішінен 202 адам жұмысқа орналасты. Солардын арасынан ақылы қоғамдық жұмысқа 150 адамға сұраныс беріліп, барлығы толықтай қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 13 адам алты ай мерзімге жұмыс істеп, оның 4 адамы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. ІІ–топтағы 1 мүгедек адам кенттегі саябақтар әкімшілігіне тұрақты  жұмысқа орналасты «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 5 адам бір айлық жұмысқа тартылды.

           «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 18 жеке кәсіпкер қажетті көлемде  арзандатылған несиелер алып, шағын кәсіпкерліктерін жандандырып, ұлғайтты.

           «Дипломмен–ауылға» бағдарламасы көптеген жастардың жұмысқа орналасып, ауылдық жерлерге қоныстануына өз септігін тигізуде. Кенттегі әлеуметтік саланың мекемелеріндегі 30 маманның әрқайсысы 158 830 теңге көлемінде бірреттік көтерме жәрдемақысын алса, 8 маманның әрқайсысы  3 млн 403 мың теңге көлеміндегі қаражатқа үй,  пәтер иелері атанды.  

  «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы қаражаттың бөлінбеуіне байланысты жаңадан үй салынбады. 2018 жылдың 1 қаңтарына үй, пәтерге мұқтаж адамдардың саны 304-ке жетіп отыр. Осы мәселе бойынша, былтырғы жылдың жаз айында елді мекенімізге жұмыс сапарымен Қарағанды облысының әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы келгенде халық тарапынан Тәуелсіз Қазақстан көшесіндегі 70-пәтерлік бесқабатты үйді қайта қалпына келтіруге көмек беру сұралған болатын. Халықтың сұранысы өңір басшысынан қолдау тауып, былтырғы жылдың аяғына қарай облыстық және аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, конкурс жарияланды. Бүгінде осы нысанның мердігері болып Қарағанды қаласының «Жұлдыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды. Аталған серіктестік биылғы жылы құрылыс жүмыстарына кіріскелі отыр.

Сонымен бірге осы көшедегі бұрынғы локомотив депосының жатақханасына да аудан тарапынан сараптама жасауға 1,5 миллион теңге бөлініп, ғимаратты қайта қалпына келтіруге болатыны туралы шешім қабылданды. Келесі кезекте осы нысанды  тұрғын үй санатына жатқызып, сметалық-жобалау құжаттарын дайындап, облыстық бюджет арқылы жеткілікті қаражатты алу мәселесі тұр.

         2008-2010 жылдары бұрынғы «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде кенттің орталық магистралды су құбырына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп игерілген болатын. Одан соң, 2011 жылдан бастап Үкімет тарапынан жаңа талаптар қоюлуына байланысты су құбырларын тарту үшін ұңғымаларға мемлекеттік сараптама жасалып, сметалық – жобалау құжаттарына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келді. Сол себептен су тарту шаралары уақытша тоқтатылған болатын.

         Аталған шаралар аяқталған соң, өткен 2017 жылы республикалық бюджеттен 118 млн теңге бөлініп, № 8А ұңғымадан ықшамауданындағы су жинайтын башняға тікелей жаңадан су құбыры тартылды. Бұл дегеніміз, мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлерге ауыз суды үздіксіз және молымен беруге үлкен ықпал жасайтыны белгілі. Құбыр тарту жұмыстары күзгі суыққа ұрынғандықтан, оны толық аяқтау шаралары алдымыздағы мамыр айына қалдырылып отыр.

         Ал енді, елді мекеннің екінші жартысы жаңадан бекітілген «Таза су» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен кентіміздегі теміржолдың арғы қабатына 2018-2019 жылдарға 400 млн теңге беріліп отыр. Биылғы жылы 206 млн теңгенің жұмыстары атқарылады деп күтілуде.

         Осы жерде ерекше атап өтетін бір жағдай туындайды. Республикалық бюджеттен қаражат алу оңайлықпен келмейді. Ол үшін облыс әкімдігі мен басқармаларының, Министрліктер мен республикалық Комитеттердің алдына өзекті мәселелерді қоюды, әрбір нысанның керектігін жеткізе білуді қажет етеді.  «Таза су» бағдарламасы бойынша кентімізге қаражаттың бөлінуіне үлкен ықпал жасаған, табандылық пен жігерліктерін көрсете білген жерлесіміз, Қазақстан Республикасының Парламенті – Сенатының депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақбарұлына және Шет ауданының әкімі Жандәулетов Марат Жандәулетұлына кент тұрғындары атынан зор алғысымды білдіргім келеді.

         Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Абай даңғылы, Ж.Қыздарбеков көшесі және ықшамауданның 10 үйлерінің тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар келісімін беріп, қажетті техникалық құжаттары толығымен дайындалды.

            Елді мекенімізде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  іске асуда. Жылдық жоспар бойынша әр айда аурулардың түрлеріне байланысты – «онкүндіктер», «айлықтар» шаралары өткізіледі. Дәрігерлер жоспар бойынша 182 дәріс өткізсе, медбикелер 32 560  сұхбат жүргізді.

         Мекемеде 21 дәрігер қызмет етеді. Былтырғы жылы жұмысқа 3 жас маман стоматолог, терапевт, жалпы тәжірибе (ВОП) дәрігерлері болып орналасты. Дегенмен әлі де акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог мамандары жетіспейді.

         Аурухананың материалдық базасы да нығайтылуда. Жыл бойы 11 млн теңгеге ИВП аппараты, 8 млн теңгеге УЗИ аппараты алынды. Биылғы жылы флюрографиялық аппараты мен жедел жәрдем көлігі алынады деп күтілуде.

         Аурухана жанынан былтырғы жылдың басынан бастап мемлекеттік әлеуметтік дәріхана жұмысын атқарып келеді. Аталған дәріханада дәрі-дәрмектің 800 түрі сырқаты бар халыққа қолжетімді арзан бағамен сатылады. Диспансерлік есепте тұрған науқастардың препараттары осы дәріхана арқылы беріліп отыр.

2017 жылы кент көлемінде құқық бұзушылықтың алдын – алу мен қылмысқа қарсы күрес, сыбайлас – жемқорлық, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің аумақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқарылды.

Есепті жыл ішінде кенттік полиция бөлімшесі қылмыстық оқиға туралы 113 хабарлама тіркеген.  Оның ішінде 54 оқиға - сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестрына тіркелсе, былтырғы жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 оқиғаға (2016 жылы – 56 оқиға) кеміген, яғни 3,4 пайызға төмендеген. Барлығы 54 қылмыстық іс бойынша тергеу-тексеру амалдары жүргізілген. Оның ішінде 30 іс ақталмайтын негізде қысқартылған, 15 іс сотқа жолданған, 3 іс ашылмай тұр, 6 іс өндірісте.

         Жалпы тіркелген қылмыс істері бойынша орташа және ауыр дене жарақатын салу түрінен 7 оқиғадан 6-ға, бұзақылық түрінен 3-тен 2-ге, алаяқтық жасау түрінен 6-дан 5 оқиғаға кеміп отыр. Алайда,  бөтен мүлкін ұрлау 17 оқиғадан 18-ге, зорлау түрінен 1-ден 2-ге, жол-көлік оқиғасы бойынша 3-тен 4 оқиғаға көбейген.

Кент аумағында 4 учаскелік полиция инспекторлары мен 2 учаскелік инспектордың көмекшілері қызмет жасайды.

Ақадыр кенті әкімдігі кенттік полиция бөліміндегі учаскелік инспекторларының қызметі алға басу үшін материалдық базасын нығайтуға көп көңіл бөлуде. Биылғы жылы оларға 730 мың теңге мөлшерінде офис жиһаздары алынып берілді. Алынған жабдықтар қатарында сейфтер, факс-телефондар, стол – орындықтар, шкаф, киім ілгіштер бар. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларына 764 мың теңге көлемінде компьютерлер, принтерлер, ұялы телефондар қоятын сейфтер, тағы басқа заттар алып беруге жұмыс жасалуда.

  Соңғы екі жылда кенттегі құқық бұзушылық пен заңға қайшы әрекеттерді азайту мақсатында кент бойынша 27 көшеге барлығы 480 жарық нүктелері қойылды. 

         Қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында елді мекендегі теміржолшылар саябағына, ықшамауданындағы кіші саябаққа 2,5 млн теңге бөлініп, бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Осындай шаралар кенттегі Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейіне, Ә.Ермеков атындағы жалпы білім беру тіректі мектебіне, М.Мәметова атындағы жалпы білім беру орта мектебіне, «Нұршуақ» балабақшасына, «Балбөбек» бөбекжайына, Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының Мәдениет үйіне де жасалды. Алдағы уақытта кент әкімдігі тарапынан халық көп жүретін жерлерге, яғни кенттің орталық көшесі – Абай даңғылының, Тәуелсіз Қазақстан көшесінің бойларына осындай  бейнебақылау камераларын қою жоспарланып отыр.

         Қазақстан Республикасының діни бостандығы жөнінде заңнамаларға сәйкес кент көлемінде тіркелген үш діни бірлестіктері жұмыс атқарады. Атап айтқанда, кенттегі мұсылман мешіті, Інжілдік христиан баптистерінің «Преображение» және Христиан миссионерлерінің «Грейс» шіркеулері. Аталған діни бірлестіктер заң  талаптарына сай жұмыс жасап отыр.   

         2017 жылы мұсылман мешіті  өз тарапынан көптеген шаралар атқарды. Мешіттің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыздың (Мұхаммед с.ғ.с) туған күні – Мәуліт мерекесін өткізу жылдағы дәстүрге айналған.

Сонымен қатар, мешіт жанындағы діни сауат ашу кіші медресесі біраз жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Онда оқыған көптеген шәкірттер Құран оқу бойынша сауаттарын ашады. Кенттегі мектептермен де тығыз жұмыс жасалып «Отан қорғау Иманнан», «Ислам бейбітшілік діні» және керітартпа «Хизбут - Тахрир» ағымдары жайында мектеп басшыларымен келісіліп арнайы ашық сабақтарында уағыз – насихат айтылып отырады.

Ораза айында, Құрбан айт күндері мешіт атынан жағдайсыз отбасыларға, жетім -  жесірлерге демеушілер арқылы көмек көрсетіліп садақа  таратылды.

         Жылдан-жылға елді мекендегі білім ошақтарының дамуына да көп көңіл бөлінуде. Кент аумағындағы 1 мектеп-лицейде, 2 орта мектепте және 1 бастауыш мектепте 1815 оқушы білім алуда.

         Өткен жылы Ә.Ермеков атындағы тіректі мектебінің медициналық кабинетін жөндеуге 600 мың, спорт тауарларын алуға 220 мың, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 500 мың, технология кабинетін жабдықтауға 1 млн 700 мың теңге бөлініп, жұмыстары атқарылды.

         Мектептерге жыл сайын материалдық базасын нығайтуға бюджет арқылы қаражаттар бөлінуде. Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейіне спорттық тауарлар алуға 220 мың, линолеум алуға 628 мың теңге бөлінді.

         М.Мәметова атындағы  мектебіне пантус орнатуға, медициналық кабинетті жөндеуге 800 мың, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 млн теңге бөлінді. Соңғы сома мектеп асханасының жөндеу шараларына жұмсалды (пластик терезелер, сахна орнату, төбесін тегістеу).

         Кенттегі мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, Ә.Хасенов атындағы өнер мектебі оқушыларға мамандық алуға, музыкаға баулуға көп еңбек сіңіруде. Есепті жылы өнер мектебіне аудан бюджетінен 4 млн теңге қаражат бөлініп, кітапхана ғимаратының екінші қабатына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал енді, С.Сейфуллин атындағы модульдік кітапханаға кітап алуға 300 мың теңге бөлінсе, сонымен қатар 1 компьютер, принтер, 1 телевизор алынды.

Кентіміздегі  мектепке дейінгі мекемелер «Балбөбек» бөбекжайы мен «Нұршуақ» балабақшасы жас жеткіншектерге тәрбие, білім беруде зор үлестерін қосуда.

Кент бойынша бұқаралық спортты дамытуға үлкен назар аударылады. Атап айтқанда, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жас ұрпақты шымыр етіп тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттауда мақсатты жұмыстар жүргізуде. Аталған мектепте спорттың 8 түрімен 600 бала шұғылданады. Мектеп түлектері халықаралық жарыстарда топ жарып, облыс, республиканың құрама командасы сапында өнер көрсетуде. 2017 жылдың рейтингілік көрсеткіштерімен балалар және жасөспірімдер спорт мектебі Қарағанды облысы бойынша ІІ-ші орынды жеңіп алды.

         Осы жерде тағы бір қуанарлық жағдай бар. Өздеріңізге белгілі жерлесіміз, ірі кәсіпкер, республикаға белгілі меценат, «АСТАНА GROUP» компаниясының президенті Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы кезекті жомарттығын танытып спорт мектебіне 2 млн 700 мың теңгенің бокс рингін сыйламақшы. Қазіргі уақытта қаражаты тиісті жерге аударылып, жабдықты жеткізу жол үстінде. Бұл игілікті шара жас спортшыларға да, олардың ата-аналарына да шексіз қуаныш сыйлататыны белгілі.

Кентте жыл сайын дәстүрлі түрде дзюдодан «Астана–Моторс»  компаниясының жүлдесі үшін халықаралық турнир, самбодан Жарылғап батыр атындағы халықаралық турнир, футболдан Тілеубай Жұматаев атындағы облыстық турнир  және қазақ күресінің ардагері Серік Мамашев атындағы республикалық жарыстар өз деңгейінде ұйымдастырылып отырады.

Жақын арада кентімізде шаңғы мен коньки тебуден мекемелер мен оқушылар арасында кішігірім спартакиада өтіп, демеушілік шарларын «Ақадыр кенті кәсіпкерлер ассоцияциясы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Ығытай Қайырберлі Түсіпұлы) атқарды.

Кент спортшылары қысқы және жазғы «Сары-Арқа-2017» аудандық спартакиаларында командалық есепте ең алдыңғы қатарында көрініп жүретін болса, облыстық спартакиаларда көптеген спорт түрлерінен жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Елді мекенімізде мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өз мәнінде ұйымдастыруға қатты көңіл бөлінеді. Өткен жылы Наурыз мерекесі күні теміржолшылар саябағы мен теміржол вокзалы аралығына кәсіпорын, мекемелер ақшаңқан киіз үйлер тігіп, көпшілік үшін мерекелік концерт, ұлттық ойындарының сайыстары ұйымдастырылды. Жыл сайын аталып өтетін «Қымызмұрындық» мереке-жәрмеңкесі де сыртта қалмады.

 Елбасының Жарлығымен белгіленген «Отбасылар күні», «Еңбек күні», Қарттар күні де жақсы дәрежеде мерекеленді. Сонымен бірге Ақселеу Сейдімбекті, Шабал Бейсекқызын еске алуға арналған әдеби-сазды кештері де өз деңгейінде ұйымдастырылды.

        Әсіресе, Ақадыр кенті және теміржол торабының 80 жылдық мерейтойы кент бойынша кең көлемде аталып өтті. Теміржол саябағындағы стадионда салтанатты ашылу шараларының соңынан театрландырылған көрініс, өнер жұлдыздарының концерті,  мәдени және спорттық шаралар, ат бәйгесі өткізілді. Мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне кентіміздің көптеген мекеме басшылары, жергілікті кәсіпкерлер көп көмектерін тигізді. Мерекені өткізуде қол ұшын созған адамдарды салтанатты жиналыста Алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен халық көзінше арнайы марапаттаған болатынбыз.

          Мерейтой қарсаңында «Туған жер» бағдарламасы негізінде «Электржабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшысы Серіков Амандық Жұмаханұлы) демеушілік танытып, өздерінің қаражат есебінен И.А.Колбасин атындағы көшесіне 3 млн теңге түратын  балалар ойын алаңын салып берді. Сонымен бірге салынған алаңды күтіп, ұстауды мойындарына алып отыр.

          Ақадыр айналым депосының (басшысы Махмұтов Азамат Имлисұлы) ұжым мүшелері бірлесіп теміржолшылар саябағының кіреберісіне 600 мың теңге қаражатқа «Мен Ақадырды сүйемін» атты инсталляциясын орнатты.

          Осы мінберді пайдалана отырып, кентіміз және теміржол торабының мерейтойын жоғары деңгейде өткізілуіне үлкен ұйымшылдық көрсетіп,  атсалысып,  аянбай еңбек еткен мекеме басшыларына, жергілікті кәсіпкерлерге тағы да зор алғысымды айтқым келеді.

Кент халқының есінде ерекше орын алған  теміржолшылар және Ақадыр күні мерекелік шаралары жыл сайын жалғасын табуда. Былтырғы жылы теміржолшылар саябағында 10 теміржолшы номинациялар бойынша жиналған халық алдында үлкен марапатқа ие болды. Шаралар соңы сырттан шақырылған өнер жұлдыздарының мерекелік концертімен және от шашу феерверкімен жалғасты.

Аталған шаралардың жоғары деңгейде өтуіне кент әкімдігімен біріге отырып Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы үлкен еңбегін сіңірді.

Кент әкімдігі аз қамтылған отбасыларына көмек беріп тұруға басты назарын аударады. Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері әр тоқсанға орта есеппен 46 аз қамтылған отбасындағы 182 адамға 8 миллион 018 мың  теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін жәрдемақы 174 балаға 3 миллион 664 мың теңге төленді.  2016 жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек беру 12 отбасына, жәрдемақы алатын балалардың саны 23 адамға азайып отыр. Тұрғын-үй жәрдемақысын 8 отбасы 79 мың теңге көлемінде алып келді.

 Бүгінгі күнге республика бойынша кедейшілік деңгейі 9 606 теңгені, азық - түлік себеті бір адам басына шаққанда 14 408 теңгені құрайды.

Есепті жылда кент әкімдігіне заңды тұлғалардан 6 өтініш, жеке тұлғалардан 95 өтініш, жеке қабылдау барысында 100 өтініш түсті. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес барлық өтініштер қанағаттандырылды.

2017 жылдың қаңтар айында кент әкімінің кент тұрғындары алдындағы есеп беру-кездесудің барысында 13 сұрақ пен ұсыныс түскен болатын. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға,  денсаулық сақтау мәселелеріне, қоғамдық тәртіпке,  кәсіпкерлік пен ауылшаруашылықты дамытуға, коммуналдық жағдайлар мен инженерлік инфрақұрылымдар жұмыстарына байланысты көтерілген. Айтылған сын-ескертпелердің 10-ы орындалысын тапты.

Шешімін таппаған мәселелердің ішінде «Қазпошта» торабы мен кенттік кітапхана ғимараттары айналасының қоршауын айырбастау болды. Осы мәселе бойынша былтырғы жыл басында «Қазпошта» басшыларына сұрау салынған. Облыстық мекеме басшылығы атынан 2018 жылдың бюджетіне қоршау орнату шаралары көзделіп отыр деген жауабы беріліп отыр. Ал, кітапхана ауласын қоршау жөнінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы қаражат бөлінуі керек.

Екінші мәселе мұражай ашу туралы. Осы жөнінде жан-жақты жұмыстар жүргізілді. Кенттік кітапхана ғимаратының екінші қабатында 200 шаршы метр құрайтын 3 бөлме дайындалды. Жылуы, жарығы, басқа да коммуникациялары шешілген. Енді бастапқы кезеңде Шет аудандық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы ретінде санат бірлігін алып, ұйымдастыру шараларын бастауымызды қажет етеді. Облыстық мұражайдың мамандарынан  кеңес алғанымызда теміржол саласының тарихын көрсететін мұражай негізінде ашуға мүмкіндігіміз мол. Ол үшін өзара келісім бойынша «ЛокомотивТранс-2011» мекемесінің мұражайындағы жәдігерлердің біразын көшіруімізге тура келеді. Керекті нысанымыз ашылған соң басқа да салаларды қамтуға әбден болады. Осы тұрғыда Марат Жандәулетұлы, Сізден және аудандық мұражайдың басшылығынан мәселені түбегейлі шешуге ықпал жасап, нақты көмек берулеріңізді сұраймын.

Жылдағы есеп беру жиналысында көтерілетін, күн тәртібінен түспейтін  тағы бір мәселе бар. Ол көшелердегі иесіз жүрген, қаңғыбас иттердің мәселесі. Жылдың кейбір мезгілдерінде олардың саны көбейіп, көшеде жүрген балаларға, тіпті ересек адамдарға да шабуыл жасайтын оқиғалар жиі кездесіп тұрады. Үлкен-кішіні қауып алған фактілері орын алып жү


Келулердің саны: 2112


Жоғары