print

Ақтоғай ауданында «Допты хоккейден» ардагер спортшы Жеңіс Қорабаевты еске алуға арналаған XV аудандық ашық турнирі

...

Ақтоғай ауданында өткен жарыс

 Ақтоғай ауданында  «Допты хоккейден» ардагер спортшы Жеңіс     Қорабаевты еске алуға арналаған  XV аудандық ашық турнирі өтті. Жарысқа  Ақтоғай ауданы,  Сары шаған кенті, Ақтоғай Агро техникалық колледжі, Қызыларай ауылдық округі, Кешек ауылдық округі, Шет ауданы Ақадыр кенті командасы қатысты, барлығы  7 команда қатысты. Біріншілік 2018 жылдың 3-4 ақпан күні Ақтоғай ауылындағы хоккей кортында өтті. Тікелей біріншілікті өткізу Ақтоғай  ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі өткізеді.

Жеңімпаздармен жүлдегерлер Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және                 спорт бөлімінің арнайы  медальдармен,  кубогымен, грамотасымен  және              командалық 1,2,3 орын алған командаға бағалы сыйлықтар мен ақшалай марапатталады.

1-орынды Шет ауданы Ақадыр кенті командасы жеңімпаз атанды, 2-орынды Ақтоғай Агро техникалық колледжі, 3- орынды Сарышаған кенті командасы иеленді. Үздік шабуылшы атағын Дүйсенбеков Жетпіс Ақадыр кентінің ойыншысы алды.

 

     

 


Келулердің саны: 1983


Жоғары