print

2017 жылы әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі

БЕКІТЕМІН

         Шет ауданының әкімі

        М.Жандәулетов

        

ІС-ШАРАЛАР

Айтылған ескертулер/

ұсыныстар (автор, мекенжайы)

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

Жауапты

Орындалысы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

 

Шет ауданы

1

Аудан орталығындағы интернат мектептерге алыс орналасқан. Балалардың мектепке баруына өте қиын болуда, сол себепті мектептің жанына интернат салынса?

К.Жүністегі - Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны

Жаңа интернат салуға жобалау-сметалық құжаттар дайындау, қажетті қаржыға бюджеттік сұраным әзірлеу

(2017 жыл, қараша)

М.Мұхтаров

А.Әбілдин

Е.Смағұл

С.Мұсағұлов

Аудан орталығында 150 орындық интернат ғимаратын салуға жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін биылғы жылдың қыркүйек айында аудандық бюджеттен 10 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Нысан құрылысының жобалау-сметалық құжаттары 2018 жылдың мамыр айына дейін дайын болады.

 

2

Ақсу - Аюлы ауылының Құмжон көшесіне ауыз су құбырын тарту мәселесі шешімін тапса?

Ақсу-Аюлы ауылы Құмжон көшесінің тұрғындары

Жаңа ауыз су құбырын тартуға жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және бюджеттік комиссияға қажетті қаржы көлемін көрсете отырып сұраным жолдау

(2017 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

С.Мұсағұлов

Б.Арыстанбеков

Ақсу - Аюлы ауылының Құмжон көшесіне су құбырын тарту үшін аудандық бюджеттен 20 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні Құмжон көшесіндегі үйлерге су құбырлары тартылып, негізгі су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталады.

 

3

Ақжал кентіндегі № 5 көп қабатты тұрғын үйдің апаттық жағдайы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар үйіне қашан қоныстанады?

Ақжал кенті № 5 тұрғын үйдің тұрғындары

 

"Нова Цинк" ЖШС-гінен әлеуметтік жауапкершіліктің келісім шарты арқылы аппаттық жағдайдағы көп қабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына қаржы бөлдіруге жұмыс жасау. Тұрғындарды жөндеу жұмыстарын аяқтап, қоныстандыру

(2017 жыл, маусым)

М.Мұхтаров

С.Мұсағұлов

М.Молыбаев

Кенттегі апаттық жағдайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі негізгі құрылымы аудандық бюджеттен бөлінген 32 млн. теңгеге қалпына келтіріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. барлығы 77 отбасы 303 тұрғын мерзімінде қоныстандырылды. Бүгінгі күні осы үйге жасалған жөндеу жұмыстары бойынша үй тұрғындарынан шағымдар жоқ.

 

4

Кейбір мектептің   жылу қазандығы   ғимараттың ішінде орналасқан,   Шаханда болған жағдай баршамызға   мәлім, мектепте немерелеріміз, балалар оқиды, сондықтан да қазандықтар   сыртқа шығарылса?

Р.Осатаев- Нұра ауылының тұрғыны

Мектеп ғимаратында орналасқан автономды от қазандықтарын сыртқа шығару үшін жобалау-сметалық құжаттарын дайындау үшін бюджеттік сұраным әзірлеу. Отқазандықтарына арналған нысандар құрылысын жүргізу.

(2017 жыл, қазан)

М.Мұхтаров

А.Әбілдин

Е.Смағұл

Е.Қасым

Ауданның білім бөліміне қарасты мектеп ғимараты ішінде орналасқан отқазандықтарын сыртқа шығару бойынша іс-шара жоспары жасалып, жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға қаржыға сұраныс берілді.

 

5

Мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базалары нығайтылса?

Н.Бағдал- Бұрма ауылының тұрғыны

 

Мәдениет үйлерінің МТБ нығайтуға анализ жасай отырып, қажетті қаржы көлемін анықтау және бюджеттік комиссия отырысына сұраным енгізу

(2017 жыл, қыркүйек)

А.Әбілдин

С.Қаратаева

 

Жергілікті бюджеттен мәдениет саласының материалдық – техникалық базасын нығайтуға – 20 млн. 500 мың теңге қаралып, Тағылы, Талды, Үңірек мәдениет үйлеріне 3 млн. теңгеге музыкалық аппаратура, Көктіңкөлі, Ақой, Ақжал, Төменгі Қайрақты, Тағылы, Нұраталды, Ақшоқы ауылдық мәдениет үйлеріне 2,5 млн. теңгеге сахна жабдығы, Ақой, Ақшоқы,Көктіңкөлі, Бұрма, Талды, Тағылы, Нұраталды ауылдық мәдениет үйлеріне 11 520 мың. теңгеге 720 дана көрермен орындығы алынып, Аудандық мәдени-сауық орталығы өнерпаздарының сахналық киімі 3480 мың. теңгеге жаңадан тіктірілді.

 

6

Аудан мектептері заманауи үлгідегі техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталса?

А.Секербекова-Красная поляна ОМ директоры, аудандық маслихат депутаты

Мектептерді компьютермен, робототехникамен қамтуға анализ жасап, қажеттілікке қарай облыстық білім басқармасына сұраным жолдансын.

(2017 жыл, тамыз)

А.Әбілдин

Е.Смағұл

 

Ағымдағы жылы мектептердің материалдық – техникалық базасын нығайтуға 66 млн.679 мың теңге бөлінді.

Оған 2 химия, 2 физика, 4 технология кабинеттері және 6 зертхана робототехникасы алынды. Жаңа модулдегі кабинеттермен қамтылу 52% құрайды (2016 жылы - 49%).          100 компьютер, 85 ПИК (проектор, экран, компьютер) алынды. Бүгінгі күні 1 комьпютерге 5 оқушыдан келеді.

«BilimLand» платформасы бойынша ауданның 17 мектебі онлайн жүйесіне, 36 мектеп офлайн жүйесіне қосылды.

 

7

Ақадыр-Ортау аралығындағы автокөлік жолы жөндеуден өтсе?

Ортау ауылының тұрғындары

 

Республикалық бағыныстағы автокөлік жолы болғандықтан облыстық басқармаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сұраным жолдау.

(2017 жыл, мамыр)

М.Мұхтаров

Е.Қасым

Ақадыр-Ортау аралығындағы республикалық автокөлік жолына республикалық бюджеттен 206 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылы «ҚазақАвтоЖол» АҚ-ның тарапынан Ақадыр-Ортау аралығының 24 шақырым автокөлік жол бөлігі орташа жөндеуден өткізілді.

 

8

Аудандық ауруханада әлеуметтік дәріхана ашу мәселесі?

Қ.Сейілбеков-Аудандық соғыс және еңбек ардагерлерінің төрағасы

Қажетті құжаттарын рәсімдей отырып, рұқсат алу және талаптарға сәйкес келетін ғимарат табуды ұйымдастыру

(2017 жыл, қыркүйек)

А.Әбілдин

Д.Нұртаев

2016 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік дәріхана аудан басында және Ақадыр кентінде ашылып халыққа қызмет көрсетуде.

 

9

Аса қауіпті су тоғандарды күтіп-ұстауға қаражат қарастырылама?

Ж.Туржанов-Ортау ауылының тұрғыны

 

Аса қауіпті су тоғандарын облыстық коммуналдық меншікке беру жұмыстарын жүргізу және қажетті құжаттарын рәсімдеу

(2017 жыл, тамыз)

М.Мұхтаров

Е.Қасым

А.Тоқбалин

Шет ауданы аумағында аса қауіпті 5 су қойма Манақа, Мұхтар, Бүркітті, Ақтұмсық, Босаға су қоймалары бар. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы   №95/02 қаулысына сәйкес Шет ауданының коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке, «Қарағанды су қоймалары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына берілді.

 

10

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құру мәселесі біздің ауданымызда жалғасын тапса?

Д.Мекім- Өспен ауылының тұрғыны

Облыс әкімінің және басқарма тарапынан берілген тапсырмалар бойынша аудан аумағында кооперативтер құруды ұйымдастыру

(2017 жыл, маусым)

М.Жумкин

И.Жақан

Биылғы жылы 11 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды, оның 7-уі етті, 4-уі сүтті бағытта. Кооператив мүшелерінің саны – 324 адам. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 411,2 млн. теңгеге кооперативтердің 149 мүшесі қаржыландырылып, 1949 мал басы алынды. 4 кооператив облыстың сүтөндіруші кәсіпорындарымен келісім шартқа отырды. Бүгінгі күні етті бағыттағы 2 кооперативпен 62,7 тонна ет өндірілді.

 я


Келулердің саны: 1936


Жоғары