print

Құрметті «БЖЗҚ» АҚ Салымшысы (Алушысы)!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті «БЖЗҚ» АҚ Салымшысы (Алушысы)!

Заңға[1] сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

- жалпы белгіленген зейнет жасына толған тұлғалар: 58 жасқа толған әйелдер, 63 жасқа толған ерлер;

- мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер құқылы.

Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру аясында «БЖЗҚ» АҚ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы төмендегідей өзгерістер туралы хабарлайды:

1) әйелдердің зейнет жасын ұлғайту:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жас; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жас;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жас; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас;

2) «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтарынан:

- белгіленген кесте бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде;

- егер алушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең аз зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бір уақытта төленетін болады[2];

3) төлемдерді есептеу тәртібінің өзгеруі.

Баяндалғанды, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің өтініш білдірген күннен бастап белгіленетінін және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін[3] жүзеге асырылатынын ескере отырып, зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған жағдайда, «БЖЗҚ» АҚ-ға уақытында өтініш білдіруді сұраймыз.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (кеңсеге өзі келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшінші тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемін ресімдеуге қажет барлық құжат тізбесін, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, өтініштердің бланкілерін, сенімхаттардың үлгілерін, кеңселердің мекенжайларын, жұмыс тәртібін және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз, онда ақпарат үнемі жаңартылып тұрады не байланыс орталығының 1418 телефоны арқылы біле аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін).

[1] «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

[2] Заңның 30-бабы;

[3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасының 6-тармағы.

 

Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!

Осымен «БЖЗҚ» АҚ-да ағымдағы жылдың соңына дейін зейнеткерлік жасқа толған/толатын салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ I, II топ мүгедектеріне (мерзімсіз уақытқа) Қазақстан Республикасының 01.01.2018ж. бастап күшіне енетін зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы нысаналы хабарландырулар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылғанын хабарлаймыз, атап айтқанда:

  1. әйел азаматшалардың зейнеткерлік жасының өсірілуі;
  2. зейнетақы жинақтарын бірақ алу қағидатын жою (ай сайын берілетін төлемге өту);
  3. зейнетақы жинақтары төлемін есептеу тәртібін өзгерту. 

Нысаналы хабарландыру төмендегі байланыс арналары бойынша жүзеге асырылды: 

  • пошта байланысы арқылы хабарландыру; Қосымша 1
  • e-mail электрондық мекенжайлары бойынша хабарландыру; Қосымша 2
  • ұялы телефондарға sms-хабарламалар жіберу; Қосымша 3
  • ұялы телефондарға рush-хабарламалар жолдау. Қосымша 4

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сай, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен 01.01.2018ж. дейін келген адамдар үшін зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер күшіне енгенге дейін әрекет еткен кесте бойынша жүзеге асыру тәртібі сақталатынын қосымша хабарлаймыз.  


Келулердің саны: 1690


Жоғары