print

22 - наурыз - Ұлыстың ұлы күні

...

Ардақты аудан тұрғындары!

Қадірлі қонақтар!

 

       Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Ұлыстың Ұлы күні, көктемнің жарқын мерекесі - Наурыз мейрамымен баршаңызды шын пейілден құттықтаймын!

       Наурыз ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы мереке. Наурыз - мейірімділік пен қайырымдылық мерекесі. Өйткені, осынау қасиетті күні адамдар бір - біріне деген өкпе-реніштерін кешіріп, тек қана жылылыққа толы тілектер айтады. Игі дәстүрмен қайырымдылық көмек көрсетеді.

       Наурыздың мән мағынасы оны басқа мерекелерден ерекше екендігін көрсетеді. "Бұлақ көрсең, көзін аш, жасыл желек өсір, жағдайы жоққа жәрдем ет". Тіршілік мұратымен барынша қабысып жататын осы қасиетті тұжырым ізгілікпен ұлағаттылыққа бастайды. Жастарға үлгі-өнеге көрсетуге шақырады.

       Наурыз мерекесі Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен бірге қайта түлеп, қайтып оралды. Сол себепті оны Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп жатқан реформаларымен байланысты үлкен табыстар мерекесі деп айтуымызға болады.

       Бүгінгі күні Елбасы саясатының арқасында көп ұлтты Қазақстанымыздың туы биік, тұғыры берік болып, бүкіл әлемге танылып отыр. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толағай табыстарымыз, алған асуларымыз бен шыққан биіктерміз де аз емес. Тұрақты экономикалық ахуалдың ықпалымен еліміз биылғы қыста Дүниежүзілік универсиадада спорттық ойындарын абыроймын өткізді. Енді жақын арада Астанада бүкіл дүние жүзі көз тігіп отырған "ЭКСПО-2017" әлемдік көрмесі өз жұмысын бастамақ.

       Ардақты ағайын!

       Сабырлық пен молшылықтың, ырыс-құттың белгісі ретінде танылған өткен жылды жемісті аяқтаған ауданымыз үшін қажымас қайрат пен ерекше жігердің белгісіндей тауық жылы да бірлігі мен ынтымақтастығы жарасқан жыл болатынына сеніміміз мол. Жылдан - жылға ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамып, аудан жұртшылығының әл-ауқаты арта түсуде.

       Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, аудан бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықпен күрес көрсеткіштері бойынша жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік салаға байланысты мәселелер өз шешімін табуда.

       Алдағы уақытта да нық тіресе жүріп, биік белестерді бірге бағындыра беретінімізге сенемін.

 Ардақты ағайын!

       Елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы - Наурыз мейрамымен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Әз Наурыз шаттықтың шапағатын сеуіп, бақыт және ізгі үміттер әкеліп, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын.

       Табысты дамыған елімізге тыныштығы мен жасампаз жақсылығын ала келсін!

       Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, ардақты ағайын!

                                                                                                  М.Жандәулетов


  

 


Келулердің саны: 1960


Жоғары