print

Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1)  осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;

2)  заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3)  өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

4)өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолы мен және өтініш берушінің мөрімен (болғанжағдайда) расталған анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы     банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлғарастаған).

       Конкурсқа қатысу өтінімін (іс папкасына жинақталған) 2017 жылдың 28 қарашасына дейін жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00 аралығында қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қабылданбайды. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 10, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ.

       Анықтама телефоны: 8 (71031)21-2-14 факс, тел:22143 (жұмыс күндері сағат 9:00 ден-18:00 ге дейін).


Келулердің саны: 1679


Жоғары