print

Көктіңкөлі ауылы тұрғындарының назарына!

Республика бойынша ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру бағытындағы жұмыстар жүргізілуіне байланысты ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» негізінде 2017 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 1100 –де Көктіңкөлі ауылдық  мәдениет үйінде  Көктіңкөлі ауылындағы көшелердің моральдық тұрғыдан ескірген атауларын және «Целинное» ауылының атын қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді.Осы жиналысқа «Садовая», «Транспортная», «Новая», «Центральная» көшелерінің және «Целинное» ауылының тұрғындарын қатысуға шақырамыз.

                   Барлық ұсыныстар мен ескертпелер Көктіңкөлі ауылдық округі, Көктіңкөлі ауылы, Көктіңкөлі көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан Көктіңкөлі ауылдық округі әкімі аппаратында және Шет ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімінде қабылданады.

Көктіңкөлі ауылдық округінде «Көше атауын өзгерту туралы»қоғамдық жиын өткізілді.

25 қыркүйек күні Көктіңкөлі мәдениет үйінде моральдық тұрғыдан ескірген ауыл және көше атауын өзгерту туралы қоғамдастық жиын өткен болатын. Күн тәртібінде «Целинное» ауылының атауын және Көктіңкөлі ауылындағы «Садовая», «Новая», «Транспортная», «Центральная» көшенің атауын өзгерту туралы жиналысқа қатысушылардың дауыс беру нәтижесін қортындылай келе,

1. «Целинное» ауылын – «Ақжол» ауылы болып қайта атау

Көктіңкөлі ауылындағы

1.«Садовая» көшесін – «Ынтымақ»

2. «Новая» көшесі – «Бастау»                                                          

3.«Транспортная» көшесі – «Тәуелсіздік»                                            

4.«Центральная» көшесі – «Бірлік»

көшелері болып қайта атау туралы шешім қабылданды.


Келулердің саны: 218


Жоғары