print

Ақшатау кенті тұрғындарының назарына!

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондайақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес 2017 жылдың 18 қыркүйегі күні сағат 15.00-де Ақшатау кенті әкімінің ғимаратында Ақшатау кентіндегі тарихи тұрғыда ескірген көшелерді қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді.

Барлық ұсыныстар мен ескертпелер Ақшатау кенті, Қ.Нұржанов көшесі, 31 мекен-жайында орналасқан Ақшатау кент әкімі аппаратында және Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қабылданады.

 

 


Келулердің саны: 85


Жоғары