print

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы 29.09.2017

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-R-4

  73288

  99106

E-G-3

69957

94108

E-G-4

  62462

  84115

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz, g.iglikova@karaganda-region.gov.kz, аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы (санаты Е-R-4, қызмет №1-2, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:

Жер қатынастары саласына қатысты жұмыстарды  үйлестіру. Мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алуды түсіндіру. Сауда – саттық өткізуге құжаттар дайындау. Болжау – жоспарлау жұмыстарына қатысып, дайындалуына ықпал көрсету. Иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік қажеттіліктері үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу жөнінде ұсыныстар дайындау. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі туралы анықтамалар беру. Мемлекеттік қызмет көрсетуді стандартқа сай үйлестіріп, жүргізу. Жылдық жер балансын дайындауға және облысқа  тапсыруына қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (кадастр), «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы (санаты Е-R-4, қызмет №1-4, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:

Жерге орналастыру негіздеме құжаттарын дайындау. Жер саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін үйлестіру, есебін беру. Заң аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, уақытылы жауабын беру. Аудан көлеміндегі жерлердің, оның ішінде пайдалану санаттары бойынша мемлекеттік есебін жүргізу. Жер иелері мен жер пайдаланушылардың, басқа да жер  құқық қатынастар субъектілердің есебін жүргізу. Жер пайдаланушылар және жер иеленушілермен келісім шартқа отыру жұмыстарын үйлестіріп, жүзеге асыру. Пайдаланбай жатқан және ҚР заңнамаларын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтап, құжаттарды жинап, облыстық жер инспекциясына жіберуін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша ұсыныс дайындау. Мемлекеттік мекеменің шығарылған құжаттарының қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігін қадағалау. Аудан көлемінде «Е-лицензиялау», «Е-Қызмет» акпараттық жүйелерімен жұмыс жүргізу. Құқықтық, кадр істері жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (кадастр), «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша (агрономия, жерге орналастыру), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Шет ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы (санаты Е-R-4, қызмет № 1-5, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Ауылшаруашылығы техникалары мен тіркемелерін және машиналарды кепілге қою келісім шарттарын тіркеу және есепке алу, техникалық байқау жүргізу, емтихан қабылдау мен тракторист – машинистердің куәлігін беру, машиналар жүргізушілердің сенім хатын тіркеу, ауыртпалықтың  болмауы туралы анықтама беру. Машиналардың мемлекеттік техникалық байқау, машиналардың жай-күйін олардың құрылмасының қауіпсіздік талаптарына белгіленген стандарттар мен ережелер талаптарын сәйкестігін бағалау, жыл саыңғы техникалық байқаудан өткен құжаттарының сәйкестігін бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (аграрлық техника және технология). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша (ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-нің бас маманы (санаты Е-R-4, қызмет №10-4, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Өнеркәсіп саласында тоқтап тұрған кәсіпорындармен жұмыс жүргізеді. Өнеркәсіп саласы кәсіпорындарының негізгі мамандықтары бойынша қажеттілік мониторингін жүргізеді. Орта және шағын кәсіпкерлік саласында тоқтап тұрған құрылымдармен жұмыс жүргізеді. Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдары бойынша, тауар айналымына мониторинг жүргізеді, талдау жасайды және дамытуға бағытталған ұсыныстар жасайды. Аудан аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар бойынша мониторинг жүргізеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жобаларды іздестіреді, олардың жүзеге асырылуына жұмыстар жүргізеді. «Бизнестің жол картасы – 2020»  бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында берілетің грант құжаттарың қабылдайды, оларды облыстық кәсіпкерлік басқармасына тапсырады. Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін грантқа үміткерлердің құжаттарын жинайды, комиссия қарауына ұсынады. Грант аясында жүзеге асырылатын жобалардың орындалысын бақылауға алады, қаржының мақсатты жұмсалуына қадағалау жасайды. Ауданның кәсіпкерлік саласында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына жұмыстар жүргізеді. Азаматтардың өтініштерін уақытылы тексеріп, жауабын беру жүктеледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5. «Шет ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің бас маманы (санаты Е-R-4, қызмет №1-2, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; егер эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеру; эпизоотологиялық тексеру актісін беру; жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары “Ветеринария” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ветеринария»  мамандықтары бойынша  білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

6. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, №6-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі бойынша азаматтардың сұранысы бойынша әр түрлі анықтамалар дұрыс әзірлеу, ауылдық округіндегі шаруашылық кітаптарын дұрыс толтырып жүргізуді жүзеге асыру. Ауылдық округі әкімі тарапынан берілген әр түрлі тапсырыстарды жүзеге асыру, өтініштермен жұмыс жүргізу. Сайлаушылар тізімдерімен тұрақты жұмыс жүргізу. Уақытша келіп-кеткендердің кітабын жүргізу, жылдық жан, мал санағын жүргізу, жылдық статистикалық есеп жүргізу, ардақты аналардың награда құжаттарын әзірлеу, өтініштер бойынша 1-ОЛ есебін беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдары» мамандықтары бойынша, «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік “әлеуметтік ғылымдары” мамандықтары бойынша, «ауыл шаруашылығы»  мамандықтары  бойынша  білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

7. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, қызмет №6-5, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының кадр жұмыстарын жүргізу, кадр жұмыстарына байланысты комиссиялар құрып, соның жұмыстарын ұйымдастыру, заңға сәйкес тиісті есептерін уақытылы тапсырып отыру, аудан орталығынан келіп түскен қатынастарға, хат - хабарларға уақытылы қарап жауап беріп отыру. Ауылдық округ, кент аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автожолдар, көлік байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар салалары бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша  (салалар бойынша) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. Жамбыл кенті әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, қызмет №4-1, 1 бірлік):

         Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру,  Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, азаматтық хал актілерін тіркеу, хаттамаларды дайындау, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу, сайлау жұмыстарымен шұғылдану, денсаулық сақтау саласымен, әйелдер кеңесімен жұмыс жасау. Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді, ауыл шаруашылық кітаптарының мәліметі бойынша округ тұрғындарының жеке меншік малдары туралы мониторнинг жасап отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

9. Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, қызмет №10-2, 1 бірлік):

         Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар, әкімнің өкімдері мен шешімдерін әзірлеу, ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау. Ауылдық округте тоқсан сайынғы шығарылатын рейтингі қорытындысын әзірлеу. Жиналған салықтардың тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерін әзірлеу. Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану),  «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану), «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. Дәрия (санаты Е-G-3, қызмет №3-2, 1 бірлік), Ақжал (санаты Е-G-3, қызмет №2-4, 1 бірлік, 2020 жылдың 01 маусым айына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) кенттері әкімі аппараттарының бас мамандары:  

Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, азаматтық хал актілерін тіркеу, хаттамаларды дайындау, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу, сайлау жұмыстарымен шұғылдану, денсаулық сақтау саласымен, әйелдер кеңесімен жұмыс жасау.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

11. Ақадыр кенті әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты E-G-4, қызметі №25-13, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Тұрғындардан, кәсіпорын, мекемелерден келіп түскен өтініш, ұсыныс, қатынастарды Заңды талаптарға сай орындау, рәсімдеу. Әлеуметтік-идеологиялық салаларға байланысты атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру. Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес мақсатында әр жанұяға әлеуметтік карта, комплекстік бағдарлама жасау. Сайлауға байланысты тиісті шараларды ұйымдастыру. Мектептердің, оқу-өндірістік комбинатының, өнер мектебінің, мәдениет үйінің, балабақшаның, кітапхананың, әділет ұйымы, денсаулық сақтау мекемелеріне қатысты жұмыстар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі – жоғары «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс), “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша білім; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. Батық (санаты Е-G-4, қызметі №7-4, 1 бірлік), Ақшоқы (санаты Е-G-4, қызметі №12-4, 1 бірлік), Өспен (санаты Е-G-4, қызметі №14-6, 1 бірлік) ауылдық округі әкімі аппараттарының жетекші мамандары:

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау. Білім, дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарды үйлестіру, ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді жүргізу, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “білім” мамандықтары бойынша, “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша, «экономика және басқару” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша), “ауыл шаруашылығы” мамандықтары бойынша білім; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шет ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Шет ауданы әкімінің аппараты» MM электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

   Нысан

 

___________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

 

________                                        ____________________________________

(қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

  Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при н

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурсына қатысушы қандидаттардың тізімі

 

  1. Рашидов Ердос Елеуович
  2. Мейрамбек Сәкен Өмірбекұлы
  3. Қалкенова Құралай Зейноллақызы
  4. Махметов Темірлан Төкенұлы
  5. Шактаева Данагуль Муратбековна
  6. Акшалова Жанар Беркболовна
  7. Абильдин Ерасыл Зарлыкханулы
  8. Тамабаева Нурсулу Сембековна

Кандидаттармен әңгімелесу күні - 16 қазан 2017 жыл.

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурсы жеңімпаздарының тізімі

 

  1. Рашидов Ердос Елеуович
  2. Мейрамбек Сәкен Өмірбекұлы
  3. Махметов Темірлан Төкенұлы
  4. Шактаева Данагуль Муратбековна
  5. Акшалова Жанар Беркболовна
  6. Абильдин Ерасыл Зарлыкханулы
  7. Тамабаева Нурсулу Сембековна

Келулердің саны: 138


Жоғары