print

Шет ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру 29.09.2017

Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

 Е-3 санаты үшін:  Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)  B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық

маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4)  мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)  жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

E-G-3 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

Е-3

102437

138248

E-G-3

69957

94108

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz, g.iglikova@karaganda-region.gov.kz, аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау жөніндегі бас нспекторы (санаты Е-3, қызмет №7-1, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіріп, ұйымдастырады. Ауданға қарайтын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына бақылау жүргізіп, мониторинг жасап, есебін тиісті органдарға ұсынады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру шараларын қабылдау. Аудан әкімі аппаратының және өзге мемлекеттік мекемелермен жедел өз ара іс әрекеттесуді ұйымдастыру;Ағымдағы жағдайлар мен өзекті мәселелер бойынша үйлестіруге бекітілген ауыл, кент округтерінің және сала бөлімдерінің қызметін қамтамасыз ету, апта сайын оперативтік мәліметті аппарат жетекшісіне ұсыну.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. С. Сейфуллин атындағы кент әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G- 3, қызмет № 24-4):

Функционалдық міндеттері: Әкімнің өкімдерінің орындалысын қадағалау, мектеп, балабақша жұмыстарын қадағалау, білім беру саласы бойынша мониторинг жүргізіп отыру, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу, есептерін уақытылы тапсыру, анықтамалар беріп отыру, әкімдіктің қызметіне жүргізілетін рейтинг бойынша аудан әкімдігінің кеңсе, ұйымдастыру бөлімдеріне мәліметтер уақытылы тапсырып, мекемелерден, аудан орталығынан келіп түскен қатынастарға, хат-хабарларға уақытылы жауап беріп отыру, барлық деңгейдегі сайлау жұмыстарын жүргізіп отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «білім» мамандықтары бойынша, «гуманитарлық ғылымдары» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «білім»  мамандықтары бойынша, «гуманитарлық ғылымдары ” мамандықтары бойынша  білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. С. Сейфуллин атындағы кент әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G- 3, қызмет № 24-1):

Функционалдық міндеттері: Кадр жұмыстарын, заңда белгіленген тәртіппен нотариаттық істерді жүргізу, халықты қабылдау мен   азаматтардың шағымдарын, арыздарымен  ұсыныстарын қарау, өтініштер бойынша 1-EUOL есептерді тапсырып отыру Әкімнің өкімдерінің  орындалысын қадағалау, әкімдіктің қызметіне  жүргізілетін рейтинг бойынша аудан әкімдігінің ұйымдастыру, кеңсе бөлімдеріне, заңгерге мәліметтерді уақытылы тапсырып отыру, мекемелерден, аудан  орталығынан келіп түскен қатынастарға, хат-хабарларға  уақытылы жауап беріп отыру, барлық деңгейдегі  сайлау жұмыстарын жүргізіп отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану), «экономика және басқару” мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. С. Сейфуллин атындағы кент әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G- 3, қызмет № 24-5):

Функционалдық міндеттері: Әкімнің өкімдерінің орындалысын қадағалау, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, салық басқармасымен тығыз байланыста болып, кент тұрғындарының, мекемелерінің, кәсіпкерлердің салық төлемдерінің уақытылы  түсіп отыруына жауап береді, салық есептерін тапсырады, электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің жұмыстарын жүргізеді, барлық деңгейдегі сайлау жұмыстарын жүргізеді, сайлаушылар тізімін жасайды, мәліметтердің толық болуына жауап береді, әкімдіктің  қызметіне жүргізілетін рейтинг бойынша аудандық салық, статистика, ұйымдастыру-кадр, кәсіпкерлік бөлімдеріне мәліметтер уақытылы тапсырып отыру, мекемелерден, аудан орталығынан келіп түскен қатынастарға, хат-хабарларға уақытылы жауап беріп отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару” мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5. Ақадыр кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, №25-6):

Функционалдық міндеттері: Тұрғындардан, кәсіпорын, мекемелерден келіп түскен өтініш, ұсыныс, қатынастарды Заңды талаптарға сай орындау, рәсімдеу; әлеуметтік-идеологиялық салаларға байланысты атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру; жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес мақсатында әр жанұяға әлеуметтік карта, комплекстік  бағдарлама жасау, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқару; сайлауға байланысты тиісті шараларды ұйымдастыру. Мектептердің, мәдениет үйінің, денсаулық сақтау мекемелеріне қатысты жұмыстар. Біріңғай құжатайналым жұмыстарымен айналысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша,  «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6. Ақадыр кенті  әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, №25-12):

Функционалдық міндеттері: Тұрғындардан, кәсіпорын, мекемелерден келіп түскен өтініш, ұсыныс, қатынастарды Заңды талаптарға сай орындау; Заңгерлік жұмыстары; Кент әкімдігінің тиісті мамандарының талабы бойынша қажетті Заңдармен қамтамасыз ету, заңдылық тұрғыда тиісті нұсқаулар беру;

«Мемлекеттік сату және сатып алу туралы» шыққан Заңды басшылыққа ала отырып ашық тендер, бағалар ұсынысы т.б жекелеген сала мамандарымен тиісті шараларды ұйымдастыру, құжаттардың дайындалуын, бас есепшімен бірге мердігерлермен келісім шарттар жасалуын қадағалау; Әділет, сот, прокуратура және басқа құқық орындарда кент әкімдігіне қатысты істерді рәсімдеу, олармен тығыз байланыста болу; Кент әкімдігінің жергілікті мекемелер, кәсіпорындар, Заңды тұлғалардың алдында мүддесін қорғау;

Кент әкімінің шығарылатын өкімдерінің, сырт жерлерге жіберілетін хаттарының, дайындалған хаттамаларының  тиісті заңдылықтарға сәйкес орындалуына тікелей жауаптылық. Біріңғай электрондық құжатайналым жұмыстарымен айналысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

7. Талды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, №16-1):

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Ауылдың көркеюіне байланысты жоспар әзірлеу. Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті түгендеу, коммуналдық қызметтер бойынша тиісті ұйымдар мен жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, 1-ОЛ есебін жүргізу. Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округі әкімінің өкімдерін дайындау, конкурстық, аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау комиссияларының жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша, “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша), «экономика және басқару” мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. Красная поляна (1 бірлік, санаты Е-G-3, №11-3), Өспен (1 бірлік, санаты Е-G-3, №14-3), Шет 1 бірлік, санаты Е-G-3, №20-3) ауылдық округтері әкімдері аппараттарының бас мамандары:

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын атқару. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік  көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша, “білім” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және басқару” мамандықтары бойынша, «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

9. Красная поляна (1 бірлік, санаты Е-G-3, №11-1), Ақой (1 бірлік, санаты Е-G-3, №19-2) ауылдық округтері әкімдері аппараттарының бас мамандары:

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Ауылдың көркеюіне байланысты жоспар әзірлеу. Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті түгендеу, коммуналдық қызметтер бойынша тиісті ұйымдар мен жұмыстар жүргізу.   Сонымен қатар халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, 1-ОЛ есебін жүргізу. Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округі әкімінің өкімдерін дайындау, конкурстық, аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау комиссияларының жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша, “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша ), “экономика және басқару” мамандықтары бойынша,  «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

10. Ортау (1 бірлік, санаты Е-G-3, №15-2), Ақшоқы (1 бірлік, санаты Е-G-3, №12-2) ауылдық округтері әкімдері аппараттарының бас мамандары:

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп,  ауылшаруашылық салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша  жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар, әкімнің өкімдері мен шешімдерін әзірлеу, ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау. Ауылдық округте тоқсан сайынғы шығарылатын рейтингі қорытындысын әзірлеу. Жиналған салықтардың тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерін әзірлеу. Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “құқық” мамандықтары бойынша  (құқықтану), “экономика және басқару” мамандықтары бойынша, “ауыл шаруашылығы” мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

___________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

 

________                                        ____________________________________

(қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Шет ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа қатысуға қандидаттардың тізімі

 

1. Толеукулов Нурман Маратович
2. Амирбекова Бакытжамал Мажитовна
3. Абилда Нурасыл Зарлыкханулы
4. Көбеген Айдос

 Кандидаттармен әңгімелесу күні - 10 қазан 2017 жыл.

 

 

 

 


Келулердің саны: 143


Жоғары