print

Ақшатау кентіндегі тарихи тұрғыда ескірген Торговая, Школьная, Садовая, Шахтерская көшелерін қайта атау туралы

Жиналысты кент әкімі Қ.Ә.Омарбай ашып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 13 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларыменжәне ҚР Мәдениет және спорт минстрлігінің Тілдерді дамыту және Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Онамастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» атты республикалық семинар-кеңесте ұсынылған дәстүрлі атаулар тізбесімен таныстырып өтті.

Жианалыс төрағасы – Қ.Омарбай:

Ақшатау кентінде тарихи тұрғыда ескірген Шахтерская көшесінде 3 үй және 1 мекеме бар. Осы көшені А.Байтұрсынов көшесіне, К.Смағұлов көшесіндегі үйлердің бұзылып, азаюына байланысты Школьная көшесін осы көшеге біріктіруді ұсынамын.

Шахтерская көшесінің тұрғыны – С.Бабаков:

Біз көше тұрғындары ұсынысты қолдаймыз.

 

Школьная көшесінің тұрғыны – К.Биржанов:

Құжат жағынан мәселе туындамаса, біз де К.Смағұлов көшесіне бірігуге қарсы емеспіз.

Торговая көшесінің тұрғыны – З.Жексембина:

Біз елді мекендерге атау беру, оларды қайта атау қағидаларына сәйкес және ұсынылған дәстүрлі атаулар негізінде Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын деп Торговая көшесін Тәуелсіздік деп қайта атауды ұсынамыз.

Садовая көшесінің тұрғыны – З.Каукенбаева:

Көше тұрғындарының атынан Садовая көшесін Қазақстан көшесі деп қайта атауды ұсынамын.

 

 

Қаулы қабылданды:

1. «Шахтерская» көшесі Ахмет Байтұрсынов көшесіне біріктіріліп, «Ахмет Байтұрсынов» көшесі болып қайта аталсын.

2. «Школьная» көшесі Кәрбан Смағұлов көшесіне біріктіріліп, «Кәрбан Смағұлов» көшесі деп қайта аталсын.

3. «Торговая» көшесі «Тәуелсіздік» көшесі болып қайта аталсын.

4. «Садовая» көшесі «Қазақстан» көшесі болып қайта аталсын.


Келулердің саны: 231


Жоғары