print

«Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» №05 шешімінің күшін жою туралы

Шет ауданы әкімінің

2017  жылғы 05 мамырдағы

«Табиғи сипаттағы төтенше

жағдайды жариялау туралы»

№05 шешімінің күшін жою туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

         1. Шет ауданының Ақадыр кентіндегі, Көктіңкөлі, Нұраталды, Красная Поляна ауылдық округтеріндегі 2017 жылдың 05 мамырдағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» №05 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №4250 болып тіркелген, аудандық «Шет Шұғыласы» газетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №19 (10640)  санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

2. Осы шешімнің орындалысына бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Шет ауданының әкімінің

міндетін атқарушы                   М.Мұхтаров


Келулердің саны: 2363


Жоғары