print

Лицензиялық алым төлемі туралы

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесі хабарлайды.

 Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейді. Төлем келесі мөлшелерімен төленеді (Салық кодексінің 472 бабы): 

Лицензиялық алым мөлшерлемелері

 

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын

Алым мөлшерлемелері, АЕК-пен

субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін:
астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда

100

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде

70

ауылдық елді мекендерде

30

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

Сонымен қатар, 2017 жылда алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу лицензиясын тапсыру және күшін жою, лицензиялық алым төлем мерзіміне дейін (20-і шілдеге дейін) 2017 жылғы лицензиялық алымын төлеуінен босатылдмайды.

Жыл сайынғы лицензиялық алымды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу–тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 282- бап)

 


Келулердің саны: 3493


Жоғары