print

Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін гранты» алуға үміткерлерді анықтау жөніндегі аудандық конкурстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Шет ауданы  әкімінің

2017 жылғы «___» _______

№_______ қаулысына

№_______қосымша

  

Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін гранты» алуға үміткерлерді анықтау  жөніндегі аудандық  конкурстық  комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

      

  1. Жалпы ереже

 

  1. «Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін грантты» беру тәртібі  осы Ереже негізінде  жүзеге асырылады (бұдан әрі – Ереже). Грант алуға үміткер, жаңалық енгізу арқылы жұмысын жаңадан бастаған шағын кәсіпкерлік субъектілері, жас кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер болып таңылады, (бұдан әрі – Кәсіпкерлер)  өтініштерін іріктеу үшін құрылған арнайы  конкурстық комиссия  (бұдан әрі – Комиссия)  өз міндеттерін, қызметтерін, Қазақстан Республикасының Заңнамалары  негізінде жүзеге асырады.
  2. Осы ережеге сәйкес жұмысын ұйымдастырады және түскен өтініштерді саралай келіп, грантты  беру/бермеу тұрғысында тиісті шешім қабылдайды.

3. Кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру жағдайы мен құрылымы         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 31 бабы, Қазақстан  Республикасының  2015жылғы  29 қазандағы «Кәсіпкерлік кодексі» Заңының 92,93 бабтарына және осы ереже  негізінде анықталады.

4. Комиссия өз қызметі барысында Қазақстан Республикасы заңдылықтарын, Заңдарды және осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

  1. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
  2. Комиссия хатшысы Комиссия құрамына енбейді және дауыс беру құқын иеленбейді.
  3. Комиссияның жұмысшы органы болып «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ –болып белгіленеді.
  4. Жұмысшы органның міндеттері:

-                Аудан әкімдігінің Грантына ұсынылатын кәсіпкерлерді іріктеу байқауының басталуы турасында және Грант беру тәртібі мен шарттары жөнінде жергілікті «Шет шұғыласы» газет бетіне және аудан әкімдігінің сайтына  хабарландыруды жариялау;

-                Кәсіпкерлерді Грант алу тұрғысындағы байқауға қатысу, оның жағдайы мен тәртібі жөніндегі  мәселелер жөнінде кеңес беру;

-                Кәсіпкерлер грант алуға қатысу жөніндегі өтініштерін және Ережеге сәйкес қосымша құжаттарды қабылдау;

-                Байқауды ұйымдастыру және өткізу;

-                «Шет шұғыласы» газет бетіне  аудан әкімдігінің сайтына өткен байқаудың қорытындысын жариялау;

-                Байқау жеңімпаздарына Комиссия шешімі негізінде тиісті қаражатты есеп шоттарына аудару;

-                Кәсіпкерлік палатасы  Шет ауданы бойынша кәсіпкерлерді қолдау орталығымен келісе отырып, берілген грант қаражатын мақсатты пайдалануына қадағалау жасау; (тиісті құжаттарды сұрату арқылы, жұмысымен танысу)

-                Грант қаражатын мақсаттан тыс пайдаланылған жағдайда аудандық бюджетке қайтаруға заңдылықтар аясында іс-қимыл жасау.

 

 

  1. Комиссия мүшелері мен хатшысының құқықтары мен міндеттері
    1. Комиссия төрағасы:

-                комиссия қызметін басқарады, ресми мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

-                комиссия қабылдаған шешімдердің жүзеге асырылуына жалпы басшылық жасайды;

  1. Комиссия мүшелерінің  құқығы:

- конкурсқа қатысу үшін берілген өтініштерді іріктеу арқылы грант беру\не бермеу турасындағы шешім қабылдауға;

- комиссия жұмысына қажет кез келген мәліметтерді Жұмысшы органнан талап етуге;

-жарияланғаннан кейін жиналған барлық  жобаларды қарап, оның ішінен бүгінгі күнге нақты қажетті басым бағыттағы жобаларды анықтап, келесі отырысқа қажетті жобаларды іріктеп алуға;

 -жоба бойынша жобаның маныздылығына қарай қаражат мөлшерін белгілеуге;

- осы Ережеге сәйкес Комиссия атқаратын шараларды жүзеге асыру барысында негізделген қажеттілік туған жағдайда тәуелсіз сарапшыны және үшінші жақты Комиссия төрағасының келісімімен қатыстыруға;

- комиссия отырыстарының өткізу регламенттерін өзгерту және Комиссия мүшелерінің  қызмет ету аясын кеңейту турасында ұсыныстар жасауға;

3. Комиссия мүшелерінің міндеттері:

            - Қазақстан Республикасының  Заңдары мен осы Ереже талаптарын    сақтауға;

- комиссия отырысына дейін күн тәртібіне қойылған мәселелер мен қосымша материалдарды  оқып білуге;

- өз өкілеттілігі  барысында алынған барлық мағлұматтардың құпиялылығын сақтауға. Комиссия мүшелерінің  отырыс кезінде айтылған пікірлер ұсыныстарын басқа уақытта жария етпеуге.

- қаралып отырған мәселе бойынша Комиссия мүшелерінің ішінен кімде-кім  мүдделі болған жағдайда, мүдделі Комиссия мүшесі немесе Комиссия мүшесінің бірі мүдделі адамды білетін болса ол жайында Комиссияны хабардар етуге міндетті. Мұндай жағдайда мүдделі Комиссия мүшесі Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалауға қатысуға құқы жоқ.

- комиссияға жеңімпазды анықтау үшін 10 (он) күн беріледі (соңғы өтініш қаралғаннан кейін).

4. Комиссия хатшысының міндетті:

- комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруға;

-отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер турасындағы материалдарды уақытында танысу үшін Комиссия мүшелеріне жіберуге;

- қорытынды баға мен жинақ тізімдемесін, отырыс хаттамасын осы Ережеде көрсетілген тәртіпте қалыптастыруға.

 

  1. Комиссия жұмысының тәртібі

 

1. Комиссияның бірінші отырысында гранттың беру соммасы мен оның қандай мақсатта берілетіндігі жөнінде қаралып,қажеттілікке қарай отырысы өткізіледі;

1) Комиссия отырысын ұйымдастыру;

2) Комиссия мүшелері қажет болғанда, жергілікті атқарушы органның салалық компетенциясындағы құрылымдық бөлімшелерден, БАҚ өкілдері мен сондай-ақ, басқада қажет мамандарды Комиссия отырысына шақыра алады.

3) Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерін шақыруға  және Комиссия отырысының күн тәртібіндегі материалдар мен құжаттарды жіберу арқылы хабардар етеді.

4) Комиссия отырысы құқылы болып Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда саналады.

5) Комиссия төрағасы отырыс болар алдында Комиссия шешім қабылдау үшін қатысушылар санының жеткілікті болуын, қатысуға келмеген Комиссия мүшелерінің себептерін Комиссия хатшысынан біліп алуға тиіс.

6) Комиссия өз шешімімен кез келген мәселелерді Комиссия отырысының қарауынан  түзету үшін немесе өз шешімінде көрсетілген басқа да себептер бойынша алып тастауға құқылы.

7) Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын Комиссия отырысында таныстырады.

2. Кәсіпкерлерді байқаулық таңдаудың тәртібі мен белгілері:

1) Комиссия байқаулық өтініштерді қараған кезде кәсіпкердің бизнес-жобасына төмендегідей белгілер негізінде ұсынымдар береді:

- бизнес-жобаның бәсекелесуге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті анықтау – маркетингтік саралау);

- бизнес-идеяның жаңалығы.

-республикалық, облыстық, аудандық грант қатысып, жеңімпаз аталғандар грантқа қатыса алмайды;

- грантқа өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер қатыса алады. 3 жылдан жоғары кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кәсіпкерлер қатыса алмайды (кәсіпкер ретінде тіркелген куәлігін көрсету қажет).

2) Комиссия кәсіпкерлер ұсынған бизнес-жобаларды Ереженің 4.2.1. т. көрсетілген белгілер бойынша бағалау тізімдемесіне 5 балдағы бағалау шкаласын енгізуге, оның қорытынды балдарын есептеп шығару  арқылы жүзеге асырады. (Қосымшалар 1,2,3)

3) Кәсіпкерлердің бизнес-жобалары тепе-тең баға алған жағдайда, ондай бизнес жобалары болған кәсіпкерлерге грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы ұсыныс жасалады, бірақ шешімді комиссия мүшелері қабылдайды.

4) Кәсіпкерге гранттық қолдау көрсету\көрсетпеу туралы ұсыныс гранттың берілу\берілмеу жөніндегі шешім Комиссияның хаттамасымен рәсімделінеді. Комиссия хаттамасында әрбір жоба бойынша қысқаша түйіндемесі жасалады, комиссия мүшелері мен хатшысының қолдары қойылады, және де хаттаманы 2 жұмыс күн ішінде дайындап, комиссия мүшелеріне қол қойғызып, Комиссия хатшысы табыс еткен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қоюы қажет.

3. Грант сомасы:

1) Гранттың жалпы сомасы 5 000000 (бес миллион) теңгені құрайды. Бір бизнес жобаға бөлінетін қаражат көлемін 500000(бес жүз мың) теңгеден аспауы тиіс.

2) Кәсіпкер грантты жеңгенде бағдарламаның үйлестіруші  ауданның «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-сі ақшалай қаражатты кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады. Грант қаражаты кәсіпкерге комиссия шешімінің негізінде аударылады.  

 

Қатысушының сұранысын жасау үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

1. Гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім:

2. Заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3. Бизнес-жоба;

4. Кәсіпкердің «Бизнес-Кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

5. Кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжаттың көшірмесі (заңды тұлға атынан-заңды тұлға бекіткен).

6. Жеке куәліктің көшірмесі мен шот нөмері (комиссия шешімімен жеңімпаз анықталған жағдайда).

Конкурсқа қатысу өтінімін (іс папкасына жинақталған) 2017 жылдың 1 маусымына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады.

Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау  көшесі 10. «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ.

Анықтама телефоны: 8 (71031)21-2-14 факс, тел:22143 (сағат 9:00ден-18:00 ге дейін).

 

«Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті

дамыту мақсатында берілетін гранты» алуға

үміткерлерді анықтау жөніндегі аудандық

конкурстық комиссия туралы Ережеге 1 қосымша

 

 

Бағалау тізімі

 бизнес-жоба бойынша __________________________________________________

                                                                                                            (кәсіпкердің атауы)

«Аудан әкімдігінің  ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілетін гранты» алуға іріктеу жөніндегі Шет ауданы әкімдігі жанындағы  конкурстық комиссия отырысының «_____»___________ 20___ № ___ хаттамасы.

 

Критерийлердің атауы

Ескертпе

Балдардағы баға

1

2

3

4

1

Бизнес-идеяның  жаңашылдығы, ерекшелігі, инновациялығы, бәсекеге жарамдылығы.

 

 

2

бизнес-жобаның өндіріске енгізуге даярлығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесінің анықталуы, кәсіпкердің орналасу ғимаратының мүмкіндігі, тауар өтімінің ауқымы, өндірісті жолға қою барысындағы жобаның дайындық деңгейі)

 

 

3

Жұмысшы орындарының саны, жалақысы

 

 

 

Комиссия мүшесі             _____________________                                   ____________________

                                                                  (қолы)                                                        (қолтаңбаның толық жазылуы)

       

Ескерту:

1. Бизнес-жобаны бағалау үшін 5 балдық шкала қолданылады:

 

Қанағаттанарсыз

Қанағаттанарлық

жақсы

Өте жақсы

1 – 2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

2. Қорытынды балдарды Комиссия хатшысы шығарады

3. Комиссия отырысында қаралған әрбір бизнес-жоба бойынша бағалау тізімі толтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін гранты» алуға

үміткерлерді анықтау жөніндегі аудандық конкурстық комиссия туралы Ережеге 2 қосымша

 

 

Құрама бағалау тізімі

бизнес-жоба бойынша __________________________________________________

                                                                   (кәсіпкердің атауы)

«Аудан әкімдігінің  ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілетін гранты» алуға іріктеу жөніндегі Шет ауданы әкімдігі жанындағы  конкурстық комиссия отырысының  «_____»___________ 20___ № ___ хаттамасы.

 

№ п/п

Критерийлердің атауы

Комиссия мүшелерінің балдардағы бағалары

Критерий бойынша орташа балл

член

Комиссии

 

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Бизнес-идеяның  жаңашылдығы, ерекшелігі, инновациялығы, бәсекеге жарамдылығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

бизнес-жобаның өндіріске енгізуге даярлығы

 (өндірісті ұйымдастыру мәселесінің анықталуы, кәсіпкердің орналасу ғимаратының мүмкіндігі, тауар өтімінің ауқымы, өндірісті жолға қою барысындағы жобаның дайындық деңгейі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Жұмысшы орындарының саны, жалақысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

Ескерту:

1. Әрбір критерий бойынша орташа балдар төмендегідей формулада шығарылады:

 

Критерия бойынша орташа балл        =

Осы критерий бойынша Комиссияның барлық  мүшелері балдарының сомасы

Осы критерий бойынша дауы берген Комиссия мүшелерінің саны

3. Қорытынды балдар төмендегідей формулада шығарылады:

Қорытынды

балл                  =

Критерия бойынша орташа балдардың сомасы

Критериялар саны

 

 

Комиссия хатшысы

 

Т.А.Ә.

 

 

«Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін гранты» алуға үміткерлерді анықтау жөніндегі аудандық конкурстық комиссия туралы Ережеге 3 қосымша

 

 

                                      Бекітемін ______________

                                      Конкурстық комиссияның төрағасы

                                      Т.А.Ә.

                                     Күні, айы, жылы

 

 

 

 

 

 

 

Құрама тізімі

 

«Аудан әкімдігінің  ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілетін гранты»

алуға іріктеу жөніндегі Шет ауданы әкімдігі жанындағы   конкурстық комиссия отырысыныңның  «_____»___________ 20___ № ___ хаттамасы.

 

 

№ п/п

Кәсіпкердің атауы

Қорытынды балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия хатшысы

 

Т.А.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін гранты» алуға

үміткерлерді анықтау  жөніндегі аудандық конкурстық комиссия туралы Ережеге 4 қосымша

 

 

«Аудан әкімдігінің  ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілетін гранты» алуға іріктеу жөніндегі Шет ауданы әкімдігі жанындағы  конкурстық комиссия отырысының

 

 №______ ХАТТАМАСЫ

 

 

Өткізілген орны

 

Өткізілген мерзімі

 

Комиссия төрағасы

 

Қатысқан Комиссия мүшелері

 

Келмей қалған Комиссия мүшелері

 

Шақырылғандар

 

Комиссия хатшысы

 

 

Күн тәртібі

 

Сұрақтардың атаулары

1

 

 

 

Комиссияда қаралды

1 сұрақтың атауы

1

 

 

 

 

Комиссия шешім қабылдады

 

 

 

 

 

 

 

  1. Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне төмендегі Кәсіпкерлерге бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант беруге ұсыныс жасау:

Кәсіпкердің атауы

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша мәлімет)

Бизнес-жобаның жүзеге асырылу орны (обласы, қаласы, ауданы)

Кәсіпкердің тіркелген жері

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкер жобасының жүзеге асырылуы жоспарланған аймақ экономикасы саласының атауы

Грант сомасы (теңгеде)

Жұмысшы орнын құру (грант берілген жағдайдағы жоспары)

6

7

8

 

 

 

 

Гранттың мақсаттық тағайындалуы

Кәсіпкердің бизнес-жобасының жинақтаған балдық қорытындысы

Бизнес-жобаның жаңашылдығы, ерекшелігі, иновациондығы неде

Ескерту

(Комиссия мүшелерінің пікірі бойынша қандай да болмасын қосымша мәліметтер көрсетіледі)

9

10

11

12

 

 

 

 

 

  1. Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне төмендегі Кәсіпкерлерге бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттың төмендегі себептерге сәйкес берілмейтіндігі туралы  ұсыныс жасау:

 

Кәсіпкердің атауы

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша мәлімет)

Бизнес-жобаның жүзеге асырылу орны (обласы, қаласы, ауданы)

Кәсіпкердің тіркелген жері

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкер жобасының жүзеге асырылуы жоспарланған аймақ экономикасы саласының атауы

Грант сомасы (теңгеде)

Жұмысшы орнын құру (грант берілген жағдайдағы жоспары)

6

7

8

 

 

 

 

мақсаттық тағайындалуы

Кәсіпкердің бизнес-жобасының жинақтаған балдық қорытындысы

Берілмеу себептері

Ескерту

(Комиссия мүшелерінің пікірі бойынша қандай да болмасын қосымша мәліметтер көрсетіледі)

9

10

11

12

 

 

 

 

 

Комиссия мүшелерінің қолы

 

Т.А.Ә., және Комиссия мүшесінің мәртебесі

Қолы

1

Комиссия төрағасы

 

2

Комиссия төрағасының орынбасары

 

3

Комиссия мүшесі

 

4

Комиссия мүшесі

 

5

Комиссия мүшесі

 

 

 

 

Комиссия хатшысы             _________________                   Т.А.Ә.

 

                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 2763


Жоғары