print

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

Е-4

77452

104935

E-R-4

  73288

  99106

E-G-3

69957

94108

E-G-4

  62462

  84115

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz, g.iglikova@karaganda-region.gov.kz, аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, № 7-2, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Ауыл, кент әкімдерінің жыл сайын жасалатын жұмыс жоспарының дұрыс деңгейде жасалып іс-жүзінде орындалуын қадағалайды. Аудан әкімінің жыл басында бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес ай сайынғы ұсынылған мәселені алқа мәжілісі, кеңейтілген аппарат мәжілісінің күн тәртібін, анықтамасының дайындалуын бақылауға алып, шақырылғандардың қатысуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын және бөлімнің құжаттарын жасауға қатысады. Облыс, аудан әкімінің қаулы, өкімдерінің және басқа да тапсырыстардың орындалысын бақылауға алып, олардың орындалысына жауапты әкім орынбасарлары мен мекеме басшыларының уақытылы орындалысын қадағалап, тиісті қорытынды шығарады.  Бөлімге түскен арыз, шағымдарды қарайды. Аудан бойынша жергілікті қоғамдастықтықтың жұмысын ұйымдастыруға және қоғамдық кеңестің отырысын өткізуге жауапты.

Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін кеңейтілген аппарат отырысының хаттамасын жазу мен тапсырмалардың орындалысын жинау. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –“экономика және бизнес” мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару), “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ кеңсе бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, № 9-3, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізу, аудан әкімдігі отырысының, кеңейтілген аппараттық кеңестің, аудан әкімінің төрағалығымен өтетін кеңейтілген аппарат отырысының хаттамасын жазу мен тапсырмалардың орындалысын жинау. Іс қағаздардың айналымына бақылау жасау, аудан әкімі аппаратына келіп-түскен «құпиялық» іс қағаздар жұмыстарын үйлестіру, орындалысын қадағалау. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне «құпиялық құжаттарға» рұқсатнама дайындау. Жылдық қорытындысы бойынша статистикалық есеп беру, аудан әкімі аппаратына келіп түскен кіріс- шығыс құжаттарын тіркеу, есепке алу, орындалысын қадағалау. Облыс, аудан әкімінің қаулы, өкімдерінің және басқа да тапсырыстардың орындалысын бақылауға алып, олардың орындалысына жауапты әкім орынбасарлары мен мекеме басшылары тарапынан уақытылы орындалысын қадағалап, тиісті қорытынды шығарады. «Электронды құжат айналымының біріңғай жүйесі» бағдарламасымен, көшірме және ұйымдық техникалармен жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы (санаты Е-R-4,  № 1-2, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Сәулет және құрылысы саласына қатысты жұмыстарды үйлестіру. Объектілер мен кешендерді орналастыру жөнінде жергілікті атқару органдарына ұсыныстарды, сонымен қатар сәулет және қала құрылысы мен жеңілдетілген түрдегі (сауда шатырлары, киоскілер, жарнамалық қондырғылар және қызмет көрсетудің басқа нысандары) құрылыстарын орналастыру, көгалдандыру, құрылыс салуды жоспарлау саласында аудан  әкімдігі қабылдайтын құқықтық актілердің ұсыныстары мен негіздемелерінің құжаттарын әзірлеу. Пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жер учаскелеріне, ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмірлер тағайындау саласында іс-шараларды іске асыру. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сәулеттік-жоспарлау тапсырмаларды дайындау. Қолданыстағы объектілерді (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) өзгертуге рұқсат береді. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «өнер» мамандықтары бойынша (сәулет, дизайн), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Шет ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы (санаты Е-R-4, № 1-5, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Ауылшаруашылығы техникалары мен тіркемелерін және машиналарды кепілге қою келісім шарттарын тіркеу және есепке алу, техникалық байқау жүргізу, емтихан қабылдау мен тракторист – машинистердің куәлігін беру, машиналар жүргізушілердің сенім хатын тіркеу, ауыртпалықтың  болмауы туралы анықтама беру. Машиналардың мемлекеттік техникалық байқау, машиналардың жай-күйін олардың құрылмасының қауіпсіздік талаптарына белгіленген стандарттар мен ережелер талаптарын сәйкестігін бағалау, жыл саыңғы техникалық байқаудан өткен құжаттарының сәйкестігін бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (аграрлық техника және технология); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы (санаты Е-R-4, № 1-1, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Аудан бойынша дене шынықтыру және спорт жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспарлардын жасау, өтетін дене шынықтыру, спорт жарыстарын ережелерін бекітіп уақытында өтуін қадағалау және жүзеге асыру. Аудандық, облыстық спартакиядаларды ұйымдастыру және өткізу. Білім беру ұйымдарында тәрдиенің кешенді бағдарламасының орындалуына бақылау жасау, АӘД және еңбек пәндерінің жүргізілуіне басшылық жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - «білім» мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Шет ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы ( санаты Е-R-4, № 1-2, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің ішкі саясат саласы бойынша іс-әрекет жоспарларын әзірлеу. Қазақстан Республикасының «Жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу. Жастар саясаты жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруды ұйымдастыру. Аудан әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің, аула клубтарының жұмыстарын үйлестіру. Аудандық Мәслихат депутаттарының аумақтағы болып жатқан саяси іс-шарларға қатысуын зерделеу. Аудандық «Шет шұғыласы» газетінің ақпараттық саясат бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындауын қадағалау. Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі аудандық Кеңестің және басқа да Үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар жұмыстарын үйлестіру, олардың жедел компьютерлік базасын құру. Аудандағы қоғамдық-саяси іс-шараларды, дөңгелек үстел отырыстарын, конференциялар, кездесулер, акциялар және өзге де іс-шараларды саяси партиялардың, коммерциялық емес ұйымдардың қатыстырылуымен жоспарлау және ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих, филология), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Шет ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы (санаты Е-R-4, № 7-1-3, 1 бірлік, 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне):

Функционалдық міндеттері: Балаларды асырап алу мен қамқоршы тағайындау жөніндегі құжаттарды жүргізу. Ішкі істер бөліміне қылмыс жасаған жасөспірімдер туралы есебін жүргізу. Оқушылар тарапынан болған қылмыс туралы мәліметтер жиынтығын жасау. Білім беру мекемелерінде құқықтық оқуды ұйымдастыру. Балалар құқығын қорғау және тағы басқа шараларды ұйымдастыру. Бөлімге қатысты аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлеу, бөлім басшысының қызмет бабындағы бұйрықтарының Заңдылықтарын қадағалау және мемлекеттік сатып алумен айналысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –“білім” мамандықтары бойынша немесе “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (санаты Е-R-4, № 2-1-2, 1 бірлік, 2019 жылдың 11 сәуіріне дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне):

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи–мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңдарының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету, іс-шараларын әзірлеу. Ауданда мәдениет саласының даму барысын зерделеу, кітапхана, ауыл клубтарының жұмысына сараптама жүргізу.Аудан әкімінің мәдениет саласы бойынша іс-әрекет жоспарын әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих, мәдениеттану) немесе «өнер» мамандықтары бойынша (өнертану) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (кітапхана ісі) немесе «білім» мамандықтары бойынша (музыкалық білім); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

9. Босаға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, № 9-1, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Сонымен қатар халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, 1-ОЛ есебін жүргізу. Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округі әкімінің өкімдерін дайындау, конкурстық, аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау комиссияларының жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша, “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

10. Нұраталды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, қызметі № 13-3, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын атқару. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік  көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “білім” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

11. Ақадыр кенті әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты E-G-4, №25-13, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Тұрғындардан, кәсіпорын, мекемелерден келіп түскен өтініш, ұсыныс, қатынастарды Заңды талаптарға сай орындау, рәсімдеу. Әлеуметтік-идеологиялық салаларға байланысты атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру. Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес мақсатында әр жанұяға әлеуметтік карта, комплекстік  бағдарлама жасау. Сайлауға байланысты тиісті шараларды ұйымдастыру. Мектептердің, оқу-өндірістік комбинатының, өнер мектебінің, мәдениет үйінің, балабақшаның, кітапхананың, әділет ұйымы, денсаулық сақтау мекемелеріне қатысты жұмыстар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

12. Шет (санаты Е-G-4, №20-4, 1 бірлік), Ақшоқы (санаты Е-G-4, №12-4, 1 бірлік) ауылдық округі әкімі аппараттарының жетекші мамандары:

Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау. Білім, дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарды үйлестіру, ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді жүргізу, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – “білім” мамандықтары бойынша, “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

         1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

         3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшiрмелерi;

      «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын

Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары,

ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды

қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру

ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру

саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды

нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

     «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi

туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік

қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық

стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса

беріледі.

        Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану

аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру

саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану

туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

        4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған

немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

        5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып

тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта

берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын

құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені

туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат

(немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда

жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе

қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304

тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304

тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға

дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

        Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

         Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың

көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

          Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап

7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

      Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не

хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

       Құжаттар электронды түрде «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

       Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жеңімпаздар

1. Шет ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бас маманы Әмірбек Мәрлен Мәжитұлы

2. Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Аманова Арайлым Даулетиаровна

3. Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Курманбаев ерсаин Жанатович

4. Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сулейменов Алтынбек Айтжанович

5. Шет ауданының білім бөлімінің бас маманы Омарбаева Диана Кизаткызы

6. Босаға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрланқызы Нурбану

7. Нұраталды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Касимов Биржан Кусаинович

8. Шет ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ибрахимова Айгерим Сакеновна

 

 

                                                                                                      Нысан

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                        Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата


Келулердің саны: 3404


Жоғары