print

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

                                                                                                                                   Жоба

 

Бас бостандығынан айыру

орындарынан босатылған

адамдарды, пробация

қызметінің есебінде тұрған

адамдарды жұмысқа

орналастыру үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу

туралы

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 болып тіркелген) қағидаларына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, 2017 жылға Шет ауданының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде;         

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының   бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. Ұйымдардың тізбесіне енгізілген Шет ауданының жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес, квота қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алты айдың ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.

3. Шет ауданы әкімдігінің "Шет ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру жолымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына ықпал етуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                М.Жандәулетов

 

                Орынд.: Б.Бекенов

 

 

 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі                          Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі      

 

Шет ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "___" ____________
№ _____қаулысына

1-қосымша

р/с

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота үлесі

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

«Шет аудандық мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

171

1

1

2

«NOVA Цинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1018

1

10

 

Барлығы

1189

-

11

 

Шет ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "___" ____________
№ _____қаулысына

2-қосымша

р/с

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота үлесі

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

«Шет ауданының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

530

1

5

2

«Bapy Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

333

1

3

 

Барлығы

863

-

8


Келулердің саны: 3364


Жоғары