print

Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар тізбесі

Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектер үшін жұмыс орындары саны (адам)

1

«Шет аудандық мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

171

3

2

2

«Шет ауданының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

530

4

5

3

 «Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2

1

4

 «Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

3

2

5

"Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2

1

6

«Көктіңкөл жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2

1

7

 «Батық жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2

1

8

«С.Мұқамеджанов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1

8

«Шет жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

 

Барлығы:

х

х

15


Келулердің саны: 2978


Жоғары