print

Көлік салығын жеке иелігінде көлігі бар жеке тұлғалар, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері және салық төлеу объектісі негізінде қаржылық келісім бойынша лизинг алушылар төлеуге міндетті.

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  көлік салығы бойынша қысқаша мәлімет хабарлайды:

Көлік салығын жеке иелігінде көлігі бар жеке тұлғалар, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері және салық төлеу объектісі негізінде қаржылық келісім бойынша лизинг алушылар төлеуге міндетті. Ал көлікті сенімхатпен немесе сақтандыру полисі бойынша жүргізіп жүргендер көліктің техникалық төлқұжаты кімнің атына ресімделген болса, сол адамның атынан төлеуі қажет.

Қазіргі уақытта көлікті сенімхатпен немесе сақтандыру полисімен жүргізіп жүрген жүргізушілердің ішінде көлік салығын жылдап төлемей жүрген азаматтар аз емес.

Олардың кейбіреуі  көлікті сенімхат арқылы басыбайлы сатып алса да, өз атына ресімдеуге асықпайды. Сонымен қатар қала ішінде жол жүру ережесін бұзған жағдайда да айыппұл көлік иесінің атына келеді.

Сондықтан да көлігін сатушы азаматтар көлікті басқа біреуге сатқан жағдайда, оны бірден сатып алушы субъектінің атына ресімдеп бергені абзал. Сонда ғана жоғарыда айтып өткен проблемалардан бойды  аулақ ұстауға болады.

 Жүк көтеру салмағы 40 тонна және одан асатын карьерлік самосвалдар, арнайы жабдықталған медициналық көлік құралдары және Қазақстанның халықаралық реестрінде тіркелген теңіз кемелері салық төлеуден босатылады.

 Жеке тұлғалар көлік салығын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеулері қажет. 2016 жылдан бастап көлік салығын тұрғылықты жерге төленетін болады. Сонымен қатар көлікті тіркеу, қайта тіркеу және техникалық байқаудан өткізу кезінде салықты алдын ала төлеуі тиіс.

Төлемеген жағдайда көлік тіркеуге алынбайды және техникалық байқаудан өткізілмейді.

Ал енді заңды тұлғалар болса көліктің тіркелген жеріне байланысты сол жылдың 5 шілдесіне дейін төлеуге міндетті. Ал енді 1 шілдеден кейін сатып алған жағдайда, декларация тапсырудың уақыты келгеннен кейін есептегі айдың 10-на дейін кешіктірмеуі тиіс. Салықтық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, кешіктірілген әр күн үшін пеня жүріп отырады.

Ауыл шаруашылығы өнімін (балық аулау, т.б.) шығаратын заңды тұлғалар, фермерлік және шаруа қожалықтарының басшылары, тиісті норматив бойынша қажеттілікке байланысты  пайдаланатын арнайы техникалар салықтан босатылады.

Сонымен қатар мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының қарауындағы  қозғалтқыш көлемі 3000 кубтан аспайтын бір жеңіл көлік пен бір автобус босатылады.

Бұған қоса Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен  оларға теңестірілгендер, соғыс жылдары тылда жанқиярлық еңбек ету нәтижесінде КСРО-ның ордендері мен медальдарымен марапатталғандар, 1941 жылдың 22 шілдесінен бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты  әскер қатарында қызмет еткендер және тылда жанқиярлықпен еңбек етсе де, КСРО-ның ордендері мен медальдарымен марапатталмағандар, Ұлы Отан соғысының батырлары мен Социалистік еңбек ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болғандар, Даңқ орденінің үш дәрежесінің және Отан орденінің иегерлері, көпбалалы «Батыр аналар», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері босатылады.

 Көліктік салық көліктің маркасы мен тартымдылық күшіне байланысты айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Қазіргі уақытта бір айлық есептік көрсеткіш 2269 теңге көлемінде белгіленген. Және де көліктік салық міндетті түрде көлік иесінің атынан төленеді.

Мысалы, жеңіл көліктердің ставкасы 1 айлық есептік көрсеткіштен 117 есептік көрсеткіш аралығын құрайды. Атап айтсақ, оталдырғыш көлемі 1100 кубқа дейін 1 айлық есептік көрсеткіш, 1100-ден 1500 кубқа  дейін 2 айлық есептік көрсеткіш, 1500-ден 2000 кубқа дейін 3 айлық есептік көрсеткіш болып кете береді. Көліктік салықтың ставкалары тек жеңіл көліктер ғана емес, жүк көліктеріне де байланысты Салық кодексінің 367-бабында нақты көрсетілген.

 Сонымен қатар, көлік салығын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында http://kgd.gov.kz есептеуге болады. Бұл үшін кестеге мына мәліметтерді енгізуіңіз керек: салық есептеу жылы; салық салынатын нысанның түрі (жеңіл немесе жүк көліктері); авто қозғалтқышының көлемі


Келулердің саны: 2581


Жоғары