print

Бастауыш білім беру бойынша атқарылған жұмыстар есебі 2016-2017 оқу жылы.

Ұлт  Көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор..» дегендей  ауданның барлық педагог қызметкерлерінің сапалық құрамы жылдан –жылға өсуде. Бастауыш сыныптарда - 299 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 158 - сі жоғары білімді, 53,2% (2015-2016оқу жылы – 154), ал 141-і арнаулы орта білімді, 47,8% (2015-2016оқу жылы – 138). 

Мұғалімдердің 33-і жоғары санатты, 11,0% (2015-2016 оқу жылы-24), 147-і бірінші санатты, 49,1% (2015-2016 оқу жылы – 137),  82-і екінші санатты, 27,4% (2015-2016 оқу жылы – 82).

2016-2017 оқу жылының екінші жарты жылдығына аудан бойынша 1-4 сынып оқушылар саны 3020 (қазақ сыныбы -2695, орыс сыныбы -325).

 «Өрлеу» АҚ филиалы облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты жанында деңгейлік курстан 2013-2014-2015-2016 жылдар аралығында 33 бастауыш сынып педагогтері біліктілігін арттырып, сертификаттарға ие болды.

Педагог қызметкерлерін аттестаттау бойынша 2016-2017 оқу жылында бірінші санатты растауға – 14, бекітуге – 5, барлығы 19 бастауыш сынып мұғалімдері өтініш берген, құжаттары аттестациялау комиссиясының сараптама тобында  қаралып,  аттестаттаудан өтті. Жоғары санатты растауға 5 бастауыш сынып мұғалімі, бекітуге 8 бастауыш сынып мұғалімі өтініш берген, аудандық сараптама тобы қарап, облыстық аттестаттау комиссиясының қарауына ұсынылды.

Биылғы 2016-2017 оқу жылында 1 сыныпты қабылдаған 73 бастауыш сынып мұғалімдері шілде, тамыз айында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курстан өтіп, сертификатталған.

Келесі 2017-2018 оқу жылында 1 сыныпты қабылдайтын 83 бастауыш сынып мұғалімдерінің тізімі жасалып, курстан өтеді. Сонымен бірге бастауыш сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдері де курстан өтеді. (қазақ тілі орыс сыныптарында, орыс тілі қазақ сыныптарында, ағылшын тілі, музыка, бейнелеу, денешынықтыру).

Аудан мектептеріне әдістемелік көмек көрсету және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің іс – тәжірибесін насихаттау мақсатында бастауыш сыныптар бойынша 31.08.2016ж №97 бұйрықпен шығармашылық топ құрылған. Топтың құрамында 7 мұғалім бар, олар мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс – сапарларға шығып отырады.

           Биылғы оқу жылында 1 сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұнына енгізілуіне байанысты тамыз айынан бастап барлық 1 сынып мұғалімдері нормативтік құжаттармен танысып, барлық мектептерге тарату жұмыстары жүргізілді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар, мектептерге шығу жұмыстары жүргізілуде.

03.11.2016ж. «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» тақырыбында семинар өткізіліп, ауданның 1 сынып мұғалімдері қатысты.

05.01.2017ж. «Критериалды бағалау бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін бағалау жолдары» тарыбында семинар өтіп, мұғалімдерге жиынтық бағалауды өткізу жолдары түсіндіріліп, жиынтық бағалау тапсырмаларын өздеріне орындату, дескрипторлар құрастыру жұмыстары жүргізілді.

Жаңартылған білім мазмұнының іске асырылуын зерделеп, көмек көрсету мақсатында шығармашылық топ құрылып төмендегі мектептер қамтылды.

21.11.2016ж.  Абай ЖОББМ, Х.Сарінжіпов атындағы ЖОББМ, Ю.Гагарин атындағы МЛ, М.Маметова атындағы  ЖОББМ,  Ә.Ермеков атындағы ЖОББМ, Нұра ЖОББМ, Ж.Ақылбаев, Ы.Алтынсарин атындағы МГ

17.11.2016ж.  Нұраталды ЖОББМ, Талды ЖОББМ, Ақсу НМ,

07.12.2016ж.  Ақой ЖОББМ

08.02.2017ж. –Ш.Уалиханов ат.ЖОББМ, Ж.Алтайбаев атындағы НОББМ;

14.02.2017ж –Көктіңкөлі ЖОББМ, Алихан НОББМ;

15.02.2017ж – Босаға ЖОББМ, Ортау НОББМ.

2017 жылғы 25 қаңтарда мектеп директорларының, оқі ісі жөніндегі орынбасарлардың қатысуымен өткізілген әдістемелік кеңестің күн тәртібіне жаңартылған білім мазмұны бойынша  критериалды бағалау тақырыбы енгізіліп, тақырып бойынша барлық жүргізілетін жұмыстар презентация түрінде дайындалып, мектеп үйлестірушілеріне түсіндірілді. Өткізілген семинарлардың барлық материалдары папкаға жинақталып отырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін насихаттап, тарату бойынша: 2016 жылғы 4 сәуірде Ж.Ақылбаев атындағы МГ мұғалімі Ф.Т.Шамгунованың «Жаңа технология - сабақта» тақырыбында, 2016 жылғы 21 сәуірде Ю.Гагарин атындағы МЛ мұғалімі Р.Ильясованың «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбында озық тәжірибелері насихатталды. Жұмыстары, үздік сабақтары басылып, брошюра түрінде шығарылып, мектептерге таратылды.  

2017 жылғы 3 ақпанда Ш.Батталова атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Космаганбетованың «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдістер» тақырыбында іс-тәжірибесін тарату семинары өтіп, өзінің жинақтаған әдістемелік құралын таратты.

2014-2015 оқу жылында Қарағанды облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының  бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған «Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасына енгізілген Ж.Ақылбаев атындағы МГ және Ю.Гагарин атындағы МЛ жұмыстарын жалғастыруда.

2015-2016 оқу жылында осы жобаны жалғастыру мақсатында ауданның Ш.Батталова атындағы ОМ, Ы.Алтынсарин МГ, Нұраталды ОМ, Жарық ОМ, Ақой ОМ, Ақсу НМ, М.Маметова атындағы ОМ, Шет ОМ енгізіліп, жұмыс жүргізді. Оқушылардың оқу сауаттылығын көтеру мақсатында мектеп кітапханасы, аудандық кітапханалармен байланыста болып,  көп жұмыстар атқарыдуда. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін отбасылық оқу клубтарын құрып, ата-аналармен бірге байланыста болады. Оқушылардың дамуын бақылау мақсатында оқығанын жүйелеуді дамыту сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

2016-2017 оқу жылында осы жобамен ауданның барлық мектептері жұмыс жүргізуде. Тәжірибе алмасу мақсатында өткізілетін аудандық семинарларда  мұғалімдер сабақтарын, қолданатын әдіс-тәсілдерін, уақытты тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді.

2015-2016 оқу жылынан бастап оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған облыстық «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жобасы  Бұрма,  Жарық  ЖОББМ-не енгізіліп, жұмыс жүргізуде.

 Аудан бойынша оқушылардың интеллектуалдық ойындар, марафондарға қатысуы: «Ақбота»  зияткерлік марафонына мектептерден 769 оқушы қатысып,  94 оқушы жүлделі орындарға ие болды.  

«Русский медвежонок» интеллектуалдық турниріне 411 оқушы қатысып, жүлделі орындарға 98 оқушы ие болды.

 «Зияткер» облыстық интеллектуалдық жарысқа  440 оқушы қатысып, 89 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі орындардың дипломдары келіп, мектептерге таратылды.

         Халықаралық интеллектуалдық жарыстарға:  «Золотое руно» 174 оқушы, «Кенгуру - лингвист» 81 оқушы, «Кенгуру – математика для всех» 227 оқушы  қатысып, нәтижесі күтілуде.

 Начального образования отчет по проделанной работе

В 2016-2017 учебном году

Лидер Нации Н.А.А. Назарбаева народу Казахстана «Социально –экономическая модернизация-главный вектор развития Казахстана» народу «важно повышать качество педагогического состава.. как говорится» качественный состав педагогических работников всего района, с каждым годом растет. В начальных классах - учитель работает 299. Их 158 ул. с высшим образованием, 53,2% (2015-2016оқу году – 154), а 141-i среднее специальное образование, 47,8% (2015-2016оқу году – 138).

 


Келулердің саны: 9328


Жоғары