print

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 26-тармағына және 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар, оның ішінде шот-фактуралар, электрондық нысанда рәсімделеді.

Бұдан тыс, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсндағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» 424 және 426-тармақтары қолданысқа енгізілгендігі қай жерде көрсетілген:

424-тармақтары: Шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.

426-тармақтары: Тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;

2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;

3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;

4) «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелді) (бұдан әрі - Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалар) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;

5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.


Келулердің саны: 3276


Жоғары