print

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірледі.
  Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
      1) ҚазақстанРеспубликасыҚазақстанРеспубликасыИнвестицияларжәне даму министрлігінің «Халыққақызметкөрсетуорталығы» шаруашылықжүргізуқұқығындағыреспубликалықмемлекеттіккәсіпорнындакөрсетілетінқызметтіберушіарқылы;
      2) дайындаудыңжаңатехнологиясынасәйкесқұжаттардыңтүрөзгерісінебайланыстыжекебасынкуәландыратынқұжаттыауыстырукезінде – «электрондықүкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылыжүзегеасырылады.
Мемлекеттікқызметтікөрсетутәртібі

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-да көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей беріледі.
      2) құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ХҚКО-ға жүгінген кезде – 7 (жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);
3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
       Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру.
Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетiледi. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 540-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 400 (төрт жүз) пайызын, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн бергені үшін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 (жиырма) пайызын құрайды.

 Құжаттарды қабылдау және ХҚКО-да мемлекеттік қызметті беру нәтижесі жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық кезекті» портал арқылы брондауға болады.
ХҚКО-да көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады);
      2) құжатты ресiмдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз жеткізгіште ресімделген кезде) екі фотосурет.
      Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.
      «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға фотосуретке түсіру, қолтаңба сканері арқылы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы енгізіледі.
      3) мына құжаттардың бiрi:
      туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде) және ата-анасының бірінің жеке куәлігі (баланың азаматтығын растау үшін). Ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда шетелдік ата-анасының баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуға нотариалды түрде куәландырылған келісім-өтінішін ұсыну қажет

Құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру күнін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны беріледі.
      Құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыларға паспорттар, жеке куәліктер беру көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны, сондай-ақ паспортын және (немесе) жеке куәлігін жоғалту, олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы, некесін қиюына (бұзуына) байланысты тегін өзгерту, одан әрі қолдануға жарамсыздығы, құжаттарды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет алуына байланысты нақты болатын орны бойынша жүзеге асырылады.
      Дайын құжаттарды беруді ХҚКО-ның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жеке жүгінген кезде немесе оның заңды не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірілген өкіліне өтінімді тіркеу талонының негізінде жүзеге асырады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмесе, ХҚКО жеке куәлікті және (немесе) паспортты оның дайындалған күнінен бастап бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге оны жою үшін береді.


Келулердің саны: 2906


Жоғары