print

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді, ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді,  ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді, мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.

2016 жылғы 11 қазаннан бастап ҚР Заңының аясында төлемдер және төлем жүйелер мәселелері бойынша шетелдік көздерден қаржыландыру алған жеке және заңды тұлғалармен ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету бойынша ҚР Салық кодексінің түзетулеріне өзгерістер енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде осы норманы бұзу әкімшілік жауапкершілікпен қарастырылған (ҚР ӘҚБТК 460-1, 460-2-бап).

Шетелдік қаржыландыруды алатын тұлғаға, белгіленген мерзімдерде және тәртіппен олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді жіберуі, ақшаны алғандығы туралы мәліметтерді, мемлекеттік кірістер басқармасына хабардар етуі жеткілікті. Тәртіп, нысандар (017.00, 018.00) және мерзімдер ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.

Көрсетілген Заңның шеңберінде есептілікті 017.00, 018.00 нысандар бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы, 1-2 және 1-1 тармақтарымен қарастырылған (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді). Бұл ретте  шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету тәртібі, нысандары, мерзімдері ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген. Осы бұйрықтар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілген (2016 жылғы 14 және 21 қарашада), яғни

017.00 н. есептілік–2016 жылғы 25 қарашадан бастап;

018.00 н. есептілік – 2016 жылғы 2 желтоқсаннан бастап.

017.00, 018.00 н. есептіліктерді мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету бойынша міндеттілік осы күндерден бастап туындайды.

 

 

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


Келулердің саны: 2889


Жоғары