print

Төлемдер және төлем жүйелері туралы

Төлемдер және төлем жүйелері туралы

Шет  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Төлемдер және төлем жүйелері туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ Заңы күшіне енгендігін хабарлайды. Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
 Заңның күші Қазақстан Республикасында төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ төлем жүйелерінің және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу процесінде туындайтын қатынастардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын халықаралық төлемдер мен және (немесе) ақша аударымдарымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен (қаржы институттарымен) байланысты қатынастар "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi. Егер халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша әрекеттер Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен, көрсетілген шарттармен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.
      Заң банктерге қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады.

 

 

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Результаты согласования
01.2.2017: Серикбаева А. Т. (Отдел по работе с налогоплательщиками ) - - cогласовано без замечаний


Келулердің саны: 3389


Жоғары