print

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
  2. «Шет ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдансын.
  3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Мұхтаровқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шет ауданы әкімдігінің

2016 жылғы «____»  ___________

№ ________ қаулысына қосымша

 

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді біріңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі.

 

 

р/с №

Атауы

1

Тауарлар

1.1.

автокөлік құралдарын сатып алу

1.2.

дербес компьютерлер, моноблоктар (республикалық бюджет заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

2

Жұмыстар

2.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау

2.2.

аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізу

2.3.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

3

Қызметтер

3.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинигирингтік қызметтер көрсету

3.2.

аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинигирингтік қызметтер көрсету


Келулердің саны: 3567


Жоғары