print

Ауданның инвестициялық мүмкіндіктері туралы

Ауданымыздың тұрақты экономикалық даму көрсеткішін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті өнімінің қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығару бүгінгі күннің басты талабы, осы тұрғыда алдағы уақытта ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қомақты үлес қосатын маңызды жобалар іске асыру.

Сонын бірі, «Көктіңкөлі молибден» жобасы негізінде   Көктіңкөлі кенорнында металлургиялық комбинат салып, пайдалануға беру.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы кен бойынша жылына 20 млн. тоннаны құрап, одан молибденнің техникалық тотығы, рений, күкірт қышқылы алынбақшы.

Бүгінгі күнге «Дала Майнинг» ЖШС басшылары жобаны іске асыру мақсатында ықтимал инвесторды іздестіруде.

Аудан бойынша «Сүлу Мәдине» кенорнындарында марганец кенін, «Дүйсен», «Киік» кенорнындарында темір кенін, «Байназар» вольфрам және молибден кенін, «Батыстау» кенорнында полиметалл кенін, «Киікбай-Сайдал» кенорындарында жез және алтынды барлау жобаларының іске асыру бағытында инвесторлар қажет етіледі.

          Бүгінгі күнге Қорғантас, Үлкенжол, Алмалы, Ұзынжал кенорындарындағы пайдалы қазбаға барлау жұмыстары жүргізілуде.

          Жер қойнауын игеруде Жоғарғы Қайрақты вольфрам, Босаға волластонит кенорнын игеру жобалары бойыншаалдағы уақыттарда жұмыстар жүргізу көзделуде.

          Сонымен қатар, Ақадыр кентінде жобалық қуаттылығы 50МВт «Күн сәулесінен қуат алатын электрстанциясын орнату»жалпы құны 13,0 млрд тенгеніқұрайтын элетрстанциясы құрылысыбойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 


Келулердің саны: 3623


Жоғары