print

«Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1. Жалпы ережелер

 

         1. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шет ауданы әкімдігімен бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Шортанбай көшесі, 14 үй, индекс 101700.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

14. Міндеттері:

Шет ауданы аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

Елбасының – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тестілерінің орындалу жұмыстарын бақылау және ұйымдастыру.

15. Функциялары:

Шет ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;

жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;

аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық, спорттық жарыстарды өткiзедi;

спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

Шет ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;

Шет ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

 

спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;

мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;

спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;

Шет ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

Шет ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;

аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша ауданның құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады;

ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;

аудандық спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

сортшыларды құрметтеп және көтермелеу мерекесін ұйымдастру;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;

дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;

заңнамамен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

                                          

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;

тікелей аудан әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;

дара басшылық қағидасында әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметінің мәселелерін өз еркімен шешеді;

өз құзіреті шегінде мекеменің қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

өз құзіреті шегінде мекеменің барлық қызметшілеріне міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;

мекеменің қызметшілеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;

мекеменің қызметшілерінің өкілеттіліктерін анықтайды;

жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;

мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;

мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;

келісімдер жасайды;

сенімхаттар береді;

мекеменің іс-сапарлар, тәжірибе алмасу, республикалық және шет елдік оқу орталықтарына және біліктілікті көтерудің басқа да түрлері бойынша мекеме қызметшілерін оқытудың және біліктіліктерін арттырудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;

Қазақстан Республикасының заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

20. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.   

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

 

23. «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Келулердің саны: 3470


Жоғары