print

АУЫЛ АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

Ауылды көркейту, абаттандыру, тазалық жұмыстарын бірінші кезекке қойып, әрқашан бас- ты мақсат еткен аудан әкімі М.Жандәулетов бұл жұмыстарды бір сәтке естен шығарған емес. Әр отырыстарда, жиындарда шешімін күткен мәселелермен қатар қойып, үнемі көтеріп отырады. Сондықтан да шығар, осы бағытта қысқа мерзім ішінде талай жұмыстардың басы қайырылды, көптеген игі шаралар жасалды.

Сондай бір игі іс Қарағанды бағытынан ауылға кіре берістегі арка жаңартылды. Әсіресе, түңгілік шам жарығымен өзінің көз тартар қазақы ою-өрнегімен, “Ақсу-Аюлы”, “Қош келдіңіздер” деген жазуымен ауылға ажар беріп тұр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданымыздың іргесінен өтіп бара   жатқан жолаушылар да бұл көрініске сүйсініп, қызыға қарайтыны анық.

“Елу жылда - ел жаңа” демекші, әлемдік дағдарысқа қарамастан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалынған осындай игі істер тұрғындардың еңсесін тіктеуде.

Еске сала кетейік, мұнан бұрын Балқаш бағытынан кіре берістегі арка жаңартылған болатын.

Осы екі арканы жаңарту үшін барлығы 1 млн.400 мың теңге қаржы бөлініп, атқарылды.

 


Келулердің саны: 3567


Жоғары