print

"ШетКоммунСервис" КММ

2016 жылдың І жартыжылдығындағы

атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

     «ШетКоммунСервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны құрылған уақыттан бері коммуналдық салаға байланысты 3 түрлі қызмет бойынша жұмыстар атқарады.

  1. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету
  2. Елді мекен тазалығын жүргізу
  3. Кәріз жүйесін тазалау.

Қосымша «ШетКоммунСервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны өзін өзі қаржыландыратын мекеме болғандықтан жеке меншік үйлерге су тарту, кәріз жүйелерін жүргізу, техникаларды жалға беру, көше қарларын тазалауға т.б. жұмыстар атқаруға Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінен рұқсат алынған.

Кәсіпорынға Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Жарылғап батыр, Нұраталды, Талды, Батық, Кеншоқы, Тағылы, Красная поляна, Қарабұлақ, Үңірек елді мекендерінің су құбырлары қарайды.

І жартыжылдығындағы 2016 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ:

  1. Талды елді мекеніне ағымдағы жұмыстарын жүргізуге бөлінген 3,207 мың теңге. Бүгінгі күні 1733,00 теңге қаржы аударылды, 1474 мың теңге жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін аударылады. Атқарылған жұмыстар Су қоймасының жарылған жерлерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп аяқтадық және ауыл ішіндегі задвижкалар ауыстырылып, Берекетті отделениясына ЭЦВ-6 су сорғыш насосы жаңадан салынып берілді. Жаңадан КТП қойылды.
  2. Үңрек елді мекеніне 3,707 мың теңге су құбырын 1100 метр жаңадан ауыстыруға бөлінген болатын бүгінгі, күні жұмыс толығымен аяқталды, және де жаңадан ЭЦВ-6 насос қойылды.
  3. Ақшатау елді мекеніне 2,707 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Атқарылатын жұмыстар. Халық таза ауыз су алатын екі су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Есік терезелері ауыстырылды және жаңадан шатыры толық ауыстырылды. Ақшатау кентіндегі Су тасымалдығыш ГАЗ-53 автокөлігіне бөлшек саймандары алынады. Жарылғап елді мекені Ақшатау поселкасына қарағандықтан бұл елді мекеннің су айдағыш станциясының ішкі су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар тамыз айында толығымен аяқталады.
  4. Ақсу-Аюлы елді мекеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,000 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Бүгінгі күні 2,000 млн теңге қаржы аударылып 3 насосный станциясына жөндеу жұмыстары жүргізілді және сыртқы қоршаулары жөнделіп жаңадан су сорғыш ЭЦВ-8 ұңғыма насосы салынды. Көшедегі колонкалар краскаланып құлаған жерлеріне қиыршық тастар төгілді.
  5. Жыл басынан 4 елді мекенге су сорғыш ұңғыма ЭЦВ-6 насостары жанып жаңадан ауыстырылды. Насос құны 908,0 мың теңгені құрады. Техникаларға сайман бөлшектері, балондар т.б. керекті құралдар алында құны 672,0 теңгені құрады. «ШетКоммунСервис» кәсіпорыны негізгі қызметтен бөлек қосымша табыс табуға құқылы осыған байланыста биылғы жылдың наурыз айынан кәсіпорында токарный станок халыққа әсіресе шаруа қожалықтарына қызмет көрсетуде. Бұғанға дейін Ақсу-Аюлыда бұндай қызмет көрсету орталығы болған емес. Бұл қызмет көрсету түрі мекемеге, халыққа көптеген септігін тигізіп отыр. Төменгі Қайрақты су қоймасының жөндеу жұмыстары қазан айында толығымен аяқталады.

           Жалпы 2016 жылдың І- жартыжылдықта аудандық бюджеттен түскен    кіріс 10147,0 мың теңгені құрады, 9000,1 теңге заңды тұлғалардан және халыққа су беру қызметінен түсті.

Шығыстар:

Еңбек ақы -                                          6534,0 мың

Әлеуметтік салық -                            308,1 мың

Әлеуметтік төлемдер -                        248,0 мың теңге

Мүлік, жер салықтары және басқа төлемдер -                   591,0 мың теңге

Телекоммуникация төлемі, басқа да шығындар  -             914,0 мың теңге

Жанар-жағар май -                           2115,0 мың теңге

Сайман бөлшектер  -                       1230,0 мың теңге

Электр қуатына    -                           5998,9 мың теңге

Банк қызмет көрсеткені үшін –     91 мың теңге

Құрал жабдықтар -                           737,0 мың теңге

Жалпы шығын -   18767 мың теңге.

 

  1. 2016 жылдың І жарты жылдығында Ақсу Аюлы селосында өтініш берген 15 үйдің 10 үйге су құбыры тартылды. Барлығы 833 үй, су құбыры 726 үйге тартылған оның ішінде 400 үйге септик жүйесі тартылған, септиксіз 326 үй 107 үйге су тартылмаған.
  2. Қазіргі күнде мекемеде бар техникалар

1.Жер қазатын эксковатор 1;

2.Таза су сорғыш Газ-53 автокөлігі;

3.Кәріз жүйесін тазалайтын Газ-53 автокөлігі:

4.Таза суға арналған Газ-53 автокөлігі Ақшатауда халыққа қызмет көрсетуде;

5. Екі погрузчик;

6.Ауыр жүк тасымалдайтын автокөлік;

7.Газ-53 жүк тасымалдайтын автокөлік;

8.Екі күл қоқыс тасымалдайтын автокөлік; 1 автокөлік Ақжал кентінде

9.Волга автокөлігі;

10. Митсубиси автокөлігі;

Барлығы – 12 автокөлік

Кәсіпорында қазіргі күні 32 адам қызмет атқарады.

 

 

 


Келулердің саны: 2926


Жоғары