print

Хабарлама

2016 жылы «Жастар ресурстық орталығының» аудан жастары

             арасында жүргізілген жұмыстары туралы

ХАБАРЛАМА

                                                                                                                                                                                              

 

Бағыты

бойынша

Нәтижесі

 

Жастар саны

Ауданымызда 2016 жылдың статистикалық мәліметі бойынша 14 пен 29 жас    аралығындағы жастар саны 12200, оның ішінде ерлер: 6881, әйелдер: 5319, Халықтың 27,7% пайызы жастарды құрайды. 29 жасқа дейінгі жас отбасылар 116, Мемлекеттік қызметкерлер 54, Дәрігерлер саны 52, Ішкі істер өлімінде 77, Үй шаруасында 60, Мүмкіндігі шектеулі, жұмысқа қаблетсіз жастар 56, Баспананы қажет ететін жастар 265, Спортпен шұғылданатын жастар 2047, Оқушылар: 4480, ЖОО-ның студенттері 1195, Аранайы орта (лицей колледж) студенттері 1573, Теміржол бойында жұмыс істейтін жастар саны 270, өндіріс саласында 440, ауыл шаруашылығында 132, Әскер қатарына шақырылғандар 364, Жұмыспен қамтылғандар 830, Қарулы күштер қатарында 63, Кәсіпкерлер саны 52. Аудандағы жастар саны өткен жылмен салыстырғанда 12,2% пайызға өскен.

 

Аудан жастарының жұмыспен қамтылуы

 

Аудан бойынша 2016 жылы ауданның жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелген жастардың саны – 198 жас болса, оның тұрақты жұмысқа орналасқандары - 11 жас. Жалпы аудан бойынша   153 жас кіші кәсіпкерлікпен айналысуда.

 

3

Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыру

Аудан басындағы мекемелерге жастар тәжірибесімен 21 жас жұмысқа жіберілген.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

 

2016 жылы 72 жас маман оқуларын бітіріп кеген. Баспана сатып алу үшін республикалық бюджеттен әрқайсысына 3181,5 млн теңге бөлініп 15 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Білім беру - 31, ветеринар- 4, денсаулық сақтау- 15, балабақша – 4, мәдениет саласы – 3.

57 жас маманға 148 мың 470 теңгеден әрқайсысына бір реттік көтерме ақы төленді.

 

Тұл жетім балалар мен ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалар жөнінде

Аудан бойынша тұл жетім балалар мен ата – ана қамқорлығынсыз қалған 48 бала бар. Аудан көлемінде жетім, ата – ана қамқорлығынсыз қалған балаларда 8 үй мұрадан қалған. 21 тұрғын үй кезегінде тұр. 19 баланың тұрғын үй кезегіне құжаттары дайындалуда.

 

Аула клубтары

 

Аудан бойынша 4 аула клубтары бар. Оның; 3 спорттық бағытта, 1 қолөнер бағытында жұмыс жасайды.   Ақсу-Аюлы ауылында «Сарыарқа-Кәусар» жастар қоғамдық бірлестігі өз жұмысын жүгізуде. Сондай-ақ Ж. Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясында бокстан секция ашылса, Ақадыр кентінде пауэрлифтинк аула клубы жұмыс істеуде. Мойынты, С.Сейфуллин Ақжал кенттерінде ашылу жоспарлануда.

 

Жастарға әскери патриоттық

тәрбие беру

Жастарды елін, жерін сүюге, рухани құндылықтарымызды бағалауға насихаттау мақсатында 2016 жылдың наурыз айында «Құқығыңды білу өзіңді қорғау» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Отанға деген патриоттық сезім, елге, жерге, тілге деген сүйіспеншіліктен бастау алатыны белгілі. Соған байланысты сәуірдің 7-сі мен мамырдың 7-сі аралығында II аудандық оқушылар әскери спорттық – патриоттық спартакиадасының ашылу салтанаты өткізілді.

7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне орай әскер қатарына шақырылған жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу жиыны өтті.

Болашақ жауынгерлерге жастар ресурстық орталығының атынан дайындаған қолсағат естелікке берілді.

8

2015-2016 жылы Шет ауданы бойынша Облыс әкімінің грантын ұтқан шағын кәсіпкерлер туралы

 

 

         Ибрайкин Мадияр Канатович – 04.10.1989 жылы туған. 400 000 теңге Облыс әкімінің грантын ұтқан. 2015 жылдың қыркүйек айында үлкен форматта қағаз шығаратын принтер және әр түрлі өлшемдегі банер шығаратын құрылғы сатып алған. Қазіргі уақытта 3 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде. «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша тағы да қосымша қаржылай несие алуға өтінім білдірген. Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік өз жалғасын табуда.

         Орынбай Еділ Үсенұлы – 21.02.1993 жылы туған. 300 000 теңге Облыс әкімінің грантын ұтқан. Үйрек балапандарын сатып алып, олардың жемін алып өсіріп, көбейтуде. Жиналған ақшадан ғимарат алып, соны бұзып жартылай өңделген өнімдерді шығаратын шағын цех салуда. Шет ауданына қарасты Үңірек деген ауылдан келешекте шағын бизнесін ұлғайту мақсатында бір ғимарат алып қойған. Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік өз жалғасын табуда.

         Төлеу Таңшолпан Қанатқызы – 18.03.1993 жылы туған. 300 000 теңге Облыс әкімінің грантын ұтқан. 2015 жылдың тамыз айынан бастап – 2016 жылдың сәуір айына дейін шағын бизнесін жүргізген. Арнайы ғимарат жалдап, онда қоятын үстел, орындық, мұздатқыш сатып алған. Жалға алған ғимаратын толықтай жөндеуден өткізген. Спиртті сусын (пиво) сатуға лицензия жасатқан. Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік қаржы жағынан айналым түспегендіктен жұмысы тоқтатылуда.

2016жылы ауданы бойынша Облыс әкімінің грантын ұтқан шағын кәсіпкерлер Алинова Гулим Адилхановна – 04.11.1987 жылы туған. Шет ауданы Ақсу – Аюлы ауылының тұрғыны.

Аудан басында шағын іс тігу цехын ашуды жоспарлауда. Жоспарланған цехтың нысаналы тобы Шет ауднының және Қарағанды облысы медицина қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, мектептегі біріңғай оқу формасы, сауда және ұқсас қызметтер түрлерінің қызметкерлері болады.

Жұмабай Бауыржан Болатұлы – 02.05.1993 жылы туған. Шет ауданы Ақсу – Аюлы ауылының тұрғыны. Облыс әкімінің грантының иегері. Шағын бизнесін /автотехникалық қызмет көрсету орталығын/ аудан басында ашуды жоспарлауда.

Кәсіпорын қызметінің бағыттары:

- ауылшаруашылық және орман бағытындағы техникалар мен жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеу;

- ауылшаруашылық және орман бағытындағы техникалар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.

 

 

 

Ақпараттық насихат тобының жұмысы

Биылғы жылы ақпарттық насихаттау тобының ауылдық округтерді аралауы аудан әкімінің орынбасары бекіткен кестеге сәйкес, маусым айынан бастап «Жастар-жастарға» атты ақпараттық насихаттау керуенімен ауылдық жерлерді аралап, жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсақ керуен жұмыстарында Елбасының халыққа жолдауын насихаттау; Елбасы жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру; Мемлекеттік бағдарламаларға түсіндірме жұмыстары, керуен жұмысы барысында өткізіліп отырды. Керуен жұмысы бағдарламасына сәйкес келген керуен құрамын агротехникалық колледж ұжымы ыстық лебізбен қарсы алып, ауданның жастар ресурстық орталығының директоры С.Ахмедия  Ел басы саясатын жастар арасында насихаттауда мұндай шараның тиімді де заман талабына сай екендігін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесу бағдарламасы бойынша пленарлық отырыс өткізіліп, 4 аудиторияға бөлініп семинар тренингтер өткізілді.

Жастар ұйымдарымен тәжірибелік жұмысты жандандыру, ауыл жастарына бағытталған мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды түсіндіруге арналған кешенді шаралар өткізілді.  

 

Жоспарлы түрде өткізілген іс-шаралардың орындалысы

Ауданның «Жастар ресурыстық орталығы» жыл басында арнайы жоспар жасалып, аудан әкімімен бекітіледі. Осы бекітілген іс-шаралар жыл бойы толық өз мәнінде орындалады.

 

 

Жастар ресурстық орталығының жеткен жетістіктері

 

Қарағанды мемлекеттік университетінде студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІ еңбек маусымының салтанаты жабылу рәсімі аясында өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша Шет аудандық штабы, «Үздік студенттік құрлыс және «Жасыл ел штабы» номинациясының жеңімпазы атанып, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Өткен жылдың маусым айында аудан әкімінің кубогы үшін облыстық жайдарман ойыны өткізілді. Сондай-ақ өткен жылы ауданымыздың құрама командасының жеткен жетістіктері өте жоғары деңгейде десек артық айтқандық емес Жезқазған қаласында өткен жайдарманда І орын, Сәтбев қаласының әкімінің кубогы үшін өткен жайдарманда ІІ орын, Жаңаарқа ауданында Тәуелсіздік күніне орай өткізілген жайдарманда бас жүлде алып мерейлері үтем болды.

 

«Жастар арасындағы қылмысты болдырмау және дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану»

«Жастар арасындағы қылмысты болдырмау және дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану» бойынша ауданның ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімінен, ауданның жастар ресурстық орталығы мамандарынан құрылған діни ақпараттық насихат тобы мамырдың аяғында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы мен агротехникалық колледжінде жастармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде «Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және діни экстремизмді болдырмау және оның алдын алу», «Дәстүр мен мәдениет және ислам құндылықтары» туралы тақырыптарда түсіндірме жұмыстары өтті. Жұмыстар барысында дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, діни сауалдарды тек мешіттің имамдары, теолог ғалымдарынан сұрау, дәрісті тек солардан тыңдау керектігі, ата-ананы тыңдау, үлкендерді құрметтеу, кішілерді сыйлау қағидалары, жастар арасында теріс діни ағымдарға ұрынбау үшін жиі білімдерін жетілдірумен айналысу жайлы әңгімелер қозғалды

 

12

Діни экстемизім мен торроризмге қарсы күрес және қылмыстың алдын-алу

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша колледж судентеріне ашық әңгіме өткізді. «Қазақстандағы салафизм – бөгденің жолы» атты деректі фильм көрсетілді. Шет ауданының ювеналды полиция бөлімінің аға лейтенанты Айтуова Жанна Талгатовна   «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын-алу» мақсатында студент жастарға көптеген ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараларға қатысқан студент жастарға арнайы дайындалған үгіт-насихат материалдары таратылды.

 

13

«Алтын күз-2016» байқауы

Ауданның мәдени-сауық орталығы мен жастар орталығының ұйымдастырумен мекемелер арасында «Алтын күз-2016» байқауын өткізді. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтармен грамоталар табыс етілді.

 

14

Ұлттық сопрт түрлерінен өткен облыстық турнир

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттық құндылықтар мен патриотизмді жастардың бойына сіңіруде еліміздің рухани дүниесінің қайнары, жастар сіздерге зор жауапкершілік артылады» деген бастамасына үн қосу мақсатында, ұлттық салт-дәсүрлер мен ойындарды дәріптеуге арналған, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойының аясында «Асық ату» және «Арқан тартыс» ойындары бойынша ІІІ облыстық турнирі өткізілді.

Осы өткізілген байрақты бәсекеге аудан жастары мен мектептің жасөспірім спортшылары қатысты «Алтын сақа» «Асық ату» жарысына жоғары топ командалық ойынының 18-29 жас аралығында А.Байқадамов, Ә.Сериков, А.Баймолдиндар жүлделі 1 орынды жеңіп алса, кіші топта 14-18 жас аралығында «Құттыбай жастар» атты команда ойыншылары А.Бұғыбай, Н.Какенов, Е.Жақсылықовтар ІІ орынға қол жеткізіп, ауданның намысын қорғап қайтты.

 

 


Келулердің саны: 4229


Жоғары