print

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» іс-шараларының орындалысы

Шет ауданы бойынша «Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

іс-шараларының 2016 жылдың алты айлығына орындалысы

 

         1.Ветеринариялық – профилактикалық іс шаралардың жүргізілу барысы туралы.

  

       1.1.Аудан көлемінде ветеринариялық профилактикалық іс шараларды орындау «Ауданның ветеринария станциясы» МКМ ветеринар дәрігерлері атқарады. Аталған мекеменің 2016 жылдың 6 айында сібір жарасы, қутурма,оба қарасан, күс тумауы ауруларының елді мекендерде орындалысы.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллез ауруына ірі қара малыныңзерттеу   жоспарын ауданның Акой (73,2%), Ашатау (99%), Оспен (99%) округтері орындамады. Осы ауру түріне 265 бас ірі қара оң нәтиже бергені анықталып отыр. Батық - 35 бас, С.Сейфуллин кенті - 39   бас, Нураталды - 57   бас, Шет - 26 бас, Коктіңколі - 20 бас, Аксу Аюлы   - 28 бас. Аталған округтерде бруцеллез ауруы жыл сайын азаюдың орнына кобеюде. Бруцеллез ауруының шығуына ауру малдардың дер кезінде оқшауланып, етке откізілмеуінен, мал бастарының табында бағылмай, бей берекет күл қоқыста жайылуында, ауру мал толдерініңетке откізілмеуінен туындап отыр.

       Осы бағытта ауыл, кент әкімдері мен ветеринария болімшесі мал дәрігерлері тарапынан жанды көмек қажет.

     Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейленріру, нәтижесін компютерлік қорға енгізуде біршама жумыстар атқарылуда. Алайда, ірі қара малдарын бірдейлендіруде Ақой - 17%,   Коктінқолі – 24%,   Батық ,   Мойынты кентерінде – 60% , кой - ешкі Ақшоқы – 27,5%,   Ақой -32,8%, Кр.Поляна – 35%, Ортау - 27,2%,  жылқы малын бірдейлендірде Ақадыр 10,5%, Киікті  -17,1%, Акшоқы – 4,7%,   Нураталды – 8,5%, Ақой - 20%,   Ортау – 10,4 % орындалуды. Жоғарыда аталған ауыл, кент   әкімдерінің тарапынан халыққа түсініктеме жумыстарының нашарлығынан орын алып отыр.

       Облыс әкімінің 2016 жылдың 28   маусымынында «Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мәселелерін қараған жиында, ауылдық жерде мал союды заңдастырып, жабайы турде союға тиым салынатынын атап корсетті. Алда оқу жылы, оқуға түскен шәкірітердің толемақысын толеу науқаны басталмақшы. Малын сойып, сатуға мал сою нысандары жоқтың қасы.

Аудан бойынша 3 мал сою бекеті, 4 мал сою алаңы ғана тіркелген. Ал қалған елді мекендерде турғындар мал онімдерін қайда сойып, откізеді деген сурақ тур. Әкімдер турғындарға мал союға руқсат бермей отырған жоғарғы жақ деп ақталуда. Мал сою нысандарын үйымдастыруда мал бастарына, мал өнімдеріне субсидия алатын шаруа   қожалықтарын міндеттеуіміз керек. 6x6 метр колемдегі мал сою алаңына 200- 300 мың тенге қажет. Қолдағы арзан материал профлисттен салу әрі арзан, әрі тез.

Кезінде аудан көлемінде 18 мал сою алаңдары салынып, іске косылған. Осы нысандарды устап турғанда, мал сою проблемалары шешілген болар еді.

Аудан бойынша 24 мал қорымы салынып , қолданысқа берілді. Бүгінгі күні содан қалған 13, 5 - турақты,   8 - жадағай. Осы 13 мал қорымының 7 – і вет.станция меншігіне қабылданды. Қалған алтауының   техникалық паспорттары жер толемдері рәсімделмегеніне байланысты коммуналдық меншікке берілмей отыр.

Аудан колемінде әр жылда тіргелген сібір жарасы ауруының 16 коміндесі бар. Қазіргі күнге орны анықталғаны алтау. Бул комінділерді қолда бар

материалмен қоршап, белгі қойылды. Қоршауға келгенде тағыда материал жоқ деген сылтаулар табылып, темір шарбақтарды аудан орталығынан тасуға тура келді.

Аудан әкімінің тапсырысымен ветеринария бөлімшелерінің жумыстары тексерілді. Аксу Аюлы, Ақшоқы, Ақшатау, Мойынты, Киіті ауылдарында мал бастары сібір жарасына егілмеген, эпизоотиялық, амбулаториялық журналдарың толтырылмаган,  мал егу, қан алу жумыстарын тіркейтін ведомостіге мал иесінің қолдарын   мамандардың өздері қойғаны анықталды.

Ақшоқы ауылындағы «Жанет» шаруа қожалығының асыл тұқымды ақ бас

буқашықтары, биылғы жылы сібір жарасы, қарасанға егілмей, бруцеллез ауруына қан алынбай сатылып келген.

Осы округтің  мал дәрігері  А.Алиевті ақпан айында асыл түқымды мал осіретін шаруа қожалықтарың бірінші кезекте зерттеп егу керектігі ескертілген болатын.

Елді мекендерде мамандарды ескертпей мал сату, сатып алу жағдайлары тиылмай отыр. Мойынты кентінің «Аян» шаруа қожалығы Солтүстік Қазақстан обылысына 136 бас қой малын ветеринариялық анықтамасыз сатып, тасымалдаушы автоколіктерді МАИ қызметкерлері устап ветеринария инспекциясына хабарлаған. Шаруа қожалығы жетекшісі мен кенттің мал дәрігеріне шара қолдануға усыныс берілді.

Қазақстан республикасының «Жергілікті өзін өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту»,»Ветеринария туралы» Заңдарында жергілікті билік органдарының ветеринария саласындағы қуқықтары мен міндеттері айқындалған . Осы заң   талаптары бойынша ауыл, кент әкімдері мал қорымдарын, мал сою алаңдарын салуды уйымдастыру, жергілікті ветеринария бқлімшелерін қызметтін мекен жайлармен қамтамасыз ету   міндеттелген. Сонымен қатар жайылымдарының орнын   белгілеп, мал жаюды уйымдастыру да   әкімдерге жүктелген.

Мал сою аландарын, мал қорымдарын салу, күтіп устау   былай турсын , қолдан келетін мал бағуды уйымдастыра алмай отырмыз. Бір ғана Аксу Аюлыда екі айғыр үйірлі жылқы,   жузге тарта сиыр малы кошеде, қоқыс орындарында жайылуда. Осыдан барып малдар мен адамдарға қауіпті   жуқпалы індеттер таратуға мүмкіндік туындауда.

Ауданның ветеринария болімі мамандары тарапынан жукпалы індет ауруларының алдын -алу, жануарларды карантиндау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринария саласындағы жеке және заңды тулғалардың міндеттері тақырыбына ауданның «Шет шүғыласы» газетіне

5 материал беріліп, жарияланды.  

Бул материалдар тургындарға ауру түрлерін және т.б. тақырыптарға тусініктеме беруге жеткіліксіз.

Ауыл тургындарың жалпы жиынын уйымдастырып ветеринария саласында туындайтын сурақтарға түсініктеме беруіміз қажет.

     Қурметті әріптестер!

Ветеринария қызметінің алдында турған басты міндет жануарлардың саулығы мен адамдардың денсаулығына қауптң індеттердің таралмауына жол бермеу . Бул іс шараға қажет қурал саймандар, вакциналар, мамандар жеткілікті.

«Бірлесе қотерген жүк жеңіл» демекші бірлесіп жумыс істесек дурыс нәтижеге кол жеткізуіміз даусыз.


Келулердің саны: 3529


Жоғары