print

Мүгедектер күні

2016 жылдың 11 қазанында аудандық мәдениет үйінде мүгедектер күні атап өтілді.

Іс шараға аудан әкімінің орынбасары А.А.Әбілдин, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бекенов, аудандық «Ақ тілеу» қорының төрайымы Р.Төлегенова, ауданның «Аманат» мүгедектер мүгедектер қоғамының төрағасы А.Касымов, мекеме басшылары және ауданның І, ІІ топ мүгедектері қатысты.      

А.А.Әбілдин мерекеге орай мүмкіндігі шектеулі жандарға құттықтау сөз сөйледі. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы, шахмат спорттық ойындары өткізіліп, сыйлықтар табысталды.

Ауданның мәдениет үйінің қызметкерлері шақырылған қонақтарға мерекелік концерт ұйымдастырды.

Концерт соңында «Аманат» мүгедектер қоғамы 50 мүгедекке және 16 мүгедек балаларға сыйлықтар табыс етті.


Келулердің саны: 4025


Жоғары