print

Ауданның Қоғамдық Кеңестін отырысы

ҰСЫНЫС - ПІКІРЛЕР ЕСКЕРІЛІП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

 

    Ағымдағы жылдың 30 маусым күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өттіОтырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Төлегенова ашып, жүргізіп отырды.

    Отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Әбдірахманов Ердос Жақсылықұлы қатысып отырды.

    Қоғамдық кеңес мүшелерінен басқа, бұл отырысқа Қоғамдық кеңестің төралқа мүшелері, аудандық экономика және қаржы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы,  ішкі істер қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімдері мен Әділет басқармасы басшылары шақырылған.  

    Шет ауданының Қоғамдық кеңесінің қарауына мынандай мәселелер ұсынылды:

    1. Қазақстан  Республикасы мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Шет ауданының экономика және қаржы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы,  ішкі істер, қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімдері мен Әділет басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы.

    2. Аудандық экономика және қаржы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы,  ішкі істер, қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімдері мен Әділет басқармасы басшыларының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есепті хабарламасы.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Әбдірахманов Ердос Жақсылықұлы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы хабарлама жасап, Шет ауданының  жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 739 түрінің 38 түрі,  оның ішінде,  экономика және қаржы - 1, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы - 10,  ішкі істер - 10, қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген - 6 бөлімдері мен Әділет басқармасы 11 түрін көрсететініне, осы бағытта көрсетіліп  жатқан қызметтер, яғни, әрбір мемлекеттік мекемелердің көрсетілетін  қызметтеріне жекелей тоқталып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтауда біршама заң бұзушылықтар және сапасыз қызметтер көрсетудің анықталғанын, стандартта белгіленген қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауы, жауапты мамандардың жауапкершіліктерінің төмендеуі әрі басшылар тарапынан тиісті бақылаудың жеткілікті болмауы әсерінен қызмет көрсету саласында кемшіліктерге жол берілгендігін атап өтті.

    Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жонкина, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Р.Төлеуова,  ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б.Баданов және  қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығының орынбасары А.Қарашин есепті хабарламалар жасап, қызмет көрсету саласында заңнама бұзушылықка жол берген жауапты мамандарға тиісті әкімшілік шаралар қолданылғанын, көрсетілген және анықталған заңнама бұзушылықты тез арада жою жөнінде іс-шаралар қабылданып, қажетті қорытындылар шығарылғандығын, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбайтындығына сендірді.

    Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері М.Мұхтаров, Б.Байкубеков, О.Сейілбеков, М.Сәдуақасовтар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер белгіленген заңнамалар талаптары көрсетілген мерзімдерде орындалуын, заң бұзушылықты тудыратын мүмкіндіктердің алдын алу, болдырмаудың шарттарын жасауды, ол үшін қатаң талап қою және ҚР Заңдары  мен заңнамаларының нормалық талаптарын бұлжытпай сақтауға назар аудару қажеттілігіне тоқталды.

    Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелер назарға алынып, айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, шешім қабылданды.

    Қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Төлегенова отырыс жұмысын қорытындылады.


Келулердің саны: 3206


Жоғары