print

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!!!

Сыбайлас жемқорлық – мемлекетке және тұрақты қоғам өміріне қатер төндіретін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық көріністері байқала бермейді. Сөйтіп, пара беру және алу, лауазымды тұлғаның өзінің қоғамдағы мәртебесін заңсыз пайдаланудың барлық түрін сыбайлас жемқорлық деп түсінуге болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қандайда бір өзіне тиесілі емес ресурстарды өз еркімен бөлетін басшы адамның бәрі де ұшырауы мүмкін. Ол қоғам және мемлекет мүдделеріне қайшы, өзінің жеке немесе белгілі бір сыйақыға басқа тұлғалардың мүдделері үшін әрекет ететін шенеунік, депутат, сот, құқыққорғау органының қызметкері, әкімші, емтихан алушы, дәрігер, лауазымды тұлға болуы мүмкін.
Мемлекеттік орган басшылығы келеңсіз салдарлардың алдын алу үшін қызметкерлердің бойында  сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарас қалыптастыруға ерекше назар аударады.   Әркім өзі қатысатын құқықтық қатынас тек құқықтық алаң шеңберінде болғанын қалайды. Біз үшін мемлекеттің қорғауында және ертеңгі күнге сенімді қарау өте маңызды. Біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік таныту – құқықтық мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі.


Келулердің саны: 4045


Жоғары