print

Шет ауданы

Жалпы деректер

Аудан 1928 жылы құрылған, орталығы Ақсу-Аюлы ауылы облыс орталығы Қарағанды қаласынан 127 шықырым. Ауданның жер көлемі 65.7 мың шаршы шақырым. Халқы 43.8 мың адам, негізінен қазақтар 89%, орыстар 6%, украиндар 1%, татарлар 0,9%, немістер 0,9%, басқа ұлттар 2,2%. 

Ауданда 18 ауылдық округ пен 7 кент әкімдіктері бар, елді мекендер саны 61.

Аудан жерінің үстінен Алматы – Петропавл, Қарағанды - Жезқазған – Бейнеу темір жолдары, Алматы – Екатеринбург, Қызылорда – Павлодар республикалық маңыздағы автомобиль жолдары өтеді.

Өнеркәсібі

Аудан экономикасының жетекші саласы тау – кен өнеркәсібі болып табылады. 2016 жылдың І жарты жылдығында нақты секторда 13826 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімнен (9388,0 млн. теңге) 1,5 есеге артық Айғақтық көлем индексі (ИФО) 123,5 пайызды құрады. Саланың басты кәсіпорындары «Nova - ЦИНК» (мырыш, қорғасын), «Бапы - Майниня» (темір), «Крамдс - кварцит» (кварцит минералы), «МиталлТерминалСервис» (темір, марганец) жауапкершілігі шектеулі серіктестері.

Темір жол және өндеу өнеркәсібі саласында «Локомотив транс» ЖШС мен «Ақадыр доңғалақ цехы» сияқты орташа кәсіпорындар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету жұмысымен «Шет КоммунСервис » және «Қызмет-А» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен «Ақадыртеміржол Су» серіктестігі айналысады. Энергиямен жабдықтау және тасымалдаумен ЭЧ-12, «Ақадыр электржабдықтау», «Шет - энерго» ЖШС – тері шұғылданады.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес саласында 3254 субъект жұмыс істеп тұр. Өткен жылғы 6 айдағы олардың саны 3170 болды.

Кәсіпкерлік еңбекпен экономикалық белсенді халықтың 15%, немесе 4,5 мың адам қамтылған. 2015 және 2016 жылдардың І жартысында бұл салада тиісінше 7223,5 млн.теңге және 8043,2 млн. теңгенің өнімдері өндірілген.

Ауыл шаруашылығы

Кейіңгі жылдарда орын алған ауыл ауыр қыстарға қарамастан ауыл шаруашылығының жалпы өнімі (валовая продукция) алғашқы 6 айда 9 млрд 100 млн. теңгені құрады Бұл 2015 жылғы сәйкес мерзімге қарағанда 38% артық (6586 млн.теңге). Айғақтық көлем индексі (ИФО) 103,9 пайыз болды.

Алайда мал басы сиыр мен жылқыдан өткен жылғы деңгейде сақталса, қой – ешкі саны 250,3 мыңнан 224,1 мың басқа, немесе 10,5 пайызға азайып кетті.

Шошқа малының саны сәл көбейді (1135:1151), ал түйелер есепті мерзімде өткен жылға сәйкес кезеңнен 3 есеге кеміді (338:108).

 

Аудандағы 2016 жылғы 1 шілдеге  мал басының есебі

Мал түрлері

Өлшем бірлігі

Қаңтар - маусым

2015 ж.

2016 ж.

2015-ке қарағанда 2016жыл

(пайыз)

1

Ірі қара мал

о.і. сиыр

Бас

81190

40041

81250

43364

100,0

108,3

2

Қой – ешкі

Бас

250280

224143

89,6

3

Жылқы

Бас

41448

41864

101,0

4

Шошқа

Бас

1135

1151

101,4

5

Түйе

Бас

338

108

32,0

6

Құс

Бас

61578

57612

93,6

 

Өсімдік шаруашылығы негізінен тұрақты дамуымен сипатталады. 2016 жылы көктемде 17472 гектарға дәнді дақылдар себілді, одан  5000 га бидай, 11500  га арпа және 1000 гектарға жуығы сұлы.

Бұдан тыс шаруа қожалықтары 905 гектарға картоп, 97,5 гектарға көкөніс отырғызды. Кейінгі жылдары ауыл еңбеккерлері майлы дақылдар егуге бетбұрыс жасады. Осыған орай 1 мың гектарға майлы зығыр (лён масличный) егілді. Мал шаруашылығының жем-шөп қорын нығайту мақсатында 6 мың гектар жерге көпжылдық шөп (житняк), 900 гектарға судан шөбі егіліп, жайылым мен шабындықтар жақсартылды.

Инвестиция

Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі бірінші жарты жылдықта 3247 млн. теңгені құрап, өткен жылға сайкес мерзімнен (2377 млн.теңге) 37,0 пайызға артық болды. Инвесторларымыздың ішіндегі ең ауқымды қаржыны «Nova – ЦИНК» ЖШС салып отыр. Жыл басынан бері мұнда өндірісті модернизациялау үшін 1400 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға Ақжалда шахта құрылысы жүргізілуде.

Қаржылық көрсеткіштер

2016 жылдың І жартысында аудандық бюджеттің шығыс жоспары 2 млрд 677,6 млн. теңге болды, игеруі 99,8% құрады.

Кіріс бөлігі бойынша алым – салықтардың барлық түрлерінен бюджетке 1 млрд. 113,7 млн. теңге түсім түсті (101%). Жоспар орындалғанмен бұл көлем өткен жылғы сәйкес мерзімге 90,6 пайыз.

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылдың 6 айында тапсырылған тұрғын үй алаңы 2015 жылдың осы мерзімімен (4040 ш.м.) салыстырғанда 23 пайызға кеміп 3112 шаршы метрді құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі де қысқарады (920:563 млн. теңге), АКИ 58.6 пайыз болды.

Көрсеткіштердің орындалмау себебі ауданда құрылыс – монтаж жұмыстарының азайып кетуінен.

Білім беру

Ауданның білім беру жүйесінде 53 жалпы білім беру мектептері, 6 балабақша, бір оқу-өндірістік комбинат, 3 мектептен тыс мекеме, бір сырттай оқыту мектебі бар. Саланы ұстауға 2016 жылы 3553,2 млн. теңге қаралған, одан І жарты жылдықта жұмсалғаны 1789,4 млн.теңге.

Жалпы білім беру мектептерінің 26-сы орта мектеп, 11-і негізгі, 16-сы бастауыш мектептер. 53 мектептің 42-сі қазақ тілінде, 10-ы аралас, бір мектеп орыс тілінде білім береді. Оқушылар контингенті 7215 бала. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2015/16 оқу жылында 393 түлектің 232-сі (59%) қатысты, орташа балл 76,1.

Мектеп жасына дейінгі (0-6 жас) балалар саны 4173. Мектептер базасында ашылған шағын орталықтар 32. Орталықтар мен балабақшаларда мектепке дейінгі білім берумен (3-6 жас) 1469 бала қамтылған, пайызы 99,9%. Үш жылдан бері ауданда 3 толық күн мектеп – балабақшалары жұмыс істейді.

Бір компьютерге 5,6 оқушыдан келеді, 2015 жылы 5,8 оқушыдан келді.

 

Мәдениет

Ауданның мәдениет саласында 25 мәдниет үйлері мен клубтар, 28 кітапхана, 3 мобилді мәдениет нысаны («Зерде», УАЗ, автобус), Шет аудандық өлкетану мұражайы мен Өспен ауылында С.Сейфуллиннің музейі -барлығы 58 объект халыққа қызмет көрсетеді.

4 өнер ұжымы халықтық атағын алған, олар: Ақсу-Аюлы ән – би ансамблі, Ақсу-Аюлы халық театры, фольклорлық «Ақадыр әуендері» ансамблі, Ақадыр халық театры. Бұдан бөлек өнерпаз ардагерлердің «Атамекен», «Сударушки», Ақжал кенті мен  Ақшоқы, Тағылы және Үңірек ауылдарында «Ақ әжелер» хор ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді. Өнерпаз жастар «Ақсу-Аюлы», «Ғұмыр» топтарын құрып халық алдына жиі шығады. «Сарыарқа» үгіт бригадасы жұмыс істейді. Елді - мекендердегі мәдени ошақтарда 118 үйірме ұйымдастырылған, оның 11 көркемөнерпаздар ұжымы. Үйірмелерге 1560 адам тартылған.

Кітапханалардағы кітап қоры 256560, оның ішінде қазақ тілінде 166894.

Оқырмандардың жалпы саны 22 мың адам.

2016 жылы мәдениет саласына аудандық бюджеттен 546,3 млн. теңге қаралған, 6 айда игерілгені 301,3 млн. теңге.

Руханият

Ауданда тіркеуден өткен 16 мешіт бар, бұдан тыс 7 намазхана үйі мұсылман жамағатқа қызмет жасайды.

Бүгінде ауданның Мойынты, Нұраталды және Шопа елді мекендерінде жаңа мешіт ғимараттары салынып жатыр.

Ислам дініне сенушілер дәстүрлі сунниттер, Әбу Ханафи бағытын (Имам Ағзам) ұстанушылар.

Бұдан бөлек 6 дәстүрлі емес діни ұйымдардың филиалдары (ғибадат үйлері) тіркелген. («Грейс» миссионерлік христиандық пресвитериандық шіркеуінің Ақадыр мен Бұрмада филиалдары «Переображение» інжілдік мәсіхші баптистер шіркеуінің Ақадыр, Красная Поляна, Көктіңкөлі филиалдары, «Вифлеем жұлдызы» інжілдік мәсіхші баптистер қауымының Деріпсалы филиалы). Экстремистік бағыттағы діни бірлестіктер тіркелмеген.

 

Денсаулық сақтау

Ақсу-Аюлыда 40 төсектік аудандық орталық аурухана, 35 төсектік Ақадыр ауруханасы және 2 клиникалық – диагностикалық емханалар бар. Елді мекендерде 9 дәрігерлік амбулатория, 8 ФАП, 38 медпункт жұмыс істейді.

Халықтың денсаулығын 58 дәрігер (врач), 265 орта буын мамандар қадағалайды.

Өткен жылға қарағанда 6 айда бала туу көрсеткіші төмендеді (2015 ж.- 20,6 промилле, 2016 жылы – 17 промилле). Осыған сәйкес табиғи өсім 9,8 промилле ғана болды, 2015-те ол 13 промилле болатын.

2016 жылдың есепті кезенінде 1 жасқа дейінгі нәресте өліміне жол берілген жоқ. Былтыр осы мерзімде 3 бала шетінеген болатын. Ана өлімі болған жоқ. Жалпы өлім 1 промиллеге кеміді (2015 – 9,37, 2016 – 8,26).

Ауданның 6 елді мекенінде (Ақжал, С.Сейфуллин, Мойынты кенттері, Өспен, Красная Поляна және Нұраталды ауылдарында) типтік селолық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы биыл аяқталып, нысандар пайдалануға берілмекші.

 

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау

2016 жылдың 1 шілдесінде аудандағы жұмыссыздар саны 582 адамды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 611 адам болатын. Бұдан тұрақты жұмысқа орналастырылғандар 393 адам (2015-те 303 адам). Былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға көп.

Қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны 311  адам, 2015 жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 327 адамды құрады.

Кедейшілік шегінен төмен, аз қамтылған азаматтар саны 450 адам, бұл өткен жылға қарағанда 114 адамға, немесе 20 пайызға кем.

 

Қылмыс жасаушылық

2016 жылдың 6 айында 82 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес мерзімде 120 болды. Қылмыс жасаушылық 1/3-ге, немесе 32 пайызға азайған.

 


Келулердің саны: 6103


Жоғары