print

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға Шет ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

     Е-1 санаты үшін:                     Жоғары     білім.
     Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа       төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда       бір    жылдан      кем    емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан     кем    емес;
      3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
        Е-R-1          санаты      үшін:            Жоғары білім.
         Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас   жемқорлыққа      төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда       бір    жылдан      кем    емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем    емес;
      3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір         жылдан        кем    емес.
       Е-3      санаты      үшін:Жоғары     білім.
     Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа       төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда       бір    жылдан      кем    емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан   кем    емес;
      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
        Е-G-1          санаты      үшін:Жоғары     білім.
     Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа       төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем       емес;
      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
        E-G-3          санаты      үшін:         Жоғары     білім.
     Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

       -«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-1

156 314

203 208

Е-R-1

142411

192381

Е-3

102436

138247

E-G-1

122423

164898

E-G-3

69956

94108

 

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау  к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1.«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ әкімінің экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік,  ауылшаруашылық салалары жөніндегі орынбасары (санаты Е-1, қызмет № 1-3, 1-бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Ауданның экономика, кәсіпкерлік және қаржы салалары бойынша жұмыстарды үйлестіру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының жасалу жұмыстарын үйлестіріп, олардың жүзеге асырылуын қадағалау. Нақты сектор саласын дамытуға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізу. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жасау мен оны жүзеге асыруды ұйымдастыру. Ауданда кәсіпкерлік саласының дамуында заңдылықтарға сәйкес үйлестіру. Мемлекеттік сатып алу қызметін қолданымдағы заңдылықтарға сәйкес жүргізуді үйлестіру.Мекемелерге  бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалып, толық игерілуіне бақылау жасау.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі: “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

2. «Шет ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ  басшысы (санаты Е-R-1, қызметі № 1-1, 1 бірлік).

        Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау. Өз құзырының шеңберінде мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты аудан көлемінде жүзеге асыру, бөлім  мамандарының функционалдық міндеттерін бекітіп, орындалуын қадағалау. Бөлімнің құрылысын және штаттық кестесін әзірлейді және оны аудан әкімдігіне ұсынады. Азаматтарды жеке қабылдап, өтініш, арыз-шағымдарды қарайды.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        Білімі: “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша (саясаттану, әлеуметтану), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих), “білім” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) ; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

      3. «Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ құқықтық  жұмыс және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  бақылау бөлімінің басшысы (санаты Е-3, қызмет № 3-1, 1-бірлік ).

      Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі актілерінің заңдылығын бақылап, әділет орындарына тіркетеді.  Жаппай құқықтық оқуды ұйымдастыру, үйлестіру комиссиясының жұмысына бағдарлама жасау және хаттамасын жүргізеді. Аудан мекемелерінде, кәсіпорындарында, ауылдық кенттік округтарда жаппай құқықтық оқуды жүргізудің бағдарламасын жасауға көмектеседі және оларға әдіскерлік көмек жасайды. Аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, әкімдік қаулыларын және басқа да құқықтық мәндегі құжаттарды дайындауға қатысады және олардың заңдылық талаптарына сәйкестігін тексертеді. Аудан әкімдігімен аудан әкімі және аппаратпен қабылданған қаулылар, өкімдер мен бұйрықтарға қатысты туындаған мәселелер бойынша сот отырыстарына қатысу. Аудан прокуратурасынан келіп түскен ұсыныстарға байланысты жұмыстарды атқару. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыстарды жүргізу. Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі: “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары (санаты Е-G-1, қызмет №6-1, 1 бірлік).

       Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратының ішкі жұмыстарына басшылық ету, өкімдер, шешімдер әзірлеу, ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын және жылдық, тоқсандық жоспарларды әзірлеу, мекемелерден түскен хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, сайлаушылар саны туралы тоқсандық ақпарат беруді қадағалау. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын өткізуді ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі: “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, қызмет № 12-2, 1 бірлік).

  Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп,  ауылшаруашылық салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша  жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау. Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік,  ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі: “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. Ақадыр кенті әкімі аппаратының бас маманы (санаты E-G-3, қызметі № 25-7, 1 бірлік).

       Функционалдық міндеттері: Кент аумағындағы шаруа құрылымдары, шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен шағын ауыл шаруашылық құрылымдарының жұмыстарын үйлестіру.

Кент бойынша кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне тікелей жауаптылық, азық-түлік тауарларының, жанар-жағар майдың бағаларының негізсіз көтерілуіне тиісті  заңдылықтарды басшылыққа ала отырып жол бермеу, негізгі талдаулар жасау және кәсіпкерлік бөлімімен бірігіп, кент бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.Ветеринария саласындағы жұмыстарды жүргізу.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі: “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

        7. Ақадыр кенті әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты E-G-3, қызметі № 25-8).

        Функционалдық міндеттері: Жылжымайтын мүлік нысандарынан бос, иесіз қалған үйлерді,  ғимараттарды, басқа да құрылыс нысандарын анықтап, сот органдары арқылы  құжаттарын рәсімдеу, коммуналдық меншікке ауыстыруға жеке жауаптылық. Кент бойынша үйлердің, пәтерлердің құжаттарын заңды түрде рәсімдеуге көмек беру.Кент әкімінің халық алдында есеп беру кездесулеріне, аппарат отырыстарына, жекелеген жиындарға, салтанатты  жиналыстарға кәсіпорын, мекеме басшыларының, кент тұрғындарының қатысуын, хаттама жазылуын және өтетін орындарының дайындалуын қамтамасыз ету.Аудан және кент әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиналыстарында кент тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлері, кемшіліктері бойынша іс-шара жоспарларын жасау және олардың орындалуы жөнінде үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру. 

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

       Білімі: «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша,“құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

       8. Ақшатау кентінің  әкімі аппаратының бас маманы ( санаты  Е-G-3, №1-2, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:   Кенттегі өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау. Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді ұйымдастыру, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: “әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе   “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе  “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

       9. Мойынты кенті әкімі аппаратының бас маманы ( санаты Е-G-3,   

 қызмет №5-1, 1 бірлік)

      Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, халықты қабылдау мен азаматтардың шағымдарын, арыздар мен ұсныстарын қарауды ұйымдастыру. Заңда белгіленеген тәртіппен  нотариалдық істерді жүргізу, шаруашылық кітабын толтыру, ұйымдастыру кадрлық жұмыстарға байланысты мемелекеттік қызмет орнына конкурс өткізу,тәртібін білу, құжаттарын хаттамалау,кадрлық жұмысқа байланысты кенттік округі әкімінің өкімдерін дайындау. Мемелекеттік  қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу. Кентке қарасты елді мекеннің тұрмыс тіршілігін қадағалау.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Білімі: “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралыхабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш  жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Жеңімпаз:

1)  Заместитель  акима по вопросам экономики и финансов, промышленности и предпринимательства, сельского хозяйства   ГУ «Аппарат акима Шетского района» (1 единица, № 1-3, категория Е-1): Жумкин Максат Боранбаевич

2) Руководитель ГУ «Отдел внутренней политики Шетского района Карагандинской области»   (1 единица, № 1-1, категория Е-R-1): Акимжанов Нуржан Максутулы

3) Руководитель отдела  правовой работы  и   контроля  оказания государственных услуг  ГУ «Аппарат акима Шетского района»  (1 единица, № 3-1, категория Е-3): Жунис Шокан Камелулы

4) Заместитель акима Аксу-Аюлинского сельского округа  (1 единица, № 6-1, категория Е-G-1): Омаров Омирбек Султанович 

5) Главный специалист аппарата акима Акшокинского сельского округа (1 единица, № 12-2, категория Е-G-3): Тлегенова Гульбаршин Маратовна

9) Главный специалист аппарата акима поселка  Мойынты  (1 единица,№5-1, категория Е-G-3,): Асылбеков Багдат Оралбекулы 

 


Келулердің саны: 3616


Жоғары