print

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

    E-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

    E-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

    E-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

 Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

Е-4

77452

104935

E-G-3

69956

94108

E-G-4

        62462

        84115

 

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау  к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Шет ауданы әкімінің аппараты » ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, санаты Е-4, № 7-2):

Функционалдық міндеттері:

Ауыл, кент әкімдерінің жыл сайын жасалатын жұмыс жоспарының дұрыс деңгейде жасалып іс-жүзінде орындалуын қадағалайды. Аудан әкімінің жыл басында бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес ай сайынғы ұсынылған мәселені алқа мәжілісі, кеңейтілген аппарат мәжілісінің күн тәртібін, анықтамасының дайындалуын бақылауға алып, шақырылғандардың қатысуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын және бөлімнің құжаттарын жасауға қатысады. Облыс, аудан әкімінің қаулы, өкімдерінің және басқа да тапсырыстардың орындалысын бақылауға алып, олардың орындалысына жауапты әкім орынбасарлары мен мекеме басшыларының уақытылы орындалысын қадағалап, тиісті қорытынды шығарады.  Бөлімге түскен арыз, шағымдарды қарайды. Аудан бойынша жергілікті қоғамдастықтықтың жұмысын ұйымдастыруға және қоғамдық кеңестің отырысын өткізуге жауапты.

Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін кеңейтілген аппарат отырысының хаттамасын жазу мен тапсырмалардың орындалысын жинау. Бөлімнің іс қағаздарын  жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі –“экономика және бизнес” мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару), “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану).; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        2. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі   аппаратының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, №6-9):

       Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, халықты қабылдау мен азаматтардың шағымдарын арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру кіріс шығыс құжаттарын тіркеу. Анықтама беру, әлеуметтік сала бөлімдері, білім беру мекемелері мен ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамытуды, кітапхана, пошта жастар кеңесімен жұмыс жасау. Бухгалтерлік есеп жүргізу.   

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “ әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

       3. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1бірлік, санаты  Е-G-3, №6-12):

        Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Кәсіпорын, коммуналдық шаруашылық, тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен шұғылдану, өкім-шешімдер дайындау, ақсақалдар кеңесімен жұмыс атқару.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        Білімі –“әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша,  “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “ техникалық ғылымдар және технологиялар ” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        4. Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1бірлік, санаты  Е-G-3,  №6-13):

        Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру, кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу, анықтама беру,  әлеуметтік сала бөлімдері білім беру мекемелері мен ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамытуды, кітапхана, пошта, жастар кеңесімен жұмыс жасау

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        Білімі –“экономика және бизнес ” мамандықтары бойынша,  “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “ әлеуметтік ғылымдар” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

         5. Дәрия кентінің әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік , санаты  Е-G-3, қызмет №3-3):

        Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің барлық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру, кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу, анықтама беру,  әлеуметтік сала бөлімдері білім беру мекемелері мен ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамытуды, кітапхана, пошта, жастар кеңесімен жұмыс жасау.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        Білімі - «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша  немесе  «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  «әлеуметтік  ғылымдар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

         6. Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші  маманы (1 бірлік,  санаты Е-G-4, қызмет № 15-3):

          Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын атқару. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік  көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  7. Ортау (1 бірлік, санаты Е-G-4, қызмет № 15-4), Талды  (1 бірлік, санаты  Е-G-4, қызмет №16-5) ауылдық округі әкімі аппараттарының жетекші  мамандары :

          Функционалдық міндеттері: Елді мекеннің өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау. Білім, дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарды  үйлестіру, ұйымдастыру. Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал-актілерін тіркеуді жүргізу, халықты қабылдау мен  азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру. Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу. Салық есептеуге тұрғындардың үй, жер, транспорт жайындағы тізімдерін әзірлеу. Жергілікті салықты жинап өткізіп, қадағалау. Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі – «білім» мамандықтары бойынша немесе  «экономика және бизнес » мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша(құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары  бойынша  немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

    8. Ақадыр кенті әкімі аппаратының жетекші маманы 1-бірлік

(санаты E-G-3, қызметі №25-13):

Функционалдық міндеттері: Тұрғындардан, кәсіпорын, мекемелерден келіп түскен өтініш, ұсыныс, қатынастарды Заңды талаптарға сай орындау, рәсімдеу.Әлеуметтік-идеологиялық салаларға байланысты атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру.Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес мақсатында әр жанұяға әлеуметтік карта, комплекстік  бағдарлама жасау. Сайлауға байланысты тиісті шараларды ұйымдастыру.Мектептердің, оқу-өндірістік комбинатының, өнер мектебінің, мәдениет үйінің, балабақшаның, кітапхананың, әділет ұйымы, денсаулық сақтау мекемелеріне қатысты жұмыстар.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Білімі – «қызмет көрсету»  мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.        

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн  бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Келулердің саны: 3593


Жоғары