print

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Шет ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Шет ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру


         Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:
E-R-1 санаты үшін: жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
     
     -«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде 2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
Е-R-1 142411 192381

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Шет ауданының білім бөлімі”мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 4-1):
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау. Аудандық бюджеттен мектептерге бөлінген қаржыға бақылау жасау, мектептердің базасын нығайту, мектептердегі жөндеу мен жылу жұйесінің жағдайы, мектептерді мамандармен қамтамасыз ету, мектеп басшыларымен кеңес өткізіп, актуальдық мәселелер қарау, жалпы білім бөлімінің қызметкерлерінің жұмыс бақылау жасап, есептерін тындау, мектептеріндегі компьютерлендіру жұмыстары, мектептердегі оқу-тәрбие жұмысына басшылық, мектептердегі қосалқы шаруашылықтарды басқару. Ақпараттық аналитикалық формаларын, тәсілдерін игеру, азаматтарды қабылдау. «Электрондық Үкіметтің өңірлік шлюзі» АЖ-нің жұмысын жүйелі түрде жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: “Білім ” мамандықтары бойынша ; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
2. «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі ”мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 6-1):
Функционалдық міндеттері: Ауданның жер қорын пайдалану, жер ресурстарын қорғау жөніндегі бағдарламаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру. Ауылдық (селолық) атқарушы органдардың құзырына берілген ауылшаруашылық алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын тиісті өкілді органның бекітуіне әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаны қорғау, жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын сақтау мен арттыру жұмыстарын жүргізу. Өзіне жүктелген заңдылыктармен, осы Ережемен және уәкілетті органмен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асырады. «Жер учаскелерінің есебі» АЖ-нің жұмысын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: “Қызмет көрсету” мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия) ; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
3. «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 7-1):
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау. Өз құзырының шеңберінде мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық мәдениетті сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты аудан көлемінде жүзеге асыру, мәдениет орындарының қызметін мемлекеттік ішкі саяси жоспарларға сәйкес жүргізіп, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлім мамандарының жұмыстарының орындалуын қадағалау. Бөлім жұмысының стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша (филология, мәдениеттану), “өнер” мамандықтары бойынша (өнертану), “білім” мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті); Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
4. «Шет ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 11-1):
Функционалдық міндеттері: Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; эпизоотиялық мониторингі жүргізу, егер эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеру; эпизоотологиялық тексеру актісін беру; жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: “Ветеринария” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
5. «Шет ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 13-1):
Функционалдық міндеттері
Елді-мекендерде көгалдандыру, абаттандыру, дизайнды, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, құрылыс ережелері және басқа да құрылыс мәселелерін реттейтін құжаттарды дайындау және жобалау және құрылыс нормаларын жетілдіру. Аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу. Мемлекеттік қала құрылысы кадастырының базалық деңгейін және «Мекен-жай регистр» ақпараттық жүйесін жүргізудің біріңғай тәртібін анықтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: “Өнер” мамандықтары бойынша (сәулет), “ техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (құрылыс); Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
6. «Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 14-1):
Функционалдық міндеттері: Өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушының міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру. Ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бақылау және талдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) ; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Келулердің саны: 3130


Жоғары